Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.33 Mб
Скачать

23. Қр бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыруда салықтардың және басқадай міндетті төлемдердің рөлі.

Мемлекеттің орталыктандырылған ақшалай каражаттарының қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің түсімдері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жекелеген кезеңдерін білдіреді. Категориялардын екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті жэне олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: түсімдер мемлекетті қажетті ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған қаржылық ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

Бюджеттің түсімдері табыстар, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, карыздарды өтеу болып табылады.

Бюджеттің кірістері салықтык, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферт түсімдері болып табылады. Нысаналы трансферттерді коспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, колданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту Салықгық кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.

Салықтық түсімдер - Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер. Салықтық түсім-дер мемлекеттік бюджетте басым болады: олар кірістердің барлық түсімдерінің 68%-ын қүрайды.

Салықтьіқ емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байланыстырылған гранттар, сондай-ақ трансферттерден баска, бюджетке тегін негізде берілетін ақша.

Салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери –қорғаныс, т.б шараларды іске асыруын қамтамасыз етеді. Қайта бөлу қызметі арқ.ылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды.

24. Салық салу мақсатында табыстар мен шығындарды түзету

Табыстар мен шегерімдерді түзету

Түзету – белгіленген жағдайларда есепті салық кезеңіндегі табыстың немесе шегерімнің мөлшерін бұрын танылған табыстың немесе шегерімнің сомасы шегінде ұлғайту немесе азайту.

Табыстар немесе шегерімдер мынадай жағдайларда: 1) тауарларды толық немесе ішінара қайтарғанда; 2) мәміленің шарттарын өзгерткенде;  3) сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағаны, өтемақыны өзгерткенде; 4) бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалғанда; 5) шарттың талаптарын негізге ала отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төленуге тиіс сома өзгергенде; 6) ол бойынша табысты түзету жүргізілетін талапты есептен шығарғанда; 7) келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде салық салу мақсаттарында ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша табыс халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде айқындалған, осындай келісімшарт бойынша табыстардан асып түскен жағдайда түзетуге жатады. Бұл ретте түзету табысты осындай асып түсу мөлшерінде азайту арқылы жүргізіледі.       2. Табысты түзетуді салық төлеуші-кредитор:     - заңды тұлғадан:     - дара кәсіпкерден;     - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша талапты есептен шығарған кезде жүргізеді.            Түзету бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде: 1) талаптардың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болғанда; 2) талап бухгалтерлік есепте табысты түзету күніне көрсетілгенде не алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылғанда (есептен шығарылғанда) жүргізіледі. Табысты түзету есептен шығарылған талаптың және осындай талап бойынша бұрын танылған табыстың сомасы шегінде жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]