Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгоритм МІ жаңа 53 Хирургия каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
562.41 Кб
Скачать

20.Алгоритм: Инструменталды столды дайындау

Мақсаты :Студентті операцияға арналған үлкен және кіші операциялық стол дайындауды үйрету

Керекті құралдар:

- Столдар

- Залалсыздандырылғанжаймалар

- Залалсыздандырылғанжабдықтар

- Залалсыздандырылғанклеенкалар

- Бір рет қолдануға арналған жайма

Іс-әрекет алгоритмі:

Үлкен стерильді стол дайындау үшін

1.Бикстен стерильді жайманы алу

2.Жайманы екі қабаттап үлкен инструменталды столға жаю

3.Бикстен екінші жайманы алу

4.Жарты бөлігімен столды жауып,жарты бөлігін орап столдың шетіне қою

5.Стол үстіне инстументтерді қоюда,бірінші көп қолданылатын инструменттерді,сосын аз қолданылатын инструменттерді екінші қатарға қою керек. Осыдан кейін әр инструмент алдағы уақытта осы белгіленген орнына қойылуы тиіс.

6.Столдың бірінші бөлігін жаймамен жаппайды,антисептик банкілері,инелер және скальпельдер үшін қолданылады.

7.Залалсыздандырылған салфетканынң үстіне немесе латоққа үстелдің оң жақ бөлігіне корнцанг немесе керекті инструменнті қысып алуға арналған ұзын пинцетпен кіші үстелге қою

8.Құрал саймандарды үстелге дайындап, үстінен жайма жауып жайманың бір қырын ашык күйінде қалдырамыз.

9.Жайманың ұшынан қысқышпен ұстай отырып, өзімізге керек залалсыздандырылған құрал саймандарды аламыз.

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

21.Алгоритм:Наркозға арналған столға дайындық

Мақсаты: Студентті науқасқа наркоз бермей тұрып,наркоз алдындағы стол дайындауды үйрету

Керекті құралдар:

  • Дөңгелекті стол

  • Жабдықтар

  • Перевязкаға арналған материал

  • Шприцтер

  • Этиль спирті

  • Бір рет қолданылатын система

  • Дәрілік препараттар

  • Маскалар

Іс-әрекет алгоритмі:

Наркотикалық стол міндетті түрде дайындалуы керек:

1.Эндотрахеалдық жабдық

2.Ауыз кергіш

3.Корнцанг

4.Тіл ұстағыш

5.Воздуховод

6.Қайшы

7.Ларингоскоп

8.Стерильді мақта шаригі және дәке

9.Спирт

10. Бір рет колдануға арналған шприц және ине (5, 10, 20 мл)

11. Венесекцияға арналған стерильді жинақ

12. Бір рет қолдануға арналған система

13.Дәрігердің тағайындаған дәрілері бар қорап

14. Жабысқыш пластырь

15. Наркозға арналған маска

16. Орамал

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

22.Мойын жарақаттары кезіндегі жедел көмек көрсету алгоритмі.

Мақсаты: Науқастың жағдайын жақсарту, асқынулардың алдын алу ( механикалық асфиксия,тыныс алу депрессиясы,қан жоғалту).

Болуы мүмкін асқынулар:

- Тыныс алудың бұзылуы , шок;

- Қан кету;

- Механикалық асфиксия;

Керекті құралдар:

  • Залалсыздандырылған қолғаптар.

  • Кетатоп немесе кетарол - 2,0. 1% димедрол 1,0 мл ерітіндісі.

  • Этамзилат ­– 12.5% х2,0 млтамыр ішіне жай немесе б/е.

  • Шприцы

  • ҚКҚ

  • Залалсыздандырылған таңғыш дәкелері.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)

  2. Науқасты тыныштандыру, іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру

  3. Қолды антисептикалық ерітіндімен гигиеналық өңдеу, .

  4. Залалсыздандырылған бір реттік қолғапты кию.

  5. Науқасты шалқасынан жатқызу;

  6. Груша тәрізді сорғышпен немесе электросорғышпен мұрыннан және тамақтан қан мен сілекейдісорып алу ;

  7. Ауырсынуды басу: б/е 2,0 кетатоп және кетарол,1,0% димедрол ерітіндісі.

  8. Қан кеткен жағдайда уақытша қан тоқтату(саусақпен басу, жарақатты тығындау, таңу).

  9. Антисептикалық ерітіндімен жарақаттың айналасын өңдеу;

  10. Жарақатты таңу;

  11. Қан тоқтататын препараттарды енгізу этамзилат 12,5% х 2,0мл

  12. АҚҚ төмендеген жағдайда к/т физ ерітінді 0,9% - 1000 – 1500 мл, преднизалон 30мг 1,0мл к/т

  13. Зақымдалған аймаққа мұзды мұйық қою;

  14. Көмейдің ісінуінен пайда болған III-IV дәрежелі стеноз болған жағдайда трахеостомия жасау;

  15. АҚҚ, тыныс алуды,пульсті бақылау;

  16. Жартылай отырғызған жағдайда хирургиялық бөлімге жеткізу;

  17. Қолғапты шешім, ҚКҚ-ға тастау.

  18. Қолды жуып, кептіру.

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы