(Қолқа қақпақшасы жетіспеушілігімен науқас)
Студентке арналған ақпарат: Сіз ЖДА қабылдауындағы жалпы тәжірибелік дәрігерсіз. Сізге 28 жастағы аздаған физикалық күш түскенде ентігуге, жүрек тұсында стенокардиялық типтегі ауруға, бас айналуға шағымданатын науқас келді. Анамнезінен: жүрек ауруымен бала кезінен ауырады. Жүрек аускультациясын муляждан тыңдап, өз әрекетіңізді айтып отырыңыз. Алынған мәліметті бағалаңыз. Пациент мәселесін және осы патологияда жүргізілетін негізгі тексеру әдістерінің нәтижелерін қорытындылаңыз.
Экзаменаторға арналған ақпарат: Студентті төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.
№ |
Бағалау критериилері |
Балл бойынша бағалау |
||
1. |
Жүрек аускультациясы кезектілігін сақтады ма (митралды клапан-жүрек ұшында, қолқа қақпақшасы төстің оң жағында 2-ші қабырға аралығында, өкпе бағаны- төстің сол жақ 2-ші қ/а. Үш ашпалы қақпақша-төстің семсер тәрізді өсіндісінің негізінде, қолқа қақпақшасы- Боткин-Эрба нүктесінде). |
10 |
5 |
0 |
2. |
І және ІІ тондарға сипаттама берді ме (әлсіреу және күшеюі, ІІ тон акценті, екіге бөліну, екі еселенуі). І және ІІ тондардың ең жақсы естілетін нүктелерін, қосымша тондардың болуын көрсетті ме. (Жүрек ұшында І тон және қолқа үстінде 2 тон әлсіреуі, сан артериясында Траубенің қос тоны) |
10 |
5 |
0 |
3. |
Жүректегі шуларға сипаттама берді берді ме: - систолалық н/е диастолалық (қолқада және Боткин-Эрба нүктесінде диастолалық шу, (протодиастолалық), пресистолалық Флинт шуы(функционалды митралды стеноз), Виноградов-Дюрозьенің қос шуы); - шудың белгілері (сипаты-жұмсақ,үрлейтін, күші-біртіндеп азаятын, ұзақтығы-ұзақ) - шудың орналасуы (ең жақсы естілетін нүкте-Боткин-Эрба және қолқа нүктесінде) - шудың таралу бағыты (төстің сол жиегі бойымен) |
10 |
5 |
0 |
4. |
Шудың жақсы естілетін жағдайын көрсетті ме ( науқас тұрған кезде). |
10 |
5 |
0 |
5. |
Алынған мәліметтер негізінде пациенттің мәселесін қортындылады ма (қолқа қақпақшасы жетіспеушілігінің аускультативті көрінісі). |
10 |
5 |
0 |
6. |
Осы клиникалық жағдайда студент пульс пен артериалды қысымның мүмкін өзгерістерін сипаттай алды ма (пульс жылдам, жоғары,үлкен, СААҚ жоғарылап, ДААҚ төмендейді, пульстік қысым жоғары). |
10 |
5 |
0 |
7. |
Осы клиникалық жағдайда студент рентгенологиялық зерттеудегі мүмкін өзгерістерді сипаттай алды ма (жүректің қолқалық конфигурациясы, сол қарынша ұлғаюы, жүректің өрлеуші бөлімінің кеңеюі, оның пульсациясы күшеюі). |
10 |
5 |
0 |
8. |
Осы клиникалық жағдайда студент электрокардиологиялық зерттеудегі мүмкін өзгерістерді сипаттай алды ма (сол қарынша гипертрофиясы белгілері, ЖЭО солға ығысқан, оң жақ кеуде әкетулерінде терең S тісшесі, сол жақ кеуде әкетулерінде R тісшесінің үлкен амплитудасы, S-T ығысуы мүмкін, Т тісшесі теріс). |
10 |
5 |
0 |
9. |
Осы клиникалық жағдайда студент эхокардиологиялық зерттеудегі мүмкін өзгерістерді сипаттай алды ма (митралды клапанның алдыңғы қақпақшаларының диастола кезінде жыбырлауы) |
10 |
5 |
0 |
10. |
Осы клиникалық жағдайға тән қосымша мәліметтер бере алды ма (перифериялық артериялар пульсациясы белгісі- ұйқы (« каротид биі»), бұғана асты, иық, самай т.б.; «Мюссе белгісі», капиллярлы пульс «Квинке белгісі», үлкейген, солға ығысқан жүрек ұшы соққысы және т.б.) |
10 |
5 |
0 |
|
Барлығы: |
100 |
50 |
0 |
«4,0» (95-100%)- 9,5 – 10,0 балл, «3,67» (90-94%)- 9 балл, «3,33» (85-89%)- 8,5 балл, «3,0» (80-84%)- 8 балл, «2,67» (75-79%)- 7,5 балл, «2,33» (70-74%)- 7 балл, «2,0» (65-69%)- 6,5 балл, «1,67» (60-64%)- 6 балл, «1,33» (55-59%)- 5,5 балл, «1,0» (50-54%)- 5 балл, «0»- 5 балдан төмен.
Станция бойынша максималды балл -10,0
№ 2-4 Клиникалық жағдай
