- •Философия және саясаттану факультеті Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасы
- •Жоспар:
- •Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері
- •2. Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары
- •3.Жаратылысты – ғылыми және гуманитарлы мәдениет
- •4. Математика – дәл жаратылыстанудың әмбебап тілі
- •5. Әлемнің жаратылысы – ғылыми бейнесі
- •III. Қорытынды.
- •IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
III. Қорытынды.
Жаратылыстану – бҧл біртҧтас бҥтіндік ретінде қаралатын Табиғат туралы ғылымдардың жиынтығы. Бір қарағанда бҧл екі анықтама әр тҥрлі. Шынында да, олардың біріншісінде Табиғат туралы бір ғана ғылым жайында айтылады, ал екіншісінде, жаратылыстану туралы Табиғатты зерттейтін кӛптеген ғылымдар ретінде айтылған. Шын мәнінде бҧл екі анықтаманың арасында ҥлкен айырмашылық жоқ, ӛйткені, «ғылымдар жиынтығы» деген ҧғым жекелеген ғылымдардың жиыны емес, керісінше, бірімен бірі ӛзара тығыз байланыстағы, бірін – бірі толықтырып отыратын жаратылыстық ғылымдардың біріңғай кешенін білдіреді. Бҧл бір ғылым. Жаратылыстанудың ғылым ретіндегі арнайы жаратылыстық ғылымдардан айырмашылығы – ол табиғат қҧбылыстарын бірнеше ғылымдардың позициясынан, неғҧрлым жалпыға ортақ заңдылықтар мен тенденцияларды «іздеп таба отырып» зерттейді, Табиғатқа жоғарыдан қарап зерттеген тәрізді болады. Орта мектепте жекелеген жаратылыстық пәндерді оқығанда сіздер, мҥмкін, әрбір пәннің – химия, физика немесе географияның ӛз ерекшеліктері бар екендігін байқаған шығарсыздар. Жаратылыстану ӛз ауқымына енетін ғылымдардың ерекшелігін мойындай тҧра, Табиғатты біртҧтас бҥтін ретінде зерттеуді ӛзінің басты мақсаты етіп қояды. Жаратылыстануды оқып ҥйрену не ҥшін қажет? Табиғаттың нақты біртҧтастығын, Табиғаттағы сан алуан заттар мен қҧбылыстардың жасалу негізін және одан туындайтын микроәлемдер мен макроәлемдерді: Жер мен Ғарышты, физикалық және химиялық қҧбылыстарды ӛзара, ӛмір тіршілігімен, санамен байланыстырып тҧрған негізгі заңдарды дәл ҧғынып тҥсіну ҥшін керек. Жекелеген жаратылыстық ғылымдардың зерттеу нәтижелері арқылы Табиғаттың біртҧтастығын танып білу мҥмкін емес. Шындығында сіз адамның жекелеген мҥшелерінің қызметін жақсы білесіз делік бірақ сіз осы мҥшелердің жҧмыс жасау заңдылықтарын ҥнемі біле бермейтін шығарсыз. Сондықтан орта мектеп дәрежесінде пәндерді – физиканы химия мен биологияны – жекелеп оқып ҥйрену Табиғатты біртҧтастық тҧрғысынан танып білудің алғашқы сатысы ғана бола алады басқаша айтқанда оның заңдарын жалпы жаратылыстық – ғылыми тҧрғыдан танудың екінші сатысына шығуымыз керек. Осыдан келіп жаратылыстанудың қос міндеттен тҧратын мақсаттары шығады.
Биология Биохимия Биофизика Физическая химия Химия Физика Химическая физика Геохимия Геофизика Геология Бҥгінгі кҥні, мысалы, барлық химияны физикалық деп атауға болады. Бҧл химиялық қҧбылыстарды таза химиялық тәсілдермен тҥсіндіру мҥмкін болмағандықтан туындайды, сондықтан осы жерде физиканың кӛмегі керек болады. Физика мен химияның бҧлай бірігуі жоғарыда айтылғандай, әр тҥрлі ғылымдарға бӛлуді білмейтін Табиғаттың біртҧтастығының нақты кӛрінісі. Мҧндай бірігу тенденциялары немесе жаратылыстық – ғылыми білімдердің кірігуі ертеректе пайда бола бастады. 1747-1752 жылдардың ӛзінде М.В.Ломоносов (1711-1765)химиялық қҧбылыстарды тҥсіндіру ҥшін физиканың әдістерін қолдану қажеттілігін дәлелдеді. Ол жаңа ғылымға физикалық химия деген ат ойлап қойды. Жаратылыстық ғылымдарға физика, химия және биологиядан басқа да, мысалы, кешенді сипаттары бар геология мен география да жатады. Геология біздің ғаламшарымыздың қҧрамы мен қҧрылысын бҧлардың миллиардтаған жылдар ішіндегі эволюциялық дамуына зерттейді. Оның негізгі бӛлімдері – минералогия, петрография, вулканология, тектоника және басқалары – бҧлар кристаллографиядан, кристаллофизикадан, геофизикадан, геохимия мен биогеохимиядан шығады. Сондай – ақ, география да ӛзінің физикалық география, топырақ географиясы сияқты негізгі бӛлімдерінде әр тҥрлі деңгейде кӛрініс беретін физикалық, химиялық және биологиялық ғылымдардың сан алуан тарамдарын байланыстырып тҧрған орасан зор тор тҥрінде елестетуге болады. Жаратылыстанудың негізгі принципі бойынша Табиғат туралы білімдердің эмпирикалық (тәжірибелік) тексеріс арқылы дәлелдену мҥмкіншіліктері болуы керек. Бҧл деген сӛз әрбір білім эмпирикалық тексерістен міндетті тҥрде ӛтуі керек деген ҧғым емес, бірақ әрбір теорияның қабылдануында тәжірибе нәтижелері негізгі аргумент болып табылады.
Осы жерде бір жағынан, жаратылыстық пен техникалық ғылымдардың, екінші жағынан, фундаментальдік және қолданбалы ғылымдардың айырмашылықтарын ескеру қажет. Жаратылыстанудың техникалық ғылымдардан айырмашылығы оның Әлемді ӛзгертуге емес, оны танып білуге арналғанында жатыр, ал математикадан ӛзгешелігі – оның әр тҥрлі математикалық белгілер жҥйесін зерттеуінде. Фундаментальдық ғылымдар – физика, химия, астрономия – бҧлар Әлемнің базисті (негізгі) қҧрылысын зерттейді, ал қолданбалы ғылымдар – фундаменттік ғылымдардың нәтижелерін кҥнделікті ӛмірдегі әртҥрлі тнып – мен әлеуметтік – тәжірибелік мақсаттарды шешуге қолданады. Осы тҧрғыдан қарастырғанда барлық техникалық ғылымдарды қолданбалы ғылымдар кіргізуге болмайды. Мысалы, металдар физикасы және жартылай ӛткізгіштер физикасы теориялық қолданбалы пәндерге жатады, ал жартылай ӛткізгіштер технологиясы – практикалық қолданбалы ғылымға жатады.
