Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электротехника каз лаб.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.93 Mб
Скачать

7. Зертханалық жұмыс Бір энергия жинақтауыш тізбектердегі өтпелі үрдістерді зерттеу.

Мақсаты:

САПР элементі Electronics Workbench – ті пайдаланып бір энергия жинақтауыш тізбектердегі өтпелі үрдістерді зерттеуде тәжірибе алу.

Оқу нәтижесінде:

Сабақты бітіргеннен соң пайдаланушы білу керек:

  • САПР EW элементін пайдалана отырып тізбектердің қарапайым моделдеу схемаларын жасай және редакциялай білу;

  • САПР құрылғыларымен RL және RC тізбектерін тұрақты және синусойдалды кернеу көздеріне қосылу кезіндегі өтпелі үрдістердің осциллограммасын ала білу керек.

Пайдаланылатын бағдарламалар:

Electronics Workbench – 5.0

Оқу жоспары:

І. Оқытушы басқаруымен жұмыс істеу. Бір энергия жинақтауыш тізбектердегі өтпелі үрдістерді зерттеу.

ІІ. Өзіндік жұмыс.

Бағдарламаны іске қосу:

Талап етілетін программалар дискіде инсталлданған (орнатылған) деп ұйғарылады («Инструкция по установке программы на ПК» қараңыз).

І. Бір энергия жинақтауыш тізбектердегі өтпелі үрдістерді зерттеу.

Тізбектерде бірқалыпты режимнен екіншісіне ауысу кезіндегі үрдістерді өтпелі үрдістер деп атайды. Өтпелі үрдістер – тізбекте оны қосып - өшіргенде және оның параметрлері өзгергенде пайда болады.

1.1. Rc тізбегін тұрақты кернеу көзіне және конденсатордың разрядталған кезіндегі өтпелі үрдістерін зерттеу.

Зерттеудің тапсырмасы:

1. RC тізбегінің тұрақты кернеу көзіне қосылған және конденсатордың разрядталған кезіндегі өтпелі үрдістерінің осциллограммасын алу.

2. Осциллограммалар бойынша уақыт тұрақтылығын анықтау.

RC тізбегіндегі өтпелі үрдісті зерттеудің схемасы, 1 суретте көрсетілген.

1 сурет.

1 суретте тізбекті зерттеу схемасында тоқты өлшеуіш ретінде кернеу көзі пайдаланылады, пиктограмма түрі:

.

Тоқпен реттелетін кернеу көзінің өлшемі кіріс тоғының өлшеміне тәуелді. Беру коэффициенті шығыс кернеуінің кіріс тоғына қатынасына тең. Ол кедергімен өшенеді. Тұрақты беру коэффициенті 1 ом тең.

Осциллограф кірісіне конденсатордан кернеуі және тоғымен реттелетін кернеу көзінен кернеу беріледі. Тізбектегі коммутация ауыстығыштың көмегімен іске асады. Ол берілген уақыттан кейін қосуға және өшіруге автоматты түрде жұмыс істейді. Нәтежиесінде тізбекте бастапқы кезеңде тоқ нольге тең, 0,01 сек. кейін RC тізбегі көзге қосылады, ал 0,03 сек. кейін ауыстырғыш бастапқы қалпына оралады.

1 Суреттегі схеманы құрастыру.

Windows жұмыс столындағы ярлык көмегімен Electronics Workbench бағдарламасын іске қосыңыз.

1. Компоненттер және бақылап-өлшегіш құралдар панеліндегі мына кнопканы шертіңіз:

Пайда болған активті элементтер терезесінен кезегімен тұрақты кернеу көзінің ЭҚК, тоқпен реттелетін кернеу көзін және жерлендіргішті шығарып алыңыз. Оларды 1 суреттегі схема бойынша орналастырыңыз.

2. Компоненттер және бақылап-өлшегіш құралдар панеліндегі мына кнопканы шертіңіз:

Пайда болған пассивті элементтер терезесінен резистор, конденсатор және ауыстырғыштың мынадай

.

түрдегі пиктограммаларын шығарып алыңыз.

3. Конденсаторды, тоқпен реттелетін кернеу көзін және ауыстырғышты 1 суретте көрнсетілгендей бұрыңыз. Ол үшін тізбектің элементін шертіп (ол қызыл түске боялады) функциялар панеліндегі бұру кнопкасын шертіңіз.

.

4. Буксирлеу әдісімен элементтердің пиктограммаларын 1 суретте көрсетілгендей бұрыңыз және суретке сәйкес қосыңыз.

5. Компоненттер және бақылап-өлшегіш құралдар панеліндегі мына кнопканы шертіңіз:

Пайда болған құрылғылар отсегінен осциллографты шығарып алыңыз.

6. Осциллографты 1 суретке сәйкес қосыңыз. Қосқыш өткізгіштерін бояңыз: қызыл түспен осциллографтың А каналына баратын өткізгішін, ал көкпен В каналына баратын өткізгішті.

Ескерту: Өткізгіштерді бояу үшін – екі рет тышқанмен өткізгіш бейнесін шертіңіз. Пайда болған Wire Proporties диалогтық терезесінен Site Wire Color кнопкасын шертіңіз де керек түсті таңдап алыңыз.

Схема элементтерінің параметрлерін беру.

1. Курсорды ЭҚК тұрақты кернеу көзі пиктограммасына орнатып, екі рет шерту арқылы, оның параметрлерін беру үшін диалогтық терезесін ашыңыз. Value қосымша терезесіне Е =10В ЭҚК мәнін орнатып ОК кнопкасын басыңыз.

2. Курсорды ауыстырғыш пиктограммасына орнатып, оның параметрлерін беру үшін, екі рет шерту арқылы диалогтық терезесін ашыңыз. Value қосымша терезесіне қосылу уақыттан 0,01 сек., ал өшіру уақыттан 0,03 сек. тең деп орнатыңыз.

3. Файлға Zan_7_01 деген ат беріп Фамилияңызбен аталған құжатта сақтаңыз.

4. Осциллограф белгісін екі рет шертіңіз. Одан кейін көріністің масштабын кеңейту үшін кнопкасын басыңыз (егерде беттік көрінісі кіші болса). Орнату есептегіштері кнопкаларын шерте отырып, 2 суретке сәйкес осциллограф парметрлерінің мәндерін орнатыңыз.

2 сурет.