- •Дипломдық жұмыс
- •5В073200 - Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы
- •Дипломдық жұмыс
- •5В073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы
- •5B073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы
- •Дипломдық жұмыс орындауға тапсырма
- •Кестесі
- •Қолтаңбалары
- •Мазмұны
- •Мазмұны
- •Андатпа
- •Аннотация
- •1 «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» қызметінің сапалық саясаты
- •1.1 «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» туралы мәлімет
- •1.2 «Каспийаймақтық сертификаттау орталығы» жшс-нің ұйымдастырушылық құрылымы
- •1.3 Қызмет көрсету саласының бағдарламасы
- •1.4 «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» қызметін аккредиттеу
- •2 «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» қызмет сапасын жетілдіру
- •2.1 Сапа менеджмент жүйесін енгізу
- •2.1.1 Смж ішкі аудитын ұйымдастыру
- •2.1.2 Смж ішкі құжаттарын басқару
- •2.2 Қызмет сапасының халықаралық деңгейі
- •2.3 Экологиялық менеджмент
- •3 «Каспийаймақтық сертификаттау орталығы» жшс-нің сынақ жүргізу орталығының сапа бойынша басшылығын талдау
- •3.1 Қолдану саласы
- •3.2 Басқаруға қойылатын талаптар
- •3.3 Техникалық талаптар
- •4 Нормативтік құжаттаманы құру
- •4.1 Cынақ жүргізу орталығы басшысының лауазымдық нұсқауы
- •4.2 Жобаны әзірлеудің нормативтік базасы
- •4.3 Нұсқаулық жобаның құрылымын қалыптастыру
- •5 Өнімдер сапасына бақылауды ұйымдастыру
- •5.1 Өнімдер сапасын бақылау қызметінің міндеттері мен функциялары
- •5.2 Өнімдер сапасын бағалау
- •5.3 Өнімдер сапасын өлшеу құралдарының метрологиялық аттестациясы
- •5.4 Статистикалық бақылау әдістерін қолдану
- •5.5 Сапаның бағалануын бақылау
- •6 Аккредиттеуді жүргізу мақсаттары мен принциптері
- •6.1 Аккредиттеуге дайындау және жүргізу тәртібі
- •6.2 Аккредиттеу аттестатының әрекеттерін тоқтату және уақытша тоқтату
- •6.3 Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру тәртібі
- •6.3.1 Тексерісті жүргізу тәртібі
- •6.3.2 Тексеріс нәтижесін рәсімдеу тәртібі
- •7 Техникалық-экономикалық негіздемесі
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •Ішкі аудитті өткізудің бағдарламасының пішіні
- •Г Қосымшасы Ішкі аудиттің қорытындысы бойынша келісу пішіні.
- •Аудит қорытындысы бойынша
- •1. Сапа жүйесін тексеру және бағалау комиссиямен жүргізілді
- •2. Комиссияның құрамы:
- •3. Тексеру мен бағалауды өткізуге негіздеме
- •5. Тексерудің нәтижелерінің қысқаша мазмұны,сәйкессіздіктерді көрсетумен
- •Г Қосымшасы
- •7. Аудит бойынша топ басшысының ұсыныстары:
- •Д Қосымшасы Сапа менеджмент жүйесінің халықаралық сертификаты
1.4 «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» қызметін аккредиттеу
Сертификаттау органдары өнімдерді (қызмет көрсетуді) сертификаттауды келісім-шарт негізінде жүзеге асыруы керек.
Сертификаттау органдары өнімдер (қызмет көрсетуді) міндетті және/немесе ерікті сертификаттау жұмыстарын орындауға аккредиттелуі (тіркеу) мүмкін. Сертификаттау органдарының филиалдары мен өкілдіктері сертификаттау органдарының тәртібімен аккредиттеледі (тіркеледі).
Сертификаттау органдардың, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерінің құрылымында аккредиттеудің өтініш аясында ҚР СТ 7.3 талаптарына сәйкес сертификаттық сынақтар жүргізуге құқық алуға аккредиттелген (тіркелген) және сертификаттау органдарының тіркеу аясына енгізілген өнімдердің сәйкестігін бағалауға керекті сынақтар түрінің 75 пайызын жүргізуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ сертификатталған өнімдерді сертификаттау мен инспекциялық бақылау бойынша жұмыстар жүргізу үшін қажетті құзырлықта тұрақты (штаттық) қызметкерлері бар сынақ зертханалары немесе сынақ орталықтары болуы керек.
«КСО» ЖШС аккредиттелген сертификаттау органында:
- сертификаттау органдары туралы ережелер;
- аккредиттеу аттестаты;
- бекітілген аккредиттеу аясы болуы керек.
Сертификаттау органын аккредиттеуді (тіркеу) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - Мемстандарт) жүргізеді.
«КСО» ЖШС қамтамасыз етуге тиіс:
жүйеде белгіленген сертификаттау ережелерін сақтау;
шағым арыздар берудің тәртібі;
шетелден әкелінген және отандық өнімдерді сертификаттау үшін алынған өтемдердің баламалығы;
сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізген кезде алынған және өтінушінің коммерциялық құпиясын құрайтын ақпараттың құпиялылығын (өнім, процесс, қызметтер, сондай-ақ өндіріс жағдайлары адамдар денсаулығына, азаматтардың мүлкіне және қоршаған ортаны корғауға зиян келтіретіндерін қоспаған жағдайларда) сақтау.
Қажет болған жағдайда жүйелі аккредиттелген сынақ зертханалары мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Мемлекеттік тізілімінде белгіленген тәртіппен тіркелген сарапшыларды-аудиторларды сертификаттау органдары жұмысқа косымша шарт жасау арқылы тартуы мүмкін.
Қолдану саласы. Қазақстан Республикасының сертификаттау жүйесі. Аккредиттеу (тіркеу) жүйесінде құзыретті және тәуелсіз органдары есебінде танылуы үшін өнімдерді (қызмет көрсетуді) сертификаттау жөніндегі органдары сәйкес келетін негізгі талаптарды белгілейді.
Сертификаттау органы құқылы:
аккредиттеу кезінде анықталған функциялар (атқарымдар) ауқымында сертификаттау жұмыстарын жүргізуге;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Аккредиттеу жүйесінің қолданыста жүрген негіз қалаушы нормативтік құжаттарды әзірлеу немесе жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
сертификаттау жөніндегі жұмыстарға және сертификатталған өнімдерге қызмет көрсету, инспекциялық бақылау жүргізуге келісім-шарт жасау негізде басқа ұйымдармен кәсіпорындардың мамандарын, сертификаттау жөнінен сарапшы-аудиторларын тартуға;
өзінің құзырлық ауқымында тиісті ұйымдар мен кәсіпорындардан қажетті материалдарды сұрап алуға;
сертификаттау және аккредиттеу жөнінен басқа елдердің ұйымдарымен өзара іс-әрекеттер жасауға;
сертификатталған өнімдерді (қызмет көрсетуді) сертификаттау және инспекциялық бақылау кезінде сынақтан өткізу үшін өнімдерді сәйкестендіру мен үлгілерге (сынамаларға) іріктеуді жүргізуге;
сәйкестік белгісімен сертификатталған өнімдерді таңбалау үшін өтінуші-ұйымға құқық беруге;
сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге өтінушімен (тапсырушымен) келісім-шарттар жасауға;
басқа сертификаттау органымен, аккредиттелген сынау зертханасымен, сарапшы-аудиторлармен, сонымен қатар басқа да ұйымдармен өнімдерді сертификаттау мен сынау, инспекциялык бақылау жөнінде нақты жұмыстар жүргізу үшін қосалқы мердігерлік шарт жасау;
- тарифтар әзірлеп және оларды бекіту.
«Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» ЖШС міндетті:
сертификаттау органының құқықтық мәртебесін анықтайтын құжаттаманың қолда болуына;
сертификаттау органының қызметтері туралы ақпаратқа өтінішкердің кедергісіз қолы жетуін қамтамасыз етуге;
сертификаттау органы өз іс-әрекетін жүзеге асыруға көмектесетін тәртіптердің кемсітушіліксіз сипатын қамтамасыз ету, қабылданбайтын қаржыларды немесе басқа жағдайларды ұсынбауға;
алаламай, өтінушіге (дайындаушы, сатушыға) және тұтынушыға (үшінші жақ болып табылады) тәуелсіз болу, сертификаттау нәтижелерінің растығын және шынайылығын қамтамасыз етуге;
сертификатталатын объектілерге тікелей коммерциялық мүдделі ұйым (ұйымның бөлігі) болмауға;
сәйкестік сертификаттауды шынайы және дұрыс жүргізуге мүмкіндік жасайтын құзырлылық иеленуге;
сертификаттауды аккредиттеу аясына сәйкес, аккредиттеу ережелері бойынша жүргізуге;
заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын сынау зертханасы мердігерлік негізде сертификаттық сынақтар жүргізген кезде сертификаттау органының өкілі болуын және сынақ хаттамасында оның қол қоюын қамтамасыз етуге;
жұмыс орындарында қолданыстағы нормативтік құжаттарының болуына, белгіленген ережелерге сәйкес құжаттарға дер кезінде өзгерістер мен түзетулер енгізуге, ескірген құжаттаманы жоюға;
сертификатталған өнімдерге (қызмет көрсетуге) инспекциялық бақылау жүргізуге;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Аккредиттеу жүйесінің НЖ-да белгіленген үлгіде сәйкестік сертификатын және оның көшірмесін беруге және өтінушіге өнімдерді Сәйкестік белгісімен таңбалауға құқық беруге;
сәйкестік сертификаттың бланкілері мен көшірмелерін есепке алуды және сақтауды, берілген сертификаттар мен олардың көшірмелерін, басқа да кұжаттарды есепке алуды қамтамасыз етуге;
- Мемстандартқа өзінің іс-әрекеттері туралы ақпарат пен есептік деректер табыс етуге, құрылымдық және сапалық өзгерістер, сондай-ақ заңды мекен жайының және өтем деректемелерінің өзгерулері туралы дер кезінде хабардар етуге;
- іс жүргізу жүйесін жұмыстық жағдайда ұстауға;
- осы стандарттың талаптарына өзінің сәйкестігін бағалау үшін аудит жүргізеді.
Мұндай тексерулер тіркеліп отырылуы керек, олардың деректері, сондай-ақ олар туралы түзетулік шаралар қызметкерлерге жеткізілуі керек және осы акпаратқа құқығы бар адамдарға қол жетерлік болуы керек.
аккредиттеу аттестатының тоқтала тұруы (жойылуы) немесе колдану мерзімі өтуі жағдайында іс-әрекетті тоқтата тұруға (тоқтатуға);
Сертификаттау органын аккредиттеуге даярлаған тәртіптермен байланысты қаржылық міндеттемелерді орындауға.
«Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» сертификаттау органының жауапкершілігі. Сертификаттау жөніндегі орган мыналарға жауапты:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізген кезде НҚ талаптарын бұзғанына;
аккредиттеудің шарттарын және/немесе аясын бұзғанына;
өтінушіге сәйкестік сертификатын негізсіз бергеніне;
сәйкестік белгісімен өнімдерді таңбалауға негізсіз құқық бергеніне;
өнімдерді мәлімдеушілермен, қосалқы мердігерлік ұйымдармен жасалған келісім-шарттардың шартын бұзғанына.
Сертификаттау органының сапа үшін және осы Ережемен жүктелген міндеттердің, атқарымдардың және міндеттердің атқарылуы мерзімінде орындалуына, сондай-ақ берілген құқықтарды пайдаланбағаны үшін барлық жауапкершілікті толығымен қолданыстағы заңдарға сәйкес сертификаттау жөніндегі органның жетекшісі тартады.
Сертификаттау органына қойылатын жалпы талаптар:
жалпы ережелер, негізгі міндеттері, ұйымдық құрылымы мен қызметтері, оның құқығы, жауапкершілігі, кызметкерлерге қойылатын талаптар, басқа ұйымдармен қарым-қатынас сертификаттау органы туралы Ережелерде белгіленуі керек.
сертификаттау органының ұйымдық құрылымы сертификаттау органының барлық қызметтері мен міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
сертификаттау органы өзінің іс-қимылына мемлекеттік бақылау жүргізуде және аккредиттеу (тіркеу) кезінде төмендегі құжаттардың болуы және көрсетілуі керек:
Қазакстан Республикасы заңына сәйкес заңды тұлғаның мәртебесін дәлелдейтін қүжаттар;
ұйымның ұжымдық құрылымын және міндеттерін анықтайтын құжаттар;
аккредиттеу аясына енетін біртекті өнімдерді (қызмет көрсету) сер-тификаттаудың тәртібі белгілеген аккредиттеу (тіркеу) жүйесінің нормативтік кұжаттары;
қолданыстағы сапа жүйесі.
«Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» ЖШС өнімге сынау жүргізу үшін аккредиттеу аттестаты № КZ.И.13.0192 Ә қосымшасында көрсетілген.
«Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» ЖШС өлшеу құралдарын тексеруге құқығы үшін Қазақстан Республикасының Сауда және индустрия министрлігімен және техникалық реттеу бойынша Комитетпен аккредиттелген. Оның аккредиттеу аттестаты № 727 от 01.06.2006 ж. Б қосымшасында көрсетілген.
