Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
0;8-10520 - .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.03 Mб
Скачать

6.3.2 Тексеріс нәтижесін рәсімдеу тәртібі

Әрбір тексеріс нәтижесі актпен рәсімделеді. Актте тексерістің құрамына кіретін барлық сұрақтар қамтылуы керек, және бұзылған метрологиялық талаптар мен нормалардың себептері анық ашылып жазылуы керек. Акт мазмұны мәтіннен және кестеден тұрады. Тексеріс мақсатына байланысты, акт құжатында қарастырылмаған бөлімдер енгізілуі мүмкін. Бұзушылықты тапқан жағдайда, актқа басқа құжаттармен бірге қосылып берілетін, бұзушылық сипаты жайында ақпараттан тұратын протокол толтырылады.Тексерістің оң нәтижесі кезінде, акттің қарастырылған бөлімшесінде кестенің орнына бұзушылық жоқтығы жайында мәліметтре жазылады. Актқа тексеріске қатысушылардың барлығы қол қояды, және бұдан кейін актқа ешбір өзгертулер енгізуге болмайды. Актпен заңды тұлға танысады, және бұл жағдай қағаз бетіне түсіріледі. Акттің көшірмесі өндіріс орнында қалады. Акт негізінде зертхана басшысы бұзушылықтарды жөндеу, қалпына келтіру шараларының жобасын құрады. Жөндеу шаралары жүргізілгеннен кейін мемлекеттік инспектор қайта тексеріс жүргізеді, соның негізінде акт толтырылады.

7 Техникалық-экономикалық негіздемесі

«Каспий аймақтық сертификаттау орталығында» сапаның қабылдау бағалау бақылауы өнім сапасын технико-экономикалық басқару мәселелерін шешу үшін қолданылады.

Сапаны технико-экономикалық басқарудың алғашқы кезеңі өндірістің фактылы жағдайын және қажетті сапасы бар өнімдерді шығару мүмкіндігін анықтау мақсатында жасалатын өнімнің сапалық деңгейінің қалыптасуына әсерін тигізетін өндіріс факторлары мен жағдайына баға беруді қарастырады.

Өндіріс жағдайы қолданылатын техника, технология деңгейімен, өндірістің, еңбек пен басқарудың ұйымдастырылуымен, пайдаланылатын шикізат, материалдар, жартылый фабрикаттармен анықталады. Өндірістің сапалық деңгейі оны құраушы элементтердің сапалық деңгейімен бағаланады. Өндірістік процестің жекелеген элементтерінің сапасын анықтау өнімнің және өндірістің спецификасын бейнелейтін жергілікті экономикалық-математикалық модельдерді шешу негізінде жүзеге асырылады.

Шикізат, материалдар, дайын жинақтаушы бұйымдар сапасын бағалау. Жасалатын өнімнің сапасы пайдаланылатын материалдық ресурстардың сапалық деңгейіне тікелей байланысты болады. Материалдық ресурстардың жасалатын өнім сапасына қойылатын талаптарға сәйкестігі жобалау сатысында ескеріледі және жобалық құжаттамада регламенттеледі. Бұл сатыда жасалатын өнімнің қажетті сапалық деңгейін қамтамасыз ету критерийі бойынша шикізат пен материалдардың біршама прогрессивті түрлерін талдау мәселелері шешіледі. Өндіру сатысында пайдаланылатын шикізат, материалдар, сатып алынатын бұйымдар сапасының негізгі параметрлерінің жобалау сатысындағы техникалық құжаттамада бекітілген параметрлерге сәйкестік дәрежесі анықталады. Материалдық ресурстардың сапасын бағалаудың тәртібі мен әдістері кіру бақылауында белгіленеді және сәйкес кәсіпорын стандарттарымен регламенттеледі. Мұндай бағалау мен бақылаудың негізгі мақсаты- келіп түсетін материалдық ресурстар сапасына қадағалау жүргізу, материалдық ресурстар сапасының динамикасын талдау.

Жалпы шығындар:

  1. жобаға қажетті материалдарды сатып алу;

- негізгі өндірістік қорды есептеу;

- қажетті жалақы – жобаға қанша адам қатысады, олардың мамандығы, айлық жалақысы, кеткен уақыт бекітіледі;

- әлеуметтік салық (21 % барлық еңбекақы қорынан);

- жобаны жасағанда кететін үстеме шығындар;

- электрэнергия және жылу энергиясын есептеу;

- сапа жүйесін талдау зертханасының аккредиттеу қаражаты;

- жобаның жалпы шығынын есептеу;

-«КСО» ЖШС сынақтар жүргізу үшін келесідей материалдар сатып алынады.

1 - кесте Материалдар кестесі

Атауы

Саны

Бағасы, теңге

Барлығы, теңге

Шама

5

70 000

350 000

Шама

7

65 000

455 000

шама

8

75 000

600 000

шама

10

55 000

550 000

Барлығы

1 955 000

2) энергетикалық жабдықтар – бұл жабдықтарға жұмсалатын қаржының 10% алынады.

Электронды есептеу техникасы – бұл зертхананың компьтермен жабдықталуына қаржының мөлшерін сынау жабдықтарының құнанан 9% алынады.

Өндірістік және шарашылық инвентарлар - өндірістік инвентарларға жататындар – желдеткіш, стеллаждар, т. б., шаруашылыққа – үстелдер, шкафтар, орындықтар және т. б. жатады. Бұлардың шығын мөлшерін жабдықтардың жылғы сомасынан 20% мөлшерінде алуға болады. Сондағы аталған негізгі өндірістік қордың элементтерін есептегеннен кейін нәтижелерін 2- кестеде келтіреміз.

2- кесте Негізгі өндірістік қор

Аталуы

Жалпы сомасы, теңге

Сертификаттау жабдықтары

1 955 000

Энергетикалық жабдықтар

195 500

Электронды есептеу техникасы

1 759 500

Өндірістік және шаруашылық инвентарлар

391 000

БАРЛЫҒЫ

4 301 000

3) зерттеуді өткізу үшін жобаға қатысатын қызметкерлердің жалақысын есептеуіміз керек.

4) әлеуметтік салық еңбекақы қорының 21% құрайды.

Әс =ЕАҚ0,21=560 0000,21=117 600,

5) үстеме шығындар=0,8ЕАҚ=0,8560 000=448 000

6) талдау зертханасы электр энергиясымен қамтылған. Электр жарығына бір айда кететін шығынды былай есептейміз:

ШЭ = АЭУ (18)

БЭ  700,07517610 = 9 240 тг; (19)

мұндағы А – жарықталатын аудан, м2;

Э – бір шаршы метрге бір сағатта кететін энергияның көлемі;

У – бір айда жағылатын жарық уақыты, сағат;

БЭ – электр энергиясының бағасы, 10 тг/кВт*сағ;

3- кесте Еңбек ақы кестесі

Жобаға қатысатын маман

Зерттеуге кеткен уақыт, ай

Айлық жалақысы, теңге

Барлық жалақы, теңге

Инженер сарапшы

2

70 000

140 000

Инженер стандартолог

2

65 000

130 000

Инженер метеролог

2

70 000

140 000

Инженер сертифициолог

2

75 000

150 000

Барлығы

560 000

Жылу энергиясы электрэнергиясының 20% құрайды:

тг. (20)

4- кесте Энергияларға жұмсалатын шығындар

Аталуы

Жылдық шығын, теңге

Электр энергиясы

110 880

Жылу энергиясы

22 176

БАРЛЫҒЫ

133 056

7) сапа жүйесін талдау зертханасының аккредиттеу қаражаты

Сапа жүйесін талдау зертханасын аккредиттеу бұл заңды тұлғаның жүзеге асыратын қызметін нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес заң жүзінде растау. Аккредиттеуге кететін шығындар кесте 5 көрсетілген.

5- кесте Аккредиттеу кезіндегі шығындар

Жұмыстардың аталуы

Жалпы құны, теңге

СЭС қорытынды алу

2500,00

Зертхана жұмысшыларын аттестаттау

4 500,00

Лицензиялық жинақ

16 000,00

Тәуелсіз сараптамалық бағалауды және аттестаттық тексеруді өткізу

250 000,00

БАРЛЫҒЫ

273 000

6- кесте «КСО» ЖШС өнімдерді сертификаттау үшін ұйымдастырылған зертханасының жалпы шығындарының қосындысы

Шығындар атауы

Жалпы сомасы, теңге

Материалдық шығын

1 955 000

Негізгі өндірістік қор

4 301 000

Зертхана қызметкерлерін жалақысы

560 000

Әлеуметтік салық

117 600

Үстеме шығындар

448 000

Энергияға жұмсалатын шығындар

133 056

Аккредиттеу

273 000

БАРЛЫҒЫ

7 787 656


«КСО» ЖШС-тағы аккредителген сапа жүйесін талдау зертханасын ұйымдастыруға кеткен жалпы шығындардың қосындысы 7 787 656 теңгені құрайды.

Машинажасау өнімін өндіргеннен түсетін табыс мөлшері 11 млн. теңге.

Жылғы жалпы пайда

Жылғы жалпы пайда – бұл жылғы кірістерден шығындарды шегергенде қалған сома.

Жылғы жалпы пайда=11 000 000-7 787 656=3 212 344 тг.

Жылғы жалпы пайдадан 20% корпоративтік табыстық салық бюджетке төленуі тиіс. Қалғаны таза пайда болады, ол кәсіпорында қалады (Пт). Таза пайданы өндірісті нығайтуға, жаңа жабдықты алуға, немесе сыйақыға жібереді.

Табыс салығы=3 212 344*0.2=642 469 тг.

Таза пайда=3 212 344-642 469=2 569 875

Тиімділік

Бағдарламаның, жүйесін немесе құралдың жылғы таза пайдасын барлық шығындарға бөлсе тиімділік болады.

Т=Пт/Ш, (21)

Әлем тәжірибе бойынша мөлшері 12% кем болмауы тиіс.

немесе 33%

Шығындардың өтеу мерзімі. Өтеу мерзімі М=Ш/Пт (тиімділіктің кері шамасы). Бұл көрсеткіш 3 жылдан кем болуы тиіс.

Сертификаттау жүйесін талдаған кездегі экономикалық көрсеткіштерді есептей отырып, біз келесідей қорытындыға келеміз: жоба орындалу үшін қажетті қор көлемін анықтадық және де жобалау кезінде құрылғылар құнына жұмсалатын қаржы көлемдерін анықтадық. Сонымен қатар жобаны енгізу кезіндегі жалпы шығындар мен пайда мөлшерін есептеп шығардық. Жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі 3 жыл, ал жоба рентабельдігі 33% құрайды. Қорытынды нәтижелер 6- кестеде келтірілген.

6 - кесте Техника-экономикалық көрсеткіштер

Көрсеткіштер

Мәні

Жалпы шығын

7 787 656

Жылдық табыс

11 000 000

Жылдық пайда

3 212 344

Таза пайда

2 569 875

Тиімділік

33%

Шығынның өтеу мерзімі

3

8 Еңбек қорғау

Осы дипломдық жұмыстың еңбек қорғау бөлімі Қазақстан Республикасының келесі заңдарына сүйене отырып жазылған:

1) «Қауіпсіздік және еңбек қорғау заңы» 28.02.2004 жылдың №528-ІІ ҚРЗ;

2) «Қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік қауіпсіздік туралы заңы» 03.04.2002 жылдың №314-ІІ ҚРЗ;

3) «Өрт қауіпсіздігі туралы заң» 22.11.1996 жыл;

4) «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңы» 10.12.1999 жылдан №493-І ҚР еңбек туралы заң (ҚР заңдарына өзгертулер енгізілген 06.12.2001 жылдан №260-ІІ; 25.09.2003 жылдан №484-ІІ) [4].

Өндірістік өнеркәсіптердің 1.01.00-94 санитарлы нормаларына сәйкес машина жасау өнімін сертификаттау бойынша сынау зертханасы «Каспий аймақтық сертификаттау орталығының» территориясында орналасқан. Қауіпті және зияндылығы жағынан өндіріс бірінші классқа жатады. Өндіріс орналасқан аймақ табиғи желдету, тура күн түсу ұстанысы бойынша санитарлық талаптарды қанағаттандырады, ағын сулардың ағып кетуін қамтамасыз ететін салыстырмалы түрде тегіс және еңкіш бетте орналасқан.

Санитарлы-гигиеналық талаптар

Санитарлы және тұрмыстық жұмыстарды талап ететін ғимараттарға жұмысшылардың жұмыс орындарында болуы кезінде: тамақтанатын бөлмелер, гардераб, душ, әжетхана, жуынатын, темекі шегетін, кір жуатын, әйелдердің гигиеналық жеке бөлмесі, жұмысшылардың ішімдік суларын жылыту техникасы.

Жұмысшылардың жұмыс уақытынан тыс қолданатын тұрмыстық бөлмелері: гардероб, жуынатын бөлме, қол жуғыш, әйелдерге арналған жеке бөлме, денсаулық пункты, тағамдану пункты және тағы басқалары.

Мекемедегі жұмысшылардың мөлшеріне қарай тұрмыстық бөлмелер, бөлек бөлмелерде орналасады жерасты галереяларымен немесе туннелдерімен жабдықталады.

Тұрмыстық жабдықталған ғимараттар өндірістік үрдістерінің санитарлық негіздеріне байланысты. Сондықтан барлық өндірістік үрдістер төрт топқа бөлінеді:

І топқа өндірістік үрдістері нормальды метрологиялық жағдайда шаң және зияныд газдардың шығуы.

ІІ топқа өндірістік үрдістің метрологиялық жағдайда жағымсыз шаң – тозаңдардың болуы және де қызу жұмыс кезіндегі физикалық шаршау.

ІІІ топқа өндірістік үрдістер кезіндегі жұмыс киімінің зияндануы және ластануы.

ІV топқа өндірістік үрдіс кезінде өнімнің сапасын қамтамасыз етуге айрықша уақытта талап ететін топтар жатады.

СНжЕ талабы бойынша ғимараттар және асханалар ішінде су құбырлары, канализация, жылу батареялары және желдетулермен жабдықталуы керек. Тұрмыстық объектілерді орналастыру кезінде санитарлы талаптарға сай, алшақ орналастыру керек.

Микроклимат параметрлері .Өндірістік ғимараттардағы метрологиялық жағдай немесе микроклимат дегеніміз ол адам ағзасына температураның, ылғалдылықтың, ауа қозғалысы жылдамдығының, сондай – ақ сырттағы температураның әсер етуімен анықталатын ғимараттағы ішкі ортаның климаты.Микроклимат параметрлері, әрқайсысы өз алдында түрлі үйлесімдер мен ағзадағы физиологиялық процестердің жүруіне, адамның көңіл күйіне, жұмыс істеу қабілетіне (ЖІҚ) үлкен әсерін тигізеді. Бұл – адам ағзасындағы үздіксіз жүретін биологиялық процестердің жылу бөліну немесе Q жылу пайда болудың үнемі жүріп отырумен түсіндіріледі. Оның саны – ағзадағы биохимиялық процестер мен атқарылатын жұмыстың ауырлығына байланысты. Өндіріс ғимараттарындағы ауа температурасы атмосфералық ауа температурасын және қоршаған беттердің температурасына тәуелді,ал соңғысы жыл мерзімі мен өндіріс технологиясының түріне байланысты. Технологиялық процестер едәуір жылу бөлумен сипатталатын көптеген металлургия өндірістерінде, машина жасау және өнеркәсіптің әртүрлі салаларының бірқатар өндірістерінде ауа температурасы жоғары болады.

Организмге және нормаға микроклиматтың өлшемдері, өндірістік микроклиматтың нормасы келесідей бағыттарда жүргізіледі.. Құрастыру жасаған кезде жүйелердің бірлескен кабельдерін төсеу, жалпы коллекторларда немесе эстакадаларда санитарлы және өрт – қауіпсіздігіне қарсы талаптарды қауіпсіздік ережелерін сақтаған кезде орындау қажет.

Микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер:

1) ауа температурасы;

2) ауаның қатысты ылғалдылығы;

3) ауа қозғалысының жылдамдығы;

4) жылулық сәулеленудің интенсивтілігі.

7 – кесте Өндірістік бөлмелердің жұмыс орындарындағы микроклимат көрсеткіштерінің оңтайлы шамалары

Жыл мезгілі

Энергия шығыны бойынша жұмыс категориясы, Вт

Ауа температурасы, 0С

Беттердің температу-расы, 0С

Ауаның салысырма-лы ылғал-дылығы,%

Ауаның қозғалыс жылдам-дығы, м/с артық емес

Суық

Iа139дейін

Iб 140-174

Iiа 175-232

Iiб 233-290

III 290 аса

22-34

21-23

19-21

17-19

16-18

21-25

20-24

18-22

16-20

15-19

60-40

60-40

60-40

60-40

60-40

0,1

0,1

0,2

0,2

0,3

Жылы

Iа139дейін

Iб 140-174

Iiа 175-232

Iiб 233-290

III 290 аса

23-25

22-24

20-22

19-21

18-20

22-26

21-25

19-23

18-22

17-21

60-40

60-40

60-40

60-40

60-40

0,1

0,1

0,2

0,2

0,3

Микроклиматтың оптималды көрсеткіші, барлық жұмыс орнына таралады, тұрақты және тұрақты емес жұмыс орындары үшін жіберілген көрсеткіштер дифференциалды орнатылады. Жұмыс орнындағы температураның қатысты ылғалдылығының және ауа қозғалысының жылдамдық мәндерінің көрсеткіштері.

Жұмыс орындарындағы микроклиматтың оңтайлы параметрлері суық және жылы жыл кезеңдерінде әртүрлі категориялы жұмыстарды орындауға қолданбалы 7 - кестеде келтірілген шамаларға сәйкес болуы тиіс.

Тұрақты жұмыс орындарында температура, салыстырмалы ылғалдылық пен ауаның қозғалыс жылдамдылығы тиімді және мүмкін параметрлерінде СН и СБӨ талаптарына сәйкес келуі керек.

Жылу тралмапараның практикасы мақсатында қоршаулы құрылғылар температурасы 450С аспауы керек. Ауа мен пештің бет қабатының температурасының шекті ерекшелігі 30 - 400С аспауы тиіс. 0,14 – 0,35 кВт/м2 қарқынды жылу ағыны кезінде ауа қозғалысының жылдамдығын қалыпты жағдайдан 0,2 м/с – ке, ал 35 – 2,80 кВт/м2 дәрежесі кезінде төбеден су себуді қарастыру қажет.

Пештерді және басқа агрегаттарды жөндеу кезінде ауаның температурасы тыныс шығару мүшелері міндетті түрде қорғаумен 400С аспауы қажет. Жылу ағыны әсерінен қорғау құралдарынсыз жұмыс істеу кезінде инфрақызыл сәулелену дәрежесіне тәуелді уақытты шектеу қажет.

Жерлеме, жерлеме құрудың параметрі

Жерлеме – электр тогынан болатын зақымданудан қорғайтын негізгі ертеден келе жатқан кең қолданылатын шара.

Жерлеме дегеніміз кернеулі болу мүмкін ток өткізгіш құрылымдарын жермен қосатын және олардың потенциалын төмендете алатын арнайы құрылғы. Жермен байланысы жоқ қорапта қысқа тұйықталу болған кезінде (мысалы, электрқозғалтқыштың оңашалау орамы зақымдалған кезде), қораптың потенциалы жерге қатысты фазалық шамаға жетеді, ал қос тұйықталу кезінде – желінің сызықтық кернеуінің шамасына жетеді.

Егер дәл сол жағдайларда қорап жерлендірілген болса, онда оның потенциалы жерлендіргіштің потенциалына дейін төмендейді, соған байланысты жанасу кернеуі қауіпсіз шамаға дейін төмендеуі мүмкін.

Одан басқа, жерлендіру бар болған кезде, кедергілі қорапты ұстаған адам жер мен қорап арасындағы тізбекке параллель қосылады. Егер бұл жағдайда жерлендіру ағып таралу тогының кедергісі адам денесінің кедергісінен кіші болса, онда жерлендіру тогының негізгі бөлігі жер арқылы өтеді, ал дене арқылы өтетін ток шамасы аз болады және зақымдану бұл кезде болмайды.

Сонымен, қорғайтын жерлендіргіш қысқа тұйықталу кезінде адам, қорғалатын құрылғының қорабын ұстаған кезде, адамның денесі арқылы өміріне немесе денсаулығына қауіпті болатын ток шамасының өтуін болдырмайтындай, жер мен қорғалатын құрылғының қорабы арасында, жеткілікті аз кедергімен электрлік байланысты құру үшін қажет.

Жерлендірудің контурлық түрі көп тараған. Сонымен бірге ғимараттың периметрі бойынша ұрада 0,7-1 м тереңдікте шыбықтан немесе тілім-жолақтан орындалған көлденең электрод салынады. Көлденең электродқа бір бірінен белгілі бір арақашықтықта құбырлардан, шыбықтардан немесе тілім-жолақтардан орындалған тік электродтарды дәнекерлейді. Тік электродқа бір бірінен белгілі бір арақашықтықта жерге 2-3 м, кейде 15 м –ге дейін кіретін құбырлардан, шыбықтардан немесе бұрыштық болаттан орындалған тік электродтарды дәнекерлейді. Осылай жасалған топтық жерлендіргішті жерлендіргіш өткізгіштерімен сәйкес жабдықтар біріктіреді.

Өрт сөндіру жабдықтары

Өрт қауіпсіздігі нақты ережемен қатар қамтамасыз еткенде «Өрт қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңнамасымен анықталған талаптарды басшылыққа алу керек.

Ғимарат территориясына жанғыш қалдықтарды тастауға рұқсат етілмейді. Барлық қалдықтарды арнайы контейнерлерге жинап, кейіннен басқа жаққа шығару керек.

Ғимарат өтпелері мен территориясында от жағуға, темекі шегуге тыйм салынады.Өрт пайда болған жағдайда қызметкерлер мен қатысушыларды адамдарды эвакуациялау, шығару жоспарына сәйкес жүзеге асырады.Өрт сөндіргіштер бөлмеде адамдар мен жабдықты эвакуациялау жоспарына сәйкес орналасу керек.Барлық өндірістік және көмекші бөлмелердің қосымша кілттері арнайы орында сақталады. Өртке қарсы қабырғалардың қиылысу орны құрылыс ерітіндісімен немесе басқа жанбайтын материалмен қапталуы тиіс.

Өрт адамдарға әсер ететін факторлардың бірі болып сипатталады, олар келесідей болады: ашық от және ұшқын, ауа мен бұйымдар температурасының көтерілуі, жанудың улы өнімдері мен түтіні, оттегі шоғырының төмендігі, ғимараттар және жабдықтың қирауы мен жарылыстар. Өндірістің өрт және жарылысқа қауіптілігін бағалау үшін өндіріс үрдістерінде қолданылатын заттардың өрт және жарылысқа қауіптілік көрсеткіштерін білу қажет. Заттардың өрт және жарылысқа қауіптілігі көптеген қасиеттермен анықталады, олар: жанғыштық тобымен, өздігінен жану мен от алуымен, жанудың концентрациялық шегімен, дисперсиялығымен, ұшқыштығымен және т.б. Өртті болдырмаудың жалпы шаралары. Өрт пен жарылысты болдырмау үшін, бәрінен бұрын бірінші жану мен жарылысқа қауіпті ортаның түзілуін болдырмау, сондай–ақ жану ортасында тұтану көздерінің пайда болуын болдырмау.

Өртке қауіпті аймақ-ғимараттың ішіндегі немесе сыртындағы кеңістікті, нормалық технологиялық процес кезінде, ылғи да немесе күнде жанатын заттар болатын және оның бұзылу кезінде табылатын заттар. Өртке қауіпті аймақтар бірнеше класқа бөлінеді.

Өрт қауіпсіздігі (ӨҚ) өртттің пайда болу мүмкіндігі шығарып тасталынатын объектінің жағдайы қарастырылады, ал өрт пайда болған жағдайда адамдарға әсер ететін өрттің қауіпті факторлары жойылып, материалдық құндылықтар қорғалады.

Өртке төзімділіктің дәрежесі деп өрт кезінде ғимараттың толықтай қирауына қарсылық қабілетін айтады. Ғимарттардың отқа төзімділігі бойынша 5 дәрежеге бөлінеді (І, ІІ, ІІІ, ІV, V). Ғимараттардың отқа төзімділігі негізгі құрылыстық конструкцияларға оттың таралу шегі, сол конструкциялардың жануына және отқа төзімділігіне байланысты.

Өртке қарсы шаралар

Цехтарды өрттен қорғау шараларын дұрыс таңдау үшін бірінші кезекте ғимараттардың өртке тұрақтылық дәрежесін белгілейтін ғимараттың категориясын, эвакуация жолының ұзындығы мен еніне, түтіннен тазарту жүйесінің құралдар қажеттілігін; өртті хабарлаушы тилік анықтау, автоматты өрт сөндіргішті орнату және т.б. бекіту қажет.

Ғимараттың категориясын СНиП ҚР 2.02 - 01.2000. «Ғимараттың категориясын өрт қауіпсіздігі мен жарыла өртену бойынша анықтауға» сәйкес технологияның іс–алып бұйымдарына қарайтын тәуелділігін бойынша белгіледі. Берілген өндірістік бөлме негізііне 2 параметр жатады: ұшқын температурасы және бөлмедегі жарылыстың есіктен артық қысымы.

Жарылу қаупі бар қозғаушы бумен жұмыс істейтін пештері бар цех сенімді арнайы желдеткіштермен жабдықталған. Ал, конструкциясы ауамен салыстырғанда жеңіл газды қоспа жинауыц мүмкін. Газды тұнбалы қаптар түзілмеуі үшін берік жабылады. Жарылу және өрт қаупі бар бөлімдер басқа бөлімдердің отқа төзімділік шегі 0,75 сағаттан кем емес.

Жарылу қаупі бар қозғаушы газбен жұмыс істейтін пештері бар цех сенімді арнайы желдеткіштермен жабдықталған. Ал, конструкциясы ауамен салыстырғанда жеңіл газды қоспа жинауыц мүмкін. Газды тұнбалы қаптар түзілмеуі үшін берік жабылады. Жарылу және өрт қаупі бар бөлімдер басқа бөлімдердің отқа төзімділік шегі 0,75 сағ кем емес.

Өрт сөндірудің кең тараған құралдары болып: көмірқышқылы, сулағыштар, химиялық және ауалық-химиялық көбік, галойдталған көмірсутектер, түйіршікті қоспалар, бромэтилды қосылыстар, СО2, инертті газдар және т.б. табылады. Осы аталған өрт сөндіру құралдары келесі түрлерге жіктеледі: суытатын және оқшаулайтын, яғни жану аймағына оттегінің түсуін көбік қабатын жабу немесе құрғақ түйіршіктерді себу арқылы оқшаулау жүргізіледі. Электр өткізгіштігіне қарай: электр өткізетіндер (көбік, су, бу) және электр өткізбейтіндер (түйіршіктер мен кейбір газ түрлері) болып бөлінеді. Уыттылығы жағынан: уытты еместер (су, көбік, түйіршіктер), орташа уыттылар (көмірқышқылы және азот) және уыттылар (бромэтилды қоспалар, фреондар) болып бөлінеді. Өртті сөндіру тәжірибесінде әртүрлі сулағыштар, көбіктер, инертті газдар мен механикалық құралдар кең ауқымды қолданысқа ие.

Есептеулер. Өрт сөндіру қауіпсіздігін есептеу.

Бір қабатты ғимараттардың бөлмесінің өлшемдері: S=92 м2,ұзындығы - 14 м, ені – 9 м, биіктігі – 6,5 м. Өнеркәсіп ғимараты мен бөлменің өрт қауіптілігі онда орындалатын технологиялық ерекшеліктерімен, және соларда қолданылатын жабдықтар мен материалдардың қасиетіне сонымен қатар оларды өңдеу шарттарымен анықталады.

Өртті сөндірудің алғашқы құралдарын есептеу

Есепке жүгіне отырып, әрбір ОУ – 5 типті қолдық көмірқышқыл өрт сөндіргіші бөлменің 40 – 50 м 2 ауданында орналасуы керек.

Сонымен S бөл = 90 м2 ауданы бар бөлмеге N = 90/50 өрт сөндіргіш қажет, яғни N = 92/50 = 2 дана

Есепке жүгіне отырып, бөлмелердің биіктігі 6 м–ге дейін болған жағдайда әрбір 9 метрінде РИД–6М типті өрт хабарлағыштары орналыстырылған. Сонымен бөлменің ұзындығы В = 14 м болған жағдайда В/ 9 хабарландырғыш қажет, яғни 14 / 9 = 1 хабарландырғыш.

Өртті автоматты түрде сөндіру үшін УАП – А типті пневмопускісі бар газ типті 2 – АУП өрт сөндіргіш қлданылады. Баллонда үлестіргіш құбырлар мен коллектілердегі қалдықтарды есептемегенде 114В2 хладоннығ негізгі қосалқы массасын келесі формуламен анықталады.

m = V . q . k, (22)

мұндағы V – қорғалатын бөлменің көлемі, м 3,

q – заттың нормативтік массалық өрт сөндіргіш шоғыры

(В = 0,22 кг / м 3 категориялы бөлмелер үшін),

k – қорғалатын бөлмелерден сыртқа кету кесірінен хлодонның

шығынын ескеретін коэффициент ( k = 1,2). бұдан

V = 14x9x6,5 = 819 м 3 кезінде қосалқы хладо

m = 819 . 0,22. 1,2 = 216,2 ег тең болу қажет.

Жерлеме қауіпсіздігін есептеу. Сонымен, жердің меншікті есептік кедергісі төмендегідей:

(23)

мұндағы - жердің есептік кедергісі;

өлш – жердің өлшенген кедергісі;

Kм – мезілдік коэффицент;

Kж - өлшеу кезіндегі жердің күйін ескеретін коэффицент.

Омм

Жер бетіндегі өзекті тік жерлендіргіштің ағып таралу кедергісі төменгідей:

, (24)

мұндағы - жердің есептік кедергісі;

l – электрод ұзындығы, м.

Ом

Тік және көлденең электрод - өзектерінен тұратын, топтық жерлендіргіштің өткізгіштігі көлденең электод пен белгілі бір мөлшердегі параллель қосылған тік электродтың өткізгіштіктерінің қосындысынан шығады, сонымен қатар олардың электрлік өрістері бір бірінің әрекеттерін экрандауы мүмкін. Экрандау коэффицентінің осы әсерлерін ескере отырып, топтық жерлендіргіштің өткізгіштігін келесі теңдікпен көрсетуге болады:

, (25)

мұндағы Rтоп – топтық жерлендіргіштің кедергісі;

Rт - тік жерлендіргіштердің кедергілері ;

 - жерлендіргіштін экрандау коэффиценттері

 -0,888; - тік электродтардың саны -20 дана.

Ом