- •Дипломдық жұмыс
- •5В073200 - Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы
- •Дипломдық жұмыс
- •5В073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы
- •5B073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы
- •Дипломдық жұмыс орындауға тапсырма
- •Кестесі
- •Қолтаңбалары
- •Мазмұны
- •Мазмұны
- •Андатпа
- •Аннотация
- •1 «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» қызметінің сапалық саясаты
- •1.1 «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» туралы мәлімет
- •1.2 «Каспийаймақтық сертификаттау орталығы» жшс-нің ұйымдастырушылық құрылымы
- •1.3 Қызмет көрсету саласының бағдарламасы
- •1.4 «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» қызметін аккредиттеу
- •2 «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» қызмет сапасын жетілдіру
- •2.1 Сапа менеджмент жүйесін енгізу
- •2.1.1 Смж ішкі аудитын ұйымдастыру
- •2.1.2 Смж ішкі құжаттарын басқару
- •2.2 Қызмет сапасының халықаралық деңгейі
- •2.3 Экологиялық менеджмент
- •3 «Каспийаймақтық сертификаттау орталығы» жшс-нің сынақ жүргізу орталығының сапа бойынша басшылығын талдау
- •3.1 Қолдану саласы
- •3.2 Басқаруға қойылатын талаптар
- •3.3 Техникалық талаптар
- •4 Нормативтік құжаттаманы құру
- •4.1 Cынақ жүргізу орталығы басшысының лауазымдық нұсқауы
- •4.2 Жобаны әзірлеудің нормативтік базасы
- •4.3 Нұсқаулық жобаның құрылымын қалыптастыру
- •5 Өнімдер сапасына бақылауды ұйымдастыру
- •5.1 Өнімдер сапасын бақылау қызметінің міндеттері мен функциялары
- •5.2 Өнімдер сапасын бағалау
- •5.3 Өнімдер сапасын өлшеу құралдарының метрологиялық аттестациясы
- •5.4 Статистикалық бақылау әдістерін қолдану
- •5.5 Сапаның бағалануын бақылау
- •6 Аккредиттеуді жүргізу мақсаттары мен принциптері
- •6.1 Аккредиттеуге дайындау және жүргізу тәртібі
- •6.2 Аккредиттеу аттестатының әрекеттерін тоқтату және уақытша тоқтату
- •6.3 Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру тәртібі
- •6.3.1 Тексерісті жүргізу тәртібі
- •6.3.2 Тексеріс нәтижесін рәсімдеу тәртібі
- •7 Техникалық-экономикалық негіздемесі
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •Ішкі аудитті өткізудің бағдарламасының пішіні
- •Г Қосымшасы Ішкі аудиттің қорытындысы бойынша келісу пішіні.
- •Аудит қорытындысы бойынша
- •1. Сапа жүйесін тексеру және бағалау комиссиямен жүргізілді
- •2. Комиссияның құрамы:
- •3. Тексеру мен бағалауды өткізуге негіздеме
- •5. Тексерудің нәтижелерінің қысқаша мазмұны,сәйкессіздіктерді көрсетумен
- •Г Қосымшасы
- •7. Аудит бойынша топ басшысының ұсыныстары:
- •Д Қосымшасы Сапа менеджмент жүйесінің халықаралық сертификаты
5.4 Статистикалық бақылау әдістерін қолдану
Сапаны бақылау нәтижелерін талдау үшін сапаны бақылаудың статистикалық әдістері кең қолданылады. Бұл әдістердің ішінде Жапонияның сапа үйірмелерінде «сапаны бақылаудың жеті құралы» аса танымал.
Парето диаграммасы.
Парето диаграммасында әртүрлі ақауларға байланысты болатын шығындар байланысы келтірілген. Графикті қолдану арқылы көп шығындарға ұшырататын ақауларды анықтап жоюға болады.
Себеп-салдар (Исикава) диаграммасы.
Исикава диаграммасы ақауларды талдау кезінде көп шығынға әкелетін ақаулардың пайда болу себептерін анықтау үшін қолданылады. Онда төрт негізгі себеп факторлары талданады: адам, машина, материал, әдіс. Осыған байланысты диаграмманы «4М» деп те атайды. Бұл факторларды анықтау кезінде бірінші,екінші,үшінші себептер анықталады және ақауларды талдауда себептердің максималды санын анықтау қажет болады.
Гистограммалар.
Гистограммалар әдісі мәліметтерді өңдеудің тиімді құралы болып табылады және өндіру процесіндегі сапаны ағымдық бақылау, технолгиялық процестер мүмкіндіктерін зерттеу, жекелеген орындаушылар мен агрегаттар жұмысын талдау үшін қолданылады. Гистограмманы тұрғызу арқылы шама мәндерінің рұқсат етілген диапозонда болуын немесе оның шекарасынан шығып кеткенін анықтауға болады.
Бақылау карталары.
Бақылау карталары процестің,яғни уақыт бойынша көрсеткіштер өзгерісін графикалық түрде бейнелейді. Олардың қарапайым графиктен айырмашылығы- бақылау шекаралары немесе реттеу шекаралары деп аталатын сызықтардың болуы. Бұл әдістің көмегімен алдын алу шараларын жүргізу және дайын өнімнің ақауларын болдырмау мақсатында технологиялық процестің жүрісі кезіндегі қандай да бір сапа көрсеткіштері бойынша параметрлер ауытқуларының басталуын оперативті түрде бақылауға болады.
Шашыратпа диаграммасы.
Шашыратпа диаграммасы екі шама арасындағы байланыс ретінде тұрғызылады. Бұл график екі шама арасындағы байланыс болған жағдайда бір шаманың ауытқуын екінші шамаға әсер ету арқылы жоюға мүмкіндік береді. Мұнда оң және теріс өзара байланыстар болуы мүмкін немесе өзара байланыс болмауы да мүмкін.
Қабаттарға бөлу әдісі.
Бұл әдісті бұйымдар сипаттамаларының шашырау себептерін анықтау мақсатында қолданылады. Әдістің мәні - түрлі факторларға байланысты алынған сипаттамаларды қабаттарға бөлу (ажырату). Мұндай факторлар ретінде жұмыскерлер квалификациясы,бастапқы материалдар сапасы,жұмыс әдістері,құрал-жабдық сипаттамасы,т.б. болуы мүмкін. Бұйым сипаттамасына қандай да бір фактордың әсері анықталып, оның шашырауын болдырмауға қажетті шаралар қолданылады.
Графиктер.
Графиктер сандық шамаларадың өзара байланысын немесе олардың уақыт бойынша өзгерістерін графикалық түрде көрсету және қарапайым түрде түсіндіру үшін пайдаланады. Көбінесе түзу сызықтық,дөңгелек,бағаналық және таспалық графиктер қолданылады.
Аталған «жеті құрал» жиі туындайтын сапа мәселелерінің көбін шешуде таптырмас құрал болып саналады.
5.5 Сапаның бағалануын бақылау
Сапаның бағалауын бақылауы өнім сапасын технико-экономикалық басқару мәселелерін шешу үшін қолданылады.
Сапаны технико-экономикалық басқарудың алғашқы кезеңі өндірістің фактылы жағдайын және қажетті сапасы бар өнімдерді шығару мүмкіндігін анықтау мақсатында жасалатын өнімнің сапалық деңгейінің қалыптасуына әсерін тигізетін өндіріс факторлары мен жағдайына баға беруді қарастырады.
Өндіріс жағдайы қолданылатын техника, технология деңгейімен, өндірістің, еңбек пен басқарудың ұйымдастырылуымен, пайдаланылатын шикізат, материалдар, жартылый фабрикаттармен анықталады. Өндірістің сапалық деңгейі оны құраушы элементтердің сапалық деңгейімен бағаланады. Өндірістік процестің жекелеген элементтерінің сапасын анықтау өнімнің және өндірістің спецификасын бейнелейтін жергілікті экономикалық-математикалық модельдерді шешу негізінде жүзеге асырылады.
Шикізат, материалдар, дайын жинақтаушы бұйымдар сапасын бағалау. Жасалатын өнімнің сапасы пайдаланылатын материалдық ресурстардың сапалық деңгейіне тікелей байланысты болады. Материалдық ресурстардың жасалатын өнім сапасына қойылатын талаптарға сәйкестігі жобалау сатысында ескеріледі және жобалық құжаттамада регламенттеледі. Бұл сатыда жасалатын өнімнің қажетті сапалық деңгейін қамтамасыз ету критерийі бойынша шикізат пен материалдардың біршама прогрессивті түрлерін талдау мәселелері шешіледі. Өндіру сатысында пайдаланылатын шикізат, материалдар, сатып алынатын бұйымдар сапасының негізгі параметрлерінің жобалау сатысындағы техникалық құжаттамада бекітілген параметрлерге сәйкестік дәрежесі анықталады. Материалдық ресурстардың сапасын бағалаудың тәртібі мен әдістері кіру бақылауында белгіленеді және сәйкес кәсіпорын стандарттарымен регламенттеледі. Мұндай бағалау мен бақылаудың негізгі мақсаты- келіп түсетін материалдық ресурстар сапасына қадағалау жүргізу, материалдық ресурстар сапасының динамикасын талдау.
Пайдаланылатын материалдық ресурстардың сапасын сипаттайтын кеңінен тараған көрсеткіштердің бірі болып пайдаланылатын шикізат пен материалдардың жалпы мөлшеріндегі жарамдыларының үлес салмағы табылады. Материалдардың бірдей атауы үшін мұндай көрсеткіш келесі формуламен өренктелуі тиіс:
Дмі=(1-Сі/Сі.о)*100, (1)
мұндағы Дмі- белгілі бір уақыт аралығында материалдық ресурстардың і-ші түрі бойынша жарамдылық деңгейі.
Дайын сатып алынатын бұйымдар үшін ақаулы бұйымдар саны кіру бақылауында және өнімді өндіру процесінде анықталған ақаулы бұйымдар қосындысына тең. Пайдаланылатын материалдық ресурстардың сапалық деңгейін бағалау үшін салыстырмалы көрсеткіш қолданылады:
См=Дм,ф/Дм,б , (2)
мұндағы Дм,ф және Дм,б- Дм көрсеткішінің сәйкесінше фактылы және базалық мәні.
Базалық көрсеткіштер мемлекеттік, салалық стандарттарда, техникалық шарттарда бекітілген материалдық ресурстардың і-ші түрінің ақаулы бірліктерінің рұқсат етілген пайызын анықтайды. Нақты бір кәсіпорын үшін мұндай шамалар кәсіпорын стандарттарымен регламенттеледі.¤ндірістің ірі сериялы және жаппай типті кәсіпорындары үшін әдетте кіру бақылауының статистикалық әдістері қолданылады. Бұл жағдайда іріктеме көлемі (n), бақыланатын партия көлемі (N), сапаның жарамсыздық деңгейі (qm) анықталады. Іріктеменің салыстырмалы көлемінің мәні (λ) келесі формуламен есептеледі:
λ=n/N , (3)
Партиядағы ақаулы бұйымдар бағасы мына формуламен беріледі:
Х=d/ λ, (4)
мұндағы d- іріктемеде анықталған ақаулы бұйымдар саны.
Сапаның орташа деңгейі qˉ келесідей анықталады:
ˉ
,
(5)
Орындаушылар еңбегінің сапасын бағалау. Еңбек сапасын бағалаудың кеңінен тараған әдістерінің бірі өнімді алғашқы реттен тапсыру деңгейі көрсеткішіне негізделген
А=(1-в/Р)*100, (6)
мұндағы в- ТББ-нің өнімді қайтару фактілерінің саны;
Р- ТББ-не өнімді алғаш тапсыру фактілерінің саны.
Орындаушы еңбегі сапасының қол жеткен деңгейінің бағасы фактылы қол жеткен шамасының (Аф) базалық шамаға (жоспарлы)(Аб) қатынасымен анықталады:
Асал=Аф/Аб, (7)
Бұл көрсеткіш жұмысшылар еңбегін бағалу үшін біршама ыңғайлы. Асал шамасы моральды және материалдық ынталандырудың негізгі қызметін атқарады.
Көптеген кәсіпорындарда еңбек сапасының көрсеткіші қолданылады:
Кт=К0-
,
(8)
мұндағы Кт- еңбек сапасының коэффициенті;
К0 – еңбек сапасының нормасы ретінде қабылданған
коэффициент (жеке жағдайда К0=1);
bi- і-ші көрсеткіш бойынша төмендеу коэффициенті;
ri- і-ші көрсеткіш бойынша;
і=
-
еңбек сапасын сипаттайтын көрсеткіштер
саны.
Бұл көрсеткіш еңбек сапасының қол жеткен шамасының эталондық мәнге (1-ге) жақындау дәрежесін көрсетеді. Берілген көрсеткіштің ерекшелігі-оның көмегімен жұмыскерлердің барлық категорияларының еңбек сапасын бағалауға болады.
Өндірістің техникалық және технологиялық факторларының сапасын бағалау. Өндірістің техникалық және технологиялық факторлары ретінде әдетте өнімді жасау барысында қолданылатын техникалық құралдар мен технологиялық процестерді, технологиялық, көлік және бақылау жабдықтарын, технологиялық жарақтар, өлшеу құралдарын, технологиялық тәртіптің сақталуын түсінеді. Техникалық және технологиялық факторлардың сапалық деңгейі осы факторлардың сәйкестік дәрежесінің мүмкін немесе базалық мәніне қатынасын сипаттайтын бағалау мәселелерінің кешенін шешу жолымен анықталады. Сериялық өндіріс үшін қолданылатын құрал-жабдық жағдайын сандық бағалау альтернативтік белгісі бойынша статистикалық бақылау әдістерінің ережелерін пайдалану негізінде жүргізілуі мүмкін
Дт=к(1-n/N) (9)
мұндағы Дт – құрал-жабдықтардың жалпы санындағы ақаулы
бірліктерінің деңгейі;
к – кестелік коэффициент;
n – іріктеме көлемі;
N – цехта орналасқан құрал-жабдық саны.
Құрал-жабдықтың сапалық деңгейін салыстырмалы көрсеткіш анықтайды:
Qқж=Дт,б/Дт,ф (10)
мұндағы Дт,б және Дт,ф - Дт көрсеткішінің сәйкесінше фактылы және
базалық мәні.
Осыған ұқсас жолмен технологиялық жарақтар мен өлшеу құралдарының сапалық деңгейі анықталады.
Кәсіпорын бойынша техникалық құралдар сапасын бағалау келесі тәуелділікті пайдалану арқылы өткізілуі мүмкін:
I=
(11)
мұндағы Qқжі – і-ші цехтағы техникалық құралдардың салыстырмалы
сапалық деңгейі;
αі – і-ші цехтың техникалық құралдарының маңыздылық
коэффициенті;
і=
-
кәсіпорындағы цехтар
саны;
αі=Ni/
I
мына шартта Σαі=1.
Базалық көрсеткіштің және қабылдау сапалық деңгейінің шамалары жылына бір рет жоспарланады және кәсіпорын стандартымен регламенттеледі.
Технологиялық тәртіптің сапасын бағалау. Өндірістің процестерінің көптеген түрлері үшін технологиялық тәртіптің күйі дұрыс орындалмаған технологиялық операциялар санының (ан) тексерілген операциялардың жалпы санына (а0) пайыздық қатынасымен бағаланады:
Дт= ан/ а0*100 (12)
Технологиялық тәртіптің сапалық деңгейі тең:
Qт.т= Дт.т.б/ Дт.т.ф (13)
мұндағы Дт.т.б және Дт.т.ф - Дт.т көрсеткішінің сәйкесінше фактылы және
базалық мәні.
Техникалық құжаттаманың сапасын бағалау. Жоғары сапалы өнімнің шығарылуын қамтамасыз етуде бірқатар маңызды функцияларды өндірісті және өнім сапасын басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыздандыру атқарады.
Ақпараттық қамтамасыздандырудың сапасын бағалау басқарудың түрлі деңгейлерінде және бұйымның өмірлік циклының түрлі сатыларында шешілетін көпжақты мәселе ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұйымды әзірлеу кезеңінде әзірлеуші ұйымның шығу өнімі болып табылатын конструкторлық және технологиялық құжаттар жасалады. Осы кезеңде жобалық құжаттаманың, орындаушылар еңбегінің сапасы бағаланады. Көптеген жағдайларда құжаттама сапасын бағалау кешенді көрсеткішті есептеу негізінде жүргізіледі:
Кт.қ=1/(2-iKi) (14)
мұндағы Ki – техникалық құжаттаманың бірлік сапа көрсеткіші;
i – эксперттік жолмен немесе факторлы корреляциялық
талдау негізінде анықталатын құжаттама сапасының
маңыздылық коэффициенті;
і=1,r- бірлік сапа көрсеткіштерінің саны.
Техникалық құжаттаманы жасау мен пайдаланудың әрбір кезеңінде анықталған қателіктердің санын, олардың маңыздылығын,шығындарын және оларды жоюға қажетті қаржы мөлшерін бекіткен жөн. Осындай ақпараттың жиналуы техникалық және нормативті-ақпараттық құжаттаманы жасау барысында, олардың талаптарын орындауда қателіктердің кеңінен тараған түрлерін анықтауға, сапалық деңгейін талдауға, осындай бағалар негізінде өндірістік бөлімшелер жұмысының ғылыми-негізделген сапа коэффициенттерін, жекелеген орындаушылар еңбегінің сапа коэффициенттерін белгілеуге, соңғыларын моральды және материалдық ынталандыру түрлерімен байланыстыруға мүмкіндік береді.
Қателіктердің р-ші түрінің орташа саны жобалу кезеңінде былай анықталады:
х=хі.р (15)
мұндағы хі.р – і-ші жобадағы р-ші қателік түрінің саны;
і=1,r – жобалар саны.
Осыған ұқсас жолмен техникалық құжаттаманы дайындау және эксплуатациялауда ауытқулар саны анықталады.
Ақауларды есепке алу, өнім мен өндірістің ақаулық деңгейін анықтау. өндіру барысында өнімнің бір бөлігі техникалық құжаттамада белгіленген параметрлерден ауытқумен жасалады. Мұндай өнім ақаулы немесе жарамсыз деп танылады. Ақаулы өнімнің болуы өндірістің өндіруші емес шығындарының артуына әкеп соғады. Бұл кәсіпорын жұмысының барлық негізгі технико-экономикалық көрсеткіштеріне ықпалын тигізе отырып, еңбек өнімділігін, пайда мен рентабельділікті төмендетеді, өнімнің өзіндік құнын жоғарылатады.
Ақаулар негізгі екі түрге бөлінеді: түзетілетін және түзетілмейтін. Түзетілетін ақауларды қосымша жұмыстармен жою жарамсыз өнімді жарамдыға айналдыра алады. Түзетілмейтін ақаулар технологиялық және техникалық себептерге байланысты жойылуға келмейді, демек осындай ақаулардың болуы - бұл өндірістің тікелей шығындары. Өнімнің ақаулық деңгейі бірқатар объективті және субъективті факторларға байланысты болады. Объективті факторлар өнім мен өндірістің спецификасына, саладағы ғылыми-техникалық прогрестің деңгейіне тәуелді. Кейбір кезде өнімнің күрделі түрлерін өндіруде, сонымен қатар өндірістің жекелеген процестерінің басқаруға келмеуінен жарамсыздықты болдырмау мүмкін емес. Мұндай жағдайда ақау жоспарланады. Жарамсыздықтың алдын алу үшін оның туындау себептерін зерттеу мен қатаң есепке алу қажет.
Ақаулады есепке алу, себептерін талдау және өндірістен шығарып тастау кәсіпорын стандарттары мен өнімнің техникалық құжаттамасында белгіленген талаптарға сәйкес жасалады. Анықталған жарамсыздыққа - жарамсыздық туралы акт, ал түзетілетін ақауға түзетілетін ақауды қайтару жөніндегі накладная жазылады. ТББ қызметкерлері жарамсыздықты тудырған себептерді, оның сандық көрсеткіштерін талдайды. Экономикалық қызметтер шығындарды есептейді. Алынған нәтижелер өнімнің, өндірістік процестер мен еңбектің ақаулық деңгейін анықтау үшін қолданылады, өнім сапасын жоспарлау мен бағалауда, еңбек ұжымдарын және жекелеген орындаушыларды моральды және материалдық ынталандыруда ескеріледі.
Өнімнің ақаулық коэффициенті келесі формуламен анықталады:
А=1/nmiui (16)
мұндағы mi – іріктемедегі і-ші ақау түрінің саны;
ui – і-ші ақаудың маңыздылық коэффициенті;
і= - ақау түрлерінің саны.
Ақаулық индексі (Iа) әртекті өнімдердің салыстырмалы ақаулық коэффициентінің орташа мәнін сипаттайды:
Iа=uiQа.і (17)
мұндағы ui – і-ші индекстің маңыздылық коэффициенті;
Qа.і – салыстырмалы ақаулық коэффициенті;
j=1,s - өнім түрлерінің саны.
