- •Дипломдық жұмыс
- •5В073200 - Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы
- •Дипломдық жұмыс
- •5В073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы
- •5B073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы
- •Дипломдық жұмыс орындауға тапсырма
- •Кестесі
- •Қолтаңбалары
- •Мазмұны
- •Мазмұны
- •Андатпа
- •Аннотация
- •1 «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» қызметінің сапалық саясаты
- •1.1 «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» туралы мәлімет
- •1.2 «Каспийаймақтық сертификаттау орталығы» жшс-нің ұйымдастырушылық құрылымы
- •1.3 Қызмет көрсету саласының бағдарламасы
- •1.4 «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» қызметін аккредиттеу
- •2 «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» қызмет сапасын жетілдіру
- •2.1 Сапа менеджмент жүйесін енгізу
- •2.1.1 Смж ішкі аудитын ұйымдастыру
- •2.1.2 Смж ішкі құжаттарын басқару
- •2.2 Қызмет сапасының халықаралық деңгейі
- •2.3 Экологиялық менеджмент
- •3 «Каспийаймақтық сертификаттау орталығы» жшс-нің сынақ жүргізу орталығының сапа бойынша басшылығын талдау
- •3.1 Қолдану саласы
- •3.2 Басқаруға қойылатын талаптар
- •3.3 Техникалық талаптар
- •4 Нормативтік құжаттаманы құру
- •4.1 Cынақ жүргізу орталығы басшысының лауазымдық нұсқауы
- •4.2 Жобаны әзірлеудің нормативтік базасы
- •4.3 Нұсқаулық жобаның құрылымын қалыптастыру
- •5 Өнімдер сапасына бақылауды ұйымдастыру
- •5.1 Өнімдер сапасын бақылау қызметінің міндеттері мен функциялары
- •5.2 Өнімдер сапасын бағалау
- •5.3 Өнімдер сапасын өлшеу құралдарының метрологиялық аттестациясы
- •5.4 Статистикалық бақылау әдістерін қолдану
- •5.5 Сапаның бағалануын бақылау
- •6 Аккредиттеуді жүргізу мақсаттары мен принциптері
- •6.1 Аккредиттеуге дайындау және жүргізу тәртібі
- •6.2 Аккредиттеу аттестатының әрекеттерін тоқтату және уақытша тоқтату
- •6.3 Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру тәртібі
- •6.3.1 Тексерісті жүргізу тәртібі
- •6.3.2 Тексеріс нәтижесін рәсімдеу тәртібі
- •7 Техникалық-экономикалық негіздемесі
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •Ішкі аудитті өткізудің бағдарламасының пішіні
- •Г Қосымшасы Ішкі аудиттің қорытындысы бойынша келісу пішіні.
- •Аудит қорытындысы бойынша
- •1. Сапа жүйесін тексеру және бағалау комиссиямен жүргізілді
- •2. Комиссияның құрамы:
- •3. Тексеру мен бағалауды өткізуге негіздеме
- •5. Тексерудің нәтижелерінің қысқаша мазмұны,сәйкессіздіктерді көрсетумен
- •Г Қосымшасы
- •7. Аудит бойынша топ басшысының ұсыныстары:
- •Д Қосымшасы Сапа менеджмент жүйесінің халықаралық сертификаты
3.3 Техникалық талаптар
Сынақ жүргізу зертханасында өткізілетін сынақтар сенімділігі мен дұрыстығы келесі факторлардан анықталады:
- адамдық фактор (қызметкерлер);
- қоршаған орта шарттары;
- сынақ жүргізу әдістері және әдістер жарамдылығының бағалануы;
- сынақ жүргізу жабдығы;
- өлшеулердің қадағалануы;
- үлгілерді іріктеуі;
- сынақ үлгілерін ұстай білу.
Қызметкерлер
СЖО-ның сапа бойынша басшылығы сынақ жүргізетін мамандарға кепілдеме береді.
Үш жылда бір рет СЖО мамандары нормативтік құжаттарды, СМЖ құжаттарын және ҚР МТРЖ-нің нормативтік құқықтық құжаттарын білуіне аттестаттаудан өтеді.
Өз қызметінің саласы бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыруы техникалық реттеу және метрология саласындағы арнайыланған курстар мен біліктілікті арттыру курстары арқылы жүргізіледі.
СЖО қызметкерлері жүргізетін сынақтар сапасы арнайы білімімен және сынақ жүргізудегі ұзақ жұмыс тәжірибесімен қамтамасыз етіледі.
Қоршаған орта шарттары. СЖО ғимаратындағы қоршаған ортаның қажетті шарттары: желдету, жылыту және жарықтандыру жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Осы жүйелердің барлығы жобаларға сәйкес орындалған.
Сынақ жүргізу орталығында қоршаған орта шарттары санитарлы нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес бақыланады. Бақылауға ылғалдылық, температура, шу және діріл мөлшері алынады.
Сынақ әдістері және әдістер жарамдылығының бағалануы. СЖО өз қызметінде қызмет саласына сәйкес келетін әдістер мен процедураларды пайдаланады. Олар үлгілерді іріктеуін, оларды ұстау тәртібін, сынаққа жататын бұйымдардың тасымалдануын, сақталуын және дайындалуын қамтиды.
СЖО үлгілерді, іріктеу әдістерін қоса өтінім беруші талаптарына және сынаққа жарамды сынақ әдістерін пайдаланады. Барлық сынақ әдістері мемлекетаралық, мемлекеттік стандарттарда көрсетілген, стандартталған әдістемелермен берілген.
СЖО-да стандартталмаған әдістерді пайдаланбайды.
Таңдалған сынақ әдістерінің жарамдылығы мен дұрыстығы сәйкестікті растау органының өкілі жүргізген сынақтар мен инспекциялық бақылау хаттамаларымен дәлелденеді.
Жабдық. СЖО-да сынақ жүргізу кезінде қолданылатын ӨҚ мен сынақ жабдықтары қажетті дәлдікті қамтамасыз етеді және сынақтарға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес келеді.
СЖО-да жабдықты қайта жүктеу кезінде пайдалану немесе дұрыс пайдаланбауға рұқсат етілмейді. Жабдықты дұрыс пайдаланбауды болдырмау мақсатында қызметкерлер жұмысқа тек оқытылу және аттестаттаудан кейін ғана жіберіледі.
ӨҚ мен сынақ жабдықтарын салыстырып тексеруді АҚ «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» өткізеді. Аттестаттаудан немесе салыстырып тексеруден өтпеген ӨҚ мен сынақ жабдықтары пайдалануға жіберілмейді. Салыстырып тексеруге жауапты етіп сынақ орталығының инженерін тағайындайды.Өлшеулердің қадағалануы. Сынақтар кезінде қолданылатын барлық ӨҚ мен СЖ, сонымен қатар қоршаған ортаны бақылау құралдары, қолданысқа берілер алдында, сонымен қатар қолдану үрдісінде салыстырып тексеру жиілігін ескере отырып салыстырып тексеріледі
Сынақтар жүргізу кезінде СЖО қоршаған ортаны бақылау жүргізеді. СЖО-да бастапқы эталондар мен стандартты үлгілер қолданылмайды.
