- •1 «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
- •1.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті
- •1.1.1 Уәкілетті органның құзыреті
- •1.1.2 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті
- •1.2 Заңды және жеке тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері
- •1.3 Аварияларды, инциденттерді жоюға әзірлікті қамтамасыз ету
- •1.4 Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Өнеркәсіп қауіпсіздігі мониторингін жүргізу бойынша
- •2.1 Қауіпті өндірістік факторлар
- •2.2 Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу
- •2.3 Өндірістік объектілер қауіптілігінің мониторингі
- •2.4 Өнеркәсіп қауіпсіздігін бақылаудың жанама әдістерін жүргізуге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингі
- •2.5 Қауіптіліктің жалпы деңгейінің көрсеткіштерінің бағасы
- •2.5.5 Негізгі қордың тозу коэффициенті төмендегі формула бойынша анықталады:
- •2.5.7 Қауіпті өндірістік объектінің авариялық коэффициенті төмендегі формула бойынша анықталады:
- •Бақылау сұрақтары
- •3 Химия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы
- •3.1 Жылыту, желдету, су кұбырлары және ағын су жүйелері
- •3.2 Электротехникалық бөлім
- •3.3 Технологиялық бөлім
- •3.4 Газ қауіпті жұмыстар
- •3.5 Өндірістердегі ерекше талаптар
- •3.6 Қорғаныстың жеке құралдары
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы «10» қарашадағы № 455 бұйрығымен бекітілген)
- •4.1 Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы тәртібі
- •4.2 Ашық иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастыру
- •4.4 Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу
- •4.5 Иондайтын сәулелену көздерін пайдаланудан шығару
- •4.6 Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары
- •4.7 Иондайтын сәулелену көздерін автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдау Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдайтын автокөлік құралдары келесі талаптарға сәйкес болады:
- •4.8 Қауіпті өндірістік объектілердегі аварияны таратуға қойылатын дайындықты қамтамасыз ету
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Электродты қазандар мен электр қазандықтарын қауіпсіз пайдалану мен құрылғысына қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
- •5.1 Қазандар қабырғасында саңылаудың орналасуы
- •5.2 Қазандардың құбырөткізгіштері
- •5.3 Болат құбырлар
- •5.4 Дайындау, монтаждау мен жөндеу
- •5.5 Арматура, аспаптар мен қоректендіру құрылғылары
- •5.6 Сақтандырғыш құрылғылар
- •5.7 Манометрлер
- •5.8 Температураны өлшеуге арналған аспаптар және басқару, бақылау
- •5.9 Бекіту және реттегіш арматура мен қосымша құбыр өткізгіштер
- •5.10 Қоректендіру және айналымды сорғылар
- •5.11 Электр бөлікті қорғау және сынау, электр қауіпсіздік
- •5.12 Қазандар мен қазандықтарды қорғау құрылғысы
- •5.13 Электр қазандарға арналған үй-жай
- •5.14 Жарықтандыру
- •5.15 Қазандар мен қосымша жабдықтарды орналастыру
- •5.16 Алаңдар мен сатылар
- •5.17 Қазандардың сулы-химиялық режимі
- •5.18 Бақылау, құрамы, қызмет көрсету
- •5.19 Бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматты қорғанысты, арматураны және сынау сорғыларын тексеру
- •5.20 Қазанды авариялық тоқтату
- •5.21 Жөндеуді ұйымдастыру
- •5.22 Техникалық куәландыру
- •5.23 Қайтадан жөнделген қазандарды пайдалануға рұқсат
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер
5.22 Техникалық куәландыру
Әрбір қазан жұмысқа жіберілгенге дейін, пайдалану процесінде кезең сайын техникалық куәландырылуға және қажеттілігі болған жағдайларда – кезектен тыс куәландырылуға тартылады.
Қазанды техникалық куәландыру сыртқы және ішкі қараудан, гидравликалық сынаудан және электр бөлігін сынаудан тұрады.
Сырттай және іштей қараулар:
- алғашқы куәландырылу кезінде – қазан осы Талапқа сәйкес дайындалғаны, орнатылғаны және жабдықталғандығы және құжаттарды тіркеу кезінде қазан мен оның элементтерінің ақауы жоқтығы туралы құжаттарымен ұсынылғандығын тексеріледі;
- кезеңді және кезектен тыс куәландыру кезінде қазан ақаулығын және оның одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін белгілеу мақсатында жүргізіледі.
Гидравликалық сынау элементтердің беріктілігі мен қосылыстардың тығыздығын тексеру үшін жүргізіледі.
Қазанның электр бөлігін сынау электр оқшаулау жағдайын тексеру үшін жүргізіледі және осы Талаптың 7-тарауының 5-параграфында көрсетілгенге сәйкес орындалады.
Куәландыруды қазан иесі жүргізеді. Жылумен оқшауланатын қазандарды тіркелуге дейін куәландырылуға рұқсат беріледі.
Қарау уақытында бөлшектер мен жинақтау бірліктерінің өзара орналасуына рұқсаттың сақталуы, шеттерінің қиысуына және түйісетін құбыр өткізгіштер остерінің майысуына, дәнекерлеу қосылыстарының құрылымдық элементтеріне, қазан элементтерінде зауыттық таңбалаудың болуы мен оның паспорттық деректерге сәйкестігі, тасымалдау кезінде бөлшектер мен жинақтау бірліктерінде зақымдалудың болмауы тексеріледі.
Дайындаушыда ішкі қарау мен гидравликалық сыналуға тартылған және орнату орнына жинақталған түрде жеткізілген, уәкілетті органдарда тіркелмеген қазандарды орнату орнында олардың ақаусыз жағдайы мен қауіпсіз пайдаланылуына жауапты тұлға алғашқы техникалық куәландыруға тартады.
Іштей және сырттай қарауға қолжетімсіз қазан элементтерінің техникалық жағдайын тексеру дайындаушының бақылау көлемі, әдістері мен кезеңділігі көрсетілетін монтаждау мен пайдалану бойынша нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.
Кезеңді және уақытынан бұрын куәландыру қазандар мен олардың элементтерінің ақаусыздығын және оларды одан әрі пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін жүргізіледі.
Уәкілетті органда тіркелген пайдаланудағы қазандарды кезеңді техникалық куәландыруды олардың ақаусыз жағдайы мен қауіпсіз пайдаланылуына жауапты тұлға жүргізеді.
Техникалық куәландыру мынадай мерзімдерде жүргізіледі:
- сыртқы және ішкі қараулар – 4 жылда бір реттен кем емес;
- гидравликалық сынау – 8 жылда бір реттен кем емес.
Қазандарды гидравликалық сынау сыртқы және ішкі қараулардың қанағаттандырарлық нәтижелері кезінде ғана жүргізіледі.
Ұйым әкімшілігі өздігінен:
- қазандарға сырттай және іштей қарау – ішкі бетті әрбір тазалағаннан немесе элементтерді жөндегеннен кейін, бірақ 12 айдан жиі емес;
- ішкі қарау – тікелей қазанды куәландыру алдында;
- жұмыс қысымымен гидравликалық сынау – корпустың ішкі бетін әрбір тазалаған немесе оны ашқан сайын, егер жөндеу сипаты мен көлемі кезектен тыс куәландыруды қажет етпесе;
- қазаның электр бөлігін сынау – осы Талаптың 7-тарауының 5-параграфының көрсеткіштеріне сәйкес жүргізіледі.
Ұйым әкімшілігі қазанды жұмыстан паспортта көрсетілген мерзімнен кешіктірмей шығарады, оны техникалық куәландырылуға дайындайды, электр бөлігіне сынау жүргізеді.
Кәсіпорынға қазанды белгіленген мерзімде куәландыру үшін мамандандырылған ұйымның өкілінің келуі мен жіберілуі мүмкін болмаған жағдайда қазан иесі кәсіпорнының әкімшілігі өзінің жауаптылығымен өзі жүргізе алады. Куәландыру үшін ұйым басшысының бұйрығымен құзыретті мамандардан комиссия тағайындалады. Қазанның жүргізілген куәландырылуының нәтижесі және келесі мерзімі қазан паспортына жазылады және комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Қазан мен оның элементтерін іштей және сырттай қарау кезінде болуы мүмкін сызаттарды, тесіктерді, шығыңқыларды және қабырғалардың ішкі және сыртқы беттеріндегі тоттануды, булау іздерін және дәнекерлеу қосылыстарында өтулерді анықтауға назар аударылады.
Гидравликалық сынау кезінде сынама қысым үлкендігі осы Талаптың 144-тармағына сәйкес анықталады.
Гидравликалық сынау осы Талаптың 5-тарауы 5-параграфы талаптарын сақтаумен жүргізіледі. Қазанды оған орнатылған арматурамен сынайды.
Қазанды кезектен тыс куәландыру:
- қазан 12 айдан артық пайдаланылмаған болса;
- қазан жөнделген және жаңа орында орнатылған болса;
- қазан корпусы табағының тым болмаса бөлігі ауыстырылған немесе оның, жекелеген жалғастықтарды, құбырларды және тұншықтырғыштарды қоспағанда, элементтерінің дәнекерленуі жүгізілген болса;
- қазан корпусының шығыңқылары мен майысулары жүргізілген болса;
- қазан корпусы немесе жекелеген коллекторлар ауыстырылған болса;
- мемлекеттік инспектор немесе қазанның ақаусыздығы мен қауіпсіз пайдаланылуына жауапты тұлға талаптары жүргізіледі.
Егер қазанды куәландыру кезінде оның элементтерінің беріктілігін төмендететін ақаулар табылған болса (қабырғаның жұқаруы, тоттану және сол секілділер), ақаулы элементтерді ауыстырғанға дейін қазанды бұдан әрі төмендетілген өлшемдермен (қысым мен температура) пайдалануға рұқсат беріледі. Қазанды төмендетілген параметрлер кезінде пайдалану мүмкіндігі ұйым әкімшілігі ұсынған беріктілікке есеппен расталады.
Егер қазанды куәландыру кезінде себебін анықтау қиындық туғызатын ақаулар табылған болса, куәландыруды жүргізген тұлға әкімшіліктен ақаулардың пайда болу себебі, қазанды бұдан әрі пайдалану мүмкіндігі мен шарттары туралы аттестатталған ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізуді сұрайды.
Егер қазанды техникалық куәландыру кезінде оның беріктілігіне күмән туғызатын ақаулар табылған болса, мұндай қазанның жұмысы оны одан әрі пайдалану мүмкіндігі мен шарттары туралы аттестатталған ұйымның сараптамалық қорытындысын алғанға дейін тоқтатылады.
Егер қазанның куәландырылуы кезінде металл мен оның корпусының немесе басқа элементтердің механикалық сынауы жүргізілсе және көміртекті болатты сынау нәтижесінде мынадай көрсеткіштердің біреуінің болуы анықталған болса: 320 МПа (32 кгс/мм2) төмен уақытша қарсыласу, қалдық деформация кезінде ағымдылықтың шартты қатынасы 0,2 %, уақытша қарсыласуға 0,75 артық, қатысты ұзартылу 14 % төмен және үшкір кесумен үлгілерде соққылы жабысқақтық 25 Дж/см2 (2,5 кгс/см/см2) кем болмаса мұндай элементті пайдалануға рұқсат берілмейді. Легірленген болаттар үшін аталған сипаттамалардың рұқсат берілетін мәндерін әр нақты жағдайда дайындаушы немесе аттестатталған ұйымның сараптамалық қорытындысы бекітеді.
Егер қазандарды куәландыру кезінде беттік сызаттар немесе тығыз еместіктер (ағу, булану іздері, тұздардың наростыры) анықталған болса, оларды балқыту жолымен түзету алдында ақаулы қосылыстардың тоттануы жоқтығына зерттеу жүргізеді. Тоттануға ұшыраған бөліктер алынып тасталады.
Қазандарды куәландыру кезінде анықталған ақаулар талдамасы кезінде ақаулардың туындауы қазанды пайдалану режимімен байланысты болса немесе бұл осы құрылымдағы қазандарға тән болса, куәландыруды жүргізген тұлға ұйымда орнатылған, бір режимде пайдаланылатын немесе осы құрылымдағы барлық қазандарға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлінісін бұл туралы хабардар етіп, кезектен тыс куәландыру жүргізуді талап етеді.
Техникалық куәландыру нәтижелері, сонымен қатар электр бөліктерінің сынауларын қазан паспортына куәландыруды жүргізген тұлға жұмыстың рұқсат берілген өлшемдерін және келесі куәландыру мерзімін көрсетумен жазады.
Кезектен тыс куәландыру жүргізген кезде мұндай куәландырудың қажеттілігін туғызған себепті көрсетеді.
Егер куәландыру кезінде қосымша сынаулар мен зерттеулер жүргізілген болса, қазан паспортына үлгілерді немесе сынауға тартылған бөліктерді алу орнын, қосымша сынау жүргізу қажеттілігін туғызған себепті көрсетумен, бұл зерттеулер мен сынаулардың түрлері мен нәтижелері жазылады.
