Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1701_aringazin_k.sh_nerkasiptik_khauipsizdik_negizderi_mir_tirshiliginin_khauipsizdigi_jane_khorshagan_ortani_khorgau_mamandi...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.59 Кб
Скачать

5.19 Бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматты қорғанысты, арматураны және сынау сорғыларын тексеру

Манометрлер, сақтандырғыш клапандар, су көрсеткіш аспаптар мен қоректендіргіш сорғылар әрекетінің ақаусыздығын тексеру мынадай мерзімдерде жүргізіледі:

- жұмыс қысымы1,4 МПа (14 кгс/см2) дейін қазандар үшін – ауысымына кемінде бір рет;

- жұмыс қысымы1,4 МПа (14 кгс/см2) артық 4,0 МПа (40 кгс/см2) қоса алғанда қазандар үшін – тәулігіне кемінде бір рет.

Манометрдің ақаусыздығын тексеру манометр нұсқарын нөлге қою жолымен жүргізіледі.

Кемінде 6 айда бір рет жұмыс манометрлерін тексерілетін манометрмен бірдей шәкілі мен нақтылық сыныбы бар бақылау немесе жұмыс манометрімен тексеру жүргізіледі және нәтижелері бақылау тексеруі журналына жазылады.

Кемінде 12 айда бір рет манометрлер тексеріледі және оларға таңба немесе пломбы салынады.

Су көрсеткіш аспаптар оларды үрлеу жолымен тексеріледі. Деңгейді қашықтан (төмендетілген) көрсеткіштердің ақаусыздығы олардың көрсеткіштерін тікелей әрекеттегі деңгей көрсеткіші көрсеткіштерімен салыстырумен тексеріледі.

Сақтандырғыш клапандардың ақаусыздығы мәжбүрлі қысқа мерзімді «қопарылумен» тексеріледі.

Резервті қоректендіру сорғыларының ақаусыздығы оларды қысқа мерзімге жұмысқа қосып көру жолымен тексеріледі.

Дабылдама мен автоматты қорғаныс ақаусыздығы кестеге және ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен техникалық регламентке сәйкес тексеріледі.

5.20 Қазанды авариялық тоқтату

Қазанды қорғаныс аппартурасы немесе персонал технологиялық регламентпен көзделген және мынадай жағдайларда тоқтатады және ажыратады:

- сақтандырғыш клапанның ақаулығы табылғанда;

- қазан корпусында қысымның рұқсат берілгеннен 10 % артуы және оның өсуінің жалғасуында;

- бу қазанында су деңгейінің рұқсат берілмейтін жоғарылауы немесе төмендеуінде;

- су көрсеткіш аспаптардың қатардан шыққанында;

- су қыздыру қазаны арқылы өтетін су шығының су шығынын бақылайтын аспаптар қатардан шыққан кезде барынша аз рұқсат берілгеннен төмен тоқтауы немесе төмендеуінде;

- қазанда бөтен шудың, соққының, дірілдің пайда болуында;

- барлық қоректік немесе айналымдық (желілік) сорғылардың әрекеттерінің тоқтауында;

- сызаттардың, дәнекерлеу тігістерінде, қазанның негізгі элементтерінде, бу өткізгіштерде, қоректік құбыр өткізгіштер мен бу су арматурасында өтулердің табылуында;

- персоналға, жабдыққа, қазанды қорғау схемасына кіретін арматураны ажырататын қашықтан басқару шынжырына қатер төндіретін өртте;

- қашықтан және автоматты басқару құрылғыларында және барлық бақылау-өлшеу аспаптарында кернеудің жоғалуында.

Қазанның авариялық тоқтау тәртібі технологиялық регламентте көрсетіледі. Қазанның мұндай тоқтау себебі ауысым журналында жазылады.

5.21 Жөндеуді ұйымдастыру

Ұйым әкімшілігі қазанды бекітілген жөндеудің жоспарлы-ескерту кестесі бойынша уақытылы жөндеуді қамтамасыз етеді. Жөндеу технологиялық регламент бойынша орындалады.

Әр қазанға қазандардың ақаусыз жағдайы мен қауіпсіз әрекетіне жауапты тұлғаның қолымен жүргізілген жөндеу жұмыстары, пайдаланылған материалдар, дәнекерлеу мен дәнекерлеушілер туралы, қазандарды тазалауға немесе жууға тоқтату туралы мәліметтер енгізілетін жөндеу журналы жүргізіледі. Жөндеу журналында қазанды тазалауға дейінгі қарау нәтижелері (қайнау қабаты қалыңдығын көрсетумен) және жөндеу кезінде анықталған барлық ақаулар көрсетіледі.

Қазандар мен құбыр өткізгіштерді қазандық шегінде жөндеу наряд-рұқсат бойынша жүргізіледі.

Құбыр өткізгіштерді ажыратумен (тартпаны, құбыр бөлігін және басқаларды алмастыру) байланысты жұмыстарды орындау құбыр өткізгіштердің ажыратылатын бөліктерін сенімді электр қосумен электр дәнекерлеу көмегімен жүргізіледі. Үзілу орнының байпасты қоршауы табылған кезде мұндай қосылыс талап етілмейді.

Оқшауланған корпусты кернеуі 1 кВ дейінгі қазан сырты (қоршауы) құлыпқа жабылады. Кілт кезекші электрмонтерде немесе басқа бөлінген тұлғада болады. Сыртын (қоршауын) ашуға тек қазанның электр қорегі көзінен ажыратылған кезінде рұқсат беріледі.

Қазандарды уақытынан бұрын куәландыру туғызатын жөндеу жұмыстары туралы мәлімет жөндеу журналына жазылады және қазан паспортына енгізіледі.

Басқа жұмыс істеп тұрған қазандармен құбыр өткізгіштер (бу өткізгіш, қоректік, дренажды, іске қосу желілері және сол секілділер) арқылы жалғасқан қазан ішінде жұмыстарды жүргізуді бастағанға дейін, қысым астында жұмыс істейтін элементтерді қарау мен жөндеу алдында, адамдардың бумен немесе сумен күю қауіптілігі болған кезде қазан барлық құбыр өткізгіштерден тұншықтырғышпен бөлінеді немесе ажыратылады; ажыратылған құбыр өткізгіштер тұншықтырғыштармен бөлінеді. Қазандарды екі бекіту органымен олардың арасында шартты өтуі 32 мм кем емес, атмосферамен тікелей қосылысы бар дренажды құрылғы болған кезде ажыратуға рұқсат беріледі. Бұл жағдайда тартпаның, ашық дренаждардың шұраларының жетектері құлыпқа олар құлыпқа жабық кезде тығыздығы босау мүмкіндігі болмайтындай жабылады. Құлыптардың кілттері егер кәсіпорында оларды сақтаудың басқа тәртібі көзделмеген болса, қазанды қауіпсіз пайдалануға жауапты тұлғада сақталады.

Қазанды ажырату үшін пайдаланылатын тұншықтырғыш қалыңдығы беріктілікке есеппен белгіленеді. Тұншықтырғыштың оның болуын анықтайтын шығыңқы (құйрығы) бөлігі болады. Төсемдерді ернемектер мен тұншықтырғыштар арасына орнату кезінде төсемдер құйрықсыз пайдаланылады.

Қазанда жөндеу жұмыстарын жүргізу кернеуді алғаннан (желіден ажыратқаннан) және жұмыс ортасы ауасын түсіргеннен кейін рұқсат беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]