Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1701_aringazin_k.sh_nerkasiptik_khauipsizdik_negizderi_mir_tirshiliginin_khauipsizdigi_jane_khorshagan_ortani_khorgau_mamandi...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.59 Кб
Скачать

5.4 Дайындау, монтаждау мен жөндеу

Қазандар мен олардың элементтерін дайындау (дайындай түсу), монтаждау мен жөндеуді жұмысты сапалы орындау үшін қажетті техникалық құралдары және қазандарды дайындауға, монтаждауға және жөндеуге лицензиясы бар ұйымдар орындайды.

Қазандар мен олардың элементтерін дайындау, монтаждау мен жөндеу жұмыс басталарға дейін өңделген технология бойынша орындалады.

Дайындау (дайындай түсу), монтаждау мен жөндеу кезінде сапаны (ену, операциялық және қабылдау бақылауы) бақылау жүйесі жүзеге асырылады, жұмыстардың осы Талапқа және НТҚ сәйкес орындалуы қамтамасыз етіледі.

5.5 Арматура, аспаптар мен қоректендіру құрылғылары

Жұмысты басқару, қауіпсіз шарттар мен пайдаланудың есепті режимін қамтамасыз ету үшін электр қазандар:

- қысымның артуынан сақтандыратын құрылғылармен (сақтандырғыш құрылғылармен);

- су деңгейін көрсеткішпен;

- қысымды өлшеуге арналған аспаптармен;

- температураны өлшеуге арналған аспаптармен;

- бекіткіш, беткіткіш-реттегіш арматурамен және қосымша құбыр өткізгіштермен;

- қауіпсіздік аспаптарымен, қорғаныс және басқару құрылғыларымен, электр өлшегіш аспаптармен;

- қоректендіргіш және циркуляциялық сорғылармен жарақталады.

Қазан және электр қазандық жобасында режимді, өлшемді бақылауды, қазанды ажыратуды, сенімді пайдалануды, қауіпсіз қызмет көрсетуді, жөндеуді қамтамасыз ету үшін қажетті арматура, өлшеу құралдары, автоматика мен қорғаныстың саны көзделеді.

Жобаланатын қазандар мен электр қазандардың автоматтандыру деңгейі оларды қызмет көрсетуші персоналдың тұрақты қадағалауынсыз пайдалануына мүмкіндік береді.

Автоматтандыру, дабылдама мен қорғаныс қалыпты жұмыс режимін, қазан мен жабдықтың бұзылуын туғызуы мүмкін жұмыс режимі бұзылған кезде қазанның авариялық тоқтауын енгізуді қамтамасыз етеді.

5.6 Сақтандырғыш құрылғылар

Ішкі көлемі бекіткіш органдармен шектелген қазанның әрбір элементі оларда қысымның рұқсат берілгеннен жоғары артуын жұмыс ортасын атмосфераға шығару жолымен немесе пайдалану жүйесімен автоматты болдырмайтын сақтандырғыш құрылғылармен қорғалады.

Сақтандырғыш құрылғылар ретінде пайдалануға рұқсат беріледі:

- тікелей әрекеттегі иінтіректі-жүктік сақтандырғыш клапандар;

- тікелей әрекеттегі серіппелі сақтандырғыш клапандар;

- бұзатын мембраналы сақтандырғыш құрылғылар (мембраналы сақтандырғыш құрылғылар – МСҚ);

- басқа да қорғаныс құралдары.

Иінтіректі-жүктік және серіппелі сақтандырғыш клапандардың шартты өту диаметрі 20 мм кем емес.

Екі клапанды орнатқан кезде олардың шартты өтуін бу өндірілімдігі 0,2 т/с дейін және қысымы 0,8 МПа (8 кгс/см2) дейін қазандар үшін 15 мм дейін азайтуға рұқсат беріледі.

Сақтандырғыш клапандар саны мен олардың өткізілімділік қабілеті 24570 МЕМСТ немесе 12.2.085 МЕМСТ сәйкес есеп негізінде анықталады.

Сақтандырғыш клапанды дайындаушы паспортпен және пайдалану бойынша нұсқаулықпен бірге жеткізеді.

Паспортта басқа да мәліметтермен қоса клапан шығынының коэффициенті, коэффициент жататын аудан көрсетіледі.

Әрбір сақтандырғыш мембрананың іске қосылу қысымын және пайдаланудың рұқсат берілетін жұмыс температурасын көрсетумен зауыттық таңбасы болады.

Паспорт бір тұтынушыға жолданған, бір түрдегі барлық мембранаға беріледі.

Қазандардағы сақтандырғыш клапандарды реттеу әдістері мен олардың ашыла басталу қысымын дайындаушы қазанды монтаждау мен пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетеді.

Сақтандырғыш клапандар қазандарды оларда қысымның есептіден (рұқсат берілгеннен) 10 % артық асуынан қорғайды.

Сақтандырғыш клапандардың есептіден 10 % артық толық ашылу кезінде қысымның артуына егер бұл қазан беріктілігі есебінде көзделген жағдайда ғана рұқсат беріледі.

Сақтандырғыш құрылғылар тікелей қазанға қосылған келтеқұбырларда немесе құбыр өткізгіштерде орнатылады.

Жалпы су бұру құбыр өткізгішіне жұмыс істейтін, қазаннан шығарында бекіту құрылғысы бар су жылыту қазандары үшін сақтандырғыш клапан орнына әр қазанға кері клапанмен бекіту құрылғысының қоршауы көзделеді. Бұл ретте жалпы бұру құбыр өткізгішінде бекіту құрылғысына дейін диаметрі есеппен анықталатын, бірақ әрқайсысы 50 мм кем емес, кемінде екі сақтандырғыш құрылғы орнатылады.

Қоршаулар мен кері клапандар диаметрлері есеп бойынша анықталады және қуаттылығы 250 кВТ дейінгі қазандар үшін 40 мм және қуаттылығы үлкен қазандар үшін – 50 мм кем болмайды.

Бір келтеқұбырда (құбыр өткізгіште) бірнеше сақтандырғыш клапанды орнату кезінде келтеқұбырдың (құбыр өткізгіштің) көлденең қиысу алаңы онда орнатылған клапанда қиысуының қосынды алыңының 1,25 кем болмайды.

Сақтандырғыш құрылғыны қорғалатын элементпен қосатын келтеқұбырдан немесе құбыр өткізгіштен ортаны іріктеп алуға рұқсат берілмейді.

Арматураны қазан корпусы мен сақтандырғыш клапан арасына орнатуға жол берілмейді.

Сақтандырғыш клапандар қызмет көрсетуге қолжетімді және қауіпсіз орындарда орналастырылады.

Жүктік немесе серіппелі клапандар құрылымы қазан жұмысы уақытында клапанның ақаусыздығын оны мәжбүрлі ашу жолымен тексеруге арналған құрылғыны көздейді.

Серіппелі клапандар құрылымы серіппенің орнатылған үлкендік үстінен тартылу мүмкіндігін болдырмайды, серіппенің рұқсат берілмейтін қыздырылудан және серіппе материалына зияны әсерін тигізетін тікелей ортаға әсерінен сақталуын көздейді.

Мембраналы сақтандырғыш құрылғылар:

- иінтіректі-жүктік және серіппелі сақтандырғыш клапандар олардың инерттілігі немесе басқа себептерге байланысты пайдалану мүмкін болмаған жағдайда бұл клапандар орнына;

- қысымды түсіру жүйесінің өткізу қабілетін үлкейту үшін сақтандырғыш клапандармен параллель орнатылады. Мембраналық сақтандырғыш құрылғылар мен олардың құрылымының қажеттілігі мен орнату орны жобамен анықталады.

Сақтандырғыш құрылғылардың персоналды клапандардың іске қосылған кезінде күюден сақтайтын бұру құбыр өткізгіштері болады. Бұл құбыр өткізгіштер қатудан қорғалады және конденсаттың жиналуы мүмкін орындарда оны алып тастау үшін дренажды құрылғылармен жабдықталады.

Дренаждарды бекіту құрылғыларын орнатуға жол берілмейді.

Су жылыту қазанының сақтандырғыш клапандардан су бұру құбыры суды еркін құю желісіне қосылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]