Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1701_aringazin_k.sh_nerkasiptik_khauipsizdik_negizderi_mir_tirshiliginin_khauipsizdigi_jane_khorshagan_ortani_khorgau_mamandi...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.59 Кб
Скачать

4.7 Иондайтын сәулелену көздерін автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдау Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдайтын автокөлік құралдары келесі талаптарға сәйкес болады:

  • дайындаушының құрылымдық-техникалық сипаттамасына;

  • тіркеу құжаттарының деректеріне;

  • иондайтын сәулелену көздерін қауіпсіз тасымалдау шарттарына;

  • автокөлік құралдарына қойылатын санитарлы-гигиеналық критерийлерге;

  • жол қозғалыс ережелеріне;

  • еңбек режимі және жүргізушілер демалысын тіркеудің бақылаушы құрылғыларымен жабдықталған (тахографтармен) болады;

  • тану белгілерімен жабдықталады;

  • Қазақстан Республикасы аумағында радиоактивті материалдарды тасымалдауға жіберілетін автокөлік құралдарының рұқсаты болады;

  • ақаусыз аспаппен және жабдықпен;

- жүргізушінің және ілесуші персоналдың жеке қорғаныс құралымен жиынтықталған болады.

Иондайтын сәулелену көздерін автокөлікпен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер қауіпті жүктерді тасымалдау талаптарына сәйкес болады.

Иондайтын сәулелену көздерін автокөлікпен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізуші иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау бойынша сапар басталарға дейін рейсалды нұсқаулықтан өтеді және өзімен бірге келесі ілеспе құжаттары болады:

- жүргізушінің Қазақстан Республикасы аумағында радиоактивті материалдарды тасымалдауға рұқсаты туралы куәлігі;

- иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау маршрутының бланкісі;

- жүргізушіге нұсқаулық;

- көлік жапсырмасы;

- жүк жөнелтуші өңдеген авариялық жағдайдағы әрекет жоспары;

- тасымалдаушының, жүк жөнелтушінің, жүк алушының, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуді бақылау, жол қозғалысы қауіпсіздігін, қозғалыс маршруты бойынша орналасқан төтенше жағдайлардың алдын алу мен тарату бойынша уәкілетті органдар мекен-жайы мен телефондары.

Иондайтын сәулелену көздері бар ораулар, көлік пакеттері немесе жүк контейнерлері тасымалданатын темір жол және автомобиль көлік құралдарының әр қайсысында радиациялық қауіптілік белгісі болады:

- темір жол көлік құралы үшін екі сыртқы бүйір қабырғалары.

- автомобиль көлік құралы үшін екі сыртқы бүйір қабырғалары және сыртқы артқы қабырғасында.

Егер көлік құралының бүйір жағы болмаса, белгілерді тікелей жүкті әкеле жатқан модульге олар жеңіл ажыратылатын, резервуарларға немесе үлкен өлшемді жүк контейнерлеріне пайдалануға жарамды, оларда сәйкес белгілер жеткілікті болған жағдайда рұқсат беріледі. Егер көлік құралының конфигурациясы үлкен өлшемді белгілерді салуға мүмкін болмаса, радиациялық қауіптіліктің стандартты белгісін 100 мм дейін азайтуға рұқсат беріледі.

Көлік құралында бармен қатысы жоқ кез келген белгі алып тасталады.

4.8 Қауіпті өндірістік объектілердегі аварияны таратуға қойылатын дайындықты қамтамасыз ету

Иондайтын сәулелену көздерін пайдалану кезінде, аварияны тарату жоспарын өңдейді:

- радиациялық авариялардың алдын алу, олардың салдарын жайылтпау мен тарату бойынша жұмыстарға кәсіби авариялық-құтқару қызметін тартады;

- қауіпті өндірістік объектілерде жұмыскерлерді радиациялық авария, оқиға жағдайындағы әрекеттер мен қорғаныс әдістеріне үйретеді;

- радиациялық авариялардың салдарын жайылтпау мен тарату үшін материалдық және қаржылық ресурстар қоры болады;

- радиациялық жараланулардың алдын алудың медициналық құралдары және радиациялық авария кезінде зардап шегушілерге медициналық көмек көрсету құралдары болады.

Аварияны тарату жоспарының келесі бөлімдері болады:

- авария кезінде болжанатын радиациялық жағдайдың ықтимал себептерін, түрлерін және аварияның даму сценарийлерін есепке алумен радиациялық объектіде болуы мүмкін аварияның болжамы;

- қорғаныс шараларын жүргізу туралы шешімдер қабылдауға арналған критерийлер;

- аварияны және оның салдарын тарату кезінде өзара әрекет жүзеге асырылатын ұйымдар тізбесі;

- авариялық радиациялық бақылауды ұйымдастыру;

- радиациялық авария өлшемі мен сипатын бағалау;

- авариялық жоспарды әрекетке енгізу тәртібі;

- хабарлау және ақпараттандыру тәртібі;

- авария кезінде персонал тәртібі;

- авариялық жұмыстар жүргізу кезінде лауазымды тұлғалар қабылдайтын әрекеттер;

- авариялық жұмыстар жүргізу кезінде персоналды қорғау шаралары;

- өртке қарсы шаралар;

- тұрғындар мен қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар;

- зардап шегушілерге медициналық көмек көрсету;

- радиоактивті ластану ошақтарын (телімдерін) жайылтпау мен тарату бойынша шаралар;

- персоналды авария жағдайындағы әрекетке дайындау мен жаттықтыру.

Өндірістік телімдерде, санитарлық өтулерде және радиациялық объектінің денсаулық пунктінде авария кезінде зардап шегушілерге алғашқы көмекке қажетті құралдар жиынтығы бар дәрі қорап, ал радиоактивті заттармен ашық түрде жұмыс жүргізілетін объектілерде ластанған тұлғаларды санитарлық өңдеуге арналған толтырылған қор болады.

Ұйымда персонал сигналы бойынша аварияны тарату жоспарына сәйкес әрекет ететін, туындаған авария туралы шұғыл хабарлау жүйесі қарастырылады.

Оқу жаттығулары, дабылдар уәкілетті органның аумақтық бөлініс және авариялық-құтқару қызметі өкілдерімен бірге жүргізіледі.

Оқу жаттығуларының, дабылдардың қорытындысы актімен ресімделеді.

Жүргізілген оқу жаттығуларының, дабылдардың нәтижесі бойынша актіде көрсетілген ескертулерді түзету бойынша бұйрықтар шығарылады.

Радиациялық авария фактісін анықтаудың барлық жағдайында ұйым әкімшілігі уәкілетті органның аумақтық бөлінісін тез арада ақпараттандырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]