Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1701_aringazin_k.sh_nerkasiptik_khauipsizdik_negizderi_mir_tirshiliginin_khauipsizdigi_jane_khorshagan_ortani_khorgau_mamandi...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.59 Кб
Скачать

3.1 Жылыту, желдету, су кұбырлары және ағын су жүйелері

Киім ауыстыратын және душ бөлмелеріндегі жылыту құбырларына ұйым қызметкерлерінің денелері күйіп қалмауы қарастырылады.

Жылытылмайтын өндірістік нысандарда (уату-майдалау бөлімінде, колчедан қоймаларында, фосфат шикізаты және басқа да) жұмысшыларды қыс мезгілдерінде жылытуға арналған қондырғы орналастырылады.

Зиянды газдардың және шаңдардың шығуы мүмкін жерлер жабулармен (қаптамалармен) және оларды атмосфераға шығарып тастаудың алдында санитарлық нормаларға сәйкес зиянды газдардың алдын ала тазалау жүйесімен жабдықталады.

Желдету жүйелерінің тиімділігін аспаптық тексеруден өткізу, оларды күрделі жөндеуден немесе қайта жабдықтаудан өткізгеннен кейін жылына бір рет жүргізіледі.

Ауаның шаңдылығына және газдылығына сараптамалар ұйымның техникалық бастығы бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.

Желдету, ауа кіретін және ауа сорылатын тесіктердің ысырмаларын жабу, желдеткіштерді тоқтату және қосу, бұл қондырғыларға қатысы жоқ қызметкерлерге рұқсат етілмейді.

Жұмыскерлердің киімдерінің тұтануы немесе химиялық күйіктер алуы мүмкін (пештерден жалын атқылауы, қышқылдармен және сілтілермен жұмыс кезінде және басқалар) өндірістік орындарда апаттық душтар мен жуғыштар немесе суы бар ванналар және жуғыштар орналастырылады. Апаттықтар душтар, ванналар және жуғыштар шаруашылық, ішу су кұбырына қосылады, ашық орындарда, апатты жерден ара қашықтықтары 25 м алыс емес жерге орналастырылады. Апаттық душтарды калий, натрий және сумен қосылғанда жарылатын басқа да химиялық заттар қолданылатын өндіріс орындарында орналастыруға жол берілмейді.

Душтар мен жуғыштардан алыс орналасқан қышқылдар жүретін құбырларды жөндеу жұмыстары кезінде, жөндейтін жұмыскерлер өздерімен бірге жұмыс кезінде күйдіріп алған жерлеріндегі қышқылды залалсыздандыру және жуып тастау үшін бір шелек таза су мен ас содасын алып жүреді.

Өндіріс суларының желі крандарында, бұл суды шаруашылыққа және ішу мақсатында пайдалануға тыйым салатын тақтайша іліп қойылады.

Жарылыс қаупі бар және улы сұйықтықтарды жалпы зауыттық ағын су құбырына төгуге рұқсат етілмейді. Бұл сұйықтықтар шекті мүмкін концентрацияларға дейін зиянсыз етіп өңдеуге немесе регенерациялауға ұшырайды.

Апат болған жағдайда жарылыс қаупі бар және улы сұйықтықтарды қопаруға және залалсыздандыруға арналған құрылғылар қарастырылады.

Ұйым өндірістік және тұрмыстық ағынды суларды тазалау тиімділігін жүйелі қадағалаумен қамтамасыз етіледі.

Жалпы зауыттық ағын су құбырларын қадағалау және тазалау жұмыстары, ұйымның техникалық бастығы бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.

Әрбір өндірістік цехтың ағын суларының сапасын бақылау күн сайын жүргізіледі.

Жарылыс қауіпті және зиянды булардың ағын су құбырларынан өндірістік орындарға таралуын болдырмау үшін технологиялық аппараттардың ағын су құбырымен қосылатын жерлеріне гидравликалық бекіткіш орналастырады.

3.2 Электротехникалық бөлім

Қызметкерлердің тұрақты жұмыс істейтін өндіріс бөлімшелері учаскелері жұмыс кезіндегі және апаттық жарықтандырумен қамтамасыз етіледі.

Электрлік пісіру жұмыстарына арналған негізгі өндірістік орындарда электрлік пісіру аппараттарын қосу қондырғысы бар электр жүйесі салынады.

Толассыз жүйедегі тасымалдау қондырғыларының электрлік қозғалтқыштары, жүйедегі бір қондырғының тоқтап қалуы кезінде кедергі үйінділердің пайда болуын және қондырғылардың тасымалданып жатқан материалдармен толып қалуын болдырмау үшін реттегіш тетікпен қамтамасыз етіледі.

Жобада қозғалтқыштарды іске қосқан кезде олардың қосылуынан одан 3-5 секунд алдын-ала қосылатын дыбыс және жарық арқылы сақтық белгісін беру құралдары және қозғалтқыштардың апаттық сөндіру мүмкіншілігі ескеріледі. Барлық ленталық конвейерлер олардың ұзындығына тәуелсіз, оның ұзындық бойының кез келген жерінен өшіріп тоқтату құрылғылармен жабдықталады.

Транспортерлерді және пневмотранспорттық құрылғыларды жүк тиеу арқылы іске қосу, олардың жағдайын тексергеннен кейін жүргізіледі. Бөтен заттардың болмауын, зырылдауықтарының және редукторларының майлануын, оларды жүксіз, бос іске қосып көру кезінде тексеріледі.

Тасымалданатын сусымалы (ұнтақ тәрізді) өнімдермен құрылғылардың басылып немесе бітеліп қалуын болдырмас үшін, транспортерлерге немесе пневмотранспорттарға апаттық тоқтату құрылғылары орнатылады.

Транспортерлердің, норийлардың, өздігінен ағатын және пневматикалық құбырлардың тасымалдануы кезінде қақпақтарының, бөліктерінің тығыз жабылуы, шаң шығатын орындарының жабық түрде сорғылармен тиімді қамтамасыз етілуі қадағаланады.

Химиялық жарылыс қауіпті өндірістердегі жалпылай жарықтандыру химиялық ортаға бейімді, тоттануға төзімді қалыптары бар шамдармен, ажыратқыштармен және штепсельдік қосқыштармен жүзеге асырылады.

Технологиялық жабдықтар мен сыйымдылық ыдыстары орнатылған барлық өндіріс орындары, бақылау және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарық беру үшін кернеуі 12 Вольттық, дербес шамдарға жалғанатын сымның ұзындығы 10 м аспайды, жылжымалы шамдарға қосылу үшін қосқыштардың қоректену желісі стационарлық трансформаторлардан алынады.

Трансформаторлар алғашқы және екінші қайтара кернеу беретін сым орамдармен жабдықталады. Бұл мақсатқа автотрансформаторларды қолдануға рұқсат етілмейді. Трансформаторлар алғашқы кернеу жағынан және екінші қайтара кернеу беру жағынан да қорғалады.

Электрлі қорғағыш сүзгілерді және кернеуді жоғарылатқыш – реттегіш аспаптарды пайдалану технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]