- •1 «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
- •1.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті
- •1.1.1 Уәкілетті органның құзыреті
- •1.1.2 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті
- •1.2 Заңды және жеке тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері
- •1.3 Аварияларды, инциденттерді жоюға әзірлікті қамтамасыз ету
- •1.4 Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Өнеркәсіп қауіпсіздігі мониторингін жүргізу бойынша
- •2.1 Қауіпті өндірістік факторлар
- •2.2 Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу
- •2.3 Өндірістік объектілер қауіптілігінің мониторингі
- •2.4 Өнеркәсіп қауіпсіздігін бақылаудың жанама әдістерін жүргізуге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингі
- •2.5 Қауіптіліктің жалпы деңгейінің көрсеткіштерінің бағасы
- •2.5.5 Негізгі қордың тозу коэффициенті төмендегі формула бойынша анықталады:
- •2.5.7 Қауіпті өндірістік объектінің авариялық коэффициенті төмендегі формула бойынша анықталады:
- •Бақылау сұрақтары
- •3 Химия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы
- •3.1 Жылыту, желдету, су кұбырлары және ағын су жүйелері
- •3.2 Электротехникалық бөлім
- •3.3 Технологиялық бөлім
- •3.4 Газ қауіпті жұмыстар
- •3.5 Өндірістердегі ерекше талаптар
- •3.6 Қорғаныстың жеке құралдары
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы «10» қарашадағы № 455 бұйрығымен бекітілген)
- •4.1 Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы тәртібі
- •4.2 Ашық иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастыру
- •4.4 Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу
- •4.5 Иондайтын сәулелену көздерін пайдаланудан шығару
- •4.6 Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары
- •4.7 Иондайтын сәулелену көздерін автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдау Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдайтын автокөлік құралдары келесі талаптарға сәйкес болады:
- •4.8 Қауіпті өндірістік объектілердегі аварияны таратуға қойылатын дайындықты қамтамасыз ету
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Электродты қазандар мен электр қазандықтарын қауіпсіз пайдалану мен құрылғысына қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
- •5.1 Қазандар қабырғасында саңылаудың орналасуы
- •5.2 Қазандардың құбырөткізгіштері
- •5.3 Болат құбырлар
- •5.4 Дайындау, монтаждау мен жөндеу
- •5.5 Арматура, аспаптар мен қоректендіру құрылғылары
- •5.6 Сақтандырғыш құрылғылар
- •5.7 Манометрлер
- •5.8 Температураны өлшеуге арналған аспаптар және басқару, бақылау
- •5.9 Бекіту және реттегіш арматура мен қосымша құбыр өткізгіштер
- •5.10 Қоректендіру және айналымды сорғылар
- •5.11 Электр бөлікті қорғау және сынау, электр қауіпсіздік
- •5.12 Қазандар мен қазандықтарды қорғау құрылғысы
- •5.13 Электр қазандарға арналған үй-жай
- •5.14 Жарықтандыру
- •5.15 Қазандар мен қосымша жабдықтарды орналастыру
- •5.16 Алаңдар мен сатылар
- •5.17 Қазандардың сулы-химиялық режимі
- •5.18 Бақылау, құрамы, қызмет көрсету
- •5.19 Бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматты қорғанысты, арматураны және сынау сорғыларын тексеру
- •5.20 Қазанды авариялық тоқтату
- •5.21 Жөндеуді ұйымдастыру
- •5.22 Техникалық куәландыру
- •5.23 Қайтадан жөнделген қазандарды пайдалануға рұқсат
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер
2.5.7 Қауіпті өндірістік объектінің авариялық коэффициенті төмендегі формула бойынша анықталады:
Ка = n7 / 10
мұнда n7 – ағымдағы жылы объектте болған авариялар саны;
10 – өндірістік объекті қауіптілігінің жалпы деңгейі есебі кезінде көрсеткішті келісу үшін тұрақты үлкендік болып табылатын түзету коэффиценті.
«Авария» түсінігі «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 314 Заңына сәйкес анықталады.
Аварияларды тіркеу мен есепке алу ұйымда төтенше жағдайлар тудыруға соқтырған авария себебін анықтау актілері негізінде жүргізіледі. аварияны есепке алу дұрыстығын ұйым басшысы қамтамасыз етеді.
Аварияларға жабдықтардың (көлік құралдарының, машиналар, механизмдер, агрегаттар мен олардың қатарының) толықтай немесе жартылай зақымдалуы, жарылыс, тұтану, шаң газ ауалық қоспалардың тұтануы, улы және басқа газдардың кенет бөлінуі, әр түрлі энергияның кенет босатылуы, өндірістік процесстің ұзақ мерзімге (әдеттегідей ауысымнан артық) бұзылуын туғызған немесе өндірістік қуаттылықты тоқтатуға, не жартылай жоғалтуға соқтырған өрттер, сондай-ақ сипаты мен болуы мүмкін салдары өндіріс, адам өмірі мен денсаулығына әлеуетті қатер туғызған жағдайларда ғимараттардың, құрылыстардың, тау-кен өндірулердің және с.с. бұзылуы жатады.
Ка қауіпті өндірістік объектінің авариялық коэффициентін анықтау кезінде ағымдағы жылы объектіде болған барлық авариялар ескеріледі.
Бақылау сұрақтары
1. Өнеркәсіп қауіпсіздігі мониторингін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар.
2. Қауіпті өндірістік факторлар.
3. Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу.
4. Өндірістік объектілер қауіптілігінің мониторингі.
5. Өнеркәсіп қауіпсіздігін бақылаудың жанама әдістерін жүргізуге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингі.
6. Қауіптіліктің жалпы деңгейінің көрсеткіштерінің бағасы.
3 Химия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы
Химия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы мына өндірістерде қолдануға арналған:
1) күкірт қышқылы өндірісінде (колчедан, күкірттер, күкірт газынан шығатындар, сулфид кені және күкірт сутегі күйігінен алынатындар) ;
2) фосфор тыңайтқыштары өндірісінде;
3) күрделі тыңайтқыштар (аммофос, нитроамофос, нитрофоски және тағы басқалар) ;
4) күшейтілген тыңайтқыштар (қос суперфосфат, қос фторенді фосфат және тағы басқа) ;
5) тукосместерде;
6) экстракциялы фосфор қышқылы;
7) бор қышқылы;
8) бор;
9) бор тыңайтқыштары;
10) фтор қосындылары.
Химия өндірісін жобалау, құрылыстарын жүргізу және қайта салу жұмыстары тиісті құрылыстық нормалар мен ережелер бойынша жүргізіледі. Жобалық және техникалық құжаттарға өзгерістер енгізу жұмыстары, жобалаушы ұйыммен келісе отырып, жобалау құжаттарына өндірістік қауіпсіздік бойынша сараптау қорытындысының оң шешімі бойынша жүргізіледі. Енгізілген шешімдер жалпы технологиялық жүйенің қауіпсіздігіне, жұмысына кері әсерін тигізбейді.
Өндірістің қосалқы ғимараттары мен бөлмелерін жобалау және пайдалану (тұрмыстық, қоғамдық тамақтану, денсаулық сақтау, мәдени қызмет көрсету және басқа да) тиісті құрылыстық нормалар мен ережелер бойынша жүргізіледі.
Әрбір өндіріс жобалық құжаттармен қамтамасыз етіледі.
Әрбір жұмыс істеп тұрған және жаңадан қосылған өндірістерге технологиялық регламент, өндірістік бақылау туралы ереже, апаттарды жою жоспары және қауіпсіздік декларациясы дайындалып бекітіледі.
Өртке қарсы жабдықтар қалыпты түрде және ыңғайлы жерде орналасады. Өртке қарсы жабдықтарды өрт сөндіруден басқа мақсаттарға қолдануға болмайды.
Әрбір технологиялық жүйеге оның технологиялық бөліктерінің жарылыс қауіптілігін барынша азайту шаралары қарастырылады:
- технологиялық жабдықтардың ішкі жарылыстары мен өрттерін болдырмау;
- технологиялық жабдықтарды қираудан сақтау және апаттық ашылу кезінде олардан жанғыш немесе улы заттардың шығуын барынша шектеу;
- өндірістік ғимараттар мен сыртқы қондырғылар көлемінде жарылыстар мен өрт шығу мүмкіншіліктерін болдырмау;
- өндірістік ғимараттар мен сыртқы қондырғылар көлемінде жарылыстар мен өрттерден кейінгі салдарын азайту.
Шылым шегуге рұқсат етілген жерлерге сәйкестендірілген плакаттар ілінеді.
Барлық жарылыс қауіпті, химиялық өндірістерде технологиялық процесс барысында бөгде санкциясыз килігулердің алдын алатын шаралар дайындалады.
Өндіріс бөлмелеріндегі агрессивті сұйықтықтар төгілуі мүмкін едендер мен алаңдар борт немесе пандустармен жабдықталып, тоттануға қарсы қабатпен қабатталады. Ылғалды өндіріс бөлімшелеріндегі едендер траптар немесе зумпфқа қарай еңкіш болады және ылғал төзімділігі берік болады.
Еденді тазалау кезінде төгілген агрессивті сұйықтықтар міндетті түрде залалсыздандырылады.
Еденді тазалау және төгілген қышқыл сұйықтықтарды залалсыздандыру әк ұнтағымен жүзеге асады (құрғақ жинау).
Жұмысшылардың тұрақты жұмыс орындарындағы жылу өткізгіш едендерге (тас, кірпіш, бетонды және басқа да) төсеніштер немесе тор шарбақтар төселеді.
Ылғал технологиялық процесті жұмыс орындарын басқару бекеті орналасқан бөлмелердің үстіне орналастыруға, мұндай жұмыс орындарының үстіне немесе астына, нольдік деңгейде орналасқандардан басқа, желдету жабдықтарын қондыруға рұқсат етілмейді.
Өндірістік процестерді басқару бекетін зиянды және жарылыс қаупі бар, булар, газдар және шаңдар бөлінуі мүмкін өндірістермен, дірілдеуі жоғары технологиялық жабдықтары бар өндірістермен бір жерде орналастырмайды.
