Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Народный Банк.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
655.51 Кб
Скачать

2.6. Банктің шетел валютасымен операциялары бойынша жұмысын ұйымдастыру

Коммерциялық банктердің сыртқы экономикалық кызметі тауарлар мен әрекеттерді экспорттау-импорттау, Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасында оларды өткізу, еліміздін ішінде бейрезидент тұлғалардың шаруашылықпен айналысудағы тауарлық емес сипаттағы мәміле кезінде теңге және шетел валю-тасында банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты.

Валютаны айырбастау операциялары ежелде «ауыстыру ісі ны-санында» ерте заманда және орта ғасырларда пайда болып, бірақ қазіргі түсініктегі валюталық нарық XIX ғасырда қалыптасты.

Шетел валютасында банктік операциялар жүргізуге лицензияларды Ұлттық банк шексіз мерзімге береді және атаулы болып табылады,яғни, үшінші тұлғаларға берілмейді. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ валюталық операциялардың лицензиясында көрсетілген жағдайда және келесілерге сәйкес жүргізуге құқы бар:

  • шетел валютасындағы қаражаттарды заңды және жеке тұлғалардың шотына және салымына орналастыруға және қабылдауға болады;

  • банктер мен ұйымдарға шетел валютасында несие және қарыздарды тарту және ұсыну;

  • заңды және жеке тұлғалардан шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сатуды жүргізу;

  • шетел мемлекеттерінің банктерімен корреспонденттік қатынастарды белгілеу;

  • өз клиенттеріне шетел валютасында кассалық қызмет көрсету;

  • халықаралық банктік тәжірибеге сәйкес басқа да операцияларды жүзеге асыру.

Валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқық берілген банктер уәкілетті деп аталады. Валюта нарығында банктің рөлін анықтайтын негізі фактор банктің көлемі оның репутациясы бөлімшелермен филиалдардың шетелдік желісінің даму деңгейі жасалатын халықаралық банктік есеп айырысудың көлемі болып табылады.

3 Негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің есебі

Негізгі құралдарға олардың құнына байланыссыз,бір жылдам астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар,құрылыстар,кеңселік заттар,есептегіш техникалар,компьютерлер,көлік құралдары жатады. Сонымен қатар олардың қатарына Орт-сақтандыру сигнализациясына жатады.

Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін.

Өндірістік емес бағытқа – жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады.

Өндірістік бағыты бойынша – жарғылық қызметті жүзеге асырумен және нәтижесінде пайда алумен байланысты құралдарды жатқызуға болады. Сонымен қатар өндірістік бағыттағы негізгі құралдарға банктің дәрежесін жоғарылатуға арналған заттар (картиналар, вазалар, сервиздер) жатады,себебі клиенттерді таратуда банк беделінің маңыздылығы сондай,банк қосымша пайда алуына ықпалын тигізеді. Алғашқы нақты түрін сақтай отырып,олар өздерінің құнын жұмыстарды орындауға немесе есептелген амортизация (тозу) сомасында көрсетілген қызметтерге аударады.

Келесі топтарға бөлінеді:

а) ғимарат және құрылыс;

ә) компьютерлер;

б) көлік құралдары;

в) құралдар және басқа да шаруашылық құрал-саймандар;

г) басқа да негізгі құралдар.

16 “Негізгі құралдар” Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес (ХҚЕС) негізгі құралдар объектісіне актив ретінде тану болады егер төмендегі шарттар орындалған жағдайда жүргізіледі.

- берілген активтен банк келешекте экономикалық пайда алады деген ықтималдық бар болса;

- активтің өзіндік құны операцияларды жүргізу кезінде сенімді түрде өлшенуі мүмкін.

Негізгі құралдардың есебі жинақталған амортизацияларды есептегеннен кейін әділ баға болып табылатын,не бастапқы құн,не қайта бағалану сомасы принциптері негізінде жүзеге асырылады. Енді осыдан,негізгі құралдарды бағалаудың төрт түрін көрсетуге болады:

  • бастапқы;

  • ағымдағы;

  • баланстық;

  • өтімділік.

Негізгі құралдардың бастапқы құны – бұл негізгі құралдарды сатып алуға, тұрғызуға, өңдеуге немесе жақсарту үшін негізгі құралдарды сатып алумен, жеткізумен немесе жақсартумен тікелей байланысты,арнайы пайдалану үшін қажетті жағдайда орнатуды қоса есептегендегі барлық шығындарды қамтитын төленген сомалар.

Сонымен қатар Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес (ХҚЕС) бойынша бастапқы құнға өтелмейтін салықтар,импорттық төлемдер де кіреді.

Ағымдық – анықталған күнге,нарықтағы сәйкес баға бойынша негізгі құралдардың құны.

Баланстық – активтердің есеп және есеп беруіне бейнелейтін жинақталған амортизация сомасын есептен шығарылғаннан кейінгі негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.

Жою құны – бұл негізгі құралдарды жою кезінде істен шығару бойынша күтілетін шығындарды алып тастағаннан кейін пайдалану мерзімі аяқталған уақытта туындайтын қосалқы бөлшектердің,металл сынықтарының қоқыстардың болжанатын құны.

Амортизацияларды есептеу үшін келесі әдістер қолданылуы мүмкін: құнды бірқалыпты есептен шығару,құнды орындалған жұмыс көлеміне сәйкес есептен шығару,,қалдықтың кему әдісі.

Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі. Осы әдіске сәйкес объектінің амортизацияланатын құны оны пайдалану мерзімі ішінде бір қалыпты есептен шығарылады. Бұл әдіс амортизация сомасының қызмет ету мерзімінің ұзақтығына тәуелді болуына негізделеді. Әрбір мерзімге амортизациялық аударымдар сомасы Амортизациялық құндарды пайдаланудың объектінің есепті кезеңдерінің санына бөлу жолымен есептеледі. Амортизация мөлшері тұрақты болып табылады.

Мысалы,банк бастапқы құны 100 мың теңге болатын ксерокс сатып алады, оның 5 жыл пайдаланғаннан кейінгі жою құны 10 мың теңге. Бұл жағдайда жылдық амортизация амортизациялық аударым құнына 18 пайызды немесе түзу сызықты есептен шығару әдісіне сәйкес 18 мың теңгені құрайды. Бұл есептеулер келесі жолмен жүргізіледі:

Бастапқы құн – жою құны / қызмет ету мерзімі =100 000– 10 000/5=18000

5 жыл ішінде амортизацияны аудару 11-кестеде көрсетілген.

11. Аударылған амортизациялар: құнды бір қалыпты есептен шығару әдісі

Мерзімі

Бастапқы құны

Амортизацияның жылдық сомасы

Жинақталған тозу

Қалдық құны

Сатып алған күні:

100

Жылдың соңында:

бірінші

100

8

18

82

екінші

100

8

36

64

үшінші

100

8

54

46

төртінші

100

8

72

28

бесінші

100

8

90

10

Кестеден үш жағдайды көруге болады:

  1. барлық 5 жыл ішінде амортизациялық аударымдар бірдей;

  2. жинақталған тозу бірдей өсуде;

  3. барлық жою құнына жеткенге дейін,қалдық құны бір қалыпты төмендейді.

Орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды амортизация есептеу әдісі. Бұл әдіс,амортизация-пайдаланудың нәтижесі болып табылады және оларды есептеу үрдісінде уақыт ешқандай роль атқармайды деген ұғымға негізделген.

Мысалға,ксерокс операциялардың анықталған көлемін жүзеге асыра алады делік,ал оның қуаттылығы 900 мың бет көшіруге есептелген. Бетке амортизациялық шығындар келесідей жолмен анықталады:

Бастапқы құны - жою құны / бір жұмыс бірлігінің болжанатын саны =100 000 -10 000 / 900 000 бет = 0,10 бет

Егер ксероксты бірінші жылы пайдалану кезінде – 200 мың бетті, екінші жылы – 300 мың, үшінші жылы – 100 мың бет шығаратын қуаттылығы болды десек,онда амортизациялық аударымдар 12-кестеде былай сипатталатын болады.

12. Амортизацияларды есептеу: Өндірістік әдіс

Мерзімі

Бастапқы құны

Мың бет

Амортизацияның жылдық сомасы

Жинақталған тозу

Қалдық құны

Сатып алған күні:

Жылдың соңында:

100

200

100

бірінші

100

200

20

20

80

екінші

100

300

30

50

50

үшінші

100

100

10

60

40

төртінші

100

200

20

80

20

бесінші

100

100

10

90

10

Қалдықты азайту әдісі сол сандар сомасы әдісінің принципіне негізделген. Осы әдіс кезінде кез келген тұрақты мөлшерлеме қолдануы мүмкін,көп жағдайда бір қалыпты есептен шығару әдісінде пайдаланып жүрген қалыппен салыстырғанда бәрінен бұрын екі еселенген амортизация мөлшерін пайдаланатын қалдықты азайту әдісі деп аталады.

Алдыңғы мысалда ксерокстің пайдалану мерзімі 5 жыл болды. Бірқалыпты есептен шығару әдісіне сәйкес әрбір жылға амортизация мөлшері 20 % (100 % / 5 жыл) құрайды. Есептен шығарудың екі еселенген мөлшерімен қалдықты азайту әдісі кезінде амортизация мөлшері 40 % (2 / 20%) тең болады. Бұл 40 % тұрақты мөлшерлеме әрбір жылдың аяғында қалдық құнына жатады. Амортизация есептеген кезде болжанатын жою құны соңғы жылдан басқа есепке алынбайды,соңғы жылғы амортизация сомасы заттың қалдық құнын жою құнына дейін азайтуға қажетті шамамен шектеледі.

13. Амортизация есептеу: Қалдықты азайту әдісі,мың теңге

Мерзімі

Бастапқы құны

Амортизацияның жылдық сомасы

Жинақталған тозу

Қалдық құны

Сатып алған күні:

100

100

Жылдың соңында:

бірінші

100

(40% * 100)=40

40

60

екінші

100

(40% * 60)=24

64

36

үшінші

100

(40% * 36)=14,4

78,4

21,6

төртінші

100

(40% * 21,6)=8,64

87,04

12,96

бесінші

100

(40% * 12696)=2,96

90

10

13-кестеден амортизацияның тұрақты мөлшері әрқашан бұрынғы жылдың қалдық құнына қолданып отырғанын көруге болады. Амортизация сомасы жылдан жылға азаяды соңғы жылдағы амортизация сомасы қалдық құнды жою құнына дейін азайтуға қажетті сомамен шектелген.

Негізгі құралдардың әртүрлілігіне байланысты әр түрлі әдістерді қолдануға рұқсат етіледі. Банк таңдап алған амортизация есептеу әдісі есеп саясатымен анықталуы керек және бір есепті кезеңнен екіншісіне кезекпен қолданылуы тиіс.

Амортизацияны аудару негізгі құралдардың әрбір тобы бойынша айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей ай сайын жүргізілуі тиіс.

Негізгі құралдардың бастапқы құнын анықталған күнгі қолданыста жүрген,бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілердің қайта бағалануы жүргізіледі, нәтижесінде есеп және есеп беруде негізгі құралдар ағымдағы құн бойынша көрсетіледі. Негізгі құралдарды қайта бағалау жылына кем дегенде бір рет жүргізілуі керек.

Активтерді пайдалану шамасына қарай қайта бағалау сомасы жыл ішінде немесе жылына бір рет қолданылатын есептеу әдісіне сәйкес анықталатын көлемде бөлінбеген табысқа аударылады. Қайта бағалаудың барлық сомасы активтердің шығуы кезінде ғана бөлінбеген табысқа аударылады.

Егер негізгі құралдар құны азайтылатын болса, онда бұл банктің қайта бағалау қоры есебінен жүргізіледі. Осы қордын каржылары жетіспеген жағдайда негізгі құралдардың құнын төмендету банктің шығындары есебінен жүргізіледі. Негізгі құралдарды қайта бағалау жүргізген күндегі тозудың жинақталған сомасы негізгі құралдардың құнының өзгерісіне проипорционалды түзетіледі.

Орындалған жұмыс нәтижесі бойынша банк бэк-офисі орталықтандырылған есеп кезінде әрбір түгендеу объектісі бойынша амортизацияларды есептеу немесе қайта бағалау бойынша жүргізілген операция туралы өкім көшірмесімен бірге дербес шоттардың үзінді көшірмесін банк бөлімшесінің бэк-офисіне жіберіледі.

Есеп беру айының соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей банк бөлімшесінің бэк-офисіне әрбір түгендеу объектісі бойынша айналым сомасын ажыратып, амортизацияларды есептеу немесе қайта бағалау бойынша жүргізілген операциялар туралы мемориалдық ордер көшірмесімен бірге дербес шоттар алу негізінде келесілер жүргізіледі:

  • баланстан тыс шоттарға сәйкес жазу;

  • түтендеу карточкасына тиісті сомаларды жазуы

  • негізгі құралдар есебі журналына сәйкес сомаларды түзету.

  • Жасалған жазулар туралы әрбір айдың 1-күніне салыстыру жүргізу үшін банк бэк-офисіне растау қағазы жіберіледі.

Материалдық есем активтер

Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің анықтамасы негізгі құралдардың анықтамасына сәйкес келеді, яғни жай қызметтер үрдісінде сатуға арналмаған және ұзақ мерзімге пайдалану мақсатымен сатып алынады. Егер оларды пайдаланудан болашақта табыс алынады деген ықтималдылық болса және егер оларды сенімді бағалауға болатын болса ғана олар танылады.

Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес (№38 ХҚЕС) материалдьщ емес активтер басқа тараптарға жалға өткізу немесе әкімшілік мақсаттар үшін өндірісте немесе тауарлар мен кызмет көрсетуде физикалық мәні жоқ сәйкестендірілетін акшалай емес активтер болып табылады. Және іскерлік пікірден айкьн ажыратылады. Көп жағдайда мұндай активтерге бақылау орнатылады және іскерлік беделден айқын ажыратылады.

Сонымен қатар материалдық емес активтер ретінде ішкі пікірді калыптаскан ішкі беделді, жарияланатын атауларды, клиенттердің тізімі және сәйкес сипаттың ұқсас баптарын қабылдаудың қажеті жок.

Патенттер, авторлық құқықтар, франшизалар, тауар таңбалары, ұйымдық және жедел шығындар айтарлықтай кең тараған материалдык емес активтер болып табылады.

Материалдық емес активтерді екі үлкен топқа бөлуге болады: айырбастауға жататын және жатпайтын.

Айырбастауға жататын материалдык емес активтер фирманың басқа активтерінен бөлек сәйкестендіріліп және бөлек сатылуы мүмкін.

Кейбір айырбастауға жататын және субъектінің қызметінде айтарлықтай жиі кездесетін материалдық емес активтер төменде көрсетілген.

Патент - бұл заңды тіркелген және танылған ерекше құқық.Патенттік құқық - сырттан басқа тұлғалар араласпаған кезде патент таратылатын үрдісті немесе қызметті, бұйымдарды пайдалануға,өндіруге, сатуға және бақылауғ а иесіне мүмкіндік береді.

Өндіріс дизайнын тіркеу өндірілетін бұйым түріне, үлгісіне немесе моделіне сәйкес келетін патентке ұқсайды. Өндіріс дизайынын тіркеу сыртқы нысанды ғана қорғаса патент қызмет көрсетуді қорғайды.

Авторльқ құқық - бұл әдеби, музыкальқ шығармалардың өнертапқыштар және тағы басқа авторлардың құқықтарын заңмен қорғау нысаны.

Тауар маркалары немесе тауар атаулары - бұл компанияларга, өнімдерге немесе қызметтерге берілген атаулар, символдар немесе басқа да анықталатын ұқсастықтар. Олар иемденуді көбейту үшін тіркелінуі мүмкін. Франшизалар нақты бағытты және нақты қызмеггі пайдалану құқығын иелену үшін шаруашылык субъектілерінің мемлекеттік меншікті пайдалану кұқығын иелену немесе коммуналдық қызмет көрсегу үшін үкімет органдарымен ұсынылады.

Жалға алынған меншіктің құнын жақсарту үшін мысалы, жалға алынған меншіктің модификациясы жалға алынған мүліктің шотынан дебетіне жатады. Жалға алынған мүлік жалгерге тиісті болмаса да, жал меншігін жақсарту материалдық емес активтер ретінде жіктелінеді. Жалға алынған меншікті жетілдіру жалға алынған мерзімнің қалғанына амортизациялануы немесе осы мерзімдердін қайсысы қысқарақ болуына байланысты жаксаруы керек. Сәйкестенбейтін активтер бөлек сатылуы мүмкін емес. Төменде сәйкестенбейтін активтердің кейбір мысалдары келтірілген. Материалдық емес активтердің кейбіреулерінің екі арнайы сипаттамасы бар: олар ұзақ мерзімді аванстық төлемдер болып табылады және басқа сатылатындай иелеушіге ешқандай құқық бермейді. Бұл материалдық емес активтер жеке идентификациялануы мүмкін,бірақ айырбастауға жатпайды.

Кейінге қалдырылған шығындар,яғни оларды бухгалтерлік есепте болашақта табыс әкелуі мүмкін қызметтерге кеткен шығындар деп атайды. Олар баланста алдын ала төленген ұзақ мерзімді шығындар ретінде көрсетіледі. Кейінге қалдырылған шығындар физикалық формасы жоқ ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.

Ұйымдастыру шығындары – бұл қызметті ұйымдастыру кезінде пайда болатын шығындар.

Материалдық емес активтерді бағалау кезінде бастапқы құн принципі қолданылады. Яғни материалдық емес активтер,активтерді сатып алумен байланысты барлық шығындарды қосатын сатып алу құны бойынша бағаланады. Сатып алу құны – бұл барлық төлемдер немесе олардың нақты анықталғанына байланысты, алынған активтердің ағымдағы нарықтық құны. Материалдық емес активтерді есепке алу кезінде өте маңызды сұраққа материалдық емес активтерді пайдалану мерзімін анықтау жатады. Қызмет ету мерзімін анықтағанда келесі факторлар ескерілуі қажет:

  • Қызмет ету мерзімін ең жоғары шектейтін заңды,реттеуші және келісілген ереже;

  • Болжалды қызмет мерзімін өзгертуі мүмкін жаңарту немесе ұзарту үшін шарттар;

  • Қызмет ету мерзімін азайтатын сұраныс және басқа да экономикалық факторлар;

  • Жұмыстардың орындалуының күтілген мерзімге сәйкес келетін қызмет мерзімі;

  • Материалдық емес активтің бар бәсеке қабілеттілігін шектейтін бәсекелестердің және басқа да субъектілердің күтілген әрекеті;

  • Материалдық емес активтердің жиынтығына кіретін басқа активтердің қызмет ету мерзімі.

Материалдық емес активтердің құны активтердің қызмет ету мерзімінде жүйелі түрде есептен шығарылуы керек. Материалдық емес активтердің амортизациясы оның пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде жүйелі түрде жүзеге асырылады. Амортизацияны пайдалану әдісі активтердің экономикалық тиімділігін банктерде пайдалану моделін сипаттау керек. Егер мұндай үлгі нақты анықталған болмаса,амортизацияны теңбе тең аудару әдісін пайдалану керек. Материалдық емес активтердің тиімді қызмет ету мерзімін мерзім сайын қайта қарастыру керек. Қандай жағдай болмасын,материалдық емес активтердің амортизациялық кезеңі,олардың сатып алған күннен бастап 40 жылдан аспауы керек. Халықаралық стандартқа сәйкес ХҚЕС 38 материалдық емес активті пайдалануда оның ағымдық,баланстық құны кәсіпорын үшін экономикалық тиімділігінен жоғарылап кетуі мүмкін.

Материалдық емес активтер бойынша амортизация есептелуін бейнелейтін шоттар корреспонденциялары

Дт

Кт

Операцияның мазмұны

1856

1001,1050,2010,2203

Сатып алынған материалдық емес активтерге төлем төленгенде

1659

1856,2856

Материалдық емес активтерді кірістіру

5788

1699

Материалдық емес актив бойынша амортизацияларды есептеу

1699

1659

Есептелген амортизация сомасына материалдық емес активтерді есептен шығару

5832

1659

Қалдық күн сомасына материалдық емес активтерді есептен шығару