Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Народный Банк.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
655.51 Кб
Скачать

2.4 Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің қызметі

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның конституциясына негізделген және Қ.Р. Азаматтық кодекснен, 2-шілде 2003 жылға «бағалы қағаздар нарығы туралы » Қ.Р. заңынан және басқа Қ.Р. нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.

Бағалы қағаздар бекітілген нысанда және міндетті деректемелерді сақтай отырып оны ұсынған кезде ғана жүзеге асуы мүмкін болатын мүліктік құқықты кәуландыратын құжат.Банктер «Бағалы қағаздар нарыгы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы негізінде өздері тартқан ақша қаражаттарын багалы қағаздарға инвестицияланған заңды тұлға - инвестициялық инвестор болып табылады. Банктер делдалдық операцияларды Қазақстан Республикасының бағалы қағаздары бойынша Үлттық комиссиядан рұқсат қағаз алған кезде «Банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес және ¥лттық банк келісімі бойынша жүзеге асырады.

Екінші деңгейдегі банктер бағалы қағаздар нарығында заңды рұқсат етілген келесідей қызмет түрлерін атқарады:

  • брокерлік және делдалдық қызмет;

  • инвестициялар мен қорларды басқару;

  • бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға есеп айырысу қызметін көрсету;

  • кастодиондық қызмет;

  • тізілімді жүргізу және депозитарийлік қызмет керсету;

  • кеңес берушілік қызмет және т.б.

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңга сәйкес брокерлік қызмет сыйақы келісімшарты негізінде клиент қызығушылығының тап-сырысы бойынша бағалы кағаздармен мәмілелерді жүргізеді.

Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтар сияқты техникалық циклдердің жоғары деңгейдегі толықтығы мен аяқталғандығы болатын күрделі ұйымдық және экономикалық жүйе болып табылады.

Банк тек бағалы қағаздар эмитентімен ғана емес, сонымен бірге оларды сатып алушы немесе сатушымен әріптестік қарым-қатынаста болады. Бұл кезде екі жақ келісімшарт жасасады.

Сонымен қатар коммерциялық банктер қарыз алушыдан бағалы кағаздарды берілген қысқа мерзімді несие бойынша кепіл ретінде кабылдауы мүмкін. Кепілзат құны атаулы құн бойынша емес нарықтық бағам бойынша багаланады. Бұл кепілзаттың қарастыры-латын түрінің айрықшалығымен түсіндіріледі: осы бағалы қағаздар-дың нарықтық бағамы түскен кезде бірден құнсыздануы мүмкін. Кепілзаттың өзіндік ерекшелігі қарыз алушының жауапкершілігі кепілзат құнымен жойылмай, оның барлық мүлкіне таратылатынды-ғымен тұжырымдалады. Тек осындай тәсілдеме кепілзат қабылдай отырып, несие беру кезінде банктің коммерциялық қызығушылығын корғайды.

Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен операцияларын кеңейтуге талпынуы, біріншіден, осы операциялардың жоғары табыстылығымен; екіншіден, тікелей банктік несиені тиімді пайдалану саласына қатысты қысқаруымен ынталандырылады. Нарықты интернационалдандыру нәтижесінде ұлттық коммерциялық банктер банктерге айтарлықтай пайда әкелетін шетел акциялары жэне облигациялармен байланысты өз операцияларынын көлемін кенейтеді.

Ұлттық банк келісімді қайтарып алу туралы жеті күн мерзім ішінде бағалы кағаздар бойынша Ұлттық комиссияға хабарлайды.

Ұлттық банк бағалы қағаздар нарығында кәсіптік қызметті жүзеге асыруға берілген келісімдерді тіркеп отырады.