Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Emdeu_isi_algoritm акушерия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
304 Кб
Скачать
  1. Өзіңізді таныстырыңыз және босанған әйелдің жағдайын бағалаңыз:

  • АҚ өлшеңіз;

  • пульсін санаңыз;

  • тыныс алуын санаңыз;

  • қан жоғалтуын бағалаңыз-көзбен шолу және өлшейтін саптыаяқпен өлшеңіз;

  • қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз;

  • қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

  1. АҚ 90/60 мм сынап бағанасынан және одан төмен, пульсі 1 минутына 90 соққыдан жоғары, тері жабындысының, шырышты қабықтардың бозғылттығы және демалудың жиілігі минутына 22-ден жоғары кезінде:

  • зәр қуығын катетермен босатыңыз;

  • алдыңғы іш қабырғасы арқылы жатырдың сыртқы массажына кірісіңіз, қол әрекетін жасаған уақытта, ол жарақатсыз болуы керек, өрескел қол әрекеті тек жатырдағы тромбының пайда болу үрдісін күшейтеді;

  • №14,16 шеткі көктамырларға катетерлеу жүргізіңіз;

  • босанған әйелден кетпей бүкіл бос персоналды және кезектегі бригаданы шақырыңыз (5минуттан артық емес);

  • міндеттерді бөліңіз;

  • бұлшық етке 2 мл (10бір) окситоцинді енгізіңіз;

  • қан жоғалту көлеміне 3:1 қатысты жылдамдығы 1000мл 15-20 минут ішінде сорғалатып екі көктамырға инфузиялық терапияны бастаңыз;

  • 1 минутына 60 тамшы 500 мл физиологиялық ерітіндіге қосып көктамыр ішіне 4 мл (20бір) окситоцинді енгізіңіз;

  • қанағу басталғаннан бастап бір сағат ішінде 2 литрден кем емес кристаллоидтық ерітіндіні құйыңыз.

  1. 5 Минут ішінде – қанағу көзін тауып көрсетіңіз:

  • бала жолдасының бүтіндігін тергеңіз (тін): кемістік кезінде-жатыр қуысын қолмен тексеріп және бала жолдасының кідірген бөліктерін алып тастаңыз;

  • босану жолдарын қарауды жүргізіңіз (жарақат)- босану жолдарының жыртылуы кезінде-тігу жүргізіңіз;

  • жатырдың ширақтылығын анықтаңыз (ширақтылық): гипотония кезінде-жатырдың сыртқы массажын, оның толық жиырылуына дейін жүргізіңіз;

  • әртүрлі коагулопатияларды алып тастаңыз (тромбалар-гемостаздың бұзылысы (бірінші кезекте, ШТІҚҰ-синдромның салдарынан);

  • қағанақ суларымен эмболияны алып тастаңыз;

  • бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз;

  • қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

Ескерту. Барлық қол әрекеті бір уақытта жүргізіледі.

Құжаттандыру:

1.Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111 бұйрығы.

3.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы.

28. Акушерлік стационар жағдайында ауыр преэклампсия кезінде дәрігерге дейінгі көмекті көрсету.

Мақсаты-емдік

Көрсетулері- ауыр преэклампсия.

Қарсы көрсетулері- жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары- эклампсияның ұстамасының дамуы және т.б.

Керекті-құралдар: –әйелдің нақпішіні (муляжы), сульфат магнийдің 25 шприц, 500 мл физиологиялық ерітінді, көктамырға құю үшін система, спирт, мақта, бұрау, тақтай төсек, АҚ өлшеу үшін тонометр, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]