Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Emdeu_isi_algoritm акушерия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
304 Кб
Скачать
  1. Босанған әйелді жалғыз қалдырмай бүкіл бос персоналды жұмылдырыңыз.

  2. Көмекке шақырыңыз: оперативтік техниканың толық көлемін игерген тәжірибелі акушер-гинекологты, анестезиолог-реаниматологты, зертханашыны.

  3. Қанжоғалтудың көлемін анықтаңыз.

  4. Организмнің өмірге керекті функцияларын бақылаңыз және жағдайын бағалаңыз:

  • екі қолдыңда АҚ өлшеңіз;

  • пульсін санаңыз;

  • дене қызуын өлшеңіз;

  • тыныс алу жиілігін санаңыз;

  1. Қарқынды терапияның картасын үздіксіз жүргізу үшін бір қызметкерді бөліңіз.

  2. Зәр қуығын катетерлеуді жүргізіңіз (зәр қуығы бос болуы қажет).

  3. Кристаллоидтардың инфузиясын бастау үшін 3:1 қатынаста қан жоғалту мен утеротониктердің көлемін есептей отырып, №№14-16 G екі шеткі көк тамырға катетерлеуді жүргізіңіз.

  4. Босанған әйелді жылытыңыз (көрпемен жабыңыз, дымқыл ақ жаймаларды құрғақ ақ жаймаларға ауыстырыңыз).

  5. Дымқылдау оттегіні беруді қамтамасыз етіңіз.

  6. Жалпы қан анализіне, коагулограммаға немесе қанның ұю уақытына және үйлесімділігіне қан алыңыз.

  7. Қанның тобын, Rh-факторын анықтаңыз.

  8. Себебін қойыңыз:

  • жатырды тексеріңіз (ширақтығы, тіні);

  • жыныс жолдарын қарауды жүргізіңіз (жарақаты).

  1. Жатырдың бимануалдық компрессиясын утеротониктерді енгізумен бірге жүргізіңіз.

  2. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

  3. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

  4. Қынапқа оң қолыңызбен кіріңіз және қолыңызды жұдырыққа қысыңыз.

  5. Жұдырықты алдыңғы күмбезге қойыңыз және онымен жатырдың алдыңғы қабырғасын басыңыз.

  6. Басқа сол қолыңызбен алдыңғы іш қабырғасы арқылы, қынапқа кірген қолдың бағыты бойынша жатырдың артқы қабырғасын басыңыз.

  7. Әзірше қанағу тоқтағанша және жатыр жиырылғанша басуды жалғастырыңыз.

  8. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.

  9. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

  10. Барлық мәліметтерді босану тарихына енгізіңіз.

Ескерту. Қан жоғалту көлемін анықтау әдістері:

  1. Көзбен шолу әдісі (30 қате).

  2. Гематокриттің деңгейінің бастапқысынан 10 аз төмендеуі.

  3. Грамметриялық әдіс-операциялық материалды өлшеу (15 қате).

  4. Өлшейтін ыдыспен өлшеу (саптыаяқ, бөлік салынған науа).

Құжаттандыру:

1.Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111 бұйрығы.

3.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы.

27. Босанғаннан кейінгі кеш кезеңде қан ағу кезінде күттірмейтін көмекті көрсету.

Мақсаты- емдік

Көрсетулері- босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қанағу.

Қарсы көрсетулері- жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары- өліммен аяқталу.

Керекті-құралдар: – кереует, жеке жаялық, босанғаннан кейінгі кең айналар, корнцангтер, зәр катетері, №14,16 шеткі көктамырларға салатын катетерлер, физиологиялық және кристаллоидтық ерітінділер, окцитоцин, мизопростол, шприцтер, АҚ өлшейтін тонометр, секундомер, стандартты сарысулар жиынтығы, қан топтарын анықтау үшін қолданылатын тәрелке, стерилді шариктер, пинцет, заттық әйнектер, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]