Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Emdeu_isi_algoritm акушерия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
304 Кб
Скачать

19. Вастен белгісін бағалау және анықтау.

Мақсаты - диагностикалық

Көрсетулері - тар жамбас.

Қарсы көрсетулері – жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары- жатырдың жыртылуы.

Керекті-құралдар: –кереует, жеке жаялық, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Вастен белгісі жатыр мойнының толық ашылуы, қағанақ суларының ағуы және нәресте басының кіші жамбастың кіру жазықтығына қысылуы кезінде бағаланады.

  2. Өзіңізді таныстырыңыз, босанатын әйелге осы зерттеудің жүргізу қажеттілігін түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.

  3. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

  4. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

  5. Босанатын әйелге арқасымен, аяқтарын бір –біріне жақындатып және созып, ішін ашып жатуын сұраңыз және астына таза жаялықты төсеңіз. Босанатын әйелдің бетіне қарап, оның оң жағына отырыңыз.

  6. Вастен белгісін анықтауға кірісіңіз.

  7. Оң қолдың алақанын қасаға буынынан жоғары маңдай алды (фронталды) жазықтыққа қойыңыз.

  8. Нәресте басының қасаға үсті салбырау дәрежесін анықтаңыз:

-егерде алақанның жазықтығы қасаға буынынан төменде жатса, Вастен белгісі «теріс» деп саналады;

-егерде алақанның жазықтығы бір деңгейде жатса, онда Вастен белгісі «теңбе- тең» деп саналады;

-егерде алақанның жазықтығы қасаға деңгейінен жоғары шығып тұрса, онда Вастен белгісі «оң» деп саналады.

9. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.

10. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

11. Табиғи жыныс жолдары арқылы босанудың болжамы туралы пікір айтыңыз.

12. Құжаттарға жазба қалдырыңыз.

Ескерту. Вастен белгісі оң болған кезде табиғи босану жолдары арқылы босану мүмкін емес.

Құжаттандыру:

1.Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111 бұйрығы.

3.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы.

20. Қыз баланың және әйелдің қынабының зақымдануы кезінде күттірмейтін көмекті көрсету.

Мақсаты- емдік.

Көрсетулері – қынаптың жарақаты.

Қарсы көрсетулері – жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары – қанағу.

Ресурстары – гинекологиялық орынтақ немесе кереует, стерилді үстелше, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, фурациллин ерітіндісі (1:6000), 3% сутектің асқын тотығының ерітіндісі, 3% хлорамин ерітіндісі, клеенка, 70% этил спирті, корнцанг, анатомиялық пинцет, хирургиялық пинцет, инеұстағыш, әртүрлі иінді инелер, тігістік материал (жібек жіп, кетгут) бір рет қолданатын шприцтер, 0,25% және 0,5% новокаин ерітіндісі, көктамырға құю үшін бір рет қолданатын система, берушінің (донордың) қаны және қаналмастырғылар, дәрі-дәрмек заттар, қан тобын анықтау үшін стандарттық сарысу жиынтығы, белгіленген тәрелке, АҚ өлшейтін аппарат, секундомер, мұз салған резеңке қапшық, дәретсауыт, стерилді шариктер, таңғыш материал, 1% йодонат ерітіндісі немесе 5% йодтың тұнбасы, сабын, орамал, Симпсон қынаптық айналар, тығындар, 10% хлорид кальцийдің ерітіндісі.

Іс – әрекет алгоритмі:

  1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге емшараның орындалу бағытын түсіндіріңіз, жұбатуға тырысыңыз және оның ризашылығын алыңыз.

  2. Оны кереуетке немесе орынтаққа жатқызыңыз, қажетті орналасуын жасаңыз.

  3. Қан аққан жерге мұз салған резеңке қапшықты қойыңыз.

  4. Тез дәрігерді және зертханашыны шақырыңыз.

  5. АҚ өлшеңіз және пульсін санаңыз.

  6. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

  7. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

  8. Астын фурациллин ерітіндісімен жуыңыз, құрғатыңыз.

  9. Жараны сутектің асқын тотығының ерітіндісімен жуыңыз.

  10. Сарпайды және сандардың ішкі беткейін йодонатпен немесе йод тұнбасымен тазалаңыз.

  11. Бөксе (құйрық) астына жаялықты төсеңіз.

  12. Дәрігер келгенше жараға фурациллинге малынған сүлгіні жабыңыз.

  13. Ауыртпау және жараны тігу үшін барлық керекті заттармен стерилді үстелшені жасаңыз.

  14. Көп қан кеткен жағдайда стерилді Симпсон айнасын енгізіңіз және стерилді тығынмен қынапты тығындаңыз, оны корнцанг көмегімен ақырын-ақырын қынапқа енгізе отырып, ал сосын осы корнцангпен ұстай отырып, Симпсон айнасын көтергішімен шығарыңыз.

  15. Қан тобын анықтаңыз.

  16. Қан құюға системаны дайындаңыз.

  17. Ішіне мұз салған резеңке қапшықты қойыңыз.

  18. Көктамырға 10 мл 10% хлорид кальцийдің ерітіндісін енгізіңіз.

  19. Дәрігерге көмектесіңіз және оның барлық тағайындағанын орындаңыз.

  20. Операциядан кейін барлық құрал-саймандарды 1 сағатқа хлорамин ерітіндісіне салып қойыңыз.

  21. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ-қа салыңыз.

  22. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

Ескерту. Жыныс мүшелерінің жарақаты моқал және өткір заттарға құлап қалу нәтижесінде байқалады, ал зорлау, емқателік және көлік жарақаттары сирек кездеседі.

Кейде жыныстық қатынастан кейін қынаптың терең жыртылуы күмбездердің жыртылуына дейін барады, кейбірде іш қуысына дейін жетеді. Бұндай жыртылулар көп қан кетумен жүреді.

Қынаптың жыртылуын тігу тез жүргізілуі қажет және міндетті түрде наркозбен істелуі керек.

Қынаптың мол қанмен қамтамасыз етілуін ескере отырып, тіндердің барлық қанағыштығын тігуді және қынаптың қабырғаларының бүтіндігін толық қайта орнына келтіруіне көз жеткізу қажет. Әсіресе, қынаптың бүйір қабырғаларының жыртылуына көңіл бөлген дұрыс, себебі бұл жерден жатыр артериясының қынаптық тармағы жүреді.

Құжаттандыру:

1.Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111 бұйрығы.

3.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]