Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5578 (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
386.54 Кб
Скачать

3. Саяси дағдарыс.Сыртқы және ішкі саяси дағдарыстар.

Қазіргі кезде шиеленісті шешудің екі жолы қалыптасқан:

  1. Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле депдау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымырағакелуін айтады. Онда екі жақ бір-бірін ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.

  2. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.

Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі- келіссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісім шарттары анықталынады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшін оның мәнін, ерекшеліктерін, әлеуметтік негізін және т.б. зерттеп білген жөн.

Қоғамда саяси жанжалдар болуы көбінесе оппозицияның бар-жоғына да байланысты. Бұрынғы Кеңес дәуірінде көппартиялық оппозиция ерсі сияқты көрінетін. Ал демократиялық елдерде олар қажетті шарт. Олар болмаса билік ұйымдарына сенімсіздік туады, олар бюрократияланады. Оппозицияда әр топтың талап-тілектері, көзқарастары ескеріледі. Сондықтан философ Дж.Милль демократиядан оппозицияны алып тастаса диктатура қалады деп тегін айтпаған.

Шиеленіс болған соң, одан қайткен күнде де шығу керек. Ол адамзаттық келісім негізінде шешілуі тиіс. Оның екі жолы бар:

  1. араздық, жаулық қаупін бұзып, сенім жағдайын туғызу;

  2. барлық деңгейде адамдардың қарым-қатынасын бір қалыпты жағдайға түсіру. Зорлықтан аулақ болу.

Шиеленісті шешудің әр түрлі әдістері қалыптаскан, мәселен:

Біріншіден, шиеленістен қашу әдісі. Мысалы, белгілі бір саяси қайраткердің саяси аренадан өз еркімен кетуі, елден эмиграция, «қарсыласымен» кездесуден қашу т.б. Бұл әдіс шиеленісті толық шеше алмайды, оның негізгі қарама-қайшылығын сақтап қалады.

Екіншіден, бұл оны жоққа шығару немесе орнын ауыстыру әдісі. Бүл тәсіл шиеленісті бір саладан екіншісіне ауыстыруға мүмкіндік береді.

Үшіншіден, конфронтация әдісі. Бұл әдіс шиеленісті саяси тәртібімен қосып жойылуына алып келеді /1917 ж. революция мен 1991 ж. КССР-дегі қайта құрулар/.

Төртіншіден, шиеленісті тоқтата тұру әдісі, шиеленісуші жақтар назарын басқа жаққа ауыстыру, көбінесе күш жинау үшін, уақыт ұту үшін қолданылады.

Бесіншіден, шиеленісті ретгеу әдісі, қақтығысушы жақтардың бағыттары мен мүдделерінің жақындастырылуы. Бұл татуластырушылық шара болып табылады. Мұнда шиеленісті шешуге келісімдік комиссия, шиеленіс жөніндегі менеджерлер, жеке саяси қайраткерлер, мемлекеттер болуы керек. Бұл шиеленісті шешу тәсіл Гаага конвенциясында (1907 ж.) тіркелген.

Алтыншы, арбитраж немесе үшінші біреудің қатысуымен шиеленісті шешу әдісі. Шиеленісуші екі жақтың өз тартыстарын шешуді үшінші бір жаққаберуі.

11-ші тақырыпқа бақылау сұрақтары:

1.Саяси жанжалдың шығу негізі қандай?

2. Саяси жанжалды қандай технологиялармен реттейді?

3.Саяси жанжалды болғызбау және тоқтатудың негізгі тәсілі қандай?

4.Саяси жанжал болмайтын қоғам құруға бола ма?

5.Қоғамда қандай күшті құрам саяси жанжалға қатыса алады?

Негізгі әдебиеттер

1. Антология мировой политической мысли. В 5-ти томах. –М., 1997.

2. Антология социально – политической мысли Казахстана (с древнейших времен до наших дней) : в 2 т. Алматы: Ин-т развития Казахстана, 2002.

3. Әлемдік саясаттану антологиясы: 10 томдық.-Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі, 2007.

4. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы,2008.

5. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан –жолы-2050: «Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» ,14 қаңтар 2014ж.

6. Полиология.Учебник для студентов высших учебных заведений. Под общ.ред. А.Н.Нысанбаева.-Алматы,1998.

7. Жамбылов Д. Саясаттану. Алматы «Жеті жарғы» 2008 ж.

8. Байділдинов Л.Ә. «Теориялық саясаттану», Алматы 2005ж.

9. Балғымбаев А. «Саясаттану», Алматы 2004ж.

10. Таубаева М.Е. Саясаттану пәнінен әдістемелік көмекші оқу құралы.

Шымкент ОҚМУ 2003.

11. Қуандық Есенғазы «Саясаттану негіздері», Астана 2000ж.

12. История политичексих учений М 2002 г.

13. Нысанбаев Ә. Қазақстан Демократия. Рухани жаңару. Алматы, 1999

14. Саясаттануға кіріспе. Проф. Т.Т.Мустафиннің редакциясында. Алматы, 1994, 1,2,3

бөлімдері.

15. Ш.Уәлиханов. Таңдамалы Алматы, 1995.

16. Аль-Фараби историко-философские трактаты. Алма-Ата, 1985

17. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы ,2007.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]