- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •2. Орта ғасырлық Шығыстағы және Европадағы саяси ойлар .
- •3. Еуропалық ағартушылық дәуірдегі және қазақ ағартушыларының саяси идеялары.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •1. Саясат ұғымы және оның пайда болуы.
- •2.Саясатты зерттеудегі теориялық амалдар және эмпирикалық парадигмалар мен саясат элементтері.
- •3. Саяси институтар мен жүйелерге талдау жасау
- •2. Саясатты зерттеудегі теориялық амалдар және эмпирикалық парадигмалар мен саясат элементтері.
- •3. Саяси институтар мен жүйелерге талдау жасау
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •1.Биліктің шығу көзі, мәні, пайда болуы.
- •2.Саяси билік пен мемлекеттік билік.Билітің бөлінуі мен биліктің
- •3. Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.
- •3.Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •Саясат субъектілері. Билік жүйесіндегі олардың орны, рөлі және саясат әлеуеті.
- •Адам құқықтары мен еркіндігі.
- •Қазақстанның әлеуметтік-саяси құрылымы.
- •3. Қазақстанның әлеуметтік-саяси құрылымы.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •1.Саяси жүйе түсінігі. Саяси жүйе теорияларын жасаудағы концептуалды тәсілдер. 2.Саяси жүйенің құрылымы мен элементтері, қызметтері.
- •3.Егемен Қазақстан Республикасының Конституциясы.
- •4.Қазіргі саяси ғылымдағы саяси режимді интерпретрациялау. Саяси режимнің түрлері.
- •2.Саяси жүйенің құрылымы мен элементтері, қызметтері.
- •3.Егемен Қазақстан Республикасының Конституциясы.
- •4.Қазіргі саяси ғылымдағы саяси режимді интерпретрациялау. Саяси режимнің түрлері.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •Сайлау саяси институт ретінде .Сайлаудың қызметтері және
- •Қазіргі сайлау жүйелері: мажоритарлы, пропорционалды және
- •Сайлау технологиялары және оның түрлері.Қазақстан
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •1.Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты.
- •2.Мемлекет қызметтерін жіктеу, оның нарықтық экономика,
- •3.Құқықтық мемлекет: пайда болу тарихы мен қазіргі амалдары.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •2. Партиялық жүйелер, олардың жіктелуі.Қазақстандық партиялық жүйелердің даму үрдістері және ерекшеліктері.
- •3.Лоббизм. Қазақстандық лоббизмнің ерекшеліктері.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •Саяси даму . Саяси модернизация түсінігі.
- •Саяси модернизация теориясының негізгі бағыттары, олардың
- •Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •Конфликт әлеуметтік құбылыс ретінде және оның саясаттағы
- •Саяси конфликт құрылымы.Саяси конфликтілердің жіктелуі мен
- •1. Конфликт әлеуметтік құбылыс ретінде және оның саясаттағы рөлі.
- •2.Саяси конфликт құрылымы. Саяси конфликтілердің жіктелуі мен қызметтері.
- •3. Саяси дағдарыс.Сыртқы және ішкі саяси дағдарыстар.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •1. Саяси мәдениет түсінігі және мәні құрылымдық компоненттер және саяси мәдениет қызметтері.
- •2. Саяси мәдениет және қоғамдық сана
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •2.Қазақстан Республикасы - зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастың субъектісі ретінде.
- •3.Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасуы кезеңдері мен проблемалар және қиындықтар.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
2.Саяси конфликт құрылымы. Саяси конфликтілердің жіктелуі мен қызметтері.
Шиеленістің өзінің теориялық негізін XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында әлеуметтану ғылымында алды. Бұл кезеңдегі әлеуметтану ғылымы биология ықпалында болды, сондықтан шиеленісті дарвиннің теориясы негізінде түсіндірді. Кейінен әлеуметтануда психологиялық бағыт қалыптасты, сейтіп шиеленіске әлеуметтік- психологиялык көзқарас таратылды. Одан кейін әлеуметтануға функционализм күшті ықпал етті, ол шиеленісті жағымсыз рөл атқарады деп, оны зерттеуді соңғы орынға шығарды.
Сөйтіп шиеленісті зерттеудің мынадай төрт концепциясы қалыптасты:
«Шиеленістің жағымды-функционалды» концепциясы/Л.Козер/;
«Қоғамиың шиеленістік моделі» концепциясы /Р.Дарендорф/;
«Шиеленістің жалпы теориясы» концепциясы /К.Боулдинг/;
«Шиеленістің маркстік теориясы» /К.Маркс,Ф.Энгельс/.
Л.Козер шиленістерге құндылықтар, мәртебе, билік, каржы-қаражат үшін күрестерді жатқызды. Л.Козер концепциясының мәні- қоғамға әлеуметтік теңсіздік, мәңгілік психологиялық қанағаттанбаушылық тән, сондыктан индивид пен топтар арасында қайшылық, сезімдік - көңіл күйінің тұрақсыздығы пайда болады, олардың қарым-қатынасы бұзылады. Сондықтан Л.Козер әлеуметтік шиеленіске белгілі әлеуметтік пен индивид сезімдерінің қайшылығын жатқызады.
Неміс әлеуметтанушысы Р.Дарендорф «коғамның шиеленістік моделі» атты теорияны қалыптастырды. Ол «Индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленістер» деген еңбегінде билікті бөлуге байланысты адамдар арасында теңсіздік пайда болады, олар шиеленіске әкеліп, коғамның кұрылымын өзгертеді деп санады. Бүл өзгерістерді шиеленістер еөдері-ақ жүзеге асырады, сондықтан К.Маркс айтқан революциялық төңкеріске жол бермеу керек деп есептеді. Сонымен бірге жаншылған шиеленістер коғам организміндегі қатерлі ісікке айналады деп жазады.
Қоғам өмірінің ішкі және халықаралық жағдайына да қолдануға қолайлысы К.Боулдингтің «шиеленістің жалпы теориясы» концепциясы болып табылады. Бұл теория оның «Шиеленіс және қорғау. Жалпы теория» деген кітабында қалыптасқан. Оның пікірі бойынша шиеленіс қоғамдық өмірден ажыратылмайды. Әлеуметтік шиеленістің мәні адамның қалыпты реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын тітіркендіргіштер, қоздырғыштардың әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылыктарды, жеке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның нәтижесінде қоғамдық құрылыс түбірімен өзгеріске түседі деп санаған. Сонымен бірге, К.Боулдинг шиеленістің алдын-алу керек немесе шектеп отыру керек деп есептеген.
Саяси шиеленістерге ерекше көп көңіл бөлген марксизм. К.Маркс пен Ф.Энгельс «Коммунистік партияның манифесі» атты еңбектерінде тап күресі таптық қоғамдардың дамуының заңдылығы деп жазады.
Шиеленіс шығуының бірнеше себептері бар, мәселен:
Шиеленістің бірінші себебіне, адамдардың қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасының теңсіздігі жатады. Қоғамда адамдардың бір тобы үстемдік етеді, екіншісі көпшілік адамдар бағынады, алғашқылардың айтқанын істейді.
Шиеленістің екінші себебі, қоғамдағы адамдардың сұраныстарының, мұқтаждықтарының, мүдделерінін, өтелмеуі немесе қанағаттандырылмауы. Бұдан байқайтынымыз шиеленіс мәңгілік, өйткені қоғамдағы барлық адамдардың, барлық уақытта мүдделерінің, талап-тілектерінің орындалуы мүмкін емес. Ондай қоғам еш жерде жоқ.
Шиеленістің үшінші себебі, қогамда әр түрлі әлеуметтік, этникалық, діни т.б. бірлестіктерге жататын адамдардың өмір сүруі. Осы жоғарыдағы ерекшеліктеріне сай қоғамнан орын алуы мүмкін, онда өздерінің жағдайларына қанағаттанбай, басқалардың қысымын сезінуі. Бұл шиеленістік ахуалды тудырады.
Шиеленістің төртінші себебі адам санасында. Қоғамда қалыптасқан құндылықтар мен жеке адамның түсініктерінің сай келмеуі, адамдар үмітінің ақталмауы, ішкі сезімдерінің сай келмеуі.
Саяси шиеленіс дегеніміз саяси субьектілердің саяси қызығушы- лықтарының, қүндылықтары, мақсаты меи көзқарастарының қарама-қайшылықтарына негізделген қақтығыстар мен күресулер. Саяси шиеленіс ұғымы бір субьектілердің екіншісімен саяси қатынас жүйесіне ықпалету мақсатындағы күресін білдіреді. Саяси шиеленіс әлеумеггік шиеленістен ерекшелігі, ол барлық азаматтар үшін міндетті, мүдделер мен мемлекеттік билік субьектілері арасындағы өзара әрекет. Саяси шиеленістердің обьектісі мен пәні саяси және мемлекетгік билік, оны иелену, билік институггарының құрылымы, әлеуметтік топтардың саяси статусы, саяси құндылықтар мен рәміздер болып табылады. Мұнда әңгіме адамзат индивиді, топтар, билікті алып жүруші үйымдар туралы болып отыр. Әрбір саяси жүйе өзіндік саяси статустық құрылымға ие: бірі үстемдік етеді, бірі бағынады, бірі басқарады, бірі басқарылады т.б. Бұл моделдердің әрқайсысына билік субьектісі мен оның обьектісі- үстемдік етуші мен бағынушы арасындағы қарама-қайшылық енгізілген. Бұл саяси шиеленістің көзі болып табылады. Оның болуы обьективті және субьективті себептер мен жағдайларға байланысты.
Саяси шиеленістер даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңдерінде шиеленістерге негіз туады. Оларға қажетті көңіл бөлінбесе өрши түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптер бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Екінші кезеңінде, келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Шиеленістер кезінде басқарушы топтың әр түрлі қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, сенімсіздік туады. Одан кейін, үшіншіден екі жақта ашық қарсылық, қақтығыстар болуы мүмкін. Екі жақты да адамдардың көпшілік топтары қолдап, даудың шеңбері кеңеюі мүмкін. Егер мүның бәріне жол табылып, шешілмесе, қарулы қақтығысқа айналады.
Саяси шиеленістердің түрлері. Шиеленістердің алғашқы классификациясын жасауға талпынған американдык социолог П.Сорокин. Ол шиеленісті тұлғааралық немесе топаралық, яғни жеке адам немесе әлеуметтік топтар арасында деп бөлуді ұсынды. Бұл классификация бойынша халықаралық, этникалық, және т.б. баска шиеленістер екінші топқа енеді.
Кейінен ғалымдар шиеленістің нақты классификациясын жасауға тырысты. Оны К.Боулдинг, Й.Галтунг, С.Чейс, К.Холсти жасады. Бұл классификациялардың барлығы зерттеуші ғалымдар шиеленіс феноменнін қалай түсінетіндігін көрсетті.
Шиеленістің дәстүрлі классификациясында, шиеленістер мына негіздер бойынша анықталынады:
оған қанша жақтар қатысады, шиеленістің тікелей және жанама қатысушылары қандай. Бұл өлшем бойьшша ішкі, халықаралық, өлкелік шиеленістер, дүние жүзілік соғыстар жіктелінеді. Егер қатысушылар екеуден көп болса, ол көпжақты, бұндай шиененісті реттеу қиын болады.;
шиеленістік өзара әрекеттің жылдамдығы мен сипаты қаншалықты, шиеленіс тек шиеленістік қатынаспен ғана шектеледі ме әлде қарулы қақтығысқа орын берелді ме. Жауласу деңгейі жоғары болған сайын шиеленісті реттеу де киын болады.
Қарама-қайшылық негізі не /этникалық, діни, идеология/ және айтыс-тартыс пәні не /территория, ресурстар, ықпал саласы/. Бұл параметрлер бойынша шиеленісті анықтау өте қиын, онсыз реттеу де қиынға соғады.
Американ ғалымы Дж.Стоссинджер пікірі бойьшша XX ғасырдағы көптеген қарулы қақтығыстардың болуының себебі саяси лидерлердің қабылдау қателіктері болды. Бұл қателіктер мыналарда бейнеленді:
өз мүмкіндігін дүұыс бағаламау;
қарсы жақ лидерін бұрыс бағалау, оның тұлғалық сапасын ескермеу;
қарсы жақтың ойындағысын қате қабылдау, олардың күшін, мүмкіндігін ескермеу.
Саяси пшеленісті саясаттану ғылымында жіктеудің мынадай түрлері кездеседі:
Көріну саласы мен облысы бойынша, мұнда ішкі және сыртқы саяси шиеленістер көрініс береді. Халықаралық шиеленістер «соғыс жағдайындағы» шиеленіс, онда бір мемлекет екіншісіне талаптар қоя отырып, екінші мемлекет күрескеннен гөрі шегіністерге барады деп үміт күтеді.
«Жауласушылықты ақтау», көбінесе арандатушылық әрекет, қалыптасқан ахуалда орындалуы мүмкін емес талаптар қойып, екінші жақты әдейі қақтығысқа шақыру (Гитлерлік Германия).
Ішкі саяси шиеленістің өзі әр түрлі билік субьектілері арасында өтеді. Билеуші және оппозициялық элита, бәсекелесуші партиялар мен мүдделер тобы, орталық билік пен жергілікті билік құрылымдары арасындағы шиеленістер.
Нормативті реттелу деңгейі мен сипаты бойынша. Бұл жағдайда институттанған немесе институтганбаған шиеленістерді айтуға болады, адамдардың саяси ойын ережесіне бағыну немесе бағынбау қабілеттілігін айтуға болады.
Сапалық сипатына қарай шиеленісті бөлу, «терең» және «таза» шиеленістер (Дж.Бертон); адам санасына байланысты «нөлдік сомадағы» немесе «нөлдік емес сомадағы» шиеленістер (П.Шаран); антогонистік немесе антогонистік емес шиеленістер (К.Маркс).
Ашық және жасырын саяси шиеленістер:
манифестация, шеру, сайлауға қатысу.
жасырын саяси шешім қабылдауда билеуші элита арасында кездеседі немесе биліктің әр түрлі тармақгары арасында болу мүмкін.
Мерзіміне қарай жылдам, қысқамерзімдік, ұзақмерзімдік шиеленістер болып бөлінеді.
Тік немесе көлденең саяси шиеленістер де болады.
Кейде билік басындағылар шиеленісті байқаса да байқамағансуы мүмкін. Ондайда шиеленіс бықсьш, жанып өрістеуі мүмкін. Сондықтан, шиеленісті шешу керек. Бұрын одан шығудың екі жолын қолданған:
қоғамның «таза» дамуына сәйкес келмегенді өз арасынан аластатып сыртқа ығыстырып шығару арқылы құтылғысы келген.
керексіз жағдайды, құрылымды тура жаншып құрту, жою. Бұл іпиеленістерді шешудің екі жолында шиеленіс шешілген сияқты, алдамшы түсінік бар. Ал, шын мәнінде ол ауруды ішке тыққанмен тең.
