Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5578 (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
386.54 Кб
Скачать

2. Партиялық жүйелер, олардың жіктелуі.Қазақстандық партиялық жүйелердің даму үрдістері және ерекшеліктері.

Біздің мемлекетімізде саяси жүйе ауқымында сапалық ілгерілеулер болды, ең алдымен бұл әртүрлі партияларды құрудан қөрініс тапты, кейбір деректер бойынша олар бізде оннан астам болып отыр, мұның өзі стандарттар бойынша көппартиялық жүйе деп есептеледі.

Қазақстанда партиялар мен партия жүйелерінің қызмет атқару, ерекшелігі отандық партиялардың саяси шешімдер қабылдау процесіне ықпалының төменгі деңгейін көрсетеді. Көптеген ондаған жылдар бойы тоталитарлық мемлекеттің бір бөлігі ретінде дамыған Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін атқарушы билікке қарсы тұра алатын саясиинституттарсыз қалды. Сөйтіп, саяси салада батыс елдері демократиясының деңгейіне бірден қол жеткізуге (объективті және субъективті түрде) әлі де әзір бола қоймаған Қазақстан мен басқа да бұрынғы кеңес кеңістігіндегі мемлекеттер авторитарлық сатысын бастарынан кешіруде.

Біздің республикамыздағы партиялар мен партия мүшелері дамуының қазіргі кезеңі сипаттайды?

Қазақстанда екіблокты партия жүйесі қалыптасуда.

Егеменді даму жылдары ішінде Қазақстанның партия жүйесі бірпартиялық жүйеден көппартиялық жүйеге дамып, содан соң екі блокты партияға дамыды, мұнда біpблокта үкіметтік партия, екіншісі — қарсылас партиялар болды.

Қазақстанда үш қарсылас бағыттағы партия болып бөлінеді:

а) кертартпа-дәстүрлі партия ағымы, ол жаңғыртуға қарсы партия болып табылады соңдай-ақ ұлттық идеяны уағыздаушы партия, оның ұясы бұрынғы заманның дәстүрлерін тірілтуге шақырады. Бұған коммунистік бағдардағы партиялар мен қозғалыстар жатады, өйткені жуық уақыттағы өткендегіге қайта оралып соғу ұрандарын көтереді (БК(б)П, "Алаш" ҚӨҰП);

б) солшыл радикалдық ағым — Жұмысшы қозғалысы, Компартия, "Поколение" қозғалысы және т.с.с. Олар өкімет билігі тарапынан ұдайы ара-кідік килігуге тап болады. Авторитарлық режимдегі көшеген елдерде мұндай бағыттағы саяси ұйымдардың қызметіне тыйым салынған;

в) буржуазиялық-либералдық ағым, ол басқарудың авторитарлық-төрешілдік әдістеріне көңілдері көншімейтін орта буржуазияның, зиялы қауымның, ұсақ буржуазияның мүдделерін білдіреді.

Барлық партиялар ҚР "Саяси партиялар туралы" Заңына сәйкес белгіленген мүшелігін тәжірибеде қолданады.

ҚР саяси партияларын жіктеу:

а) шығу тегіне қарай — барлық партиялардың "сыртқы" шығу тегі болады, парламенттік партиялар жоқ;

б) ұйымдық кұрылымына қарай — кадрлар партиялары (ҚХКП), бұқаралық партиялар (ҚРП, ҚСП, ҚСДП және басқалары), ұйымдардың тоталитарлық түрі (ҚКП, БК (б)П, "Алаш");

в) үкіметке бақылауды жүзеге асыру деңгейіне қарай — Қазақстанда жетекші партиялар жоқ сондықтан біз партияларды олардың билікке адалдығы немесе қарсылығы тұрғысынан қарастыра аламыз. Адал ниетті партияларға — "Отан", ҚӨП, ҚХКП және басқалары, қарсы партияларға — ҚКП, БК(б)П, "Алаш", "Табиғат", "Азамат" және басқалары жатады;

г) идеологиялық айқындамасына қарай — солшыл саяси күштер ҚКП, "Поколение", "Республика" Үйлестіру Кеңесі, "Табиғат", "Азамат", "Желтоқсан", "Азат" КАҚ және басқалары өкілдері болыл табылады, центристер — ҚХКП, КӨП,РЕСП; оңшыл саяси күштер — ҚССП, ҚХКП, Реформаларды қолдаудың Халықтық Одағы.

Адамзат қоғамының демократиялық қайта өзгертулер жағына қарай дамуының тарихы мынаны айқый көрсетіп берді: кез келген қоғамдағы басты демократиялық институттар, ең алдымен., күшті саяси партиялар түріндегі азаматтардың бірлестігі болып табылады. Атап айтқанда, Қазақстанда партия жүйесі дамуының барлық аталған үрдістеріне қарай нақты әлеуметтік топтардың нақты экономикалық мүдделеріне сүйенетін партия құрылымдарын қалыптастыруда саяси қажеттілік пен қоғамдық қажеттілік пісіп жетілді. Ұрандарының сырттай көптігі мен тартымдылығына қарамастан, барлық бұрыңғы саяси құрылымдар, егер жаңа саяси шыңдыққа қайта бағдарлана алмаса, өзінің қызметіне іс жүзінде арқа сүйей алмаса, сөзсіз болашағынан айрылады.

Қогамдық-саяси ұйымдар мен қозгалыстар. Саяси қозгалысдеп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Басқа қоғам-дық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдала-нады.

Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады: 1) жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқ-тылармен топтасады; 2) экономикалық және әлеуметтік қай-шылықтар, наразылықтар себеп болады. Мысалы, Жаңа Өзендегі (1989 ж.) әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда "Бірлік" деген ұйым құрылды, ал Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласында сол уақытта "Парасат" деген ұйым дүниеге келді; 3) ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанда "Азат", "Желтоқсан" партиялары солай туған болатын.

Мәселен, Қазақстанның азаматтық "Азат" қозғалысы қоғам-дық — саяси ұйым ретінде 1990 жылдың 1 шілдесінде құрылды. Басты мақсатын "Халықаралық, Одақтық шартпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа қоғамдастық шеңберінде Қазақстанның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу" деп біледі. Бұл қозғалыс Қазақстанды, қазақ халқын отаршылдық пен тотали-таризм зардаптарынан арылту үшін қажетті зандардың қабыл-дануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратып, үкіметке осы жөнінде өз ұсыныстарын жасады, "Жел-тоқсан", "Алаш" партияларымен бірге сепаратистік пиғылдағы ұйымдарға (славяндық "Лад", "Русская община", казактар бірлестіктері) олардың осы тұрғыдағы іс-әрекеттеріне бірнеше рет тойтарыс беруге белсене кірісті.

Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолында ал-ғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы, жұмысының бірыңғай бағдарламасы, басқаруда айқын прин-циптері болмайды. Әдетте, оның әділеттілік, бостандық, қару-сыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттың жаңарып өрлеуі, ай-наладағы ортаны қорғау т.с.с. жалпыхалықтық, адамзаттық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұран-дар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін. Көбіне қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.

Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай саяси қозғалыстар консервативтік, реформистік, революциялық және контррево-люциялық болып бөлінеді. Олардың ұстанатын принциптері са-яси партиялардағы сияқты. (Олар жөнінде біз партиялардың жіктелуінде айтқан болатынбыз, сондықтан қазір тоқталмаймыз).

Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, әзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады: қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы; үгіт-насихат, әрекет ету сатысы; дамыған жұмыс кезеңі; саяси қозғалыстың өшу сатысы.

Қогамдық щымдарга халықтың белгілі бір тобының мүддесін біддіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.

Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдар-дың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қазіргі заманда ондай ұйымдар мен қозғалыстар ете көп. Ол қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандығын біддіреді.

Қоғамдық ұиымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халық-аралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлем-де ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халық-аралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.

Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған: партиялар, көсіп-одақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығар-машылық (творчестволық) одақтар, әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту, спорттық, қор-ғаныс және т.б.) жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы миллион-даған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.

Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Қоғамдық-саяси мүдделеріне сай қүрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.

  2. Экономикалық мүддесіне карай құрылған ұйымдар.

  3. Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы).

  4. Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техни-калық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т.б.).

Көпшілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні — кәсіподақтар. Кәсіподақ — бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық үйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқ бас-қан Англияда XVIIIғ. басында пайда болды. Кейінірек олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің әкелген аяусыз қанауына тотеп беру үшін жал-данушы жұмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғауға мәжбүр болды. Кәсіподақтар олардың еңбегі мен тұрмысын жақсарту, жоғын жоқтау жолында өкілі, қорғаны болды. Кәсіподақтар өзіне мүше болса да, болмаса да еңбекшілердің экономикалық және әлеуметтік мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне қажет ілімдер, ере-желер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен олар-дың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.

Кәсіподақтар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген сая-си партиялармен тығыз ынтымақтастықта болып, солармен бірлесе жұмыс істеген елдерде ең үлкен рөл атқарады. Кәсіподақтар мен партиялар арасында мүндай келісе қимыл-дау, әсіресе, Үлыбритания, Германия, Скандинавия елдеріне тән. Бұл елдерде жұмысшы табының арасыңда социал-демок-раттардың ықпалы жоғары. Олар кәсіподақтарға айтарлықтай идеологиялық және саяси әсер етеді. Кәсіподақтар қамқоршы партияны күшейте түсуге және олардың окімет басында ұзағы-рак болуына мүмкшдік жасауға тырысады. Бұл үшін олар жұмыс берушілермен ымыраға келіп, еңбек нарқында тыныш-тықты сақтауға күш салады. Осының нәтижесінде олар капиталистік жүйемен біршама экономикалық одаққа кіргендей болады. Мүндайларды "жауапты" кәсіпорындар деп атайды.

Сонымен қатар үкіметке қарсы күрес жүргізуші партиялар-мен сыбайласқан кәсіподақтар да болады. Олар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалықсаясатынатікелей әсеретпейді. (Мы-салы, Италияда). Мемлекет тарапынан олардың күресіне көмек жасалмайды. Сондықтан олар өкіметке қаймықпай қарсы түрып, өз жақтастарын батыл шараларға шақыруы мүмкін. Мүндай-ларды "жауапсыз" кәсіподақтар дейді.

Біздің республикамызда кәсіподақтар мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге араласады. Еңбекшілердің еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту, олардың материалдық және мәдени дәрежесін арттыруға басты көңіл бөледі. Олар еңбек және демалыс жағдайларын жүйеге келтіретін зандар мен қаулыларды, ұжымдық шарттарды жасауға тікелей қатысады, әлеуметтік қамсыздандыру ісін басқарады, еңбек сақтау мен техника қауіпсіздігінің ережелері сақталуын қадағалауды іске асырады. Шаруашылық басшыларын тағайындау мен босату мәселелері кәсіподақтармен келісіп шешіледі.

Кәсіподақтар ез міндеттерін үш түрлі жолмен шешеді. Біріншісі — жүмысшылардың экономикалық, әлеуметтік тұрмыс жағдайын түзетуде өкіметтен жекелеген жеңілдіктерге жетуі. Бірақ бұл жоддан үлкен өзгерістер күтуге болмайды.

Екіншісі — үздіксіз ереуілге шығып, өкіметке күшпен қысым жасау. Бірақ бұдан экономикаға нұқсан келеді.

Үшіншісі — кәсіподақтардың ез көзқарасын өкіметтің сая-сатымен сәйкестендіріп, мемлекет, кәсіпкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, өзара тиімді шешім іздестіру.

Аталған үш жолдың ішінде қазіргі кезде пайдалысы үшінші жол деп жүр. Мұны, әсіресе, өкімет басында социал-демократ-тар отырған елдерде кеңінен қолданады.

Қоғамдық бірлестіктердің кепшілігі саяси емірде белсенділік танытканымен, тікелей саясатқа араласа қоймайды. Шет елдер-де солардың ішінде белдісіне қысымшы топтар (группы давле-ния) жатады. Іс жүзінде олар парламент пен үкіметке кеңес беру және оларды арнаулы нормативтік қызмет мәселелері бойын-ша тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін құрылады. Қысымшы топтар өз аттарынан сайлауға қатынаспайды. Олар мемлекеттік органдарға идеологиялық ықпал жасаудан бастап, сатып алуға дейінгі қысым көрсетудің алуан түрлерін пайдала-нады. АҚШ-та бұларды лоббистік ұйымдар, мүдделі топтар деп атайды. Ұлыбританияда оларды парламент агенттері дейді. Олар кебінесе мүдделерінің ортақтығы негізінде және бұл топ пен билік органдарының арасында байланыс болғанда пайда болады.

Қоғамдық қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі — "Халық майдандары". Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың барлығының немесе кепшілігінің мүддесін қамтитын мәселелерді шешуге бағытталған бірлес-тіктер жатады. Олар жалпыдемократиялық принциптердің негізінде құралады және жұмыс істейді. Онда қатал айқындал-ған ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды. Оның құрамына қалың бұқара халықтың мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар, жастар жөне т.б. ұйымдар да кіруі мүмкін. Ха-лық майдандарының мынадай түрлері болады:

  1. Қоғамда терең батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүниеге келіп, калыптасады. Сол саяси күштерден пайда бол-ған халық майдандары. Бұған мысал ретінде Африка, Азия елдерінде ұлттық азаттық алу барысында пайда болған халық майдандарын келтіруге болады. Олардан кейін өлеуметтік топ-тардың бөлшектенуі және саяси партиялардың мақсатының езгеру барысында басқа қозғалыстар шығуы мүмкін.

  2. Өздерінің саяси ықпалы жетіспегенде маңызды мақсатқа жету, саяси билікті алу үшін саяси партиялардың немесе олар-дың көсемдерінің бастауымен құрылған халық майдандары. Мысалы, оған 80 жылдары КСРО-да пайда болған халық май-дандарын жатқызуға болады.

  3. Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшін интернационалдық негізде қалыптасқан халық майдандары. Олар осы ғасырдың 30 жылдарында капиталистік елдерде пай-да болып, соғыс алдындағы жылдары фашизмге қарсы күресті басқарады. Мысалы, Францияда халық майдандары 1936 жыл-дың көктемінде парламент сайлауында және оған сүйенген үкімет бұл елде фашизмнің дамуына жол бермеді. 1936—39 жылдары Испанияда халық майдандары бұқара халықты топ-тастырып, оларды фашизм мен реакцияға қарсы күреске жұмыл-дырды. Жалпы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында фашизм мен реакцияға қарсы күресте көптеген елдердің халық майдан-дары асқан зор рөл атқарды. Халық майдандарының ерлігі 1991 жылы тамыз айында Ресейде төңкеріс жасауға тырысқан бүлікшілерден демократияны қорғауда да айқын көрінді. Бейресми бірлестіктер жастардың, студенттердің арасында да кең орын алады. Олар алдына қойған мақсаты мен түрі, іс-әрекеті мен тұрақтылығы, оған қатысушылардың жасы мен жынысы жағынан әр алуан.

Олардың ішінде қоғамдық-саяси, экологиялық, экономика-лық, әлеуметтік, діни, спорттық т.б. мәселелермен айналыса-тындары да бар. Бірақ көбі мәдени-шығармашылық және бос уақыттарын қалай өткізуге арналады. Оған әуесқой ән шыға-рушылар, орындаушылар клубтары, өнер, театр, кино, би және т.с.с. төңірегіңдегі шығармашылық бірлестіктер, кейбір орын-даушылар мен спорт клубының жанкүйерлерінің бірлестігі жатады.

Белгілі жастар қозғалысына "металлистер", "фанаттар", "панкілер", "хиппилер", "рокерлер", "брейкерлер", "пацифис-тер" және т.с.с. жатады.

Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыс-тар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады:

  1. экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар: "Невада-Семей" қозғалысы," Арал — Азия— Қазақстан" халық-аралық қоғамдық комитеті, "Табиғат" комитеті және т.б.;

  2. ұлт мәселелерін шешуге тырысқан топтар. Оларға: Қазақ-станның "Азат" азаматтық қозғалысы, славяңдардың респуб-ликалық қоғамдық "Лад" қозғалысы, "Русская община", "Един-ство" қоғамдық бірлестігі, республикадағы казактар қозғалы-сы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс және т.б. мәдениет орталықтары;

  3. тарихи-ағартушылық қоғамдар: "Мемориал", "Әділет", "Ақиқат" және т.с.с;

  4. әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: "Атамекен", "Ал-тын бесік", "Жерұйық", "Шаңырақ" және т.б. Бұлардың көбі заман талабына сай пайда болып, өз мақсат-тарын орындауына байланысты өмір сахнасынан кетті, бірталайы іс-әрекеттерін әлі де атқаруда.

Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыс-тар бар. Осылардың бәрі, сайып келгенде, әрқайсысының өз ерекшеліктері болуына қарамастан еңбекшілердің белсеңділігін арттырып, Қазакстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуы-на үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]