Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Visual C++ _ зертханалық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
831.46 Кб
Скачать

1.2. Терезе қосымшасын құру

Форманы баптау

Бос форманың жоғарғы оң жақ бұрышында басқару батырмалары: -форманы кішірейту үшін, -форманы экран бетіне толық ашу үшін, - форманы бастапқы кейпіне келтіру үшін, - форманы жабу үшін. Тышқан көмегімен(ұстап алу) форманың шетінен немесе тақырыбының белгіленген жолы арқылы форма өлшемін және оның экрандағы орын өзгертуге болады.

Объект инспекторы терезесі(F11) шақырылғаннан кейін тақырыбын өзгерту үшін Caption қасиетін таңдаймыз және ерекшеленген терезеде стандартты мәтін Form1 орнына керекті мәтінді, мысалы, «Зет.жұм.1. топ.ИСК51 Иванова А.».

Ескерту! Компонентте Name (аты) и Сaption (тақырып) қасиеті бірдей, бірақ оны ауыстыруға кеңес бермейміз, ол программа мәтініне кіреді.

Енгізу-шығаруға арналған компоненттер

Формадан ақпаратты енгізу немесе формаға ақпаратты(бір жолға сиятын) шығару керек болғанда Edit компонетін пайдаланамыз және оны пиктограммасы арқылы таңдауға болады.

Edit1->Text=" 5";

Edit2->Text=" 4,5е-3";

Мұндағы тырнақша ішінде жазылған жазу сол қалпында формада көрсетілген компонентке жол ретінде орналастырылыды.

Программа ішінде сол деректерді пайдалану керек болған жағдайда оларды түрлендіру арқылы дерекке айналдырамыз.

x=StrToInt(Edit1->Text);

y= StrToFloat (Edit2->Text);

Бірінші ақпаратты бүтін типті, ал екіншісін нақты типті дерекке айналдырдық.

Негізгі түрлендіретін функциялар

StrToFloat(St) –St жолын нақты типті санға айналдырады;

StrToInt(St) –St жолын бүтін типті санға айналдырады;

FloatToStr(W) – W нақты типті санды символдар жолына айналдырады;

FloatToStrF(W, формат, n1, n2) – W нақты типті санды форматты басқару арқылы символдар жолына айналдырады;

ffFixed – санның бүтін және бөлшек бөліктеріне неше орын бөлу керектігін көрсету арқылы түрлендіру, n1 –жалпы неше орын бөлінетінін, ал n2- бөлшек бөлігіне неше орын бөлу керектігін көрсетеді; алынып тасталатын бөлігі дөңгелектелінеді;

fFfExponent – n1 мантиссаның жалпы орын саны, , n2 – XX ретінің цифрларының саны (дөңгелектелінеді);

ffGeneral – нақты санды берудің универсальды форматы,

FormatFloat (формат, W) – W нақты санды символдар жолына айналдырады;

IntToStr (W) – W бүтін санды символдар жолына айналдырады;

Мысалы, жоғарыдағы мысалда Edit1 және Edit2 компоненттерінен алынатын жолдарды бүтін және нақты сандарға айналдыру үшін

х = StrToInt(Edit1–>Text);

y = StrToFloat(Edit2–>Text);

командаларын жазу арқылы аламыз.

Ескерту. Edit* терезесінде сандар жазылғанда цифрлар арасында бос орын болмау керек, ал бүтін юөлігі мен бөлшек бөлігі арасын үтір арқылы ажыратып жазу керек.

Объектілер инспекторында Font қасиеттері арқылы жазылатын жолдың стильін беруге болады.

Label компонентті

Жазуды шығару үшін пайдаланылады. және оны пиктограммасы арқылы таңдауға болады. Орнын, өлшемін объектілер , инспекторында Caption қасиетін өзгерту арқылы ыңғайлауға болады. Соымен бірге программаның орындалу барысында өзгертуге болады:

Label1->Caption = “ “ жолды тазалау үшін; –

Label1->Caption = “Хабарлама ”; – жолды шығару

Memo компонентті

Программаның орындалуы барысында нәтижені шығару үшін көпжолды Memo компонентті пайдаланылады және оны пиктограммасы арқылы таңдауға болады. Объектілер инспекторында ScrollBars – SSBoth қасиетін орнатқанда тік және жолды айналдыру жолағы(1.2 сурет) пайда болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]