Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдістеме (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
209.92 Кб
Скачать
  1. Іріктеменің ротациясы

  1. Үй шаруашылықтарының зерттеуге қатысудан шаршауын болдырмау мақсатында үй шаруашылықтарының іріктемесіне кезең-кезеңмен ротация жүргізілуі қажет. Іріктемені жүйелі ротациялау үдерісі зерттеуге қатысудан бас тартқан үй шаруашылықтарын алмастырумен байланысты емес.

  2. Сол бір үй шаруашылығына бір есепті жыл ішінде маусымдық ауытқулармен және басқа да құбылыстардың ықпалын қадағалау мақсатында ротацияны жылдың басында жүргізген мақсатқа сай болып табылады, яғни жыл сайын желтоқсанда іріктемені жаңарту қажет.

  3. Үй шаруашылықтарының ротациясын (іріктемені жаңарту) зерттелетін үй шаруашылықтарының жалпы санынан 1/3 көлемде жыл сайын жүргізу жоспарланып отыр. Яғни жыл сайын үй шаруашылықтарының 1/3 бөлігі іріктемеден шығарылатын және басқа үй шаруашылықтарына алмастырылатын болады. Осылайша, 3 жыл өткен соң іріктемеге толық жаңарту жүргізіледі.

  4. Жыл соңында (желтоқсанда) әрбір кластерде 10 үй шаруашылығы кездейсоқ таңдап алынады және іріктемеден шығарылады. Бірінші таңдап алынған үй шаруашылықтарының ішінен тағы 10-ы кездейсоқ таңдап алынады және келесі жылдың соңында іріктемеден шығарылады, ал қалған 10 үй шаруашылығы келесі жылдың соңында шығарылады. Әр кезде шығарылған үй шаруашылықтарының орнын толтыру үшін өзектендірілген ТҚСТ деректер базасынан 10 жаңа үй шаруашылығы кездейсоқ таңдап алынатын болады.

  5. Іріктемені қалыптастыру кезінде таңдап алынған үй шаруашылықтарының тізімінде ротация белгісімен қосымша жол көзделген. Осы жолда «1» деген бірінші жылдың аяқталуымен, «2» екінші жылдың аяқталуымен және «3» үшінші жылдың аяқталуымен үй шаруашылығының ротацияға жататынын білдіреді. Осылайша, жүйелі ротациялау іріктемеден 1, 2 және 3 топтарды шығару арқылы бірінші, екінші және үшінші жылдың соңында жүзеге асырылады.

Тұрмыс деңгейін зерттеу

бойынша үй шаруашылықтары іріктемесін құру әдістемесіне қосымша

1-кесте. Іріктеме көлемін анықтау

Қате шамасы

Іріктеме көлемі:

үй шаруашылықтарының саны,

мың бірлік

Зерттеуге жұмсалатын шығындар,

млн. теңге

республика бойынша

өңірлер бойынша

№1 нұсқа

24

800

<1%

<3%

№2 нұсқа

18

600

<2%

<5%

№3 нұсқа

12

400

<4%

<7%

2-кесте. Тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын зерттеу нәтижесі негізіндегі

«Тұтынуға жұмсаған табыстары» көрсеткішінің дәлдігін бағалайтын сипаттама

Тұтынуға жұмсаған табыстары,

Орташа жан басына шаққанда жыл ішінде, теңге

Іріктеменің стандартты қатесі (Sе)

Сенімді аралық шамасы (Р=0,95), ± теңге

Салыстырмалы стандартты қате (RSE), %

төменгі шек

жоғарғы шек

Қазақстан Республикасы

458743

1191

456409

461077

0,26%

соның ішінде:

қалалық жер

552761

3613

545681

559841

0,65%

ауылдық жер

360228

2558

355214

365242

0,71%

Ақмола облысы

470134

9124

452252

488016

1,94%

Ақтөбе облысы

472494

8087

456645

488343

1,71%

Алматы облысы

535466

8797

518224

552707

1,64%

Атырау облысы

415869

6907

402330

429407

1,66%

Батыс Қазақстан облысы

416992

8043

401228

432756

1,93%

Жамбыл облысы

355963

5464

345254

366671

1,53%

Қарағанды облысы

562665

10796

541505

583824

1,92%

Қостанай облысы

462741

9229

444652

480829

1,99%

Қызылорда облысы

393944

6492

381221

406668

1,65%

Маңғыстау облысы

449044

8410

432560

465528

1,87%

Оңтүстік Қазақстан

307032

3564

300047

314016

1,16%

Павлодар облысы

465175

7636

450208

480141

1,64%

Солтүстік Қазақстан облысы

461012

10119

441179

480844

2,19%

Шығыс Қазақстан облысы

492494

9188

474487

510502

1,87%

Астана қаласы

567388

9060

549630

585145

1,60%

Алматы қаласы

701398

11007

679825

722971

1,57%

3-кесте. Страталар бойынша алғашқы іріктемелі бірліктердің