Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 КИШ ДЕНСАУЛЫК ТЕХ КАР-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
171.49 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

56технологиялық картасы

(2 Сәбилер тобы)

Апта күні _______________________________________

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Құстар ұшып келеді.

Мақсаты: еденге қойылған тақтай бойымен төрттағандап, алақан мен табанға сүйеніп, еңбектеуге үйрету. Көлбеу бөрене үстімен жүру; шектелген алаң бойынша тепе- теңдік сақтай жүруге жаттықтыру. Уақытты, кеңістікті бағдарлау, тепе-теңдік, ырғақты сақтау, көзмөлшерді және үйлесімді қимыл жасау қабілеттерін дамыту.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: құстар бетпердесі, құс жем салғышы, көлбеу бөрене, құм салынған дорбаша, ағаш аттар,қамшы.

Оқу қызметінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация- қозғаушы

Педагогпен төмендегі тапсырмаларды орындатады:

«Құстар ұшып келеді». Көктем туралы қысқа әңгімелесу(құстар ұшып келді, ұя салды). Жай жүру, музыка ырғағының өзгеруіне сәйкес «құстар келді», аяқтың ұшымен жүру; құстар жем шоқып жейді- басты төмен изеу; құстар секіріп «чик-чирик»дейді; «құстар ұшып жүр»-қолдарын шетке еркін созып, «қанат қағып», қолды жоғары-төмен түсіре бірбірінің соңынан соқтығыспай жүгіру, бытырап жүгіру. Сапқа тұру, көрнекті бағыт бойынша шеңбер құру.

Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.

Іздену- ұйымдастыру

Жалпы дамыту жаттығулары

1. Өзіндік уқалау.

Қолымызды сабындадық, қолымызды жудық!

Таза су бетімізді аймалайды, тазалайды.

Сабынмен құлағымызды жудық,

Таза су лақанымызды аймалайды, тазалайды.

Алақанымыз қандай?!(қолдың басын төмен, жоғары қарату, бұрау).

2. «Алға». Б.қ.:аяқ сәл алшақ, қол құм дорбашамен төмен. 1-сәл отыру, қолды алға созу, құм дорбашаға қарау; 2- түрегеліп түзелу, бастапқы қалыпқа оралу.

3. «Түсіріп алма» . Б.қ.: аяқты айқастырып,құм дорбаша алда.

Құм дорбашаны алу, басқа салу, қолды белге қою. Құм дорбашаны бастан алу, бастапқы қалыпқа оралу.

4. «Тығып қой». Б.қ.: аяқты сәл алшақ, қолды еркін немесе жанына қойып тіреліп, құм дорбашаны аяқ арасына қойып, еденге отыру. Аяқты біріктіріп, басты төмен түсіріп, «құм дорбашаны тығып қойып» «жоқ»деу, бастапқы қалыпқа оралып: «міне»деу

5. «Қөршіңе бар». Құм дорбашаны бір-біріне беру.

Құм дорбашаның айналасында жүру, жүгіру(қимылды белгі бойынша өзгерту).

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-Құм салынған дорбашаның астынан қос қолмен тік нысанаға лақтыру (1-1,5 м арақашықтықтан)

-Еденге қойылған тақтай(ені 25 см, ұзындығы 2 м) бойы төрттағандап, алақанмен табанға сүйеніп еңбектеу.

Қимылды ойын: « Қияр».

4-5 рет.

4-5 рет.

3-4рет.

5-6 рет.

3-4 рет.

Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексивті –түзету

Қорытынды бөлім.

Қатты қимылмен қолын түзулей отырып, екі қолмен кеуде тұсынан доп лақтыруға жаттықтыру.

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Орындады: құм салынған дорбашаның астынан қос қолмен тік нысанаға лақтыру (1-1,5 м арақашықтықтан); еденге қойылған тақтай(ені 25 см, ұзындығы 2 м) бойы төрттағандап, алақанмен табанға сүйеніп еңбектеуді .

Түсінеді: жаттығулардың маңызы

Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды.

Есеп:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]