- •Іі кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
Технологиялық картасы
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «ҚМҰҚ»
Тақырыбы: «Кеш.Үлкен-кіші. Біреу-көп».
Мақсаты:таңертең (таң)- тәулік бөлігімен таныстыру;
Міндеттері:таңертең тәулік бөлігімен таныстыру;осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану;таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп)салыстыруды үйрету;қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді.Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:кеш мезгілі,үлкен және кішкентай заттар бейнеленген суреттер;
Сөздік жұмыс: кеш,үлкен,кішкентай.
Билингвальді компонент:кеш-вечер,үлкен-большой, кішкентай-маленький.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушы
|
Шаттық шеңбері. -Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Кәне ,бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап,бәріміз бірге: «Қайырлы таң!»дейік. Әдібай Табылдиевтің «Қайырлы таң, балалар!»тақпағынан үзінді оқиды: Арайланып таң атты, Алтын шапақ таратты, Қайырлы таң, балалар! Аман Отан панамыз, Аман ата-анамыз, Қайырлы таң,балалар! -Өткен оқу іс-әрекетінде тәуліктің қай мезгілі туралы әңгімелегенімізді естеріңе түсіріңдер. |
Шаттық шеңберіне тұрады.
Бәрі бірге: «Қайырлы таң!»дейді. Тақпақты мұқият тыңдайды.
-Күндіз туралы әңгімеледік
|
Ұйымдастырушылық- ізденістік
|
«Бұл қай кезде болады?» ойыны. Тәрбиеші балаларға кешкі мезгіл туралы өлең оқып,әңгімелеп береді. Сұрақтармен жұмыс: -Біз қай мезгіл туралы әңгімеледік. -Біз кешке не істейміз? -Суреттен не көріп тұрмыз? -Бала не істеп жатыр? -Бұл қай уақыттың қай мезгілінде болады? «Үлкен-кішкентай» ойыны. Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады: -Балалар жұмбақ не туралы? Балалардың назарын бірнеше шәйнектің салынған суретіне аударады. Тәрбиеші сұрақтар қояды: -Шәйнектер бірдей ме,әлде әртүрлі ме -Олар қандай? Сөздік жұмыс: кеш,үлкен,кішкентай. Билингвальді компонент:кеш-вечер,үлкен-большой, кішкентай-маленький. |
Балалар өлеңді, мұқият тыңдайды.
-Кешкі мезгіл туралы. -Ұйықтауға дайындаламыз. -Суреттен көргендерін атайды. -Кешке.
-Шәйнек туралы.
-Шәйнектер әртүрлі. -Үлкен және кішкентай шәйнектер.
Қайталайды |
Рефлексиялық- түзетушілік
|
-Балалар, сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер? |
Балалар жауап береді:кеш,күндіз. |
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: тәулік мезгілдерін (таң, күн,кеш), заттарды көлемі бойынша қалай салыстыру керектігін;
түсінеді: қай жерде бір зат, қай жерде көп зат екендігін;
қолданады: заттардың санын (біреу,көп) айқындау дағдысын.
№7 «Балапан» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің
