Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гипотиреоз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.6 Кб
Скачать

10.3 Дəрі-дəрмектік ем:

Эндемиялық зобтың емдеудің негізгі əдісі тиреоидты препараттарды пайдалану болып табылады. Олар қалқанша безінің көлемін кішірейтіп тиреотропиннің кері байланыс бойынша шығарылуын тежейді. Бұл препараттар сонымен қатар қалқанша бездегі аутоиммундық реакцияларды азайтады. Бұл препараттар сонымен қатар қалқанша безіндегі аутоиммунды реакцияларды азайтады, гиотиреоз бен науқастарда эутиреоидты зобтың қатерлі ісікке айналуының профилактика заты жəне гипотиреоз дамыған кезде алмастырушылық терапия заты болып табылады.

Эндемиялық зоб кезінде тиреоидты препараттарды тағайындауға көрсетімдер:

•диффузды эутиреоидты зоб 16-2-3 ұлғаю ст. (кейбір эндокринологтардың ойынша —1a-2-З ст.);

Эндемиялық зобтың емі үшін натрий левотироксин, лиотиронин, тиреотом қолданылады.

Натрий левотироксин бастапқыда тəулігіне 50 мкг таңертеңгілік тамаққа дейін

(дипепсиялық құбылыстар болған кезде — тамақтан соң).

Дəрі-дəрмектік гипотиреоз құбылыстары болмаған кезде (терлегіштік, тахикардия, тітіркенгіштік сезім, сытық) 4-5 күннен кейін дозаны біртіндеп оптималды дозаға жоғарылатуға болады — 100-200 мкг тəулігіне. Препаратты мейлінше тəуліктің бірінші жартысында тағайындаған жөн.

Лиотирониннің бастапқы дозасы тəулігіне 20 мкг 1-2 ретті құрайды (тəуліктің бірінші жартысында), əрі қарай əрбір 5-7 дней жақсы көтере алған кезде жəне дəрі-дəрмектік гипотиреоз құбылыстары болмаған кезде дозаны біртіндеп жоғарылатып, тəулігіне 100 мкг дейін жеткізуге болады.

Тиреотоммен емдеу (1 таблеткада 10 мкг Т3 и 40 мкг Т4 бар) күніне 1/2 таблеткадан

басталады (таңертең), онан əрі əр апта сайын дозаны тəулігіне 2 таблеткаға дейін

жоғарылатады.

Сирек жағдайда эндемиялық зобтың емінде тиреокомб қолданылады. 1 таблетка

тиреокомб құрамында 10 мкг Т3, 70 мкг Т4 жəне 150 мкг калий йодиді бар. Препараттың бастапқы дозасы тəулігіне 1/2 таблетканы құрайды, əрі қарай əрбір 5-7 күн сайын біртіндеп оптималды дозаға дейін жоғарылатады (тəулігіне 1-2 таблетка). Тиреокомб құрамында калий йодидінің бар екендігін жəне йод-базедовизмге алып келетін йод дозасының көбейіп кетуін ескеріп, тиреокомбпен емдеу 2-3 айлық курс, осындай үзіліспен жүргізу қажет.

Эндемиялық зобпен науқастарды тиреоидты препараттармен емдеу ұзаққа созылады — қалқанша безі көлемінің динамикасына байланысты.

Тиреоидты препараттармен емдеу кезінде əр 3 ай сайын науқасқа, мойынның көлемін өлшеп, қалқанша безін УДЗ, зоб пальпациясымен бақылаулық тексеру жүргізу қажет.

Зобтың кішіреюі кезінде тиреоидты препараттар дозасын төмендетуге болады.

Соңғы жылдары диффузды эутиреоидты зобты калий йодидімен емдеу мүмкіндігі туралы мəліметтер пайда болды. Препарат таблетка түрінде, 1 таблеткада 200 мкг йодқа тең 262 мкг калий йодиді бар.

Фирма нұсқамасына сəйкес, калий йодид дозасы келесідей:

• жаңа туылғандар, балалар мен жасөспірімдерге —тəулігіне 1/2-1 таблетка (яғни 100-200 мкг йод);

• жас ересектерге— тəулігіне 1,5-2,5 таблетка (яғни 300-500 мкг йод).

Жаңа туылғандардың зобын емдеу 2-4 аптада жүргізіледі. Балалар, жасөспірімдер жəне ересектерді емдеу 6-12 ай бойы немесе одан ұзаққа созылады.

Жоғарыда аталған калий йодидтің дозалары Wolf-Chaikoff тиімділігін шақырмайды (яғни қалқанша безінде йод органификациясының, оның сіңірілуінің тежелуін шақырмайды жəне тиреоидты гормондардың синтезін бұзбайды). Мұндай əсер тек қана тəулігіне 1 мкгйод дозасын тағайндаған кезде ғана дамиды.

Гипотиреозбен эндемиялық зоб кезінде компенсация үшін, тиреоидты препараттардың оптималды дозасы тағайындалады, бірақ бұл дозаға біртіндеп қол жеткізіледі, əсіресе егде жастағы адамдарда.

Эндемиялық зобтың хирургиялық емі келесі көрсетімдер бойынша жүргізіледі:

• зобтың түйіндік формалары (қатерлі ісікке айналып кету мүмкіндігін болдырмау үшін);

• зобтың үлкен көлемі, оның ішінде жақын жатқан ағзалардың жаншылуымен;

• қатерлі ісікке айналуға күдік.

Госпитализациялау үшін көрсетімдер

Профилактикалық шаралар:

Профилактикалық зобқа қарсы шаралар кешені келесі негізгі компоненттерден

жинақталады (И. И. Дедов, 1992).

1. Тұрғындарға йодталған тұзды сату жолымен, жппай популяциялық йодтық

профилактика (25 г калий йодиді 1 т ас тұзына), жеке сату ошақтарында йодпен бай

немесе полирленген тағам өнімдерін (нан, кондитерлік өнімдер).

2. Йод препараттарымен топтық немесе жеке профилактика.

Топтық профилактика ұйымдасқан балалар ұжымында (бала бақшалар, мектеп,

интернаттар) жүргізіледі, жүкті жəне емізетін əйелдерге, өсуші организмнің тиреоидты гормаондарға жоғары қажеттілігі ескеріліп (аптасына 1-2 таблетка) йодтың зəрмен бірге тəуліктік экскрециясын ескеріп жүргізеді.

Жеке профилактика эндемиялық зоб себебі бойынша операция жүргізілген тұлғаларға, бірақ эутиреоз жағдайындағы, сонымен қатар эндемиялық зоб ауданында уақытша тұрып жатқандарға жүргізіледі.

Эндемиялық зобтың профилактикасы мақсатында, келесі дозаларда қабылданады:

· Емшек жасындағы балалар үшін (0-2 жас) - 50 мкг,

· Кіші жастағы балалар үшін (2-6 жас) - 50-100 мкг,

· Мектеп жасындағы балалар үшін (7-12 жас) - 100 мкг,

· Үлкен жастағы балалар жəне ересектер үшін (12 жас жəне жоғары) - 150 мкг,

· Жүкті жəне емізетін əйелдер үшін - 200 мкг йод

Калий йодидті профилактикалық қабылдау бірнеше жылдарға созылады, жиірек өір бойы.

Соңғы уақытта зоб профилактикасы үшін, əсіресе қиын қол жетімді аудандарда

бұлшықетке егілетін йодталған май кең қолданыс тапты. Бір бұлшықет ішіне инъекция (2-4 мл) 4-5 жыл бойы тиреоидты гормондардың тұрақты синтезін қамсыздандырады.

Сонымен қатар йодталған майды капсулада қолдануға болады (йодлипол). ішке

қабылданған 1 капсула, организмді бңр жыл бойы қажетті көлемдегі йодпен

қамсыздандырады.