- •Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті Дәрістердің тірек конспектісі
- •050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған
- •Әк төрағасы _______________ Кишубаева а.Т. Тақырып 1. Web-технологияларының негізгі ұғымдары
- •Статистикалық және динамикалық Web-беттер.
- •Сайтты жоспарлаудың негізгі кезеңдері.
- •Сайттардың базалық құрылымдар.
- •Тақырып 2. Web-технологияларды қолдану орталары
- •Интернеттің клиент-серверлік сәулеті. Uri. Url.
- •Интернетте сайтты жариялау тәсілдері. Хостинг. Сайтты индекстеу. Индекстеу ережелері. Іздестіру машиналар.
- •Сайтты индекстеу.
- •Хостинг
- •Тақырып 3. Web-қосымшаларды жасау технологиялары Тақырып 3.1 Гипермәтінді белгілеу тілдері. Html, dhtml тілдері
- •Html-дің қызметті. Html-дің қысқаша тарихы. Html құжаттың құрылымы. Html элементтері.
- •Гипермәтіндік сілтемелер.
- •Динамикалық мүкіндіктерді жасау құрал-тәсілдері. Dhtml-дің стандартты оқиғалар және әдістер. Визуалдік фильтрлер.
- •Dhtml оқиғаларының тізімі
- •Тақырып 3.2 html -де css қолдану технологиясы
- •Тақырып 3.3 xml тілі
- •Тақырып 3.4 Сценарий тілдері. JavaScript тілі
- •JavaScript-тің қызметі және қолдануы, жалпы мәліметтер. JavaScript-ке байланысты объекттік моделінің ұғымы.
- •Оқиғаларды өндеушілер.
- •Html-бетте кодтың орналысуы. JavaScript-тің url-схемасы. Ауыспалар. Script контейнері. Қасиеттері. Әдістер. Оқиға. Html-құжаттің ішінде кодты орналастыру.
- •Тақырып 3.5 php технологиясы
- •Php операциялары. Php функцииялары.
- •Мультимедиялық Web-бет термині аудио мен видеоклиптерді пайдалануды білдіреді.
- •Аудиоклипті web- бетіне енгізу.
- •Видеоклиптерді енгізу.
- •Анимациялық сурет жасау
- •Қолданылатын әдебиеттер
Гипермәтіндік сілтемелер.
Құжатта гипермәтіндік сілтеме жасау өте оңай. Ол үшін <A> мен </A> тегтері пайдаланады. Оған қоса HREF атрибуты міндетті. Оның мәні URL мекен-жайы болып табылады. <A> мен </A> тегтерінің арасындағы сілтеме мәтіні браузерде көрсетілгенде көк түсті және асты сызулы болып шығады. Сілтемені шерту берілген URL мекен-жайы бойынша айысуға әкеледі.
Гиперсілтеме басқа WEB-бетті немесе WEB – түйініндегі кез келген басқа файлды көрсете алады.
Егер WEB-бет басқа WEB-түйінінде орналасса, онда то в качестве атрибута HREF атрибуты ретінде құжаттың хаттама атын қоса толық URL мекен-жайы пайдалануы керек (Бұл сыртқы сілтеме).
Мысалы: <A HREF="http://www.kstu.kz"> Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті </A>.
Экранда " Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті " сөз тіркесі асты сызылған болады.
Егер сілтеме сол WEB-түйінінің басқа бетіне көрсетсе, онда қатыстық жолды жазу жеткілікті (Бұл ішкі сілтеме).
Мысалы: <P> Менің бетіме өтейік <A HREF="my.htm"> Менің бетім </A>.
Сілтемені шолушының басқа терезесінде ашу үшін <A> тегінде Target = Blank деп жазу керек.
Сілтемеде беттің белгілі бір орнына көрсетуге болады. Ол үшін зәкірді алдын ала сол орынға орнату керек. Зәкірде HREF атрибутының орнына NAME атрибуты пайдаланады. Бұл атрибут мәні "зәкір атауы" болып табылады. Ол тек латын әріптері мен цифрлардан тұрып, бос аралықтары жоқ болуы қажет.
Орнатылған зәкірге сілтеу үшін URL-де зәкір атауының алдына # символы қойылады.
Мысалы.
<A HREF="#address"> бет соңында </A>
……………………………………………………
<A NAME="address"> Пошта мекен-жайы </A>.
Сілтемені басқа құжаттың белгілі бөліктеріне жасауға болады. Ол үшін зәкірді орнатып, ал сілтемеде файл мен зәкір атауын көрсету керек.
Мысалы:
<A HREF = "stud.htm #lek2" > Лекция 2 </a>
Гиперсілтеме түсін беру үшін BODY тегінде LINK, VLINK, ALINK атрибуттары қолданады.
LINK атрибуты гиперсілтемелердің бастапқы түсін береді.
Мысалы, <BODY LINK = “#0000FF”>
VLINK атрибуты ашылған сілтемелер түсін береді.
АLINK атрибуты задает жаңа ғана таңдалған, бірақ құжаттың экранда жаңалануына әкеліп үлгермеген сілтемелер түсін береді.
Динамикалық мүкіндіктерді жасау құрал-тәсілдері. Dhtml-дің стандартты оқиғалар және әдістер. Визуалдік фильтрлер.
Динамикалық HTML (DHTML) – бұл программаланатын HTML. Оның арқасында бет динамикалық болады.
DHTML негізгі мүмкіндіктері:
Web-бетінің объектілі-бағытталған ұсынылуы;
Тұтынушы әрекетіне жауап ретінде құжатта мәтін немесе сурет бейнеленуін көрсетпеу;
Мәтін немесе бейне анимациясы, әр түрлі элементтердің бір-біріне қатысты орналасу тереңдігін өзгерту және т.с.с.;
CSS каскадты стиль кестелері;
Нәтижелер есептелуі мен бейнеленуінің клиент ПК-нда іске асуы.
ОБП-ға келетін болсақ, онда беттің кез-келген элементі (тақырып, бейне, тізім және т.с.с.) объект болып саналады. Әрбір объектіге атау мен қасиеттерді беруге болады. Объектілер қасиеттері мен әдістері сценарийлерде көрсетіледі. Бет элементтері белгілі бір оқиғалар нәтижесінде өзгеруі мүмкін, мысалы объектіге тышқан көрсеткішін апарғанда.
Web-бет элементтерін программалау үшін, оның программаланатын элементтерін анықтау керек. Ол үшін элементтің ID атрибуті бар DIV, SPAN тегтері немесе жеке ID атрибуті (идентификатор) қолданылады.
Мысалы, егер сіз бетте гиперсілтеме әрекетін (мысалы, тұтынушы оған тышқан көрсеткішін апарғанда мәтін түсінің өзгеруі) программалағыңыз келсе, онда <A> тегінде ID атрибутін көрсетіңіз:
<A ID=link1 HREF= www.kstu.kz> КарГТУ</A>
Гиперсілтеме программаланатын объектіге айналады.
Барлық объектілер сияқты ол сыртқы әрекеттерді танып, олардың өндеушілерін шақырады. Егер link1_onmouseover процедурасын жазатын болсақ, онда ол тышқан көрсеткішін сілтеме мәтініне апарғанда автоматты түрде шақырылады.
DHTML оқиғалары Visual Basic оқиғаларына ұқсас. Все имена событий DHTML оқиғалар атауларының барлығы on префиксінен басталып әрқашан астыңғы регистрінде жазылады.
DHTML оқиғаларының қысқа тізімі 5.1 кестесінде келтірілген.
