Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
arakhno_shpor_bilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.05 Кб
Скачать

25 Билет

1 Мелафагоз, этиологиясы, ветеринариялық шаралары. Мелафагоз - Melaphagus ovinus қансорғыштары қоздыратын ауру. Бұл ауруға терінің қышынуы, дерматит, жүннің біртіндеп түсуі, арықтау, қозылардың кейде өлім – жітімге ұшырауы тән. Қоздырғышы - сары-қоныр түсті, канатсыз жәндіктер. Қуыршақтан жана шықкан ұрғашыларыньщ дене тұркы - 4,4 мм. Осы кезден-ак олардын жыныс бездерінде балаңқүрттар дами бастайды. Жәндіктің денесі арқадан-құрсаққа карай аздап жалпиған, үсті түкпен және қылмен жабылған. Басы аса үлкен емес, кеуде бөлімімен тығыз біріккен. күрделі көздері бар. Түмсығы жіңішке және үзын, тікенді-бұрғлаулы сипатты, теріні тесуге және қан соруға бейімделген Онын екі жағында қармалауыштары бар, олар жәндік тұмсығын жан-жагынан қоршап тұрады. Мұртшалары қыска екі буылтыктан құралған. Аяқ табандарында орақ тәрізді екі тырнакшалары бар. Құрсағы жалпақ, буылтыктары нашар көрінеді. Ұрғашыларының арт жағында ойығы бар, ал еркек қансорғыштардың арт жағы дөңгеленіп келеді. Балаң құрттары ақ түсті, дөңгеленген, үзындығы 3,5 мм. Олар жатыр шырынымен жүннің (түктің) астынгы жағына жапсырылады.Арт жағында нашар көрінетін екі тыныс тесігі орналасқан.Ветеринариялық-санитариялық шаралар. Басқа шаруашылқытардан әкелінген мал денесінде жәндікте бар жоғын тексеру қажет. Бар болған жағдайда жоғарыда көрсетілген дәрі – дәрмектермен дәрілейдә. Жәндіктер шыққан отардағы қойды жазғытұрым және күзде дезинфекциялық ерітінділермен эмульсияларда тотығады. Керек болағн жағдайда дезинсекциялық дустарды да пайдалануға болады. Сондай ақ қойды дәрілеумен қатар қора – жайды, қой қотандарын да креолин, лизол, ксилонафт, хлорофос және т.б.ерітінділер мен эмульсиялармен дезинсекциялау қажет.

2.Демодекоз. Демодекоз жануарлар мен адамда кездесетін тері ауруы. Бұл ауруға шалдыккан жануарлардың ең алдымен терідегі түк баданасы мен май бездерін Demodex туысына жататын өте ұсақ кенелер зақымдайды, сонан соң дерматит, гиперкератоз белгілері байқалады, жануарлар арықтайды.Ірі қара демодекозы.Бұл ауру Ресейдің солтүстік батыс аймағында көбірек тар ған. Қазақстанда демодекоз жергілікті сиыр тұқымдарында болмайды. Батыс елдерінен әкелінген малда болуы мүмкін. Демодекоз 6 айдан асқан жанураларда негізінен көктем және жаз айларында кездеседі. Бұл кезенде ересек кенелер өзінің өсіп, өнген жерлерінен тері үстіне шығады.Патогенезі. Демодекс кенелері түк баданалары мен май бездерінде көбейіп, оларды атрофияға шалдықтырады. Сондықтан терінің физиологиялық қызметі бұзылады. Сондай-ақ, жануарлар денесінде кенелердің метаболизм өнімдері жиналады. Басқа да микробтар дүниесінің дамуына жағдай туады.Ауру белгілері. Ауру малдың мойнында, жауырында, кеудесінде және арқасында үлкендігі бұршақтай бұдырмақтар (төмпешіктер) пайда болады, олардың диаметрі 2-10 мм-дей, сипап көргенде өте қатты және тығыз келеді. Кейінірек бұл төмпешіктер жұмсарып, олардың төбесі тесіліп қанды ірің пайда болады, қысқанда ішінен ақ балауыз тәрізді зат шығады. Зақымданған жерлердің түгі алғашқыда ширатылып, кейіннен түсіп қалады. Тері қалындайды, бірақ қышу болмайды.Патанатомиялық өзгерістер. Терінің іш жағынан жақсы бай- щалатын сұр заты бар тығыз ошақтар табылады. Терінің гистолонялық кесінділерін зерттегенде түк баданалары мен май бездерінің кеңейгендігі және қабырғаларының зақымданғандығы, сондай-ақ эозинофилдерден, лимфоциттерден және гистиоциттерден құралған ошақты инфильтраттар кездеседі.Диагнозын клиникалық және эпизоотологиялық деректер негізінде қояды. Оны анықгай түсу үшін төмпешіктерді қан алғыш инемен тесіп, ішіндегісін микроскоп арқылы зерттеу қажет. Ол үшін алынған жадығатқа екі есе керосин немесе вазелин майын, олар болмаса 10% ас тұзы ерітіндісін қосьш, мұқият араластырады да, «езілген тамшыларын» микроскоп арқьшы кіші немесе орташа үлкейткішімен қарайды. Тірі кенелерді өлгендерінен ажырату үшін төсеніш шыныны аздап жылжыту шарт.Емі. Қоздырғышқа дәрі тікелей дарыса, олар тез өліп қалады, бірақ қоздырғыштың тері ішіне мекендеуі оны химиялық заттардан қорғайды. Сондықтан демодокозбен ауырған жануарларды емдеу өте қиынға соғады.Демодекоз шыққан шаруашылықтарда жануарларды бүрку әдісімен немесе дәріні шашамен жағып емдейді. Емдік мақсатымен 0,5%-ды дикрезил эмульсиясын, 1%-ды хлорофос ерітіндісін қолданады. Жануарларды әрбір 4-5 күн сайын 5-6 рет дәрілеу қажет. Сонда ғана ауру белгілері бірте-бірте жоғалады. Сырттан қолдануға 0,5% корал, 1,5% карбофос, 0,2% этафос және 5% гордон эмульсиялары тиімді. Сондай-ақ 0,2% г/кг мөлше- рінде тері астына егілетін ивомек те жақсы нәтиже береді.Жоғарыда аталған эмульсиялар мен ерітінділер әр жануарға 2-3 л есебінен қолданылады. Жануарларды осындай дәрілеу олар дың организмінде ешбір жанама қүбылыстарды туғызбайды. Қандағы холинэстеразаның дарынсыздығы 30-38%-дан аспай және әрбір дәрілеуден кейін 3-4 тәуліктен соң қалпына келеді. Ауруға шалдыққан жерге жергілікті ем де қолдануға болады. Демодекоз колониялары шоғырланған жерге арасына 4-5 күн салып, 3-4 рет «Акродекс» және дерматозоль аэрозольдары қолданылады, бірақ мүндайда бүкіл тері жабынын дәрілеуді де естен шығармау шарт.Дауасы. Ай сайын жануарларды клиникалық байқаудан өткізу және демодекоз бүдырмактары түзілетін жерлерін сипау арқылы зерттеп отыру кажет. Кейде бұл бұдырмақтардан жадығат алынып, микроскоп аркылы тексеріледі. Ауру шыққан жағдайларда осы топты түгел оқшаулап емдеу шарт. Ауру жүғуы күдікті жа- нуарларді.і сақтандыру мақсатымен арасына 9-10 күн салып, екі рет акарицидтермен дәрілеу кажет.Жануарлар денесіндегі кенелерді қырумен қатар мал қораларын және ауру мап жанасқан жабдықтарды да 1%-ды хлорофос немесе дикрезил ертіндісімен 200 мл м2 мөлшерінде бүркіп дәрілейді. Сондай-ак малдың күтімі мен азықтандыруын жақсарту шарт. Шек қою шараларын, сақтандыру жүйелерін жүзеге асырғаннан соң және теріні зерттеп, тірі кенелер таба алмаған жағдайда ғана алуға болады.

3.Жылқы псороптозы.Жылқы псороптозы сиректеу кездескенмен, жіті және созылмалы түрде өтіп, тері қышуы, жүн түсіп, арықтап, дерматиттің пайда болуымен бейнеленеді.Эпизоотологиясы. Псороптозды ауру жылқылар таратады. Сондай-ақ ауру мал тұрған қора мен ондағы жабдық, ертүрман кененің сау малға таралуына мүмкіндік туғызады.Патогенезі. Көңқотыр барлық жылқыда кездеседі, әсіресе құлынтай мен жұмыс аттарында. Көңқотыр кенелері сөл тамырларымен теріні зақымдап, қабындырады. Кене жайлаған тері қатты қышып, жылқыны маздсыздандырады. Зақымдалған жердің жүні түсіп, тері қатпарланып, жарылып, ашық жаралар пайда болады. Тері бетіне шыққан сөл қатып, сарғыш қатты қабыршаққа айналады. Қанға сіңген улы заттар ОЖЖ, жүрек — қантамырлары, терінің тыныстау және зат алмасу жұмыстарын бұзады. Организмнің төзімділік қасиеті төмендеп, ауру жылқы тез арықтайды.Сырт белгілері. Инкубациялық кезеңі 10-12 күн. Ең алғаш зақымдану қамыт-сайманға қатынасты жерден басталып, дененің басқа бөліктеріне тарайды. Тай-құлынмен табындағы ересек жылқыларда көңқотыр жал асты, құйрық түбі, санның ішкі жағынан басталады. Зақымдалған жері қышып.бөртіп, ылғалданып, жүні түседі. Тақырланған тері қалындап, қатпарланып, жарылып, жарақаттанады. Жылқы арықтап, жұмыс қабілеті төмендейді.Ауруды анықтау. Жылқы көңқотырын эпизоотологиялық, клиникалық мәліметтерге қоса, теріден қырынды алынып зерттеледі.Емдеу және аурудан сақтандыру шаралары. Дәрілеу алдында жылқы денесін сабындалған жылы сумен, не 0,2%- дық күйдіргіш сода ертіндісімен немесе ОП-7 жуады. Қыс- та 10-12 күн аралығында екі рет хлорофос, дусты пайдаланады. Көктемде олардың түгіне 1,5 пайыздық хлорофостың сулы ертіндісін немесе 3%-дық коллоидті күкірт суспензиясын бүркеді. Дәрілеуді 6-7 күнде бір рет жүргізіп, 2-3 рет қайталайды. Ат қора мен жабдықтарды, ер-түрман, қамыт-сайманды түгелімен дезакаризациядан өткізеді. Бір жылда жылқыда қотыр байқалмаса, шаруашылықта ауру жойылды деп есептеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]