Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
діст.нсау прак.саб.саяси псх..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357.89 Кб
Скачать

10. Практикалық сабақ. Еркіндік психологиясының негізгі заңдылықтары

1. Тұлғаның интегративтілігі ретіндегі психоәлеуметтік сәйкестілік кезеңдері.

Э.Эриксонның пікірінше, дамудың ең басты критерииі – тұлғаның интегративтілігі ретінде жүретін психоәлеуметтік сәйкестілік. Осыған байланысты келесідей кезеңдерді бөлсек болады:

1. Базалық (базальное) “сенім арту – немесе сенімсіздік көрсету”, нәтижесінде үміт, “қорғаныс” сезімі немесе үмітсіздік (ең бастысы – сенімді және өмір “жақсы” деген сияқты сезімдерді қалыптастыра білу) қалыптасуы мүмкін (1 жылға дейін);

2. “Автономия немесе күмәндану және ұялу” (отандық психологиясында “Мен өзім” деген нәрсенің қалыптасуына жақынырақ) (1-3 жас);

3. “Белсенділік немесе өзін өзі кінәләу сезімі” (қарапайым қоғамдық нормаларды игеру) (3-6 жас);

4. “Еңбексүйгіштік, пайдаға асу немесе жетіспеушілік сезімі” (өз қатарындағылармен қарым-қатынас, өзара жарысу, өзіндік сәйкестілік) (6-14 жас);

5. “Сәйкестілік немесе мойындамау”; “рөлдік сәйкестіліктің” қалыптасуы; кәсіби және тұлғалық жағынан өзін өзі анықтау (Е.А. Климов бойынша “оптация” сатысына жақынырақ) (14-20 жас). Э. Эриксон бұл сатыны ең қиын және адам өмірінде күрделісі деп есептеген. Оған қоса, Э. Эриксон “жасөспірімнің ең басты мәселесі – аристократия мен идеологияны іздестіруінде”, яғни еліктеу үшін ең жақсы деген бейнелерді табу деп айтып өткен.

6. “Серіктестік немесе бас тарту, шеттету”; интимді қарым-қатынастың дамуы, отбасын жоспарлау және құру (20-35 жас);

7. “Достық немесе шеттену”; кәсіби қызмет, шығармашылығы, өзін-өзі құрметтеу, қоғамдағы мәртебесі (Э.Эриксон бойынша адам өміріндегі маңызды сатылардың бірі, яғни бұл сатыда адам өміріндегі ең басты істерінде өзін өзі толық жүзеге асыру мүмкіндігінің орындалуы мен орындалмауы) (35-65 жас);

8. Өз өмірін бағалау, танып білу, барлық өмірінің біртұтастылығын немесе керісінше, өмірінің сәтсіздігін мойындау (60-65 жас және одан жоғары).

XX ғасыр басында жаңа бағыт–фрейдизм пайда болады. Зигмунд Фрейд психология пәні ретінде сананың жасырын бөлігі – бейсаналықты есептеді. Қажеттіліктер мен мотивтер сирек ұғынылады, қажеттілік ол құштарлық, біз өзіміздің мінез-құлқымызды, бір нәрсені орындау тілегімізді, құштарлықты, бейсаналықты зерттеуді түсіндіре алмаймыз. Әрбір адам нені көргісі келсе, тек соны ғана көре алады. Ойлау да, ақыл есте құшиарлықпен бейсаналылық жетегіне еріп кетеді, адам әрекеттері терең ниеттенумен басқарылып отырады. Дәл осы терең ниеттену психологиялық ғылымның пәні болуы тиіс. Фрейд психоталдау әдісін ойлап тапты, бұл әдіс көмегімен адамның терең ниеттенуін зерттеуге және оларды басқаруға болады. Психоталдауәдісінің негізі ретінде еркін ассоциация, түс көруді талдау болып табылады.

З.Фрейд бойынша адам мінез-құлқының тамыры – оның балалық шағында жатыр. Адам қалыптасуы мен дамуы процесіндегі негізгі рөлді сексуалдық инстинктер мен құштарлықтар алады.

Фрейд оқушысы А.Адлер әрбір тұлға мінез-құлқының негізінде сексуалды құштарлық емес, балалық шағында, яғни баланың ата-аналарынан, қоршаған ортаға тәуелділігі жоғары болған уақытта пайда болған өзін-өзі кемсіз етушілік сезімі жатыр деп есептеген.

К.Хорнидің неофрейдтік концепциясында ішкі тұлғалық жан-жалдар негізінде жатқан әрбір адамға тән “негізгі мазалануда” мінез-құлық анықталады. Хорни әрбір адамның қажеттіліктері мен олардың қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтарға мән береді.

К.Г.Юнг психика тек ерте балалық шақтың әсерінен ғана қалыптастпайды, ол сонымен бірге сонау ғасырлардан келген үлгілерден мұра болып келуі мүмкін. Сондықтан да психиканы зерттеу кезінде “ұжымдық бейсаналық” ұғымын ескерген жөн.

Ақпаратты өңдеу процесстері және осы процесстердің нәтижесі психология пәні ретінде. Когнитивті бағыт теориясы адам білімі мидың сыртқы ортадан алған ақпараттарымен немесе тумысынан ондағы біліміне ұқсас келмейді деген ойға мән береді.

Гештальт психология белгілі бір ішкі құрылымның және олардың перцептивті және когнитивті процесстерге әсерінің бағдарланғандығын ерекше көрсетеді.

Конструктивистердің ойынша, детерминистивті интеллектуалды функциялар адамның қоршаған ортаға белсенді әрекетінің нәтижесіне интеллектінің қалыптасуына мүмкіндік береді.

Когнитивті психология ойлау процестері мен ақпараттың өңделуі процесстерінің жетілу жолдарын түсіндіруге тырысады.

Адамның жеке тәжірибесі психология пәні ретінде. Гуманистік психологтардың пікірінше. Адам өзін-өзі бағалай алады және өзінің тұлға ретінде дамуына жол таба алады. Бұндай тұрғыдан келудегі субъективтілік адамның өзі туралы ойы мен оның шын мәніндегі жағдайы арасында айырмашылықты орнатуды қиындатады. Осы тұрғыдан келу идеясы психологиялық тәжірибе үшін пайдалы болады, бірақ психология теориясына ешқандай үлес қоспады. Оған қоса, осы бағыт аясында зерттеу пәні тіпті жоғалып та кеткен.

Мінез-құлық психологияның пәні ретінде Фрейдизммен қатар XX ғасыр басында бихевиоризм “Физиологиялық психологияның” сәтсіз тәжірибелік зерттеулеріне реакция ретінде пайда болды. Бихевиоризм немесе “мінез-құлықтың психологиясы” пәні - мінез-құлық болып табылады. Бихевиористердің (Уотсон, Торндайк) пікірінше, адамның өткен тәжірибесін ескере отырып және қоздырғыш күштерді біле отырып, адамдардың физиологиялық механизмдеріне мән бермей-ақ мінез-құлықтың жаңа формаларының қалыптасуы мен оны игеру процесстерін зерттеуге болады. Мінез-құлық ретінде сыртқы әрекеттер қарастырылған:

П – ER (реакция соммасы)

S - R (мінез-құлық)

Стимулдар жиынтығы сәйкесінше реакциялар жиынтығын туындатады: негативті реакция – негативті стимулды, позитивті реакция – позитивті стимулды оятады. Емтиханнан “өте жақсы” деген баға алғанда реакция басқа да, “қанағаттандырылмаған” бағасын алғандағы реакция екі басқа. Егер де адам баласын жаттықтыратын болсақ, онда олар жануарларға айналып кетеді. Мінез-құлықтың ішкі себептерін зерттеу мақсатында тышқандарға тәжірибелер жүргізілді.

Американ психологы Дж.Уотсон И.П.Павловтың зерттеулері негізінде игеруде сана ешқандай рөл атқармайды деген қорытындыға келді. Оған психологияда орын жоқ дейді ол. Мінез-құлықтың жаңа формаларын шартты рефлекстер ретінде қарастырған жөн. Олардың негізінде бірнеше тумысынан болатын немесе шартсыз рефлестер жатыр. Уотсон және олардың қызметкерлері қателер арқылы игеріп-үйрену теориясын ұсынды. Одан кейін стимул әрекеті мен мінез-құлықтың реакциялар арасында келіп түсетін ақпараттардың белседі қайта өңдеу процесстері өтетіндігі белгілі болып, ол процесстерсіз жануарлардың немесе адамдардың жеке стимулдарына беретін реакцияларын түсіндіру мүмкін емес болды. Осылайша, необихевиоризм (Толмен және т.б.) мен оның ең басты түсінігі “аралық өзгермелілігі” пайда болды. Оның негізін кестелі түрде келесідей етіп көрсетуге болады:

S О R аралық өзгермелілік ендіріледі

О – қара жәшік