Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Синдромдық диагностика оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.9 Mб
Скачать

Аурудың даму тарихы

Сұрастырудың бұл бөлімін жүргізгенде, гематологиялық аурулардың көрінісі жиі спецификалық емес болады, соған байланысты аурудың басталуын және оның ағым ерекшелігін анықтау қиын болатынын есте сақтау керек. Бұл кезде анамнезінде жорамалдаған әсер етуші факторларды анықтау нақты бір көмек береді, мысалы агронулоцитоз тудыратын дәрілердің және тағамдық заттарды қолданғанда; лейкозға радиоактивті, рентгендік сәулелермен қатынаста болғанда; тағамда анемияға әкелетін факторы болатын дәруменнің жеткіліксіздігі.

Міндетті түрде сұрау керек, науқаста бұрын қанын тексергенін, оның нәтижелері қандай болғанын. Науқастың қолында медициналық құжаты бар болса (ауру тарихының көшірмесі, анықтамалар және т.б.) онымен танысу керек.

Науқасты сұрастырып болған соң гематологиялық аурудың ағымын болжауға болады, оның жіті немесе созылмалы екенін анықтау керек. Бұл үшін науқастың айтқан симтомдардың динамикасын анықтау керек.

Бұрын жүргізілген емді және оның тиімділігін білу қажет. Бұл дәрігерді дұрыс диагностикалауды және адекватты терапия тағайындауға бағыт береді.

Науқастың өмір тарихы

Науқастарды сұрастырғанда нақты диагностикалық маңызға, оның тұрмыстық жағдайын (күн сәулесінің жиілігі және күші, тамақтану, тағамда дәрумендердің болуы), сонымен қатар еңбек жағдайы (өндірістік улардың әсері – қорғасынның, мышьяктың, бензолдың, радиоактивті препараттармен жұмыс жасау); қауіпсіздік техникасын сақтамағандықтан зиянды заттардың әсерінен анемия дамуы мүмкін.

Аурудың этиологиясын анықтау үшін науқастың бұрын басынан өткен аурулары туралы сұрастыру көптеген маңызды мәліметтер беруі мүмкін. Мысалы, анемия дамуының себебі қанкету, айқын және жасырын болуы мүмкін, ісікте, он екі елі ішектің, асқазанның ойық жарасында, туберкулезде және т.б. Сұрастыру кезінде анамнезінде бауыр аурулары, яғни жиі геморрагиялық синдроммен қосарланатын бүйрек аурулары, құрт инвазиясы үлкен маңызға ие. Ұзақ уақыт бойы бақылаусыз көптеген дәрілік препараттарды қабылдау (бутадион, амидопирин, левомицетин, цитостотиктер) анемиялық және геморрогиялық синдромдардың дамуына әкеледі.

Қан жүйесінің кейбір аурулары тұқымқуалаушылық – конституциналді болады (гемофилия, гемолитикалық анемия және т.б.) сондықтан сұрастырған кезде тұқымқуалаушылық туралы мәліметтерді анықтау маңызды.

8.2 Объективті зерттеу Жалпы қарау

Тері жамылғыларының, тырнақтардың, шаштардың өзгерістері. Анемия кезінде негізгі симптом болып терінің және шырышты қабаттардың түсі анемия этиологиясына байланысты әртүрлі реңді болып табылады. Осылай, ерте хлороз жасылдау реңмен балауыз тәрізді бозарумен сипатталады. Аддисон-Бирмер анемиясы (пернициозды, В12-тапшылықты) терінің ашық-лимонды сары реңді бозаруымен сипатталады. Терінің бозаруы күнге күюмен немесе тума қара торы тәрізді болып көрінуі мүмкін. Сондықтан анемизацияның дәлелді белгісі шырышты қабаттардың бозғылттығы, жоғарғы және төменгі қабақтар конъюктивасының бозаруы болып табылады.

Анемиядан айырмашылығы сол, эритремияда тері шие – қызыл түсті, әсіресе бетте, мойында және қол бастарында болуы тән.

Геморрагиялық диатездерде теріде және шырышты қабаттарда қан құйылулар – ұсақ нүктелі петехиялардан ірі дақтарға дейін (қанталаулар) пайда болады. Олар жай ғана механикалық әсерлерден де пайда болады және уақыт өте түсін (қызыл – «көгерулер» – сары) өзгертеді.

Жіті лейкоздарда тері жамылғыларының өзгеруі тері үстінен көтеріңкі (лейкемидтер) тұратын спецификалық лейкемиялық инфильтраттар түрінде байқалуы мүмкін, олар аурудың кеш кезеңдерінде кездеседі және көптеген сипатта болады. Олардың түсі алқызыл немесе ашық қоңыр болады. Одан басқа, анемияға және геморрагиялық диатезге байланысты, жиі лейкозбен қосарланатын, мұндай науқастарда тері жамылғысы боз, қан құйылулар белгілерімен. Созылмалы лимфолейкоз кезінде спецификалық тері белгілерінің түріне бетте орналасқан және оған тән сипат беретін – «арыстан» беті, яғни түйінді шектеулі өсінділер болып табылады.

Лимфогранулематоз кезінде теріде кейде пальпациялағанда ауырсынатын, арқада, иықтың жоғарғы бөлімінде, сүт бездерінде орналасқан түйіндер пайда болады.

Шаштар, тырнақтар анемия кезінде, жиі темір жеткіліксіздік анемиясында өзгереді. Шаштар сынғыш, ұштанғыш, түскіш болады. Тырнақтар жылтырлығын жоғалтып, сынғыш, иілгіш болады, көлденең қатпарлар пайда болады. Бұл өзгерістер койлонихиялар деп аталады (жегіленген тырнақтар).

Ауыз қуысының және аңқаның өзгерістері. Анемияларда ауыздың шырышты қабаты бозарады, ал В12-тапшылықты анемияда одан басқа да тіл емізікшелерінің атрофиясы тән: оның беті тегістеледі (Гунтер глосситі). Ауыз қуысын қарағанда геморрагиялық диатез белгілерін көруге болады. Жіті лейкозда аңқаны қарағанда ауыздан жаман иісті шығаратын некротикалық ангинаны анықтауға болады. Жіті лейкозға, сонымен қатар стоматиттің болуы, қызыл иектен қан аққыштық тән.

Лимфатикалық түйіндердің өзгерістері. Қан аурулары диагностикасында мойын, қолтықасты және дененің басқа да аймақтарындағы лимфа түйіндерін қарау және сипап сезу маңызды болып табылады. Мұнда түйіндердің көлеміне, олардың консистенциясына, ауырсынуына, қозғалғыштығына, ондағы тері түсіне назар аудару керек. Лимфатикалық түйіндердің ұлғаюы лимфолейкозға, лимфогранулемотозға, лимфосаркоматозға тән. Бұл ауруларда көптеген лимфа түйіндері ұлғаяды (жүйе бойынша зақымдану).

Естен шығармайтын факт, яғни лимфа түйіндері тек қан патологияларында ғана емес, сонымен қатар туберкулезде, ісік метастаздарында және т.б. ұлғаюы мүмкін.

Әрбір ұлғайған лимфа түйіндері анықталған жағдайларда салыстырмалы диагностика жүргізу керек. Туберкулез кезінде лимфа түйіндері тығыз, терімен жабысқан, ауырсынатын, жиі іріңдеп жыланкөздерге айналады, ісік кезінде лимфа түйіндері тығыз, бұдырлы, айналасындағы тіндерімен айқын жабысқан, соған қарамастан лимфолейкозда түйіндер жұмсақ, ауырсынусыз, жеңіл қозғалғыш, айналасындағы тіндермен жабыспаған, бірақ лимфогранулематоз және лимфосаркоматозда олар тығыз және айналасындағы тіндермен емес, бір –бірімен жабысқан, ауырсынусыз, қозғалғыш, ондағы тері өзгермеген.

Сүйектердің өзгерістері. Лейкоздарда, анемиялардың кейбір түрлерінде сүйек кемігінің біршама гиперплазиясы және оның тіндерімен инфильтрациясымен бірге, метаплазиясы байқалады. Мұндай жағдайларда төс аймағын, басқа да жазық сүйектерді соққылағанда және басқанда, кейде түтікше сүйектер аймағында да ауырсынуды анықтауға болады.