Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Синдромдық диагностика оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.9 Mб
Скачать

7.1 Сұрастыру

Зәр шығару мүшелері ауруларының патологиялық субъективті белгілеріне жататындар: ауырсынулар; зәр шығару бұзылыстары; зәр түсінің өзгеруі; ісінулер; артериалды қысымның жоғарылауымен байланысты бүйрек патологиясында жиі кездесетін шағымдар тобы; бүйрек жеткіліксіздігіне тән (олар болған жағдайда) шағымдар тобы.

Ауырсынулар. Бел аймағындағы ауырсынулар оларды тудыратын себептеріне байланысты, сапалы айырмашылықтары бар. Ауырсыну синдромы жіті және созылмалы гломерулонефрит кезінде әлсіз айқындалған немесе болмайды.

Бел аймағындағы ауырсыну сезімінің себебі мұндай жағдайларда бүйрек тінінің қабынулық ісінуі салдарынан біртіндеп созылуы болып табылады; одан да өткір ауырсынулар бүйрек инфарктінде байқалады, олар бүйрек капсуласының жылдам және қатты созылуымен байланысты болады.

Бел аймағындағы ұстама тәрізді, интенсивті несепағар бойына, жыныс мүшелеріне, санның медиалды бетіне таралатын ауырсынулар бүйрек шаншуы деп аталады. Оның себебі несепағардың таспен бітеліп қалуы кезінде зәрдің ағуының бұзылысы, ал кезбе бүйрек кезінде қан қойыртпағымен бітеліп қалуы болып табылады (несепағардың қисаюы болса). Зәр шықпай қалуы салдарынан несепағардың ( блоктан жоғары), түбекшелерінің созылуы болады. Бұл созылу, сонымен қатар зәр шығару жолдарының жазық бұлшықеттерінің спастикалық рефлекторлық жиырылуы ондағы орналасқан жүйке талшықтарының тітіркенуіне әкеліп, шектен тыс ауырсыну себебі болып табылады (82-сурет).

Бел аймағындағы тұрақты қарқынды, қабырғаастына берілетін ауырсыну науқастарды бүйрек маңы клеткасы қабынуында мазалайды. Ауырсыну аяқты зақымдалған жағында жамбас-сан буынында бүккенде азаяды және аяқты созғанда күшейеді.

Қуық аурулары кезінде жиі шат үсті аймағыда тұйық ауырсынулар мазалайды, кейде олар сегізкөзде орналасады.

Зәр шығару түтікшесі қабынғанда ауырсыну зәр шығару кезінде пайда болады, бірақ онсыз да науқастар жиі күйдіру сезімі, әсіресе өзектің сыртқы тесік аймағында сезіледі.

82-сурет. Бүйрек және несепағар аурулары кезіндегі ауырсыну нүктелері: а алдынан; б – артқа жағынан; 1 – жоғарғы несепағарлық нүкте; 2 – ортаңғы несепағарлық нүкте; 3 – іштің тік бұлшықетінің сыртқы жиегі; 4 - spina iliаса anterior superior; 5 – қабырға-омыртқалық нүкте; 6 – қабырға-белдік нүкте.

Зәр бөліну бұзылыстарына бөлінетін зәрдің мөлшері, сонымен қатар зәр шығару үдерісі де жатады. Нақты бір уақыт аралығындағы түзілетін зәр көлемі диурез (diuresis) деп аталады. Жиі тәуліктік диурезді өлшеу қолданылады – 24 сағаттың ішінде бөлінген және қалыптыда 2 л аспайтын зәр көлемі. Дені сау ересек адамда зәрдің тәуліктік бөлінуі ішкен сұйықтықтың мөлшерінің 67-75%-ын құрайды.

Жалпы зәр мөлшерінің 2/3 бөлігі күндіз, ал 1/3-і – түнде бөлінуі керек. Әртүрлі патологиялық жағдайларда бөлінетін зәр мөлшері біршама көбею жағына, сонымен қатар азаю жағына да өзеруі мүмкін.

Полиурия (polyuria) – тәуліктік диурез 3 л дейін және одан да көбеюі. Ол жіті немесе созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі дамуымен қосарланатын бүйрек зақымдануы кезінде байқалады. Полиурия генезі әртүрлі полидипсия кезінде (қатты шөлдегенде көп мөлшерде су ішу), қантсыз диабетте, ісінулер тез басылғанда байқалады. Қысқамерзімді полиурия жүйке-психикалық қозудан кейін, бас сақинасы, стенокардия ұстамасынан кейін байқалады.

Никтурия (nicturia) – түнгі диурездің күндізгіден басым болуы. Ол созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің (uremia), қанайналым жеткіліксіздігінің ерте белгісі болуы мүмкін. Полиуриямен қосарласқан никтурия кейде ұзақ уақыт бойы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің жалғыз белгісі болып қала береді. Жіті бүйрек жеткіліксіздігінде полиурияның пайда болуына бүйрек функциясының қалпына келуінің басталуын көрсететін жағымды белгісі болып табылады.

Олигурия (oliguria) – тәулік бойы бөлінетін зәр мөлшерінің 500 мл-ге дейін және одан да аз болуы – жіті гломерулонефриттің басында, нефротикалық синдром кезінде, жіті және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде байқалады. Жіті гломерулонефрит кезінде олигурияның себебі – түбекшелердегі қанайналым нашарлануына байланысты түбекшелік фильтрацияның төмендеуі. Нефротикалық синдром кезінде олигурия себебі блып судың ініну түрінде экстореналды ұсталып қалуы табылады. Жіті және созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде олигурия бүйректердің ауыр функционалдық жеткіліксіздігін көрсетеді. Сонымен қатар олигурия қатты тер бөлінуде, құсқанда, іш өтулерде, қан кетулерде, жүрек жеткіліксіздігі кезінде болады.

Анурия (anuria) - қуыққа тәулік бойына 50 мл-ден аз зәр келіп түсетін жағдай. Ареналды, пререналды, реналды (секреторлы) және субреналды анурия болып бөлінеді.

Ареналды анурия жаңа тұрған нәрестелерде ота жасап алып тастау нәтидесінде байқалады. Пререналды анурия бауырдан тыс себептерден пайда болады, жиі бүйректердің қанайналымы жеткіліксіздігі салдарынан (шок, коллапс, жүрек жеткіліксіздігі) немесе оның толық тоқтауы кезінде (қолқаның, бүйрек артерияларының немесе веналардың тромбозы), сонымен қатар дегидратация нәтижесі ретінде (қан жоғалту, іш өту, құсу). Реналды анурия бүйрек паренхимасы зақымдалуы нәтижесінде дамиды, оның негізінде бүйрек қанайналымының бұзылысы жатыр (ишемия, гипоксия), ол әр түрлі себептерге байланысты (интоксикациядан, органикалық улармен уланудан, ауыр металдардың және т.б. тұздармен уланудан болған жіті бүйрек жеткіліксіздігі). Реналды және пререналды анурия патогенезінде бүйрек қанайналымы бұзылыстары жетекші болғандықтан, аниурияның пререналды болып бөлінуі шартты түрде. Субреналды анурия зәрдің зәр шығару жолдарымен бөлінуі нәтижесінде пайда болады. Оның жиі себептері – екі жақты бүйрек тастары, несепағарлардың сыртынан ісіктермен қысылуы.

Зәр шығару үдерісімен байланысты зәр бөліну бұзылыстарына келесілер жатады.

Ишурия – зәрдің шықпай қалуы. Науқас қуығын босата алмайды. Бұл қуық қысылғанда, жұлын зақымданағанда, ес-түссіз жағдайында байқалады.

Осылай, анурия және ишурия кезінде де зәр шығарылмайды. Бұл екі жағдайдың айырмашылығы мынада, анурия кезінде қуықтың іші бос, бүйрек зәр шығармайды, ал ишурия кезінде қуыққа зәр толған, бірақ ол одан эвакуацияланбайды.

Поллакиурия – жиі зәр шығару.

Странгурия – ауырсынумен зәр шығару.

Екі симптом бірігіп дизурия деп аталады, ол жиі әр жолдары инфекциялармен (цистит, уретрит, простатит), зәр шығарудың несепағар бойымен тастың, қан қойырпағының тұрып қалуынан, некротикалық заттармен (бүйрек туберкулезі, оның ыдыраған ісігі) байланысты болады. Рецидивтеуші дизурия бүйрек туберкулезіне тән симптом (кейде жалғыз).

Зәр түсінің өзгеруі. Дені сау адамда зәрдің түсі сабан-сары, ол онда урохромның болуымен байланысты.

Ет жуындысы тәрізді немесе қызыл түсті зәрдің бөлінуі (кірлі - қызыл) гематурия деп аталады. Гематурия жіті гломерулонефритпен, несеп-тас ауруымен, бүйрек инфарктімен, бүйректердің және зәр шығару жолдары туберкулезімен, кез- келген зәр шығару жүйесінің және бүйректің жарақаты нәтижесінде қан кетумен, геморргиялық диатезбен байланысты болуы мүмкін.

Күңгірт-қоңыр түсті, яғни сыра түстес зәр пигменттерінің зәрмен бөлінуі кезінде болады. Бұл кезде онда көбік түзілуі жоғары болады.

Бозғылт-сары, тіпті түссіз зәр қантты диабетте және қантсыз диабетте, жалпы полиурияда болады.

Есте сақтау керек, зәрдің түсі кейбір дәрілік заттарды және тағамдарды қабылдағанда өзгеруі мүмкін.

Ісінулер бүйрек аурулары кезінде айқындылығына, локализациясына, тұрақтылығына байланысты әртүрлі. Олар туралы толығырақ "Жалпы қарау" бөліміне қараңыз. Ісінулер кейде жиі науқасты дәрігерге қаралуға итермелейтін жалғыз симптом болып табылады. Көптеген бүйрек ауруларына тән беттің ісінуін науқастың өзін емес, айналасындағы адамдар байқайды.

Артериалдық қысымның жоғарылауымен байланысты шағымдар әртүрлі бүйрек аурулары кезінде жиі дамитын артериалық гипертензияның пайда болуына (симптомдық гипертензия), сонымен қатар бүйрек зақымдалуының жалғыз ғана белгісі болуы мүмкін. Есте сақтау керек, қысымның жоғарылауы симптомсыз өтуі мүмкін және медициналық қарау кезінде кездейсоқ анықталуы мүмкін. Артериалдық қысымның жоғары көрсеткіштері кейде бүйрек аурулары диагностикасның бастапқы звеносы болып табылады. Оны анықтаудың келесідей жағдайлары боллуы мүмкін. Науқастың өзі бөлмейтін, жоғары және тұрақты артериалдық қысым жүректің сол қарыншасына біршама салмақ түседі, уақыт өте ол әлсірейді.

Дамып келе жатқан жүрек астмасы (тұншығу ұстамасы) науқасты дәрігерге әкеледі, бұл кезде анықталған артериалдық гипертензия бүйрек ауруларын іздеуге бағыттайды.

Симптомдық бүйректік гипертензия туралы мәліметтер төменде "негізгі бүйректік синдромдар" бөлімінде көрсетілген.

Бұл бөлімді аяқтаған соң, көрсетуге болады, қызба тәрізді бүйрек патологиялары, сонымен қатар спецификалық емес симптомдармен бөлінуі мүмкін (пиелонефрит, паранефрит, бүйрек ісіктері және т.б.), сонымен қатар есте болатын жағдай, көптеген науқастар өзін бүйректің қатты зақымдалуы кезінде де ұзақ уақыт бойы қанағаттанарлық болып қалады.