Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Синдромдық диагностика оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.9 Mб
Скачать

Сарғаюдың зертханалық диагностикасы

Сарғаю түрлері

Қандағы билирубин

Несеп

Нәжістегі стеркобилин

байланысқан

бос

уробилин

билирубин

Бауырүстілік (гемолитикалық)

Жоқ

Көп көлемде

Жоғарылаған

Жоқ

Көп көлемде (плейохромия)

Бауырлық (паренхиматозды)

Байқалады

Жоғарылаған

Жоғарылаған

Байқалады

Қалыпты, кейбір жағдайларда болмайды

Бауырастылық (механикалық)

Көп көлемде

Жоғарылаған

Жоқ

Көп көлемде

Жоқ (ахолия)

Ескерту: қалыпты жағдайда қанда тек қана бос билирубин (20 мкмоль/л дейін); несепте – уробилин іздері, билирубин жоқ; нәжісте – стеркобилин кездеседі.

6.3.2 Порталды гипертензия

Аталған синдром қақпа венасында тұрақты түрде қан қысымының жоғарылауымен сипатталады, ол порто-кавальді анастомоздардың кеңеюімен, асцитпен, көкбауырдың ұлғаюымен байқалады.

Қақпа венасында қысымның жоғарылауы одан қан ағысының бұзылуымен байланысты, сонымен қатар келесі неізгі себептердің күшінен туындаған: 1) венаның сыртынан ісікпен немесе оның метазтаздарымен қысылуынан; 2) бауыр паренхимасының оның тіндерімен деструкциясымен қоса жүретін созылмалы зақымдалуы (жиі бауыр циррозы); 3) қақпа венасының немесе оның тармақтарының тромбозы.

Порто-кавалды анастомоздар (қалыптыда атқылайтын) порталды гипертензия кезінде келесі аймақтарда кеңейеді; өңеште және асқазанның кардиалды бөлімінде; тік ішекте (геморроидалды веналар); алдыңғы іштік қабырғаларында.

Асциттің дамуы қақпа венасында, сонымен қатар ішек қабырғаларындағы оның тармақтарында қысым жоғарылағанда болады. Қанның сұйық бөлігі осы ұсақ тамырлардан іш қуысына өтеді. Ішек тамырларындағы қысымның жоғарылауының бастапқы кезеңдерінде әдетте қанайналымның локалды бұзылыстарына және асқорыту үдерісінің ішектердегі газ түзілудің жоғарылауына әкеледі. Сондықтан асциттің дамуын алдыңғы ереже бойынша іштің кебуі болады ("жаңбыр алдындағы жел тәрізді").

Көкбауырдың ұлғаюы бір жағынан ондағы қақпа венасына қан кету бұзылыстарына байланысты іркіліске байланысты, екінші жағынан – бұл мүшеде дистрофикалық өзгерістердің дамуына байланысты.

Порталды гипертензия кезінде шағымдар: 1) өңештен және геморроидалды қан кетулер (кеңейген порто-кавалды, асцит); 2) іштің ұлғаюы (метеоризм, асцит); 3) диспепсиялық бұзылыстар: қақапа венасының ішек қабырғасында орналасқан тармақтарында қысымның жоғарылауы ондағы сіңірілудің бұзылысына әкеледі, бұл метеоризмге, жүрек айнуға, кекіруге, дәреттің бұзылыстарына әкеледі; 4) қақпа венасынан қан келуі бұзылыстарына әкелетін себептермен байланысты шағымдар.

Қарап тексеру: 1) іш көлемінің ұлғаюы. Егер іш қуысындағы сұйықтық көлемі аз болса, онда науқастың жатқан қалпында іштің бүйір бөлімдері бұлтиып тұрғаны көрінеді - "бақа іші тәрізді"; 2) іштің қабырғасында, кеуде торшасының алдыңғы беткейінде кеңейген тамырлар шоғыры, caput medusae – медуза басына ұқсайтын (сирек кездесетін) кіндік аймағында тамырлардың кеңеюі.

Перкуссияда: бауыр көлемінің ұлғаюы немесе кішіреюі (гипертрофиялық және атрофиялық бауыр циррозы); көкбауыр көлемінің ұлғаюы. Айқын метеоризм кезінде іштің барлық бөлімінде тимпанит естіледі: айқын асцитте тұйықтық анықталады; шамалы асцитте - іштің бүйір бөлімдерінде тұйық дыбыс.

Пальпацияда: бауырдың гипертрофиялық циррозда, ісік жағдайларында ұлғаюы. Көкбауыр ұлғаюы.