Белокты денелердің түзілуі
Үшінші кезең-белокты денелердің түзілуі.Опариннің теориясы бойынша белокты денелердің түзілу жолындағы келесі қадам-коацерват тамшысының түзілуі,яғни екі түрлі белокты ерітінділерді араластырғанда тұнба беретін микроскоптық тамшының түзілуі.Әдетте,белоктар суда жақсы еріп,мөлдір ерітінді түзеді.Ерітіндінің мөлдірлігі белок молекулаларының бүкіл еріткіштің ішіне біркелкі тарап кетуіне байланысты.Ал,егер екі түрлі белокты ,мысалы желатин мен альбуминді араластырсақ,ерітінді лайланып кетеді.Осындай лайланған ерітіндіні микроскоппен қарайтын болсақ онда өз алдына бөлініп суда қалқып жүрген тамшыларды көреміз.Коацерват тамшысының түзілуі әр түрлі белоктарды араластырғанда олардың бөлшектері бірігіп молекулалар үйірін
құрауына байланысты.Сондай үйірде бірнеше миллиондаған молекулалардың басы қосылып,ол үлкен көлем алып коацерват тамшысы түрінде микроскоп арқылы көрінеді.
Коацерват тамшылары сұйық бола тұрса да,олардың өздерңне тән құрылысы бар,соның арқасында өзін қоршап тұрған ертіндіден заттарды оңай ұстап қалады.Мұны көрсету қиын емес: коацерват тамшыларын қоршап тұрған суға аздап метилен көгін ерітіп байқауға болады.Мұнда микроскоп арқылы тамшылардың бояуды бірте-бірте сіңіріп ерітіндінің өзі мөлдірленетінін көреміз.Егер бояудың орнына қант немесе амин қышқылдарын ерітіндіге қоссақ,оларды коацерват тамшылары сіңіріп қана қоймайды,бұлар тамшының өз заттарымен әрекеттесе бастайды.Сөйтіп тамшыда синтездеу процесі жүреді.Бірақ,сонымен қатар бірсыпыра ыдырау процестері де жүріп жатады.Бұл екі процессте коацерват тамшыларында өте баяу жүреді.
Коацерват тамшыларының әрқайсысының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты не синтез процесі тезірек, немесе керісінше ыдырау процесі тез жүруі мүмкін.Егер ыдырау синтезден интенсивті болса,онда мұндай тамшы динамикалық тұрақты түзіліс болмайды,бірнеше уақыттан кейін ол жойылып кетеді.Ал құралу процесі жылдамырақ жүрген жағдайда,тамшылар өсе бастайды,көлемі ұлғайып,салмағы артады.Тамшы белгілі бір көлемге жеткенше өсе береді,одан кейін ол екіге бөлініп кетеді.
Коацерват тамшылары белокты заттарды жай араластырғанда болатындығы,алғашқы мұхит суында еріп жүрген қарапайым белок заттарынан,ерте ме,кеш пе, коацерват тамшылары пайда болғандығын көрсетеді.Ол тамшылардың динамикалық тұрақтылығы түрліше болды. Сөйтіп академик Опариннің айтуынша,одан былай өмір сүру правасын динамикалық тұрақты формалары ғана алды.
Осыдан анорганикалық табиғатта болмаған биологиялық сипатта жаңа заңдылық –коацерват тамшыларының табиғи сұрыптауы пайда болды.
Табиғи сұрыптаудың әсерімен белоктық заттардың құрылысының сапасы белгілі бағытта,ыдырау және синтез процестерінің үйлесу бағытында үнемі өзгеріп отырды,коацерват тамшысының жұтқан
заттары соның өзіне тән затқа айналу бағытында өзгеріп отырды.Осының нәтижесінде органикалық заттардың алмасуына тән синтез және ыдырау процестерінде үйлесімділік пйда болды.Ең ақырында диалектиқалық қарғу арқылы зат алмасу қабілеті бар белокты денелер түзілді,яғни алғашқы тірі организм пайда болды.
П.Эрлих пен Р.Холмның айтуынша орнанизмніңата-тегінің болжамды құрылысының күрделірек дәрежесі төмен болуына байланысты толық өзіне ұқсас ұрпақ бергендей биологиялық системасы болған жоқ.Сірә,осы сатысында организмнің функциялық ерекшеліктерін ұрпағына дәл берілуін қамтамыз еткендей генетикалық ешқандай механизмі болмаса керек.Организмнің екі бөлікке бөлініп көбейетіні де, ондай тең бөлінбейтіні де болды.
Қазіргі организмдердің генетикалық күрделі механизмдері бар,оның негізі белок синезінің матрица принципі:ДНҚ молекуласы РНҚ молекуласын синтездеуде матрица міндетін атқарады.Мұнан кейін РНҚ молекуласы белок молекуласын синтездеуде метрица міндетін атқарады.
