Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оулы ЭТ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.52 Mб
Скачать

2.3 Кәсіпкерлік және басқарушылық қабілеті

Өзінің еңбекке деген қабілетін адам екі негізгі бағыт бойынша пайдалана алады: өз бизнесін ұйымдастырған кәсіпкер ретінде, не болмаса кәсіпкерлердің жалданбалы қызметкері ретінде. Өндірістегі ерекше адамдық ресурс кәсіпкерлік қабілет болып табылады. Ол адамның бизнес немесе кез-келген басқа бір жаңа істі ұйымдастыра білуі мен дайындығы болып табылады. Осы іспен байланысты барлық шығындарды, тәуекелдік пен жауапкершілікті өз мойнына алады. Осындай қабілетке кез-келген адам ие бола бермейді. Нағыз кәсіпкер еңбекқор, бастамашыл, адамдармен тіл табыса алатын, іскер болуы керек. Кәсіпкер (немесе бизнесмен) дегеніміз - өндірістің ұйымдастырушысы мен қозғалғыш күші. Көп жағдайда кәсіпорынның иесі болып табылатын кәсіпкер (әсіресе шағын бизнесте) барлық шаруа қызметін әдетте өзі басқарады. Сол сияқты ірі фирмаларда кәсіби басшылық және бизнесті басқару үшін (менеджмент) басқару жөніндегі жалданбалы қызметкерлер (менеджерлер) пайдаланылады.

“Кәсіпкер” және “менеджер” деген ұғымдар өте жақын, бірақ әртүрлі. Кәсіпкер дегеніміз – жаңа идеялар авторы, ол өз идеялары үшін ұйқысын қиып, меншікті қаражаттарын тәуекелге салады. Менеджер болса – авторлық идеяларды орындаушы, оларды іске асырушы.

2.4 Өндіріс құралдары

Келесі бір басты өндірістік фактор өндіріс құралдары болып табылады. Бұл материалдық ресурстар, заттардың екі тобын қамтиды. Біріншіден еңбек құралдары – олардың көмегімен адамдар қажетті құндылықтарды құрады (саймандар, машиналар, жабдықтар, өндірістік ғимараттар, құрылымдар және т.б.). Екіншіден, еңбек заттары – еңбек процессінде адамдар әсер ететін заттар, олар келешектегі өнімнің материалдық негізін құрайды (мұнай, кен, шикізат, материалдар және т.б.). Осылай өндіріс үрдісінде еңбектің материалдық ресурстарын құралдар мен заттарға олардың міндеті ойынша бөледі. Осы ресурстарды бөлудің тағы бір белгісі олардың шығу тегі (2.5 сурет).

2.5 Сурет - Өндіріс құралдарының негізгі түрлері

Шығу тегі бойынша өндіріс құралдары да екі топқа бөлінеді:

1) табиғи ресурстар (табиғаттың өзі берген) - шабындық жерлер, ормандар, минералдардың, газдың орналасқан жерлері, су және басқалары (олардың жалпылама түрде – “жер” деген бір сөзбен атайды); 2) өндірістік ресурстар – адамдар құраған (немесе өңдеген) заттар және олар өндірісте одан әрі пайдалану үшін ойлап табылған. Бұл – машиналар мен жабдықтар, өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, шикізаттар мен жартылай фабрикаттар және басқа да адам қолы арқылы өткен өндіріс құралдары.Қоғамдық өндіріс дамыған сайын ондағы өндіргіш күштердің де міндеті арта түспек.

Өндіріс қоғамдық өнімді өндірудің бастапқы сатысы, осыдан қозғалыс басталмақ.

2

Адамдар шығарған өндіріс құралдары көбінесе КАПИТАЛ деп аталады, олар негізгі капитал (өндіріс құралдарының өзі) және ақшалай капитал (өндіріс құралдарын сатып алуға арналған ақша) болып бөлінеді. (2.6 сурет). Сондай-ақ нақты капитал тағы бір атауға ие – инвестициялық ресурстар (немесе тауарлар), себебі олар экономиканы инвестициялауға арналған. Осыған байланысты барлық тауарлық массада өндірістік тұтынуға түскен инвестициялық тауарлармен қатар (өндіріс құралдары) тұтыну тауарларын немесе адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұтыну заттарын (азық-түліктер, киім, тұрғын үй, телевизорлар және т.б.) бөліп алуға болады (2.7 сурет). Инвестициялық тауарлар тек қана тұтыну заттарын шығару үшін қызмет етеді. Негізгі капиталдың қызмет етуімен байланысты физикалық және моральдық тозулары орын алады. ФИЗИКАЛЫҚ ТОЗУ үрдісі негізгі капитал элементтерінің өндірісте одан әрі пайдалануға жарамайтындығын сиаттайды. Негізгі капиталдың заттық тозуынан басқа,оның құнсыздануы нәтижесінде және арзан, тиімді жабдықтардың пайда болуымен байланысты олардың моральдық тозуы орын алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]