Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osnova_otcheta.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
640.45 Кб
Скачать

2.1 Менің оқу жұмысым

Мен психологиялық-педагогикалық тәжірибеден өту кезінде алғашқы күнімді мектеп әкімшілігімен, мектеппен, мектептің тәртәбімен жалпы ғимараттың орналасуымен таныстым. Мектеп ұжымы, мұғалімдер ұжымы мені жақсы қарсы алды. Барлығы да мені мектеп құжаттарымен, сынып журналдырымен таныстырды.Cонымен қатар «бақылау өлшеу аспаптары және автоматика слесарь» топ студенттерімен мен таныстым.Бұл топтың жетекшісі Исаева Гүлжанат Озбекбаевна болды .Топта барлығы жиырма бес студент оқиды, оның ішінде он қыз, он бес ұл бала оқиды. Топта тоғыз студент үздік, он екі студент жықсы, ал қалған төрт студент қанағаттанарлық . Мен студенттермен танысқаннан бастап, тез тіл табысып кеттім. Бірігіп көптеген іс-шаралар өткіздік. Сабақтарына да қатысып, оқушыларымның білімді, зерек екендігін байқадым. Сонымен қатар, топ өте ұжымшыл, іс- шараларға белсене қатысады, адамгершіліктері мол деуге де болады.

Психологиялық-педагогикалық тәжірибе уақытында теориялық оқыту бойынша озат мұғалімдердің сабағына қатысып, олардың әдістерін үйрендім, тәжірібие алдым.

19.01.2015жылы ашық тәрбие сабағын өткіздім. Топ жетекшінің жеке жоспары бойынша «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» тақырыбына дайындалдым. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты Елбасының халыққа жолдаған жаңа «Нұрлы жол» жолдауымен таныстырып, жолдаудағы басты мәселелерге тоқталу. Оқушыларды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу болатын.

3.Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледждің тәрбие жұмысы

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі қаңтар айының 20 –сынан ақпан айының 20 –сына дейін «Жетім көрсең жебей жүр» тақырыбында қайырымдылық акциясы өткізілді. Акциядан жиналған 15000 (он бес мың) теңге қаражатты Жастар орталығымен біріге отырып, қаламыздағы жағдайы төмен отбасы балаларына қаржылай көмек беруді жөн көрдік. Шаңырақ шағын ауыданының тұрғыны Сүндетпай Айзадаға 7500 (жеті мың бес жүз) теңге қаржылай бердік және Теңге ауылының тұрғыны құрбанбай Мейіржанға 7500 (жеті мың бес жүз) теңге қаржылай көмек көрсетілді. Бұл аты аталған балалардың ата-аналары алғыстарын білдіріп, рахметтерін айтты. 24.01.2014ж күні колледжіміздің инспекторы Исмайлов Жанат студенттердің жүріс тұрысына, сыртқы сымбатына, өзара қарым-қатынастарына бақылау жасап, эстетикалық тәрбие беріп, топ арасында әңгімелер өткізді. Жиналыста  колледж инспекторы Исмайлов Жанат қаламызда болып жатқан ұрлықтар, бұзақылықтар туралы айтып, олардың қалай жазаланаты туралы айтып өтті. 25.01.2014 ж күні колледжіміздің құқық пәнінің мұғалімі «Заң білу заман талабы» тақырыбында студенттерге жиналыс өткізе отырып, студенттерге өз құқықтарын қалай қорғауға болатындарын түсіндіріп өтті. Барлық студенттерге қаңтар айның 25 –нен бастап «Адасқандар» фильмін көрсету жұмыстары басталды. Студенттерге әр топқа жеке жеке көрсете отырып, киноны көріп болғаннан кейін көргендерін ортаға талқыға салынды. Әр студент өз түсініктерін айтып, дұрыс пен бұрыс жақтарын шешіп алды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]