- •Жеке токсикология Пестицидтер әсерінен туындайтын уланулар Фосфорорганикалық қосылыстардан улану
- •Фосфорорганикалық заттармен уланудың алдын алу шаралары
- •Жануарлардан алынатын шикізаттарды ветеринарлық- санитарлық сараптау
- •Хлорорганикалық қосылыстардан улану
- •Жасанды пиретроидтар
- •Авермектиндер және ивермектиндер
- •Фтор және оның қосындылары
- •Ауыл шаруашылығында жиі қолданылатын кейбір фтор препараттарының қысқаша сипаттамасы:
- •Азот қосылыстары токсикологиясы
- •Кейбір азот қосындыларының физикалық-химиялық сипаттамасы.
- •Гербицидтер Гербицидтердің химиялық құрамы және негізгі қасиеттері.
- •Токсикологиялық маңызы бар, уыттылығы жоғары және орташа гербицидтер.
- •Фенол туындылары
- •Хлораттар
- •Мочевина туындылары.
- •Ас тұзының токсикологиясы
- •Калий тұздарымен улану
- •Молибден қосылыстарынан улану
- •Карбамин, тиокарбамин және дитиокарбамин қышқылдарының туындылары (карбаматтар)
- •Сынап және оның қосылыстары
- •Қорғасын қосылыстарынан улану
- •Селен қосылыстарынан улану
- •Таллий қосылыстарынан улану
- •Кадмий қосылыстарынан улану
- •Сурьма қосылыстарынан улану
- •Зооцидтер
- •Басқа топ қосындылары
- •Мыс және оның туындылары
- •Мышьяк және оның қосылыстары
- •Натрий арсенатын бергеннен кейінгі торайлардың мүшелері мен ұлпаларындағы мышьяктың мөлшері ( Гарнер бойынша)
- •Алиментарлы (ауыз қуысы арқылы) енген мышьяк препараттарының жануарлар үшін орташа летальды мөлшері (г) (Гарнер бойынша)
- •Цианидтер қосындыларымен улану
- •Дәрілік заттардан улану
- •Витаминдермен улану
Гербицидтер Гербицидтердің химиялық құрамы және негізгі қасиеттері.
Гебицидтер арам шөптерді жою үшін қолданылатын жеке дара улы химикаттар тобына жатады. Барлық гербицидтер селективті, яғни таңдаулы әсер ететін және зиянды шөпті өсімдіктерді жоятын, бірақ дақылдарға зиянды әсері жоқ препараттарға жатады. Сонда да гербицидтер арасында барлық өсімдіктерді жойып жіберетін қосылыстар да кездеседі. Мұндай қосылыстар селективті емес гербицидтерге жатады, қазіргі кезде сирек қолданылады.
Гербицидтер ретінде карбон қышқылы, триазин, мочевина және фенол туындылары кеңінен қолданылады. Карбон қышқылы туындылары өсімдіктердің өсуін реттейтін, өндірілуі мен қолданылуы жағынан бірінші орындағы белсенді гербицид. Осылармен қатар, 2,4-дихлорфеноксисірке қышқылы (2,4-Д), 2,4-дихлорфеноксипропион қышқылы (2,4-ДП), 2-метил-4-хлорфеноксимайлы қышқылы (2М-4ХМ), 2,4-дихлорфеноксимайлы қышқылы (2,4-ДМ), 2-метил-4-хлорфеноксисірке қышқылы (2М-4Х) туындылары да гербицид ретінде жиі қолданылады.
Өсімдіктер шаруашылығында соның ішінде, мақта шаруашылығында, гербицидтерден басқа мәдени өсімдіктердің жапырақтарын түсіру үшін химиялық зат - дефолианттар қолданылады. Сонымен қатар, басқа да мақсаттарда қолданылатын препараттар бар, мысалы альгицидтер, олар балық өсіретін тоғандар мен күріш алқаптарындағы балдырларды жою үшін қолданылады. Бірақ бұл препараттардың, біріншіден, жануарлар үшін уыттылығы төмен, екіншіден, уыттылық қасиеттері аз зерттелген.
Малдәрігелік токсикологияда дәнді дақылдарды (астық тұқымдастар, жүгері жоңышқа және т.б.) өңдеу мақсатында жоғары және орташа дәрежелі уытты бірнеше гербицид қолданылады. Олардың химиялық құрамы, негізгі қасиеттері 7-ші кестеде көрсетілген. Жалпы (селективті емес) гербицидтер қатарына бейорганикалық туындыларымен (натрий және кальций хлораты, аммоний сульфаты) қатар, органикалық туындыларды да жатқызуға болады.
Гербицидтердің құрамында белсенді әсер етуші заттардан басқа, қосымша зат болады. Қолданылатын гербицидтердің көпшілігі өндірісте концентрат түрінде шығарылады, олардан ерітінділер немесе суспензиялар дайындалады.
Гербицидтер қолдану тәсілдеріне байланысты әр түрлі физикалық күйде болады, бұл қолдану барысында еңбек шығынын азайтады.
Селективті (жүйелі) гербицидтер органикалық туындылардың ароматты және алифатты қатарына жатады. Белгілі мөлшерде бұл гербицидтер карбамин қышқылының препараты ретінде қарастырылады да карбоматтар тобына жатады.
Токсикологиялық маңызы бар, уыттылығы жоғары және орташа гербицидтер.
1 |
2 |
3 |
4 |
Аталуы және синонимдері |
Химиялық құрылысы |
Препараттың қолданылу нормасы және уыттылығы (1 мг/кг) |
Физикалық-химиялық қасиеттері және препараттың шығарылу формасы |
Динитроортокрезол, ДНОК, ДИНОК (аммоний және натрий тұздары) |
|
Кең көлемде әсер ететін қосылыс. Гербицидті қасиеттерімен қатар өте күшті инсектицидті қасиеті де бар. 1 гектарға 3,5кг-дан – 15 кг дейін |
Препарат 40 % аммоний тұзы түрінде шығарылады. Суда жақсы ериді, сары түсті. 0.2-1% ерітінді түрінде шашады. Жылқылар үшін өте қауіпті. |
Пентахлор – фенол ПФХ, пентахлор және оның тұзы, натрий пентахлор феноляты. |
|
Кең көлемде әсер ететін препарат. Жабайы шырмауықтармен күресу үшін мақта шаруашылығында қолданылады. |
Пентахлор фенол 20% майиен араласқан ерітінді түрінде мақта алқаптарын өңдейтін десикант түрінде қолданылыды. Жануарлар мен құстарға өте қауіпті.. |
2.4 (натрий және аммоний тұздары, амид, бутил, октил) |
Дихлорфено окси сірке қышқылының туындылары |
Дәнді дақылдарды өңдеу үшін қолданылатын селективті гербицид. 0,5-2,5 кг/га |
Тұздары суда ериді, эфирлері ерімейді.Бутил эфирінің концентратында 60% 2.4-Д бар. Тұзды және эфирлі препараттарында фенолдфң иісі бар. |
Бутифос |
Тиофосфат туындылары |
Дефолянт. Егін жинаудан 10 күн бұрын шашады. Эмульсия немесе майлы ерітінді түрінде 1,5-2 кг/га мөлшерде. |
Жағымсыз иісті ерітінді. 70% концентрат түрінде шығарылады. |
Карботион, вапам. |
Металдитиокарбомин қышқылының туындылары. |
Гербицид және фунгицид түрінде қолданады. Ашық және жабық алаңдарда қолданылады. 1500-2000кг/га. Уыттылылығы орташа. |
Өзіне тін иісі бар, кристал зат, 40% суда еритін коннтрат түрінде шығарылады. Ерітіндіні дайындалғаннан кейін дереу қолдану керек. |
Карбин, барбан. |
Хлор фенилкарбамат туындысы |
Бидай, тары, қант қызылшасы, зығыр, күнбағыс дәндерінің арам шөптеріне арналған Мөлшері 3-5 кг/га |
Белсенді зат қосылған органикалық еріткіштегі барбанның 12%-ды ертіндісі. |
Монуран, хлорфенидим. |
Диметил мочевина туындысы |
Жүйелі түрде әсер ететін гербицид. Мақта және қызылша өсіруде 15-20 кг/га мөлшерінде суспензия түрінде қолданылады |
40-50% ұнтақ түрінде шығарылады. Суда ерімейді, уыттылығы әлсіз. |
Хлор ИФК, ХИФК, хлорпрофам. |
Жоғарыда аталған препа- раттар секілді әсер етед, бірақ құрамында хлор бар. |
Жүйелі түрде әсер ететін гербицид. Мақта және қызылша өсіруде 15-20 кг/га мөлшерінде суспензия түрінде қолданылады |
Химиялық таза препарат, ақ кристалды зат, техникалық түрінде қара-қоңыр түсті, 40% концентрат түрінде шығарылады |
Фенизан |
|
Құрамында дикамб (360 г/л) және хлорсульфурон (22,2 г/л) бар, мөлшері 0,4 - 2 л/га; |
астық тұқымдастар, сұлы және тарының арам шөптеріне қарсы қолданылады |
Глифосат (раундал) |
|
Гербицид, адамдар мен малдар үшін өте қауіпті |
Арам шөптерге қарсы қолда-нылады, тері мен көзді тітір-кендіреді, бас ауырады, жүрек айниды, қан қысымы көтеріледі. |
Жылы қанды жануарлар үшін өте уытты гербицидтерге негізі бензолды ядро болатын қосылыстар жатады. Құрамында хлоры және күкірті бар гербицидтерде де хлорорганикалық инсектицидтерге тән қасиеттер байқалады. Құрамында хлор бар гербицидтерге фенооксисірке қышқылының барлық туындылары жатады. Уыттылығы төмен гербицидтердің физикалық-химиялық қасиеттері әртүрлі (симазин, дихлор, альмочевина, темір купоросы, күкірт және оның препараттары т.б.), көптеген гербицидтердің мұндай қасиеттері әрі толық зерттелмеген. Бірақ бұл қосылыстардың ұзақ уақыт бойы азықпен ағзаға түсуі, оған белгілі бір дәрежеде теріс әсер етуі де мүмкін.
Токсикологиясы. Бензол, фенол және крезол қосылыстарының ағзаға түсіп, оны уландыру процесі жақсы зерттелген. Мысалы, ДНОК-ң екі нитротобы бар екені белгілі. Бұл препараттың мал ағзасына еніп, ұлпалар мен қан сарысуына таралуына жақсы жағдай жасайды. Сонымен қатар, нитроқосылыстардың өкпе, ішек және зақымдалған тері арқылы да сіңірілетіні белгілі. Әсіресе, фенол мен крезол туындыларының майда ерітілген туындылары тез сіңгіш келеді. Нитроқосылыстар канның ақзаттарымен тығыз байланысты, сондықтан өлген малдың қан сарысуынан көп мөлшерде кездестіруге болады. Фенол қатарындағы нитроқосылыстар ағзадан бүйрек арқылы өте жай бөлінеді. Олардың тек аз бөлігі ғана уыттылығы төмен қосылыстарға айналады. Күйісті малдарда бұл заттар мес қарын микрофлорасы әсерінен белгілі бір дәрежеде заласызданады. Олардың жай бөлінуі қосылыстардың ағзада жиналып қалуына жағдай туғызады.
Фенол және крезол туындылары ұлпалардағы фосфорлану құбылысын бұзады. Бұл қосылыстарды тексеру барысында тері астына еккенде иттерді өлтіре әсер ететін уытты мөлшері 1кг салмағына 25мг, препаратты ауыз арқылы жібергенде оның мөлшері екі есе көбейтіледі. Нитроқосылыстардың уыттылығы қоршаған орта температурасына байланысты. Қысқы кезеңге қарағанда бұл заттар жылдың ыстық кезеңдерінде қауіптірек.
Құрамында ДНОК бар (немесе басқа да нитрофенол қосылыстары) азықтармен сауылатын, етке өткізілетін малдарды, сонымен бірге құстарды азықтандыруға жол берілмейді.
Фенооксисірке қышқылы туындыларының уыттылығы зертханалық малдарда жақсы зерттелген. Бұл препараттардың уытты мөлшері ірі малдарға қарағанда зертханалық жануарлар үшін көбірек. Егер тышқан мен егеуқұйрықтар үшін ол 1кг салмаққа 400 мг болса, онда иттерге олардың уыттылығы 4 есе жоғарылайды (1кг салмағына100мг). Мүйізді ірі қараның фенооксисірке қышқылы туындыларының уытты әсеріне төтеп бере алатын 1 реттік мөлшері 1кг салмағына 500-1000 мг, ал олар азық арқылы апта бойы 1кг азықта 100 мг мөлшерде ішке түсіп тұрса, уланудың клиникалық белгілері байқалады. Созылмалы түрде улану олардың белгілі бір уақыт ішінде аз мөлшерде ағзаға түсіп тұруы салдарынан болуы мүмкін. Бос күйіндегі фенооксисірке қышқылының, оның тұздарының және эфирлерінің өзара өзгешеліктері бар. Қышқылдар эфирге қарағанда уытты, ал эфирлер тұздарға қарағанда уытты болады.
Гербицидтердің көпшілігі карбаматтар және мочевина тобына жатады. Бұл препараттардың кейбіреуінің ортадан төмен, көпшілігінің уыттылығы аз болады. Гербицидтердің әсер ету аясы өте кең,бір мезгілде гербицид және фунгицид ретінде әсер ете алады.
ИФК мен хлор ИФК құрылымдарының өзара айрықшылығы бір хлор атомының қосылуында, бірақ осыған байланысты уыттылық 3 есеге жоғарылайды. Бұл жерде мынадай қорытынды жасауға болады, карбамин қышқылы алифатты тізбегіндей, сонымен қатар бензол ядросындағыдай белсенді заттарды тасымалдаушы болып табылады. Карбамат тобындағы гербицидтердің қалдықтары бар азықтарды қолдануда ешқандай шек қойылмайды.
Зертханалық жануарлардың (қоянның) асқазан-ішек жолына (1кг салмағына 2-3г) массивті мөлшерде хлор-ИФК препаратын енгізген кезде қандай оксигемоглобин метгемоглобинге айналып, анемия мен формалы элементтердің дегенерациясы дамиды.
Улану кезіндегі клиникалық белгілері. Үй жануарлары болсын, жабайы жануарлар болсын гербицидтермен уланған кезде білінетін клиникалық белгілері уытты заттардың құрамына, түсу мөлшеріне және басқа да түрлі жағдайларға байланысты болады. Жануарлар уыттылығы жоғарылау фенол мен крезол препараттарымен уланғанда мынадай клиникалық белгілері байқалады/ тәбетінің болмауы, шөлдеу,терең әрі жиі тыныс алу (кейбір малдарда ауыр түрде уланғанда терлеу байқалады), несеп бөлінуінің төмендеуі, жалпы бұлшық еттер әлсіздігі, ентігу. Жіті түрде уланғанда күйісті буаз малдарда іш тастау байқалуы мүмкін. Дене температурасы басында қалыпты болады, өлер алдында көтеріледі. Клиникалық белгілері ағзаға у түскеннен соң немесе бірнеше сағат өткеннен кейін біліне бастайды.
Фенооксисірке қышқылының препараттарымен уланғандағы клиникасы фенол мен крезол препараттарымен уланғандағы белгілерге қарағанда әлсіз білінеді. Бұл кезде жалпы бұлшық ет әлсіздігі, тәбеттің болмауы УҚПЕ-да артқы аяқтарымен қозғалыс байланысының бұзылуы байқалады.
Карбаматтар тобындағы гербицидтермен уланғанда клиникалық белгілер онша білінбейді, олар біраз уақыт өткеннен соң байқалуы мүмкін. Малдың мінез құлқында айтарлықтай өзгерістер байқалмайды, сонымен қатар ағзаның негізгі жүйелерінің қызметтерінде де зақымданулар болмайды.
Балау және болжам. Гербицидтермен жіті улануда балау оңай. Әдетте анамнез негізінде қарап анықтайды. ауыр дәрежеде уланғанда болжам қолайсыз.
Емі. гербицидтермен уланғанда жүргізілетін ем жоқ. Жүрек қызметін және жалпы тонусын реттейтін дәрілер арқылы симптоматикалық ем жүргізіледі.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Гербицидтермен жіті уланғанда асқазан-ішек жолдарында, бауыр және бүйректе аздаған өзгерістер болады. Фенол- крезолды гербицидтермен созылмалы түрде уланғанда бұл өзгерістер әсіресе бауырда жақсы байқалады.
Алдын – алу шаралары. Жануарлардың, құстардың, балықтардың және пайдалы жәндіктердің улануын болдырмау үшін ауыл шаруашылығында бірқатар игілікті шаралардың жүргізілуі тиіс. Жануарлардың өңделген жерлермен қатынасын болдырмау. Бұл негізінен уыттылығы орташа препараттарға және уыттылығы төмен заттарға байланысты. Еліміздің мақта өсіретін аудандарында гербицидтердің дұрыс қолданылуын бақылау - уланудың алдын-алу барысында ерекше орын алады.
Триазин туындылары
Симметриялы триазин туындылары нәтижелілігі жоғары (жақсы әсер ететін) гербицидтер. Оларды жүгері, бұршақ, картоп,пияз, сәбіз, т.б. алқаптарды химиялық тұрғыдан өңдеу үшін қолданылады. Көбінесе,олар суда нашар ериді, сілтілер мен қышқылдардын әсерлеріне төзімді, жануарлар үшін уыттылығы төмен,кумулятивті қасиеті қатты білінбейді, топырақта 14 айға дейін сақталады.
Атразин - ақ кристалл ұнтақ, суда нашар, органикалық еріткіштер мен қышқылдарда жақсырақ ериді. Топырақта 2 жылға дейін сақталады, 50% дымқыл ұнтақ күйінде шығарады. Оны жүгері алқабындағы арамшөппен күрес үшін 3-8кг/га мөлшерімен пайдаланады.
Препараттың уыттылығы жоғары емес (ЛМ50 850-3000 мг/га). Кумулятивті әсері әлсіз байқалады.
Симазин - ақ түсті кристалл, иіссіз. Суда және органикалық еріткіштерде нашар еритін зат. Техникалық препарат 50% әсер ететін затты құрамына енгізеді. Атразин тәрізді қолданады, тамырға әсер ететін тұрақты, күшті гербицид болып есептеледі. Зертханалық жануарлар үшін уыттылығы 1400-4000 мг/кг. Ал оны 4-8кг/га мөлшерінде пайдаланады.
Пропазин - ақ түсті кристаллды зат. Су және органикалық еріткіштерде дұрыс ерімейді,өсімдік майларында жақсы ериді, 50% дымқыл ұнтақ түрінде шығарылады, 3-6кг/га мөлшерде қолдану керек.Зертханалық жануарлар үшін уыттылығы төмен (6000мг/кг). Кумуляция коэффициенті - 3,7. Пропазиннің әсерінен жануарлар ағзасында тепе-теңсіздік туындайды.
Прометрин- ақ, әлсіз, жағымсыз иісті ұнтақ. Суда нашар. органикалық еріткіштерде жақсы ериді, 50%дымқыл ұнтақ ретінде шығарылады, зертханалық жануарлар үшін уыттылығы төмен. Қояндарда 250-500мг/кг прометрин әсеріне жалпы күйдің төмендеуін, эритроцит және альбумин мөлшерінің азайғанын , лейкоциттердің көбейгенін байқауға болады.
Мезоранил - кристалды зат, суда нашар, органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Қырыққабат алқаптарында арамшөппен күресу үшін қолданылады (3-10кг/га). Тышқандар үшін орташа өлтіріп әсер ететін мөлшері- 635мг/кг. Триазин туындыларының ішінде кешенді препараттар да шығарылады.
Карагард - уыттылығы төмен гербицид, орташа өлтіріп әсер ететін мөлшері (зертханалық жануарлар үшін) 1000мг/кг-нан жоғары. Токсикоздың ауыр түрі жануарларда демікпе, жалпы күйзелу, шөлдеу, тәбеттің төмендеуімен сипатталады.
Гезагард (прометрин) - өзіне тән әлсіз иісі бар, суда еритін, ақ түсті кристалл. Көкөніс және бұршақ тұқымдастар алқабындағы астық тұқымдас арам шөптерді жою үшін, егіс науқаны кезінде, топыраққа бүрку арқылы қолданады. Уыттылығы төмен. ЛМ50 – тышқандар мен атжалмандарға 1700-3750 мг/кг. Топырақ құрамында 7 айға дейін сақталады.
Триазин туындыларының патогенезі жануарлар ағзасына егістіктегі (жүгері, бұршақ, картоп, сәбіз, т. б) арам шөппен бірге түседі. Бұл пестицидтер жергілікті тітіркендіу әсерінсіз бірден қанға өтеді. Торшадағы нуклеин қышқылдарының алмасуын бұзады, бұл ақ зат алмасуының бұзылуына әкеліп соқтырады. Олардың әсер ету механизміндегі басты нәрсе- антифолилік белсенділік.
Атразин, пропазин, симазин торшаның бөлінуін тоқтатады, хромасомалардың бірігуін тудырып, хромасомды мутациялық, цитогенетикалық әсер тудырады. Бұл белгілер оны жануарларға 1,30 ЛМ50 мөлшерде құрсаққа еккенде болуы мүмкін.
Агелон әсерінен дене салмағы төмендеп, гемоглобин, эритроцит саны азайып, бауырдың белок түзу қызметі бұзылады. 1,20 ЛМ50 мөлшерінде карагард жануарларға төмендегідей әсер етеді: өсімі төмендейді, ОЖЖ қозады, лейкоцитоз, өкпе ұлпасында сульфгидрильді топтар көбейеді.
Созылмалы улануда ОЖЖ-нің қозуы күшейеді,ұлпа тыныс алуының қарқындылығы бәсеңдейді, бауырдың антитоксикалық және ақуыз түзетін қызметі бұзылады. Бауыр, өкпе, жүрек, т.б. сульфгидрильдік топтар көбейеді, лейкоцитоз, гипергликемия, протромбинді индекс және малдардың өсіп, өну қабілеті төмендейді, карбангидраза, пероксидаза ферменттерінің белсенділігі азаяды. Әсіресе, еркек малдар сезімтал келеді. Эмбриотоксикалық әсері де байқалады.
Клиникалық белгілері. Жалпы күйдің, тәбеттің төмендеуі, сілекей ағу, тыныс алудың жиілеуі, өкпеде сырыл, т.б. қозғалыс өзгереді. Жүндері ұйпаланып, тері зақымданады (құрғақтық,эритема, өліеттену сияқты белгілер көрінеді). Зәр бөлу жиілейді, терлеу, көз және мұрыннан су ағу, атаксия өршіп, коматозды күй байқалады.
Патолологиялық - анатомиялық өзгерістер. Өкпеге қан толған, асқазан, ми қыртыстарында нүктелі және дақты қанталаулар бар. Шажырқай мен ішкі ағзалар қанға толған, бауыр майлы дистрофияланған, кейбір торшалар өлі еттенген, жүрек еті мен бүйрек дистрофиясын байқауға болады. Созылмалы түрінде жүдеу, арықтау, қарынның кілегей қабығының гиперкератозы, бүйрек пен бауыр дистрофиялануы байқалады.
Балау. Анамнез жинау, клиникалық белгісі, патанатомиялық өзгерістер, азық, азық қоспаларын,патологиялық зер заттарды химиялық- токсикологиялық тексеруден өткізу.
Емдеу және алдын-алу. Күйдірілген магнезия, тұтқыр препараттар (танин, танальбин) қолдану арқылы асқазанды жуу. Адсорбциялайтын зат ретінде белсенді көмірді пайдалануға болады. Антидот ретінде «В» тобындағы витаминдердің құрамына кіретін ораний қышқылын қолданады. Ол қан түзілу, амин қышқылы, нуклеин қышқылы, пурин, пиримидин синтездеріне қатысады. Оны барлық жануарларға 0,1-0,2 мг/кг мөлшерінде береді, бұлшық етке егуге немесе ішке беруге болады.
