Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МКАЖ Конспект лекции.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.47 Mб
Скачать

6.2. Мәліметтер қорын жобалау кезеңдері

МҚ жобалауда мәліметтерді ұйымдастыруды үш кезеңде: ақпаратты-логикалық (инфологиялық), даталогиялық (концептуалдық) және физикалық деңгейлерде қарастыру қабылданған. Бұл деңгейлерге пәндік саланың инфологиялық, концептуалдық және физикалық модельдері сәйкес келеді.

Жобалаудың бүкіл процесін үш кезеңге бөлуге болады:

1-ші кезең

Мәліметтердің инфологиялық моделін жобалау

Пәндік саланы талдау: объектілер және олардың арасындағы байланыстар

Пайдаланушының ақпараттық қажеттілігі

(сұранысты талдау)

Қазіргі бар және болашақтағы қолданбалы

программаларды талдау

Ақпараттық құрылымды құру

14-сурет. МҚ жобалау кезеңдері

Бақылау сұрақтары:

1. Мәліметтер қорын жобалауға қойылатын негізгі талаптар қандай?

2. Мәліметтер қорының администраторының атқаратын қызметі

қандай?

3. Мәліметтер қорын жобалау кезеңдері?

Әдебиеттер:

[3], [4], [7].

Қысқаша дәрістер конспектісі

7 дәріс.

Тақырыбы: Бірқалыпты формалар әдісі

Дәріс мақсаты: Мәліметтерді бірқалыпты формаға келтірудің қажеттілігін

анықтау.

Кілттік сөздер: бірқалыпты форма, 1БФ, 2 БФ, 3 БФ, БКБФ, транзитивті тәуелділік, функционалды тәуелділік, детерминант, атрибут.

Жоспары:

7.1. Бірқалыпты күйге келтірудің мақсаты

7.2. Бірқалыпты күйге келтіру процесі.

7.1. Бірқалыпты күйге келтірудің мақсаты

Мәліметтердің логикалық моделін құрудың мақсаты мәліметтердің нақты бейнеленуін құру, мәліметтер арасындағы байланысты және шектеулерді, яғги сәйкесқатынастарды анықтау болып табылады. Бұл мәселені шешуде арнайы әдіс бірқалыпты күйге келтіру әдісі болып табылады.

Бірқалыпты күйге келтіру әдісі – мәліметтерге қойылатын талаптар негізінде қатынастар жиынын құру болып табылады.

Бірқалыпты күйге келтіру процесін алғашқы рет 1972ж Э.Ф.Кодд ұсынды. Бірқалыпты күйге келтіру кейбір қатынастардың берілген бірқалыпты формаға келтіру сәйкестігін тестілеу жиынтығы түрінде жүзеге асырылады.

Алғашқыда бірінші(1БФ), екінші(2БФ) және үшінші(3БФ) бірқалыпты форма түрлері ұсынылды. Кейіннен Р. Бойс пен Э. Ф. Коддом (Codd, 1974) Бойс-Кодд (БКНФ) атымен үшінші форманың қатаң талаптары қалыптастырылды. Бұл формалардың барлығы қатынастың атрибуттары арасындағы функцияналдық тәуелділікке негізделген.

Осыдан соң төртінші(4НФ) және бесінші(5НФ) бірқалыпты формалар пайда болды. Бірақ тәжірибе жүзінде сирек қолданылады.

Бірқалыпты күйге келтіру процесі реляциялық сызбаны жүзеге асыру қатынастары бойынша атрибуттарды үлестірудің формальды әдісі болцып табылады. Ол қатынастарды атрибуттар арасында бар алғашқы кілттермен және функционалдық тәуелділік негізінде идентификациялауға мүмкіндік береді.

Бірқалыпты күйге келтіру бұл атрибуттар арасында кілттік өрістер және функцияналдық тәуелділік негізінде қатынастар жиынының қасиеттерін берудің формальды әдісі болйып табылады.

Бірқалыпты күйге келтірудің негізгі концепцияларының бірі қатынас атрибуттарының арасындағы байланысты сипаттайтын функционалдық тәуелділік болып табылады. А және В — R қатынасының атрибуттары (немесе атрибуттар тобы) болсын. В атрибуты А атрибутынан функционалды тәуелді, яғни әрбір А әрбір В атрибутындағы мәнмен байланысты болсын.

Детерминант деп қандай да болсын басқа атрибут толығымен функционалды тәуелді атрибутты айтамыз.