Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стом алдын алу 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161.46 Кб
Скачать

6.Ауыз қуысы тазалығының стандартты әдісі .Ауыз қуысы тазалығы

Тіс қатары бірнеше бөліктерге бөлінеді: үлкен азу тістер, кіші азу тістер, алдыңғы тістер. Тістерді түйістірместен мәсуекті 45 градус бұрыш астында орналастырылады. Тістердің алдын ұрт беткейінен бастап тазаланады. Сол жақтан бір бөлігіне 10 сыпырушы әрекет жасаймыз, кейін басқа бөліктеріне өтеміз. Екінші болып таңдай беткейлері сыпырушы әрекеттерімен тазаланады. 3ші болып азу тістердің шайнау беткейлері қыру әрекеттері жасалып, әр жақта 10-15 қимыл жасалады. Соңында уқалау қимылдары жасалады. Мұнда тістер тістеседі, солдан-оңға қарай айнала әрекеттермен тазаланады. Төменгі жақтада сол әрекеттер жасалады. Ауыз қуысының ауруларын алдын алуда ең маңызды шаралардың бірі болып ауыз қуысының тазалығы саналады. Ол өз кезегінде 2ге бөлінеді: 1. Ауыз қуысының жеке гигиенасы. 2.Ауыз қуысының дәрігерлік гигиенасы. Тіспен ауыз қуысы ауруларының алдын алуда ең қолайлы қарапайым және тиімді болып ауыз қуысының жеке гигиенасы саналады. Ол өз ішінде төмендегілерді қамтиды: 1. Әрдайым жылына кемінде 2 рет стоматолог-гигиенисттің қаылдауында болу. 2.Күніне 2 рет тіс мәсуегімен сықпа жәрдемінде мұқият тазалау. 3. Әрбір тамақ қабылдауынан кейін ауыз қуысын тазалау. 4.Тіс аралықтарын тазалап тұру. 5.Тамақ құрамын реттеу. 6.Жағымсыз әдеттерден өзін тыю. Ауыз қуысы тазалығы бұл әрдайым арнайы гигиеналық құрал жабдықтармен ауыз қуысын, тістер, қызыл иекті тамақ қалдықтарынан және жұмсақ кірлерден тазалауды айтамыз. Ауыз қуысының жеке гигиена құрал жабдықтарына: тіс мәсуегі, тіс сықпалары, тіс шықұғыштар, флостар, ауыз шайғыштар, тіс ұнтағы т.б жатады.

7.Емханадағы алдын-алу бөлімінде науқасты тексеру. Тексеру әдістері мен реті.

Науқастарға дұрыс ем-шаралар тағайындау үшін алдымен оны тексеріп дұрыс нақтама қою керек.Стоматологиялық науқастарды тексерудің 2 әдісі бар: 1.Тексерудің негізгі әдісі.2.Тексерудің көмекші әдісі. Тексерудің негізгі әдістеріне: сұрау(ауру тарихын, өмір тарихын), қарап тексеру(сырттай қарау), құрал саймандармен тексеру жатады. Тексерудің қосымша әдістеріне: рентген тексерулер, ЕОД, зертханалық, цитологиялық т.б жатады.

Сұрау(анамнез жинау)- науқасты тексерудің ең маңызды кезеңі болып саналады. Ол ауру тарихын, өмір тарихын, аллергиялық және мамандығы бойынша тарихын жинаудан тұрады. Сұрауда науқастың шағымдарынан бастайды. Шағымдарын сұрау кезінде мінезіне, ауыратын жеріне, ұзақтығына, қарқынына, күн тәулігіне байланысты ма жоқпа екенін анықтайды. Сұрау кезінде аллергиялық реакциялар бар жоқтығында анықтау қажет. Дәрігер науқастың сұрақ жауап алу кезінде деонтология ережерін сақтап оны қорқытып алмауға, алдыңғы қабылдаған ем-шараларды дұрыс емес деп емдеген дәпігерді жаман атты етпеу керек.

Қарап тексеру: Стоматологялық науқастарды тексерудің негізгі кезеңдерінің бірі қарап тексеру сырттай және ауыз қуысын тексеруден тұрады. Ол табиғи не жасанды жарық көздерін пайдалану жолымен өткізіледі. Сырттай тексеру оның сыртқы көрінісіне ісік, ассиметрия бар жоқтығына жыланкөз не тыртықтарға көңіл бөлінеді. Ауыз қуысын тексеру науқастың тыныштық жағдайында жақтарды тістесу кезінде еріндер босаңсып тұрғанда жоғарғы ерінді көтеріп, төменгі ерінді түсіріп, не стоматологиялық айнамен ұртты тартып қаралады.

Шұқып тексеру(зондтау)кезінде тіс жегі қуысы болса сол жерде ілініп қалады. Онымен жұмсақ дентин, тіс жегі қуысының тереңдігін, тіс жегі қуысының тіс қуысымен байланысын, ұлпаның бар жоқтығын анықтайды.

Қағып қарау(перкуссия) зондтың тұтқасымен қағып периодонт жағдайын анықтайды.

Сипап қарау- бармақтармен беткей және терең сырттай және іштей сипап қаралады.

Тексерудің қосымша термометриялық нақтама- ұлпа жағдайын анықтау үшін қолданылады. Мұнда ыстық суықты пайдаланамыз.

Рентгенологиялық тексеру- тіндегі өзгерстерді анықтайтын жалғыз әдіс. Аурудың клиникасын, ошақтың орналасу орнына қарай емдеуді жоспарлайды.

Рентгенография арқылы қатты тіндердің жағдайы, жасырын тіс жегі қуыстары, тістердің тесілуін, сынуын, қисықтығын, түбірлерінің қалыптасу және сорылу дәрежесін анықтайды.

Сиолография- сілекей бездеріндегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін қолданылады.

8.Стоматологиялық науқастың медициналық картасы.Балаларда тіс жегінің таралуын анықтау (кп, КПЖ+ кп, КПЖ индекстері)Белсенділік- аурумен зақымдану дәрежесін және тісжегі үшін КПЖ (тұрақты тістесу), КПЖ +кп (аралас тістесу) немесе кп (сүт тістесу), пародонт аурулары үшін СРІ (коммуналды пародонталды индекс) индекстерімен анықталады.Тістердің КПЖ индексі – тісжегілі, пломбаланған және жұлынған тұрақты тістер саны. КП индексі – тісжегілі және пломбаланған уақытша тістер саны.КПЖ+кп индексі- тісжегілі және пломбаланған тұрақты және уақытша тістер, сонымен қатар жұлынған тұрақты тістер саны.Тексерілген топта тісжегінің орташа белсенділігін анықтау үшін КПЖ (кп, КПЖ+кп) жеке индекстер санын тауып, топтағы адамдар санына бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]