- •1 Тербелмелі станок жайлы жалпы мәлімет
- •2 Модернизацияланған жетектің стендтік сынақтары
- •2.1 Модернизацияланған жетектің стендтік эксперименталды сынақтарының жалпы әдістемесі
- •2.2 Модернизацияланған ұзын жүрісті жетектің стендтік зертханалық сынақтарын жүргізуге арналған бақылағыш-өлшегіш аспаптар және жабдық
- •2.3 Штоктың аспасына жүктемені имитациялау әдістемесі мен жабдығы
- •2.4 Стендтік сынақтардың нәтижелері бойынша динамо-граммаларды талдау әдістемесі
- •3 Стендтік эксперименталды зерттеулердің нәтижелері
- •3.1 Модернизацияланғанжетектің конструкциясының жұмысқа қабілеттілігін бағалау
- •Корытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.3 Штоктың аспасына жүктемені имитациялау әдістемесі мен жабдығы
Штоктың аспасына жүктемені имитациялау жүк көтергіштігі 3 т, барабанының сыйымдылығы 70м және көтеруінің максималды жылдамдығы 16,2 м/мин болатын КСД-10 типті электр жүкшығырмен жүргізілді.
10-сурет – КСД 100 жүкшығыры
Айдағыш станоктың жетегінің тарапынан тереңдегі сораптың штогына тарту күшін бағалау үшін ДПУ-50-1динамометрі, ал қозғалмалы тірек ретінде – тоқтау режимінде, жүк көтергіштігі 3 т КСД10электр жүкшығыры пайдаланылды.
Жүкшығырдың өрге көтерілген кезде тежелу режиміндегі электрмагнитті фрикциялық тежегіші, фрикционның сырғанауының есебінен қозғалыста әрекет ететін күшті басып озуға мүмкіндік береді. Егер төмен түскен кезде жүкшығырды қосса, онда оның тарту күші штангалар бағанының салмағынан түсетін жүктемені және сұйықтық бағанының гидродинамикалық кедергісін имитациялауға мүмкіндік береді.
11-сурет – ДПУ-50-1 динамометрін жүк тармағында орнату
12-сурет – Штоктың аспабына күш түсуді имитациялауға арналған қондырғы
Жүкшығырдың осындай жұмыс режимін қамтамасыз ету үшін, жетектің қосымшасының тірек бағанында орнатылған магнитті іске қосқышты және екі соңғы ажыратқышты пайдалана отырып, электр сызбанұсқасы жасалды. Сызбанұсқаның әртүрлі жүрістің ұзындығы кезінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, соңғы ажыратқыштар струбциналар арқылы тіркелді (13-ші суретті қар.).
13-сурет – Жүкшығырды қосудың электр сызбанұсқасы
Сызбанұсқа:
QF – автоматтты түрде ажыратқыштан;
KM1 - магнитті іске қосқыштан;
P - жылу релесінен;
M –жүкшығырдың асинхронды қозғалтқышынан;
ПР - сақтандырғыштан;
(С-стоп, Іске қосу) – басқару батырмаларынан тұрады.
С-стоп және Іске қосу батырмаларының орнына тиісінше КВ2қалыпты- тұйықталған (төменгі нүктеде) және КВ1қалыпты-ажыратылған (жоғарғы нүктеде орнатылған) соңғы ажыратқыштарын пайдаланамыз.
Сызбанұсқаның жұмысын динамикада қарастырайық. Айдағыш станоктың жұмыс істеп тұрған қозғалтқышы кезінде және сым арқан жүкшығырдың блокымен қосылған нүктеде траверса жоғары қарай қозғалғанда, QFавтоматты ажыратқышы жүкшығырды басқару сызбанұсқасының қоректенуін қосады. Траверсаның жоғарғы қалпына жетуіне қарай, оған бекітілген шаңғы КВ1 соңғы ажыратқышының иінін ауытқытады, оның қалыпты тұйықталған түйіспелері, тұйықтала отырып, КМ1 - магнитті іске қосқыштың шарғысына кернеу береді.
КМ1 – магнитті іске қосқыш іске қосылады және өзінің қалыпты тұйықталған күш беретін түйіспелерімен жүкшығырдың қозғалтқышына кернеу береді. Қозғалтқыш жұмыс істеуі үшін, КВ1 соңғы ажыратқышының түйіспелері КМ – магнитті іске қосқыштың түйіспелерінің қалыпты тұйықталған блогымен шунтталған. Мұндай сызбанұсқа өз өзінен блокталатын деп аталады – ол электр қозғалтқыштың нөлдік қорғанысы деп аталатынды қамтамасыз етеді. Нөлдік қорғаныс электр қозғалтқыштың апатқа алып келуі мүмкін, ойда болмаған, өздігінен қосылуының алдын алады. Соңғы ажыратқыштар нөлдік қорғанысқа ие емес, сондықтан станоктың жетегін басқару жүйелерінде, әдетте, магнитті іске қосқыштарды қолдана отырып басқару қолданылады. Траверсаның төменгі қалыпқа жетуіне қарай, траверсаға бекітілген шаңғы КВ2 соңғы ажыратқышының иінін ауытқытады. Бұл өз өзінен қоректену тізбегінің ажырауына және, жүкшығырдың қозғалтқышын өшіре отырып, магнитті іске қосқыштың шарғысының өшірілуіне алып келеді. Қозғалтқыштың қоректенуі өшірілген кезде, тежегіштің фрикциондарын электр қозғалтқыштың бүйір бетімен түйісуден ұстап қалатын электр магниттер өшіріледі - тежегіштің фрикциондары қозғалтқыштың роторын тоқтатады. Бірақ тежелу сәті, арқанның көтеруге тарту күшіне қарағанда, азырақ болатындай етіп реттелгендіктен – мұнымен штангалы сораптың жүрісті ретке келтірудің әртүрлі режимдеріндегі жұмысы модельденеді, ал осымен, тиісінше сораптың тегістелген штогына жүктеме имитацияланады.
