Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геронтология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.58 Кб
Скачать

2 Топ сұрақтары

1)Тері және оның қосалқыларының жасқа сай өзгерістерін түсіндіріңіз.

Тері (cutis)- ағзаны сыртынан жауып жатқан жабынды. Ересек адамда көлемі 1,5-2м 2, ал балаларда 2,5 есе артық. Тері эпидермис (эпителий тіні) пен дермадан (дәнекер тіні) тұрады. Бұлардың астында терінің май қабаты тері астындағы клечатка немесе гиподермасы бар. Адам денесінің әр бөліктерінде терінің қалыңдығы әр түрлі, алақанда және табанда қалың тері, ал дененің басқа жерлерінде жұқа тері орналасқан. Сондықтан тері қалыңдығын шамамен 0,5-5 мм деп есептейді. Терінің дамуы Тері ұрықтың дамуы кезінде екі жапырақшасынан бастау алып дамиды. Тері эпидермисі- эктодермадан, ал оның астындағы дәнекер тінді— дерма қабаты- сомиттің туындысы дерматомнан дамиды. Ұрықтың алғашқы аптасында терінің бір қабаты жалпақ жасушалардан, ал кейін 2-3 айлық ұрықта эпителий көп қабаттыға айналады. 3-айлық нәрестенің терісінде түктер, бездер мен тырнақ пайда бола бастайды. Тері қызметтері Қорғаныш қызметі. Тері ағзадағы мүшелерді зақымданудан сақтайды. Көптеген улы заттар мен микробтар сау тері арқылы ағзаға өтпейді. Терінің бұл қызметі, әсірксе жаңа туған балаларда және емшек жасындағы баларда өте шамалы жетілген. Өйткені жаңа туған және емшек жасындағы балаларда жұқа және жұмсақ терінің мүйізді қабаты ересектермен салыстырғанда механикалық және химиялық факторлар әсер еткенде тез зақымданады. Эпидермистің базальді қабатында орналасқан моноциттер шығаратын тері пигменті мелонииің ультро күлгін сәулелерді жұту қабілетінің нәтижесінде,тері организмді күн сәулесінің зақымдау әсерінен қорғайды. Балаларда меланин шығару процесі толық жетілмеген. Мүйізді қабаттың қабыршақтанып түсуі ересектермен салыстырғанда 4-5 рет тез жүреді. Тері- тыныс мүшесі. Терінің тыныстық қызметі көмір қышқылы мен суды қоршаған ортаға шығару арқылы орындалады. Терінің бұл қызметінің маңызы өте үлкен және ересектерге қарағанда балаларда 8есе артық. Терінің ауданының 2/3 бөлігінің зақымдануы(күю, ауа өткізбейтін майлар жағу және басқалар) баланың тұншығуына әкелуі мүмкін. Тері су-тұз алмасуына қатысады. Қалыпты жағдайда тері арқылы тәулігіне 500мл су бөлініп шығады. Теріден терімен бірге хлоридтер мен сүт қышқылы және азотты алмасудан пайда болған көптеген зиянды заттар да бөлініп шығады. Емшек жасындағы балалардың терісінде су 10-17% болса, ересектерде 6-8%. Тері-жылу реттеу мүшесі. Жылу тері арқылы сыртқа беріледі.Терінің бұл қызметі жаңа туған және емшектегі балаларда жақсы байқалады. Сондықтан балалар тез тоңып,тез ысып кетеді. Терінің беті үлкен,эпидермис жұқа,капиллярлары көп және орталық нерв жүйесінің реттеу әсерінің толық жетілмеуіне байланысты жеңіл,бірақ нашар таралатындықтан дене жылуы өзгермелі болады. 1жасқа дейінгі балаларда булану нашар,ал 2-3жастан бастап булану процесі дамиды. Соның нәтижесінде жылу реттеледі. Тері-сезім мүшесі. Теріде қысым, жанасу, ауру, суық, жылуды қабылдайтын көптеген рецепторлар орналасады. Жаңа туған балада экстрарецепторлар жақсы дамыған және қоздырғыштарды қабылдай алады. Бирақ орталық нерв жүйесі толық өсіп жетілмегендіктен терінің сезімдік әрекеті жетілмеген. Тері Д витаминін синтездеуге қатысады. Д витамині теріде күннің күлгін сәулесі әсерінен түзіледі. Бұл витаминнің жетіспеуінен әсіресе балаларда рахит ауруы дамиды. Қанның қоры қызметі. Терінің торлы қабатында(дерма) көптеген артериоло-венулярлы анастамоздар мен қан тамырлар торының орын алуына байланысты болады. Ересек адамның терісінің осы қабатында 1л-дей қан сақталады.

Жасқа байланысты адам терісінің кезеңдері:

Нәрестенің терісі; Баланың терісі; Жасөспірімнің терісі; Ересектердің терісі; Кәрілердің терісі. Нәрестенің терісі – ірімшіктей таза, майланған қабатпен астарланған, ол қабат майдан, гликогеннен, тұздардан, холестериннен, иісті қышқылдардан және дәрумендерден тұрады. Бұл қабат бірнеше күннен кейін, кебу әсерінен жоғалады. Мұрын терісінде сары-ақшыл дақты нүктелер болады, ол жатырдағы артық май бездерінің секретінің нәтижесі болып табылады, бірақ олар да 1-2 аптадан кейін жоғалады. Нәрестенің терісіне алғаш қоршаған орта ықпалдары әсер еткенде — нәресте эритемасы дами-ды немесе физиологиялық терінің қызаруы. Терінің түсі ақшыл-қызыл, кейде көкшіл реңді болып келеді. 2-3 күннен кейін гиперемия қайтып, аяқ пен алақан терісінің қабыршықтануы болады. Мұның барлығы нәрестедегі өткінші болатын құбылыстар. Бала терісі — жұқа, нәзік, бездерінің белсенділігі төмен. Тері-нің өсуі мен дамуы жүріп жат-қандықтан, егер зақымдалса, тез қалпына келеді. Жасөспірімнің терісі – бұл эпидермис қалыңдап, тері бездері жетілген кез.Ағзаның интенсивті жетілуіне байланысты тері бездерінің белсенділігі артады Ересектердің терісі — тері нағыз жетілген кез, бұл кезеңде тұлғалық жеке ерекшеліктерге байланысты бірқалыпты тері типі қалыптасады( қалыпты, құрғақ, сезімтал, аралас тері). Ол қоршаған ортадағы түрлі биологиялық, химиялық, физикалық, механикалық ықпалдарға байланысты болады. Қарт адамдардың терісі — тері қажи бастайды, қордағы қорғаныш ықпалдары әлсірей бастайды, тері бездерінің, бағаналы жасушаның белсенділігі төмендеп, тері ылғал-дылығын жоғалтады, серпімділігі мен эластикалық қасиетін жоғал-тады, әжімдер пайда басталады. Тері туындылары Шаш Тырнақ Бездер (май, тер және сүт бездері) Шаш теріге еніп тұратын бөлігін, түбірін және терінің бетінен бос шығып тұратын бөлігін, өзегін, ажыратады. Шаштың түсі пигментке, сондай-ақ шаштағы ауа мөлшеріне байланысты. Шаш қабатында ауа мөлшері көбейіп, пигмент жоғалса, ол ағарады. Жаңа туған баланың басындағы шашы жақсы дамыған, бірақ орталық талшықтарының жоқ болуына байланысты жұмсақ болады. 4-аптадан кейін туғандағы шаштары түсіп жаңа шаш шығады. Мезгіліне жетіп туған балаларда ұрықтық кезеңіндегі шаштар аяғына және арқасында жауырын аралықта орналасқан.Ал шала туған балаларда денесінде шаш тығыз, көбінесе аяқ-қолында және бет терісінде орналасады. Теріде үш түрлі бездер орналасқан. Май бездері ұрықтық кезеңнен бастап жұмыс істей бастайды. Туылған мезгілде тер бездерінің құрамы толық жетілген, бірақ мидағы тер бөлу орталықтарының нашар дамығандығына байланысты 3-4 айға дейін жұмыс істеуі нашар болады. Сонымен қатар, тер бездерінің түтікшелері өте қысқа және тар болып келеді. Май бездері тері бетінде біркелкі орналаспаған. Мысалы, жаңа туған сәбиде бетінде, арқасында, кеудесінде ересектермен салыстырғанда көп болады. Жас ұлғаюына байланысты олардың көбі семіп кетеді, кейін 18-25 жаста қайта көбейеді. Тері ағзаны сыртынан жауып жатқан жабынды болып табылады. Тері организмнің жасына байлансты өзгеріп отырады.Ол көптеген маңызды қызметтерді ақарады. Сондықтан да теріңіздін тазалығын сақтап, күтім жасап жүру керек.

2)Тірек-қимыл аппаратының жасқа сай өзгерістерін түсіндіріңіз.

Тірек – қимыл аппараты мен дене сапаларының жетілген деңгейі жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің алғышарттары болып келеді. Ол оқытудың құрылымдық – функциялық негізі. Жаңа қимыл – қозғалыстар талаптарын бұл алғышарттар қанағаттандырады, сәйкес келеді немесе жеткіліксіз болады. Жеткіліксіз жағдайда оқу процесі созылып кетуі мүмкін. Сондықтан берік морфофункциялық іргетас қалауды жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің ең тиімді жолы ретінде қарастыру қажет. Қандай жағдайда болсын біртұтас организм үшін көздеген мақсатқа тиімді және үнемді жолдармен жету ережелері өздерінің маңызын жоймайды.

Күрделі қимыл – қозғалыстарға оқытуда логикалық соңына жеткен элементтерді бөлшектеуге болады. Алайда, балаларды оқыту барысында күрделі қозғалыстар элементтерінің ішкі тұтастығын сақтайтын әдістер басқадан артық келеді.

Бастапқы кезеңде ол әдістер жеңілдетілген жағдайларда өткізілуі мүмкін. Мұндай жеңілдетілген жол дене сапаларының максимал дәрежеде білінуін талап ететін жағдайларда жаттығуларды меңгеру сатыларында жақсы. Күрделі жаттығуларға үйретудің бірінші кезеңінде, қимыл – қозғалыстар автоматизмі пайда болғанша,қосымша амалдар мен жағдайларды пайдаланудың қажеті жоқ.

Жаңа қимыл – қозғалыстарды үйренудің табыстылығы балалардың қимыл әрекеттеріне оңтайлы жағдай жасаумен байланысты. Назарды белсенді күйге келтірудің түрлі әдістерін қолдану,сабақтың кіріспе бөлімінде болашақ әрекеттерге жан – сезімдік сезінуді қамтамасыз ету орталық жүйке жүйесінің оңтайлы қозғыштығын жасауға атсалысады. Күрделі қимыл – қозғалыстарға шаршаған жағдайда үйрену өте тиімсіз.

Қалыптасқан қимыл дағдысының беріктігі үйреніп жатқан қимылдарды қайталау санына тәуелді. Орындалу дұрыстығын оқытушының тынымсыз бағалауымен қатар оларды қанша рет қайталауын қадағалау, жаттығудың жеткілікті меңгерілуінің негізгі шарттарының бірі болып келеді.Индифференттік тітіркендіргіштердің күші,дәлірек айтқанда, үйренетін қимыл – қозғалыстардың өзі,оңтайлы дәрежеде болу керек. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер,яғни өте күрделі жаттығулар,оқушының қимыл – қозғалыс функцияларының жастық даму ерекшеліктеріне сай келмейтіндері меңгерілмейді. Керісінше,күші жағынан әлсіз, баланың ынтасын тудыра алмайтын қарапайым қимыл – қозғалыстар,оларды қайталай орындау үшін қозғаушы бола алмайды.

Ерікті қимылдарды қуаттаушы агенттің индифферентті агентке қарағанда күші максимал болуы керек. Оқушының әрекеттерін бағалау,түсінік беру, қателіктерін түзету,үнемі назарда ұстау жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Табиғи қимыл–қозғалыстарға жақын (мысалы, жүгіріс).

Спорттық жаттығуларға үйрету, оларда қимылдың іштен туа біткен механизмдерінің( элементтері ) басым болуы себебінен жеңіл келеді. Алайда оқытуда жіберілген қателіктер қимыл – қозғалыстардың табиғи реттелу негіздерін жоюы мүмкін. Мұндай қауіпті салдарға қимылдардың қалыпты физиологиялық реттелу механизмдеріне сәйкес келмейтін үйретудің алуан түрлі нысанды әдістері мен амалдарын енгізу себеп болады.

Күрделі қимыл – қозғалыстар үйретудің әдістемесін алдын ала мұқият жасауды талап етеді. Ондай әдістеме балалардың қимыл – қозғалыс функцияларының реттелуі мен қалыптасуының жалпы заңдылықтары жөніндегі білім негізінде құрылады. Күрделі қимылдарды орындаған кезде оларға бағытталған саналы да, жігерлі бақылаулар,қимылдардың табиғи формаларын меңгеруге қарағанда,ұзағырақ сақталуы керек. Жеке бөлшегі не болмаса тұтас қимыл – қозғалыс автоматтандырылған сайын,оны санамен бақылау әлсірей береді. Іштен туа біткен қимыл – қозғалыс әрекеттеріне тән қимыл – қозғалыстар еріксіздік бейнелеріне ие бола бастайды.

Балалар мен жасөспірімдерді қимыл – қозғалыстарға үйретудің ерекшеліктері. Жаңа қимыл – қозғалыстарға үйрету қарапайым қимыл актілернің табиғи бейнелерінің жастық алғышарттарына негізделеді. Тұнғыш балалық шақтағы бейберекет қимыл – қозғалыстардан,сансыз сынаулар мен байқаулар арқылы,оларды орындаған шақтарда ұшырасатын сәтсіздіктерден аса отырып, бара – бара мақсатты қимыл – қозғалыстар қалыптасады. Мақсатқа сәйкес қимыл әрекеттерін қуаттау – ерікті қозғалыстарды қалыптастыруға бағытталған қажетті әрекеттер. Мысалы, баланың шап беріп ұстай алатын қимылдарын,бірнеше рет тамақ немесе басқа биологиялық маңызы зор агенттермен қуаттаса,олар мақсатты сипатты қимыл әрекеттеріне айналады.

Тұңғыш даму кезеңдерінде баланың қимыл – қозғалыс (локомоторлық) функциясы өте қарапайым формаларында іске асады.

Бір – екі жастағы бала жүрісін еске түсірейік. Оның қимыл белсенділігі,көптеген спорт түрлеріндегі немесе әртістік өнердегі қимыл – қозғалыстарға мүлде ұқсамайды.

Қимыл – қозғалыс функциясының дамуы біркелкі емес. Туғаннан соң бір жасқа деін бала өте тез өседі. Тұнғыш балалық шақта тұлға бұлшық еттерінің массасы тек артады. Тек мектептке дейінгі жаста ғана (5-6 жаста) қолдарының ұсақ бұлшық еттері тез дамиды. Бұл жаста бала саусақтары дәл және нәзік қимыл – қозғалыстарға ие бола бастайды.

Тірек – қимыл аппаратының және орталық реттеуші механизмдерінің жетілуі жоғарылаған сайын жаңа қимыл – қозғалыстарды меңгеру қабілеті артады. Бастауыш сыныптағы балалар,шапшаң шешім қабылдап орындауды талап ететін,аяқ астынан пайда болатын қимыл – қозғалыс жағдаяттарына салыстырмалы тез бейімделеді. Қимыл – қозғалыс дағдыларын үйрену және оларды орнықтыру жеделдігі көптеген жағдайларда оқытушының шеберлігіне,қуаттау әдістерінің ебін табуына,баланың сабаққа деген ынта – жігерін арттыра білуге байланысты. Сондықтан физиологиялық әрі педагогикалық тұрғыдан алғанда да,түсінік беріп,жаттығулардың орындалуына баға беріп,баланың қимыл әрекеттеріне тұрақты бақылау жасап отырғанымыз дұрыс.

Ерікті қимыл – қозғалыстардың қалыптасуы оқытудың алғашқы кезеңдерінде шартты рефлекстік әрекеттердің жалпы заңдылықтарна тәуелді. Жастық даму және түйсіктің қалыптасуы барысында осы заңдылықтар жаңа сапалық мазмұнға ие бола бастайды. Қимыл – қозғалыстарға саналы ынта – жігерді бақылау оқудың нәтижелі болуының басты кепілі болып келеді.Сондықтан қолда бар қуаттаушы агенттердің ішіндегі әлеуметтік маңызы бар түрін пайдалану маңызды.

Баланы жаңа қимыл – қозғалыстарға үйрету жолындағы қуаттаушы агенттер:мұғалімнің сөзі,әрекет жетістіктерін бағалауы,баланың өз табыстарының маңызын ұғынуы және өзіне — өзі баға беруі. Алайда оқытудың тұңғыш кезеңдерінде үйреніп жатқан дене жаттығуларындағы табыстары қарапайым,сонымен қатар айқын,жағымды,табиғи,биологиялық мазмұны құпия емес агенттерді пайдаланған жөн. Қимыл-қозғалыстарды орындап жатқан мезгілдің өзінде немесе орындалып біткеннен кейін нақты бейнелі қуаттаулар оқытуды жеңілдетеді. Мұндай әдістер бастауыш сыныптардағы оқушылардың ойлау қасиетінің ерекше бейнелі болуымен байланысты. Оларда нақты тітіркендіргіштердің әлі де болса көбісі сөз бейнесіне ие бола қойған жоқ.Сондықтан балаларға қуаттаушы заттық агенттер әсер етеді.

Бастауыш сынып жасындағы балалар техникалық жағынан күрделі қимыл – қозғалыстар формаларын меңгеруге қабілетті. Бұл 7-8 жаста жоғары жүйке әрекеттерінің дамуы едәуір биік сатыға көтерілгенін көрсетеді. Осы уақытқа дейін жүйке жасушаларының( клетка) өте маңызды өсу сатысы құрылымдық саралап жіктеумен аяқталады. Абстракциялық ойлау негізі болатын іштен сөйлеу мүмкіндіктерінің қалыптасуы қарқынды түрде артады. Алайда ішкі тежелу процестері әлі де болса жетілмегендіктен,жаңа қимыл – қозғалыстарды жасау оларға қиынырақ түседі.

Баланы қимыл – қозғалыстарға үйрету шапшаңдығы оның сыртқы әсерлерге деген бейімделгіштігіне байланысты. Балалардың жеке дамуында түрлі бағыттағы дене жүктемелеріне сезімтал келетін кезеңдер байқалады( сын кезеңдері). Мысалы,6-8 жастағы баланы коньки тебуге,9-11 жас кезіндегіден үйрету жеңіл.8-12 жас аралығында, дәлдік пен жоғары үйлесімділікті, кеңістікті бағдарлай алу қасиетінің қарқынды дамуына байланысты, іс жүзінде қандай да болсын қимыл – қозғалысқа үйретуге болады.

Мектепке дейінгі жаста екі аяқ пен бір сәттілік қимылдарды( мысалы,екі аяқпен теуіп секіру) жасау қиындық туғызады, өйткені туа біткен қайшылас координация әлі де сақталған.Тек 7-8 жасқа дейін аяқпен бір сәттілік симметриялық қимыл – қозғалыстар жасауға қажетті үйлесімділіктің физиологиялық механизмдері дамып жетіледі.8-9 жастан бастап жүгіріс пен жүзудің жылдамдығы қарқынды өсе бастайды,ал 10-11 жасқа жақын жүгіріс адымдарының жиілігі максимал дәрежесіне жетеді,тіпті 10-11 жастағы балалар осы жағынан 12-14 жастағы жасөспірімдерден асып түседі.

Жасөспірімдік және бозбалалық жастарға дерексіздік ойлаудың басым болуымен байланысты,нақты,заттық тітіркендіргіштерге қарағанда,сөз сигналдарына шартты қимыл рефлекстері тез жасалады.Сондықтан( әсіресе бозбалалық шақта),негізінен, сөздік әдістерді пайдалану арқылы қимыл – қозғалыстарға үйрету физиологиялық тұрғыдан негізді. Жасөспірімдер жоғары қозғыштығымен, өте жоғары қимыл белсенділігімен,қимылдарының ретсіздігімен( ебедейсіздігімен) ерекшеленеді. Жыныстық жетілу кезеңіне жақын мидың талдау – түзу функциясының мүмкіндігі жоғарылайды. Дене жаттығулары сабақтарының мазмұны мен маңызын түйсіну арқылы,жасөспірім олардың түрлерін тез меңгереді.

Жасөспірім психикасының тұрақсыздығы оның дене жаттығуларына деген назарын үнемі қуаттап тұруды қажет етеді. Бірақ олардың аса күрделі болмағаны жөн. Күрделі,қиын жатығуларға немесе өте қарапайым жеңіл орындалатын жаттығулар сияқты қимыл – қозғалыстарға ынта – жігер тез сөнеді.Дене жаттығуларына аса қол жетімділік техниканы меңгеруге деген немқұрайлылыққа әкеледі. Дәл осы жаста, жаттығуларды орындау арқылы физикалық жан –жақты даму, проприоцепция аппаратын жетілдіретін дұрыс техникамен қабаттасуы керек.

Тиімді құрылған дене жаттығуларының сабақтары,организмнің мүшелері мен ұлпаларының дамуын, өсуін күшейте отырып,биологиялық процестерді құрайды. Жасөспірімдер өзінің мүмкіндіктерін асыра бағалай отыра күш жаттығуларымен,ауыр заттарды көтерумен,күрделі акробатикалық,гимнастикалық және басқа жаттығулармен өзін — өздері жүктейді. Осындай ерекшеліктерді ескере отырып,спорттық жарақаттарға әкелетін және техникалық дилетантизмнің потенциялдық қайнар көзі болатын жаттығуларды сабақ барысына кіргізуге болмайды.

3)Психиканың жасқа сай өзгерістерін түсіндіріңіз. Егде және қарттық шақтағы жүрек-қантамыр ауруларының ерекшеліктерін сипаттаңыз. Егде және қарттық шақтағы ЖИА.

Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т.б. Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т.б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді. Жүрек және қан тамыр неврозы – жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы. Бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы – жалпы невроз (неврастения, истерия, т.б.). Бұл кезде жүректің соғуы бұзылады. Клиникалық белгісі: адамның беті қызарады, сұрланады, басы ауырады. Екінші тобы – гипертония, гипотония аурулары. Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, ми қыртысының ауруға шалдығуынан пайда болады. Үшінші тобына вегетативтік жүйке жүйесін зақымдап, кейін ми қыртысына таралатын жүйке аурулары жатады. Ауру көбіне адамның жеке органдарында дамып, кейін жұлын және симпатикалық жүйке жүйесінің басты бөлімдеріне таралады. Бұған Меньер, Рейно аурулары, Вольфра – Паркинсон – Уайт синдромы, бас сақинасы, стенокардия, жүрек аритмиясы, жүрек тосқауылдары, т.б. жатады. Бұлардан басқа да Жүрек Аурулары бар. Мысалы, Жүрек демікпесі; қ. Демікпе.[1] Жүрек пен қантамырлар жүйесінің аурулары әр түрлі жағдайларға байланысты.

Бұлшықеттерге ауыр күш түсіретін жұмыстар - жүрек бұлшықеттеріне зақым келтіріп, жиырылу әрекетін төмендетеді. Жүрек бұлшықетін қанмен жабдықтайтын қантамырларды қанқатпа бітеліп, оттегі мен қоректік заттарды тасуға кедергі жасайды.

Өте қауіпті жұқпалы ауруды қоздырушылардың бөлетін уы қанмен жүрекке жетіп, жүрек бұлшықеттерін зақымдайды.

Қалқанша без гормонының не аз, не көп бөлінуі ырғақты жиырылуды бұзады.

Жүрек қақпақшалары бактериялармен зақымданғанда жабылмай, жүрек жиырылғанда қанның кері ағуына әсер етеді. Жүрек - қантамырлары аурулары жүйке жүйесіне де байланысты.

4)Егде және қарттық шақтағы артериялық гипертонияға сипаттама беріңіз.

Гипертонияның (гипер — артық, көп. Тонус — қысым, сығым) негізгі белгісі адамның артериялық қан қысымы артады. Әрине, бұл адамның түрлі жағдайына және басқа ауруға байланысты. Бірақ кейде күтпеген уәйім-қайғыдан немесе ауыр қара жұмыстан кейін сап-сау адамның қан қысымы да уақытша артуы ғажап емес. Бұл аурудың белгісіне жатпайды.

Артериалық қан қысымы кейде бүйрек қабынғанда (нефрит) және бүйрек безі (надпочечник) мен қалқан безі (щитовидная железа), мидың қосалқы безі (гипофиз) секілді ішкі секреция бездерінің ауруы себепті азды-көпті артып отырады. Қан қысымының мұндай артуы осы органдардың ауыратындығын дәлелдейді. Гипертонияда денедегі барлық ұсақ артериялар (артериолы) Жіңішкеріп, қан жүретін жол тарылады. Соның нәтижесінде организмнің бір жеріндегі (артериясындағы) қанның екінші — жеріне (венаға) өтуі қиындайды. Сөйтіп, өте алмай іркілген қан тамырды кернейді, оның қуысында қан қысымын арттырады. Мысалы, қолқаның бір жері тарылғанда одан жоғарыдағы жердің қан қысымы артады. Сөйтіп гипертониялық ауру басталады. Гипертонияның себебі көп. Қөбінесе ол нерв жүйесінің әрекеті бұзылғандарда кездеседі. Зерттеу нәтижесіне қарағанда ой еңбегімен шұғылданатын инженер-техник қызметкерлер, ғалымдар және телефонисткалар мен шоферлердің қан қысымы жиі артып отырады. Өйткені бұл категориядағы адамдар міндетті жұмысын атқару үшін көп ойланып үнемі өздерін сергек ұстайды, түрлі жұмбақты шешуге, тапқырлыққа тырысады. Мұндай ұзаққа созылған ойлану миға күш түсіреді. Шаршап шалдыққан нерв жүйесінің әрекеті бұзылып, бұл қан қысымын арттырады, сөйтіп гипертония ауруының басталуына жағдай туғызады.

Қан қысымының артуы нерв жүйесі жұмысының бұзылуынан тағы да басқа бірнеше факторлардың әсер ететіндігі анықталды. Организмнің химиялық лабораториясының жұмысы бұзылғаңда бүйрек және бүйрек үсті безінің гормоны әдеттегіден артық бөлінеді. Гормонның бұлайша артық бөлінуі артериялық қан қысымын арттыратындығы анықталды. Соңғы кезге дейін бүйректі денедегі бұзылған, керексіз қалдықтардың (шлак) бөліп шығарып отыратын орган деп келдік. Сонымен қатар бүйректің қан қысымын арттыруда рөлі күшті ренин деген затты бөліп шығаратыны ашылды.

Қанның тамыр қабырғасындағы заттар алмасуын тексергенде ондағы альдостерон деген гормон өзіне натрий тәрізді элементті көп жинайтыны байқалды. Ал натрий сұйық затты бойына жинайтындықтан, тамыр қабырғаларында сұйық көбейеді. Бұл жағдай жіңішке тамырларды жуандатады, және артериалық канның қысымын арттырады. Ғылымның соңғы жетістігіне қарағанда гипертония ауруының тұқым қуатын түрі де жоқ емес.

Әрине, қан қысымы артуының басты себебі орталық нерв жүшесінің әрекетіне байланысты. Адам өмірінде кездесетін факторлар,— нерв жүйесінің жұмысы бұзылуы, ұзаққа созылған қайғы-қасірет, тұрмыстағы және жұмыстағы кейбір жағымсыз жағдайлар мезгілінде жойылмаса, сөзсіз гипертониялық ауруға соқтырады. Оның үстіне майлы тамақты мөлшерден тыс былапыттап ішіп-жеу, көп жүрмей, бір орында қозғалмай отыра беру де қан қысымының артуына себепкер болады.

Гипертония тұңғыш білінгенде артерия және басқа органдар құрылысында ешбір органикалық (анатомиялык) өзгеріс сезілмейді. Бірақ ауру ұзаққа созылып, кезінде емделмесе, қан тамыр өзгере (склероз) бастайды. Гипертонияның кейінгі сатысында жүрек артериясы мен артериольдарына және басқа органдарға да анатомиялық өзгерістер біліне бастайды. Тарылған қан жолындағы іркілген қанның қысымын жеңу үшін жүрек әдеттегіден артық күш жұмсайды. Мұның өзі миокардты күшейтеді (гипертония), жүректің көлемін үлкейтеді. Артериялық қан қысымы артуы нәтижесінде дене органдары отгегі мен басқа да қоректік заттарға тарығады. Бұл органдарда дәнекер тканьдер өсе бастайды. Осы тқаньдер, әсіресе жүрек (кардиосклероз), ми (церобросклероз) және бүйрек (нефросклероз) секілді органдарды қамтып, қауіпті ауруға шалдықтырады. Бұл органдардың скле-розбен зақымдануына байланысты гипертонияны үш түрге бөлеміз: 1. Жүректе болатын түрі 60—65 проц. қамтиды. 2. Мида болатын түрі 20—25 проц. қамтиды. 3, Бүйректе болатын түрі 10—12 проц. қамтиды. Гипертония көбінесе 40 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. Ал ол кейде 20—25 жастардағыларда да табылып жүр.

5)Тірек-қимыл аппаратының ауруларын сипаттаңыз.

Кальций тапшылығы адамның жалпы жағдайының төмендеуіне, сүйек ұлпасының жұмсаруына, сүйек буындарының сырқырауына, тіс ауруларына, остеопорозға әкеп соғуы мүмкін. Остеопороз – бұл қанқаның жүйелі ауруы, сүйек салмағының төмендеуі мен сүйек ұлпасының құрылысының бұзылуы. Остеопороз сүйектің морттығын күшейтеді, сыну мүмкіндігін өсіреді. Остеопороз дамуының үдеуіне келесі қатерлі мәнбірлер: тұқым қуалаушылыққа бейімділік, темекі шегу, маскүнемдік, тиімсіз тамақтану, аналық бездерінің қалыпты жұмысының әлсіреуі, дәрумендермен ақуыздардың шамадан аз болуы, жалпы зат алмасу бұзылыстары себеп болады.

Біріншілік алдын алуға ағзаның физиологиялық жағдайын күшейту, және физикалық күш түсуіне бейімдеу, дұрыс тамақтануда маңызды роль атқарады (көп мөлшерде ас тұзын қолдану буын ауруларының негізгі себебі болады). Сонымен бірге ағзаға суық тигізбеу, дымқыл жерде болмау, ошақты жұқпаны уақытында жою керек.

Екіншілік алдын алу аурудың қозуын болдырмау, қауіпті мәнбірлерді жою және де мерзімді ем қабылдап отыру. Көктемде және күзде пациенттерге қабынуға қарсы антибиотиктер және стероидтық емес гормондар тағайындалынады. Пациент темекіден және ішімдіктен бас тарту керек. Жыл сайын тұмауға қарсы иммунизация жүргізеді. Салмақты төмендетуге кепілдемелер беріледі.

Үшіншілік алдын алу буын функцияларын қалпына келтіру. Санаторлық-курортты ем кеңінен қолданылады: минералды су, климаттық ем, тәулік бойы таза ауада серуендеу, ауа және сәулелік ванналар. Дене шынықтыру, емдік жаттығулар әр пациентке буынның функциясына байланысты тағайындалады.

Дәнекер тіннің диффузды аурулары (ДТДА)

Дәнекер тіннің диффузды аурулары – бұл шығу тегі бір, морфологиялық өзгерістері жақын және клиникалық көріністері ұқсас аурулар тобы. Бұл аурулардың себептері әлі белгісіз. Тұқым қуалаушылық ерекше орын алады. Сырқаттың дамуына әртүрлі мәнбірлер әсер етеді: жұқпалы қоздырғыштар, күнге қыздырыну, екпелер және т.б. Жалпы сырқаттың даму механизіміне аутоиммунды дәріс жатады, яғни лимфоцидтердің өз антигендерін тануы. Нәтижесінде антиген – антидене субстраты құрылып, тіндерге жабысып оларды зақымдайды. Сөйтіп тамырларда, буындарда, бүйректе және басқа жүйелерде, мүшелерде қабыну дәрісі дамиды. Тамыр қабырғаларының зақымдану нәтижесінде қанның торшы элементтерінің агрегациясы артып, оның реологиялық қасиеттері төмендейді. Бұл құбылыстың соңы қан айналысының бұзылысына және қан ағысының азайып тіндердің гипоксиясына әкеп соғады. Қан айналу бұзылысының дамуы дәнекер тіннің диффузды ауруларының дамуына әкеп соғады. ДТДА клиникалық көрістерінің әртүрлілігімен сипатталады, онда ішкі мүшелер мен тамырлардың зақымдануы және қайталану ағымы ремиссия және қозу мен кезектеседі. Оның тобына жүйелі қызыл жегі, склеродермия (жүйелі терінің қатаюы), диффузды фасцеит, дерматомиозит, Шегрен синдромы, полихондрит т.б. жатады. Бұл аурулардың әр қайсысы өзіне тән ауру түрі мен ерекшелінеді және жалпы белгілерімен қоса арнайы клиникалық белгілерімен, асқынуымен, ағымының ерекшелігімен мінезделеді.

6)Қартаю процесінің морфологиялық өзгерістерін сипаттаңыз.

Қартаю – табиғаттың заңдылық процессі, ол организмнің жылдан-жылға бұзылуы, және оның бейімделу әрекетінің төмендеуі. Қартаю процесі өлім мүмкіндігін жақындатады. Қартаю барлық организмдерге тән қасиет. Ол тірі жандар организмдерінде әр түрлі деңгейде өтеді. Олар молекулалық-генетикалық, клеткалық, ұлпалық, мүше деңгейі және біртұтас организм деңгейі.

Гератрия- қарт адамдарда аурудың даму ерекшеліктерін ,ағымын, емін және алдын алу шараларын зерттейді. Геронтологияның басты міндеті адам өмірін ұзартумен қатар, қарт адамдардың еңбекке және қоғамдық қызметтерге белсене араласуына мүмкіндік беру болып табылады

Гетерохронды дегеніміз – әр түрлі клеткаларда, ұлпаларда және ішкі мүшелерде әр түрлі жылдамдықпен өтуі.

Гетеротопты – әр түрлі структурада сапа жағынан бірдей емес өзгеруі.

Адам мен жануарларда молекулалық-кинетикалық деңгейде қартаюдың жүргізуші механизмі болып мыналар саналады:

ДНҚ-ның қайтымсыз бұзылуы

РНҚ және белок синтезінің өзгеруі

Жасушалық деңгейде қартаюдың жүргізуші механизмі:

Жасушалардың бұзылуы және өлуі

Митоз белсенділігінің төмендеуі

Митохондриялар санының азаюы

Лизосомалардың бұзылуы

Жасушалар мембраналарының электрондық және иондық қасиеттерінің өзгеруі

Цитоплазма коллоидтарындағы дегидратациясы, яғни ондағы су мөлшерінің азаюы болып табылады.

Организм деңгейінде қартаю механизмдері болып табылады:

Нерв жүйесінің

Және басқа жүйелердің атқаратын қызметінің төмендеуі.

Эндокринді

Жүрек-қан тамырлар

Ас қорыту

Тыныс алу

Зәр шығару

Қартаюдың алғашқы механизмі клеткалардың генетикалық апараты жағдайының өзгеруімен байланысты. Барлық ұлпаларда қартаюдың нәтижесінде клеткалар саны азаяды және клеткааралық заттардың мөлшері көбейеді. Клеткааралық заттарда су мөлшері азаяды, соның нәтижесінде ферменттік реакциялар бұзылады.

Қартаюдың теломерлік теориясы.

Қартаюдың теломерлік теориясы 2 түрлі жағдайдың : ДНҚ-ның толық репликацияланбау проблемасы және жасуша (ұлпа) культурасынан табылған Хэйфлик эффектісі нәтижесінде А.М.Оловниковпен қалыптастырылды.

7)Қартаю процесінің функционалдық өзгерістерін сипаттаңыз.

Адамдардын кай жаста ересек жэне карт екенiн калай бiлуге болады? Бул сурак курделi болмаса да, киын сурактардын бiрi болып саналады. Карттардын оздерiне тэн бiрнеше турлерi бар: хронологиялык, физиологиялык, психологиялык жэне элеуметтiк турлерi.

Адамдардын картаюынын хронологиялык факторларын омiр сурген жылдарын аныктайды. Физиология — денсаулыгынын жагдайын, агзанын озiнен озi элсiреуi болып табылады. Картаюдын психологиялык турi адамдардын озiн – озi сезiнуi жэне жастык стуктурада озiнiн орнын аныктайды. Элеуметтiк – ол картаюдын турлерiнiн эр турлi синтезi болып табылады.

Осы картаюдын турлерi бiр – бiрiне эсер етудi корсетудi аныктайды. Бiрак булардын барлыгы да жастык кунтiзбесi болмайды. Сау, белсендi адамга ананда оте ана аурумен ауыратын адамдар картаю жасын тез жэне терен тусiнедi. Венгерлiк Людовик II – шi 20 жасында терен картаю белгiлерiнен кайтыс болды. Ал немiс акыны Гете болса, 90 жасында жас жiгiтше жайнап, жастык шактын олендерiн жазган болатын. Карттаюдын шактык эр турлерi бiр – бiрiмен коп жагдайда келе бермейдi, олар не жетiп алып не калып коюы мумкiн. Бiрак осыган карамастан адамдарда барлык бiр – бiрiнен байланысты, олардын кайсысы картаю процесiнiн накты, белсендi бiрлiк жуейесi екенi белгiсiз.

Окiнiшке орай казiргi кезде картаю эйелдер мен еркектер арасында бiрдей емес жылдамдыкпен журедi. Осындай корсеткiш эртурлi этностар ароасында байкалады.

Карттаюдын жылдамдыгы биологиялык жэне элеуметтiк жагдайлармен аныкталады.

8)Қарт адамдардың психологиялық ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Көптеген зерттеулер адамның психологиялық жас ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Адамның жас ерекшелігін кезеңдерге бөлу мәселесіне психологиялық тұрғыдан қарайды. Б.Г.Аканеьев жетекшілігінде ғалымдар егде адамдардың психоэволюциясына зерттеу жүргізген. Осы зерттеу нәтижелері даму динамикасын бақылауға мүмкіндік берді, яғни жеке жалпы физиологиялық, психмоторлық және психологиялық функцияларынң жоғарлауы, бір қалыпты болуы және төмендеуін көруге мүмкіндік алды.

Жоғарды аталған топтың бір белгісі – денсаулық жас өткен сайын адамның денсаулығы төмендейтіндігі белгілі. Әсіресе, қалаларда өмір сүруші егде адамдардың организмінң әсер етеді. Осы жаста оның алдыңғы өмірінің өмір салтының нәтижесі көрінеді. Балалық шақтан бастап, матеиалдық жағдайы сияқты жағдайлар оның денсаулығыынң нәтижесін береді. Егде адамдардың денсаулығы туралы айтқанда, олардың ауруы және мүгедектігі ғана емес, толыққанда, гармониялық және адамгершілік тұрғысынан да қараау керек. Егде адамдардың денсаулығы еңбек және қоғмадық қызметке қабілеттілігінен ғана емес, сондай-ақ еңбек ету қаюілетін және қоғмадық белснеділігін сақтауынан да көрінеді. В.П.Казначеев және М.Г.Субботин атап өткендей, адам организмі қартайғанда тек қана жайлылықты ғана емес, сондай-ақ белгілі бір жайсыздықты, барлық функцияларынң қысымға ұшырауы мен жаттықтыруын да сезінуі керек.

Зейнеткерлікке шығуына байланысты егде адамдар көбіне жұмысынан айырылады, ал жұмыс оның өмірінің мәні болуы мүмкін. Содан егде адам қарт шағында психикалық тұрғыдан қарусызданады. Оның өмір салтының бірден өзгеруі психикалық денсаулығының өзгеруіне, өмір салтының ауысуына әкеледі. Мұның өзі оған үлкен сілкініс тудыруы мүмкін.

Жас ерешелігі құрамының оның басқа сапасы жақтарынан сипатталдуы үшін осы кезеңде мір сүріп жатқан түрлі ұрпақтар жиынтығы қарастыру кеерк. Осы ұрпақтардың әрқайсысы белгігі бір әлеуметтік санаға ие. Олар былай құралады: біріншіден: өткен өмір қорытындысы, сол ұрпақтың жеке өмір тәжірибесінің сомасы; екіншіден, осы ұрпақ қоғам өмірінде қанадй нақты тарихи оқиғаларды бастан кешіргеніне байланысты.

Қарттықтың басталуы денсаулық пен тән күшінің нашарлауы, әлеуметтік-кәсіби рөлдер құрылымы сананың азаюы және өзгеруі, отбасының өмірден айырысуымен сипатталады. Адамның есеюі де, қартаюы да біркелкі жүрмейді. Бұл оның сана-сезімінеде әртүрлі қалыптасады. Өкінішке орай, отандық геронтологияда психо-физиологиялық процестер және әлеуметтік жағдайлардың өзгеруі жақсы зерттелінеді де, ал олардың өзіндік санасы мен ішкі дүниесі аз зерттелген.

Кең тараған түсінік бойынша, - деп атап өтеді И.С.Кон, - геде адамдар өздерінің әлеуметтік және жеке иденттілігіне назар аудара бермейді. Әрине, өмірге деген көзқарас жас өскен сайын өһзгеріп отырады. Геде жастағы адамдар өз жеке пікірлерін, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерін жастарға қарағнада шешілуі қиын деп ойлайды. Тағдырға пассив түрде бағынады. Сондай-ақ мұны ақылдылықтың пайба болуы, гармонияға талпыныс, табиғат пен адамның гармониялық бірлігі деп есептеуге болады. Сонымен қатар, шарашау күштің сарқылуы, субъективті уақыт перспективасының қысқаруы да көрініс табады. Көп жағдайда егде адамдар өздерін орта жастағы адамдардан төмен санамайды. Өзін төмен санау жолы болмайтындар мен ыңғайсыз әлеуметтік жағдайға тап болғнадарға тән.

9)Атеросклероз түсінігін ашып көрсетіңіз. Атеросклероз адамның жасымен қалай байланысады.

Атеросклероз (atherosclerosіs; гр. athrа — ботқа және sklrsіs — қатаю) — қан тамырларының ішкі бетіне холестериннің сіңіп, жиналып, түйін тәрізді шоғырланып қалуы. Холестерин сіңіп қалған орын бастапқы кезде сары жолақ дақ түрінде болса, келе-келе қатайған түйінге айналады. Бұл түйіндер бір-біріне қосылады. Соның салдарынан тамырдың ішкі қабатында жаралар пайда болады, кальций тұздары шөгіп, тамыры қатаяды, қан өтуі қиындайды. Атеросклероз денедегі ең ірі қан тамыры — қолқада жиі пайда болады. Атеросклероз салдарынан қолқаның жұқарған жерлері қалталанып кеңиді (аневризма) де, басқа органдардың қан тамырларын бекітіп тастайды. Соның әсерінен кейде науқастың бірнеше минут ішінде өліп кетуі мүмкін. Шажырқай артериясының атеросклерозы ішектің өлі еттенуіне, аяқ атеросклерозы аяқтың гангренасына соқтырады. Атеросклероз жүрек қыспасы (стенокардия), жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, жүрек инфарктінің негізгі себебі болып есептеледі. Негізінен қарт кісілерде кездеседі. Атеросклероздың пайда болу себептеріне қан қысымының жоғары болуы, эндокриндік аурулар және семіру жатады. Атеросклероздың асқынған түрі хирургиялық емдеуді талап етеді. Атеросклероздан сақтану үшін дұрыс тамақтану, әсіресе, өсімдік майын пайдалану, спортпен шұғылдану керек.[1][2]

Атеросклероз, әсіресе егде адамдарға үйір. Сондықтан олардың күнделікті тағамында холестеринге бай азык-түліктін аз болғаны жөн. Қарттар тамағының дені өсімдік пен өсімдік майы және сүттен болатын болсын. Осы азык-түліктерде холестеринге қарсы және басқа коректік заттардың бойға сіңуін реттейтін негізгі заттар мол болады. Әсіресе сүттен жасалған тағамдарда метиониң және холин секілді заттар холестеринді канда өсірмей атеросклерозға карсы күреседі.

Атеросклерозбен ауырып жүрген немесе бұған бейім адамдардың тағамында С, В12, Вб секілді витамин топтары мол болуы тиіс. Бұл витаминдер итмұрын (шиповник), жас овощь, және жеміс жидектерде, әсіресе сәбіз, көк жуа, картоп, помидор, капуста, каракат, лимон, апельсинде көбірек болады. Соидықтан да осы айтылған овощ, жеміс азық-түліктері егде тартқан адамдардың дастарханынан молырақ орын алуы тиіс дейміз.

Қан қысымы артқанда және кан тамыр құрысқанда холестерин кан алқабынан өтіп, кан тамыр тысына жиналып, атеросклероз ауруының басталуына жағдай туғызады. Сондықтан гипертония (бұл жайында кейінірек айтамыз) және жүрек қысласын мезгілінде емдеу атеросклероздан сактайды.

Адам өмірінде, әсіресе, атеросклероздан сақтануда ұйқының маңызы күшті. Ұйкы қашу немесе шала ұйыктау адамды новрозға (ашушаңдыққа) ұшыратады, нерв — жүйесін зақымдайды. Күнде кажып шаршаған клеткалары жақсы ұйқыдан кейін (үлкендер үшін сегіз сағат) тынығады, ал түнгі сменада жұмыс істейтіндер күндіз ұйқысыи қандыруы тиіс. Ұйқының адамды атеросклероз ауруынан сақтайтын емдік қасиетін мына тәжірибеден аңғаруға болады: қоянға ұйықтататын барбамил (хлоралгидрат) дәрісін беріп, кейін денесіне холестерин енгізгенде онда атеросклероздың ізі де білінбеді. Ал қоянның ұйқысын қашыратын фенамин дәрісін бергеннен кейін холестерин енгізгенде, бның қан тамыры, әсіресе қолқасы атеросклерозға ұшырады. Бұл аурудан сақтанудың тағы бір жолы — ұйқыны жақсарту.

10)Профилактикалық герантология түсінігін тұжырымдаңыз.

Геронтология(грекше geron және logos – ілім) – адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия (грекше geron және іatreіа – емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді. 20 ғасырдың 30–40-жылдары Қазақстанда қариялар мен мүгедектер үйі, геронтологиялық және гериатриялық кабинеттер (Алматы, Қарағанды, т.б.), ауруханаларда гериатриялық бөлімдер ашылды, жүйелі зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде қартаюдың әлеум.-гигиеналық себептері мен клиник. белгілері анықталды; адам жасының ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда болатын өзгерістер зерттелді; егде тартқан және қартайған адамдардың әдетте байқалмайтын жүрек ақауларына сипаттама берілді. Физиол. және биохим. көрсеткіштердің қалыпты деңгейі анықталып, егде тартқан және қартайған адамдардың денсаулығын тексеру әдістемесі ұсынылды. Кейбір дәрілердің қартайған организмге тигізетін әсері, вегетативтік жүйке мен лимфа жүйесіндегі морфол. және гистохим. өзгерістер зерттелді. Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін, жас психологиясының бір саласы геронтологиялық психология зерттейді. Ол қартаюдың белгілерін, яғни адам организмінің функционалдық мүмкіндіктерінің (сыртқы әсерлерді қабылдауы көмескіленіп, қимыл белсенділігі баяулауы, күш-қуатының азайып, денсаулығының нашарлауы) біртіндеп төмендеуін қарастырады. Қартаю – биологиялық процесс; белгілі бір жасқа жеткеннен кейінгі организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі. Қартаю кезінде тіннің серпімді талшықтарының және су мөлшерінің азаюынан тері жұқарып, қатпарланып әжім пайда бола бастайды. Бұл кезде шаш ағарып, сирейді, көздің көруі, құлақ естуі нашарлайды, тіс түсе бастайды. Қартаюдың бір көрінісі ретінде организмде дәнекер тіндердің өзгеруін келтіруге болды. Осыдан өкпеде, бауырда, жүректе, т.б. ішкі органдарда олардың атқаратын жұмысының бұзылуына әкелетін беріштенулер дамиды. Дәнекер тіндерінің өзгерістерінен қарттарда жара мен сүйек сынықтарының бітуі жастарға қарағанда баяу жүреді. Қартаю кезінде адамның жүйке жүйесінде, ішкі секреция бездерінде, иммундық, жүрек-қан тамырлар жүйелерінде елеулі өзгерістер байқалады. Жүйке жүйесінің өзгерістерінен шартты және шартсыз рефлекстер әлсірейді, есте сақтау қабілеті бұзылады. Қарт адамдарда жыныс, қалқанша, ұйқы бездерінің, гипофиздің, бүйрек үсті бездерінің, айырша бездің гормон өндіру қабілеттілігі төмендейді. Қартаю кезінде жүректің жиырылу күші кемиді, қан айналу көлемі азаяды. Шеткі тіндердегі қан қылтамырларының (капиллярлары) қабырғалары қалыңдап кетуінен газ алмасу процесі бұзылады. Бұл гипоксия ауруының дамуына әкеледі. Қан тамырларының серпімділігі азайып, оларда атеросклероз дамиды. Адамның жасы ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларының жүйкелік және гуморалдық реттеулері өзгереді. Қартаюды: қалыпты немесе физиол. Қартаю және ерте қартаю деп бөледі. Физиологиялық қартаю – адам егде тартқан жасқа келсе де, денсаулығы жақсы, ширақ, өзін-өзі күтіп, айналасына назар аударып белсенділік көрсете алатын жағдайда болуы. Ерте қартаюда кәріліктің белгілері мезгілінен бұрын байқалады. Бұған адамның созылмалы аурумен ауыруы немесе қоршаған ортаның жағымсыз әсері себеп болады. Қартаюды қазіргі теориялар жас шамасының ұлғаюына байланысты белок синтезінің бұзылуы деп түсіндіреді. Ал мұның өзі нуклеин қышқылдары (ДНҚ) қызметінің бұзылуына байланысты болады. Кейінгі жылдары иммунитет жүйесі бұзылған организмде түзілген антиденелер бөгде заттарды ғана емес қалыпты клеткаларды да бұзып, жоятыны анықталды. Қартаю кезінде клеткалардағы энергетикалық (жылу бөліну) процестер өзгереді: тотықтырғыш ферменттердің белсенділігі кемиді, митохондриялардың саны азаяды. Қартаюда тұқым қуалаушылық факторы үлкен рөл атқарады. Кейбір адамдардың қалыптан тыс ерте қартаюы байқалады, мұны прогерий деп атайды. Бұл сирек кездесетін тұқым қуалайтын синдромдар кездерінде байқалады. Солардың бірі – Гетчинсон-Гильфорд синдромы – балалардың, аутосомдық-рецессивтік жолмен ұрпақтан ұрпаққа берілетін ауруы. Бұл аурудың алғашқы көрінісі баланың бір жасар кезінде байқалып, тез қарқынмен дамып, 10 – 20 жаста жүрек инфарктысынан өлімге әкеледі. Баланың бойы өсуі баяулайды, шашы ағарып, түсе бастайды, терісі жұқарып, қатпарланып кетеді. Көз бұршағының бұлыңғырлануы (катаракта), өкпе эмфиземасы, қан тамырларының атеросклерозы, т.б. дамиды. Осындай кәрілікке тән белгілердің 15 – 25 жас арасында дамуы – Вернер синдромы деп аталады. Ерте қартаюдың ең негізгі себебі – қозғалудың азаюы, бұлшық ет жұмысының жеткіліксіздігі (гиподинамия). Қартаюға байланысты организмде зат алмасу процесі нашарлайды, сондықтан қуатты тағамдарға қажеттілік те төмендейді. Мысалы, қалада тұратын 60 – 74 жастағы ер адамдардың тәуліктік энергетикалық қажеттілігі 2300 ккал болса, әйелдерде – 2100 ккал, ал жасы 75-тен асқан адамдарда бұл қажеттілік 2000 және 1900 ккал шамасында болады. Бұл кезде тағам құрамындағы жануар майлары мен көмірсу мөлшері аз болуы тиіс. Қартаю заңдылықтарын зерттейтін ілім геронтология, ал жастары ұлғайған адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім гериатрия деп аталады.

11)Атрофия және деградация түсініктерін салыстырыңыз.

Атрофия (грек, atropheo; а — жоқ; trophe — қоректік зат, тамақ) — қоректік заттың келмеуіне немесе жетіспеушілігіне байланысты дене мүшелері мөлшерінің кішірейіп әлсізденуі. Атрофия көбіне мүшелерді қоректендіретін қан және лимфа тамырлары қызметін реттейтін жүйкелердің зақымдануы нәтижесіңде өрбиді.[1][2] Атрофия деп ағза клетка көлемінің кішірейіп, қызмет қарқынының төмендеуін немесе бүтіндей тоқтауын атайды. Семудің физиологиялық және патологиялық түрлерін ажыратады. Физиологиялық семуге балалардың кіндік қан тамырларының, кейінірек айырша безінің семуін мысалға келтіруге болады. Бұлар жас организмнің дамуына яғни эволюцияға байланысты болатын семуге жатады. Қартайғанда сему процесі барлық ағзаларды, жүйелерді қамтиды. Бұл қартаю яғни инволюция нәтижесінде дамитын семудің мысалы. Патологиялық сему белгілі бір ауру тудырушы себептерге байланысты болады. Семудің бүл түрі екі топқа бөлінеді: 1) жалпы сему немесе кетерем болу (кахек- сия); 2) жергілікті сему.

Деградация (лат. degradatio – біртіндеп нашарлау, құлдырау) - біртіндеп жағымды қасиеттердің нашарлауы, төмендеуі немесе жойылуы. [1]

Биологияда – қоршаған ортаның біртіндеп нашарлап тозуы, қандай да болмасын биогеоценоздың экологиялық үйлесімділігінің бүлінуі. Деградация мынадай түрлерге ажыратылады: ландшафттық Деградация – ландшафтының табиғи немесе антропогендік тұрғыдан жұтаң тартып, эстетикалық және әсемдік түрінен айрылып, шаруашылыққа жарамсыз күйге түсуі; топырақ Деградациясы – табиғи құбылыстар немесе адамның іс-әрекеті нәтижесінде топырақ құрылымының өзгеруіне байланысты оның құнарлылығының біртіндеп нашарлауы; қоршаған орта Деградациясы – адам өмір сүріп отырған ортаның бүлінуі; кейбір қалалар мен елді мекендерде әлеуметтік тіршілік ортасы мен табиғат жағдайларының бірдей нашарлауы; көп жылдық тоң Деградациясы – климаттың жылынуына байланысты көп жылдық тоңның еруі.

Деградация, кұлдырау режимі. Бұл режимдегі саяси практика саяси жүйенің қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ете алмайтын ерекше қалпын көрсетеді. Онда биліктің ықпалына берілмейтін деструктивті, қиратушы күштер үстемдік етеді. Билік дағдарысы, саяси жүйенің дағдарысы қоғамның демократиялық саяси мәдениетінің әлсіздігін, дамымағандығын көрсетеді. Тек охлократиялық тенденцияларға арандататын сөз жүзіндегі демократия дағдарысты тереңдете түседі, саяси күштердің қақтығысты қайшылықтарын тудырады.

Осындай жағдайда саяси процестің мазмұны өзгереді. Саяси күштердің қарсы тұру тенденциясы пайда болып, қақтығыстар мен әлеуметтік жарылыстарға алып келетін конфронтация күшейеді. Осы ретте қоғамның саяси жаңаруының демократиялық формаларын іздеу, жағдайдың әлеуметтік жауапты бағасының дамуы, саяси күштер арасындағы диалогтардың әр түрлі формаларының жолға қойылуы, компромисс, консенсус принциптерінің басымдығын қамтамасыз ету дағдарыстық жағдайдан шығудың тиімді жолын қалыптастырады. Осы жағдайда барлық саяси күштер, мемлекеттік билікті қоса алғанда, конституцияны, құқықтық нормаларды сақтауға міндетті және мемлекеттік билік органдары мен күштік құрылымдар ғана мемлекеттің

тұгастығы мен қоғамның тұрақтылығын сақтау үшін қажетті күш қолдану функциясын заң жүзінде қолдана алатындығын ескеру қажетті.

Алайда, саяси практикадағы деградация мен құлдырау режимі басқа бағытты ұстануы да мүмкін. Бұл демократиядан бас тарту, тәртіпті сақтаудың күш қолдану методтарына өту, күш қолдану мәдениетін жандандыру мен дамыту.

12)Егде және қарттық шақтағы адамдардың жүйке жүйесі ауруларын клиникалық диагностикалау және емдеудің жалпы қағидалары мен әдістерін анықтаңыз.

Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia(грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.

Рефлекс — сыртқы, немесе ішкі орта әсерлеріне организмнің жауап қайтару реакциясы. Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің орталық бөліміне ми және жұлын, ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады.

Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық, парасимпатикалық, симпатикалық.

Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - дене, яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшедерінің, парасимпатикалық бөлімі — ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі —тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды. Жүйке жүйесін орталық және шеткі деп үлкен екі бөлімге бөледі. Орталық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жатады. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан таралатын жүйкелер мен жүйке түйіндерінен тұрады. Жүйке жүйесінің қаңқа бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін бөлім - сомалы (грекше - дене), ішкі мүшелердің жұмысын реттейтін бөлімін вегетативті (қоздырамын) жүйке жүйесі деп атайды. Жүйке жүйесінің тәндік бөлімі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырады, тітіркендіргіштерді қабылдайды. Адам еркіне байланысты козғалыстарды басқарады.

Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Жұлынның сұр затының алдыңғы, артқы бүйірінде екіден түбірлері (өсінді) болады. Алдыңғы түбір козғалтқыш жүйке талшықтарынан, артқы түбір сезгіш жүйке талшықтарынан түзіледі. Әр омыртқаның бүйір тұсынан жұлыннан екі жаққа 31 жұп жұлын жүйкелері таралады. Әрбір жұлын жүйкелері алдыңғы және артқы түбірлердің қосылуынан пайда болады. Түбірлер омыртқааралық тесіктерден шығып, бірімен-бірі қосылып аралас жұлын жүйкелерін түзеді. Аралас жүйке дейтін себебі: жүйке талшықтарының бір тобы қозуды орталық жүйке жүйесіне, екіншісі одан қозуды шеткі мүшелерге өткізеді. Жұлыннан тарайтын жүйкелердің құрамында әрі сезгіш, әрі қозғалтқыш жүйке талшықтары болады. Жұлын жүйкелері қолдың, тұлғаның және аяқтың қаңқа бұлшықеттеріне таралады. Орталық жүйке жүйесіне өтетін қозу жұлынның тек артқы түбірі арқылы өтеді. Ал одан келетін козу жұлынның тек алдыңғы түбірі арқылы жүреді. Егер екі түбірден шыққан жүйке талшықтарының бірімен-бірі қосылған жері жарақаттанса (кесілсе), жүйкелердің сезгіштігі де, қозғалтқыштық әрекеті де жойылады.

Жұлынның қызметі: жұлын екі түрлі қызмет атқарады: рефлекстік және өткізгіштік.

Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде; көз қарашығын үлкейтетін орталық арқа бөлімінде және т. б. орналасқан. Жұлынның жүйке орталықтары рецепторлар және мүшелермен тығыз байланысты. Қозғалтқыш нейрондары - дене, аяқ-қол бұлшықеттері, тыныс алу еттерінің жиырылуына әсер етеді. Жұлынның қатысуымен қозғалу рефлексі жүзеге асады. Жүрек, тыныс алу, ішкі мүшелер жұмысында өзгерістер болады.

13)Қарт адамдарға дәрігерлік көмек көрсетудің ерекшеліктеріне баға беріңіз.

Егде жастағы адамдардың медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаждықтары туралы мәселені зерделеу 60 жастан асқан аурулар көбіне учаскелік дәрігерлерге қаралған: оның 61 пайызы – емханаларға бару және 85,12 пайызы - үйге шақыру. Тексерілген адамдар құрамының арасында үйде медициналық көмек көрсетуді 60-69 жастағы әрбір 10-шы адам, 75-79 жастағы - әрбір 3-ші адам, 80 және одан үлкен жастағы - әрбір екінші адам пайдаланған. Өтініш жасаудың себептері әртүрлі, соның ішінде «тар» мамандардың құзыретіне кіретіндері де бар. Сонымен қатар, егде адамдарды тексеру кезінде 65 жастан асқан адамдардың 80 пайызы көптеген созылмалы аурулардан зардап шегетіні анықталды. Адамдардың 3,4 пайызында ғана 1, 18,5 пайызында – 2, 25,9 пайызында – 3 нозология, 37,4 пайызында – 4, 14,8 пайызында – 5 және одан да көп созылмалы ауруы болған. Оның үстіне, денсаулық бұзылулары дәрігерлерден жасырын қалатыны аз емес, өйткені емделушілер өзіндік ем жасаумен айналысады немесе көптеген аурулар диагностикасының жалпыға қабалданған сызбасы гериатрлық практикада қолдануға жарамсыз.

Дамыған елдердің тәжірибесі көпбейінді ауруханларада медициналық көмекті көбіне үлкен жастағы тұрғындар алатынын көрсетеді. Егде адамдар арасындағы алдын алу қызметі кешенді динамикалық тексеруді, диспансерлеуді, түрлі мамандар жұмысын қамтиды. Соңғы жылдары жоспарлы жүргізілген алдын алу жұмыстарының нәтижесінде белсенді барудың үлес салмағы 1997 жылғы 15,2 пайыздан 2004 жылы 33,7 пайызға дейін өсті. Бекітілген адамдар құрамына үйде көмек көрсету мөлшері 1997 жылғы 73,3 пайыздан 2004 жылы 90,4 пайызға дейін өсті. Патологияны ерте айқындау жөніндегі алдын алу қызметінде ерекше рөл – бекітілген адамдар құрамын жыл сайын кешенді динамикалық тексеруге беріледі. Тексерілушілердің тұрақты құрамына қарамастан, алдын ала қарау кезінде патологияларды айқындау жоғары күйінде қалып отыр. Ауруханаларда диспансерлік бақылау жоғары және орта есеппен тұрғындардың 97,6 пайызын құрайды.

Медициналық тескерудің барлық кезеңдерінің арасындағы ерекшеліктерді сақтау мақсатында, сондай-ақ қартаю процесінің өзі егде адамдарда біртіндеп олардың тәндік және әлеуметтік белсенділігінің азайуына, қозғалуға және өз-өзіне қарауға бейімділігін жоғалтуына әкелетін адамдар құрамының жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәулік бойы стационарда емдеуден басқа, күндізгі стационарда, отбасылық дәрігерлік кешендердің дәрігерлері де, үйде көмек көрсету бөлімшелерінің дәрігерлері де ұйымдастырған үйдегі стационарларда емдеу жүргізіледі. Емделушілер туған-туыстарынан және үйренген өмір салтынан алыс кетпей, үй жағдайында дәрігердің келіп, емдік-қозғалыс режимі мен емдік денешынықтыруды кеңейте отырып емдеу-алдын алу процедураларын жүргізумен білікті медициналық көмек алады. Бұл жұмыс нысаны қатты ауруларды да, егде емделушілерді де емдеу үшін жүргізіледі. Олардың денсаулық жағдайы, созылмалы ауруларының ушығуының жиілігі, сондай-ақ шұғыл көмек көрсетуге мұқтаждығы, жедел және қайта ауруханаға жатқызу қажеттігі көбіне егде емделушілерді қарау сапасына байланысты.

Мысалы, Алматы қаласында отбасылық дәрігерлік кешендерді біріктіру базасында шұғыл бикелік көмек көрсету бригадасы құрылды. Оның негізгі міндеті бекітілген контингентке барынша қысқа мерзімде ықшамды білікті медбикелік көмек көрсету болып табылады. Бекітілген контингенттің ерекшеліктерін ескере отырып, учаскелік медициналық бикелердің функционалдық міндеттеріне шомылдыру, тамақтандыру, уқалап-сипалау сияқты қызмет көрсетулер енгізілді. Олар дәрігердің тағайындағаны бойынша емдік әрі диагностикалық рәсімдерді жүргізеді.

14)Егде және қарттық шақтағы артериалық гипертонияға баға беріңіз.

ртериялық гипертония немесе артериялдық гипертензия – артериялдық қысымның жоғарылауын білдіретін симптом. Артериялдық гипертензия гипертониялық аурудың және басқа да симптоматикалық артериялық гипертонияның негізгі белгісі болып табылады. Гипертониялық ауру (эссенциалды гипертензия) жүрек-қантамыр ауруларының ең жиі тараған түріне жатады. Гипертониялық ауру барлық артериялдық гипертониямен ауыратындардың 65-75%, симптоматикалық артериалық гипертониямен ауыратындар - 25-35% құрайды. АГ синдромының белгілері Бастапқы кезеңдерінде науқастар еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне, жалпы әлсіздікке, жұмысқа ден қоя алмауына, ұйқысыздыққа, өтпелі бас ауруына, бас айналуға, құлақтың шуылдауына, бастағы ауырлық сезіміне, кейінірек физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, бас ауруы мен бас айналудың тұрақты сипат алуына шағымданады. Ағымының 4 нұсқасын ажыратады: 1 - қатерлі (тез өршитін); 2 – баяу өршитін; 3 - өршімейтін; 4 – қайтымды дамуымен; Қатерлі түрінде АҚ бастапқы кезден-ақ тез өршиді, АҚ өте жоғары сандарына жетеді ( 220/130-140 мм с.б.б. жоғары), көз түбінің торқабықтың және көру нервінің ісінуі ретінде зақымдалады, геморрагиялар болады; бүйрек тамырларындағы органикалық өзгерістер (фибриндік некроз) орны алуы да жиі кездесіп отырады. Сонымен қатар гипертониялық энцефалопатиялар, ми қанайналымының бұзылысы, жіті солқарыншалық және бүйректік жеткіліксіздік дамиды. Гипертониялық криз Гипертониялық ауруға кезеңді түрде АҚ көтерілуі – гипертониялық криздер тән. Криздердің дамуына психикалық жарақаттар, жүйкелік қозу, атмосфералық қысымның ауытқуы әсер етеді. Гипертониялық криз әртүрлі ұзақтықтағы (бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін) АҚ кенеттен көтерілуімен байқалады, ол бастың бірден ауыруымен, бас айналумен, ыстық сезімінің болуымен, тершеңдікпен, жүрек қағуымен, жүрек тұсының шаншып ауруымен, кейде көрудің бұзылуымен, жүрек айнумен, құсумен сипатталады. Ауыр жағдайда криз кезінде естен тану да болуы мүмкін. Криз кезінде науқастар қозулы, қорыққан, немесе әлсіз, ұйқышыл, тежелген күйде болады. АҚ кенет жоғарылайды. Пульсі жиіленген, бірақ өзгермеуі немесе баяулауы да мүмкін, оның кернеулігі жоғарылайды. Кеш сатыларында, яғни ауруда органикалық бұзылыстар пайда болғанда, криз уақытында ми қанайналымының бұзылуы, миокад инфаркті, жіті солқарыншалық жеткіліксіздік дамиды. Симптоматикалық артериалдық гипертензияларды 5 топқа жіктейді. Симптоматикалық артериалдық гипертензиялардың жіктелуі (екіншілік гипертензиялар): І). Бүйректік гипертониялар: 1. Туа пайда болған ақаулар - гипоплазия, гидронефроз, поликистоз, патологиялық қозғалмалы бүйрек; артерияның атрезиясы мен гипоплазиясы, аневризмалар, артериовенозды фистулалар. 2. Жүре пайда болған ақаулар - диффузды гломерулонефрит, созылмалы пиелонефрит, амилоидоз, диабеттік гломерулосклероз, жүйелі васкулиттер (түйінді периартериит, қызыл жегі, склеродермия), бүйректер инфаркті, туберкулезі, ісігі. 3. Жүре пайда болған магистралды бүйрек артерияларының ақаулары - атеросклероз, тромбоз, кальциноз, эмболиялар, аневризмалар, фибромускулярлы дисплазия, аортоартериит, эндоартериит, тыртықтар, гематомалар, неоплазмалар, жаншылып жатқан магистралды бүйрек артериялары, бүйрек көктамырларының стеноздары және тромбоздары. ІІ). Жүрек және ірі артериялардың зақымдалуымен жүретін гипертониялар – қолқа коарктациясы, атеросклерозы, ұйқы және мықын артерияларының стенозирдаушы зақымдалулары, қолқа қақпақтарының жеткіліксіздігі, толық атриовентрикулярлы бөгеме. ІІІ). Эндокринді гипертониялар - феохромоцитома, біріншілік альдостерома, кортикостерома, тиреотоксикоз, Иценко-Кушинг ауруы. ІV). Орталық гипертониялар - энцефалит, полиомиелит, ісіктер, жарақаттар. V). Қосарланған зақымдалулардағы гипертония - бүйрек артерияларының, бүйрек паренхимасының және оның магистралды артерияларының, бүйрек үсті безі мен бүйректің, бүйректің әртүрлі паренхиматозды ауруларында. АГ синдромының диагностикасы 1. Отырған, жатқан қалпында АҚ 2-3-рет өлшеу; 2. Бойының ұзындығын, дене салмағын, бел мен мықын айнала шеңберін өлшеу, бел/мықын өлшемдерінің қатынасын есептеу; 3. Гипертониялық ретинопатияның дәрежесін анықтау үшін көз түбін тексеру; 4. Жүрек-қантамыр жүйесін тексеру: жүрек көлемін, тондардың өзгеруін, шулардың болуын; жүрек жеткіліксіздігі белгілерін; ұйқы, бүйрек және шеткері артерияларының патологияларын, қолқа коарктациясын; 5. Құрсақ қуысын тексеру (тамырлық шулар, бүйректердің ұлғаюы, қолқаның патологиялық пульсациясы); 6. Шеткері артериялардың пульсациясын және аяқтардағы ісіктерді анықтау; 7. Цереброваскулярлы патологияны анықтау үшін жүйке жүйесін тексеру. Міндетті зерттеулер, емнің алдында нысана ағзалардың зақымдалуы мен қауіп факторларын анықтау қажет: - несеп анализі; - жалпы қан анализі лейкоформуласымен; - қан анализі (калий, натрий, креатинин, глюкоза, жалпы холестерин және жоғары тығыздықтағы липопротеидтер); - 12 тіркемедегі ЭКГ.

15)Тірек-қимыл аппаратының ауруларының себептерін түсіндіріңіз.

Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) — кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді.

Кальций тапшылығы адамның жалпы жағдайының төмендеуіне, сүйек ұлпасының жұмсаруына, сүйек буындарының сырқырауына, тіс ауруларына, остеопорозға әкеп соғуы мүмкін. Остеопороз – бұл қанқаның жүйелі ауруы, сүйек салмағының төмендеуі мен сүйек ұлпасының құрылысының бұзылуы. Остеопороз сүйектің морттығын күшейтеді, сыну мүмкіндігін өсіреді. Остеопороз дамуының үдеуіне келесі қатерлі мәнбірлер: тұқым қуалаушылыққа бейімділік, темекі шегу, маскүнемдік, тиімсіз тамақтану, аналық бездерінің қалыпты жұмысының әлсіреуі, дәрумендермен ақуыздардың шамадан аз болуы, жалпы зат алмасу бұзылыстары себеп болады.

Біріншілік алдын алуға ағзаның физиологиялық жағдайын күшейту, және физикалық күш түсуіне бейімдеу, дұрыс тамақтануда маңызды роль атқарады (көп мөлшерде ас тұзын қолдану буын ауруларының негізгі себебі болады). Сонымен бірге ағзаға суық тигізбеу, дымқыл жерде болмау, ошақты жұқпаны уақытында жою керек.

Екіншілік алдын алу аурудың қозуын болдырмау, қауіпті мәнбірлерді жою және де мерзімді ем қабылдап отыру. Көктемде және күзде пациенттерге қабынуға қарсы антибиотиктер және стероидтық емес гормондар тағайындалынады. Пациент темекіден және ішімдіктен бас тарту керек. Жыл сайын тұмауға қарсы иммунизация жүргізеді. Салмақты төмендетуге кепілдемелер беріледі.

Үшіншілік алдын алу буын функцияларын қалпына келтіру. Санаторлық-курортты ем кеңінен қолданылады: минералды су, климаттық ем, тәулік бойы таза ауада серуендеу, ауа және сәулелік ванналар. Дене шынықтыру, емдік жаттығулар әр пациентке буынның функциясына байланысты тағайындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]