- •1. Тіл дамыту әдістемесінің методологиялық негізі.
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту
- •Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету
- •Мектеп жасына дейінгі балаларға сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру.
- •Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетпен таныстыру.
- •Мектеп жасына дейінгі балаларды сауат ашуға даярлау.
- •Студенттердің оқытушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары.
- •2. Балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастырудағы сабақтың рөлі.
- •3.Сабақтан тыс уақытта және күнделікті өмірде грамматикалық нормада дұрыс сөйлеуге үйрету әдістемесі.
- •Балалардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру.
- •Баланың сөздік қорын нақтылау.
- •Сөздік қорды жандандыру.
- •Бала тілінің тазалығын сақтау.
- •Сөздерді қатесіз айтуға жаттықтыру.
- •Сөз мәнерлілігін меңгерту.
- •Дұрыс тыныс алуға үйрету.
- •Дыбыстардың айтылу үлгісін беру.
- •Дидактикалық ойындар дыбыстық мәдениетті қалыптастыруда басты роль атқарады.
- •II Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары:
Студенттердің оқытушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары.
Тапсырма сұрақтарын талқылап, пікір алысу.
III. Студенттердің өзіндік жұмыстары Тақырыпқа байланысты қосымша материалдар оқып, талдау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991
2.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992.
3.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1991. – 95 б.
4.Нұрмухаметова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд... автореф. 13.00.07. – Алматы, 2004. – 23 б.
5.Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. – Алматы: Мектеп, 1991. – 80 б.
6.Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-2001): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.01. – Алматы, 2004. – 144 б.
7.Метербаева К.М. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.02. – Алматы, 2005. – 150 б.
Дәріс №13
Тақырып: Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде лексикалық жаттығу, логикалық сөздік тапсырмалар орындату, ойын т.б. ролі.
Мақсаты: Лексикалық жаттығу, логикалық сөздік тапсырмалар орындатудың, дидактикалық ойынның байланыстырып сөйлеудегі маңызы туралы түсінік беріп, олардың ерекшеліктері мен мазмұнын меңгерту. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспарын құра білуге дағдыландыру.
Жоспар
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде лексикалық жаттығудың алатын орны.
Логикалық сөздік тапсырмалар орындату арқылы балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету,
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде ойынның (дидактикалық) ролі.
Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Байланыстырып сөйлеуге үйретуде жиі қолданылатын әдістердің бір лексикалық жаттығу жұмыстарын жүргізу. Мұндай жаттығулар көбінесе сөздік ойын түрінде жүргізіледі. Мысалы, бұлтты, жаңбырлы, суық, мөлдір, ашық, бұлыңғыр деген сөздерді қандай сөздерге қосып айтуға болатындығын таптырту және айттыру қажет.
Байланыстырып сөйлеуде қолданылатын тағы бір әдіс – логикалық сөздік тапсырмалар орындату. Ол үшін тәрбиеші жыл маусымдарының өзгерісіне әңгіме құрайды да сол сипатталған өзгерістің жылдың қай мезгілінде болатындығын таптыртады. Мұндай логикалық сөздік тапсырманы тұрмыста қолданылатын балабақшада бар заттардың, нәрселердің түрлеріне байланысты ұйымдастыруға болады. Логикалық сөздік тапсырма, егер тақырып табиғат құбылыстарына арналса мынадай үш бағытта жүргізуге болады:
— табиғаттағы қысқа мерзімде болып өтетін өзгеріс туралы мысалы, қардың еруі, нөсер жаңбырдың жаууы, жапырақтардың сарғаюы т.б.
— табиғат құбылыстарының заңды байланысын байқату мысалы, жыл мезгілдерінің келу реті.
— бір маусымда болатын өзгерістерді толық қамтып түсіндіру, және әңгіме құрату.
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде бейнелі көркем сөздерді меңгертудің де үлкен мәні бар. Образды сөйлеуге үйретудің алғашқы қадамы, бақылау, салыстыру арқылы іске асырылады. Мысалы, Қуандық Шаңғытбаевтың “Күзгі жапырақтар” өлеңінде:
Алуан – алуан жапырақ
Күзгі бақша күлімдеп
Көз тартады жалтырап
Таудан салқын жел соқса
Сыбырлайды қалтырап
Жақын қалды жел тоқсан
Жабырқайды жапырақ
Ой алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунармеді жатып-ап
Осы өлеңіндегі күлімдеп, жалтырап, қалтырап, жабырқайды, шашу шашты жапырақ немесе өзендегі тастарды неге ұқсайтындығын сұрағанда олар аппақ, жұмыр, қоңырқай , сары жұмыр тасты сабын секілді, судың мөлдір жерін айнадай деген теңеулерді айтып жауап бере алады. Сонымен балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету тәрбиешіден үлкен шеберлікті талап ететін тіл дамыту әдістемесінің басты саласы.
Балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруды жүзеге асырудың ерекше бір жолы – ойын. Ойын – балалар үшін қызықты ғана әрекет емес, ол білім мен әдет – дағдыларды игеруге мүмкіндік беретін іс-әрекет. Ойынды арнайы сабақ ретінде немесе оқу үрдісі кезінде ұйымдастыруға болады.
Сабақта жүйелі және орынды қолданылған ойын элементтері балалардың білуге деген ынтасын арттырып, білім дағдыларына игеруге іскерліктерін шыңдауға, байланыстырып сөйлеуге ықпал жасайды.
Дидактикалық ойындар ұйымдастыру арқылы балаларға қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың ерекшеліктерін білуге, есте сақтауға және оны бақылау кезінде және сабақта алған ұғымдарын тиянақты елестетулерін анықтай түсінуіне көмектесуге болады. Соның негізінде байланыстырып сөйлеу тілі жетіледі.
Педагог — тәрбиешілер оқу іс-әрекетінде ойын элементін қолдану барысында мыны негізгі мәселелерге көңіл бөлуі керек:
— ойынның мақсатын айқындау. Балалар ойын кезінде қандай іскерлікпен дағдыны, жаңа сөздерді, сөйлем құру ерекшелігін игереді, ойынның тәрбиелік мақсатын;
— ойынға қатысушылардың санын анықтау;
— ойын барысында қолданылатын материалдардың тартымдылығы;
— ойын шартын түсіндіруге уақытты үнемдеу, түсіндіру;
— ойынның қанша уақытқа созылатындығы. Ойынның әсерлілігі, қызықтылығы және байланыстырып әңгімелеуге сәйкестігі;
Балабақшада балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – күннің екінші жартысында серуенге шыққанда әңгімелер, ертегілерді балалардың естеріне түсіріп өздерінің балабақшадан тыс уақытында көргенін әңгімелетуге болады. Мұндай жұмыс кезінде тәрбиешінің негізгі мақсаты олардың қатесіз дұрыс сөйлеуіне көңіл бөлу қажет.
Студенттерге берілетін тапсырма:
Лексикалық жаттығуларды талдау.
Логикалық сөздік тапсырмаларды орындау бағаттары.
Дидактикалық ойындарды іріктеу және олардың маңызы.
ІІ. Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары:
Тапсырма сұрақтары бойынша оқытушы мен студенттер пікір алысады. Логикалық сөздік тапсырмалар орындау әдісінің бағыттарын мысалдар келтіріп жан-жақты талдайды.
Табиғаттағы қысқа мерзім……….
Бір маусымда болатын өзгерістерді…….
Табиғат құбылыстары
ның заңды байланысы………
Образды сөйлеуге үйретудің алғашқы қадамы
Педагог – тәрбиешілер сабақта ойын элементін қолдану
Тәрбиешінің оқу іс-әрекетінде ойын элементін қолдану барысында көңіл бөлетін мәселелерін ата
Қарлы, аязды, ыстық, жайдарлы, қызығы, алтын, жапалақтады т.б. сөздердеді қандай сөздерге қосып айтуға болады.
ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары.
Кешенді ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспарын құру, өткізу, талдау ( сәбилер, естиярлар, ересектер, мектепке даярлық топтары).
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991
2.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992.
3.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1991. – 95 б.
4.Нұрмухаметова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд... автореф. 13.00.07. – Алматы, 2004. – 23 б.
5.Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. – Алматы: Мектеп, 1991. – 80 б.
6.Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-2001): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.01. – Алматы, 2004. – 144 б.
7.Метербаева К.М. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.02. – Алматы, 2005. – 150 б.
Дәріс №8
Тақырып: Сөздің грамматикалық дағдысын қалыптастыру әдістемесі.
1.Қарым-қатынас процесі кезіндегі тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту.
2. Балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастырудағы сабақтың рөлі.
3.Сабақтан тыс уақытта және күнделікті өмірде грамматикалық нормада дұрыс сөйлеуге үйрету әдістемесі.
1. Қарым-қатынас процесі кезіндегі тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту.
Грамматикалық мағыналар бұл болмыс құбылыстары арасындағы сөз арқылы білдіретін қарым – қатынастар мағынасы. Яғни бұл логикалық қатардың тілдік мағыналары.
Грамматикалық мағыналар сөз тудырушы морфемаларға және синтаксисте грамматикалық мағыналарға бөлінеді. Тілді түсіну үшін оны құрайтын сөздердің лексикалық мағыналарын білу аз. Сонымен бірге осы сөздердің арасындағы грамматикалық қатынастарды түсіну керек. Мысалы: бала лексикалық мағынаны яғни алма ағашын отырғызу сөздерінің тілдегі тысқары болмыспен ара қатынасын білуі мүмкін. Алайда алма ағашы отырғызылды немесе алма ағашын отырғызады деген сөйлемдердің құрамында жұмсалып тұрған грамматикалық мағыналарды білмейді. Егер балаға грамматикалық тұлғаның мағынасы түсініксіз болса, ол сөйлемдегіайтылғанойды да түсінбейді. Ана тілдің грамматикалық мағыналарды үйретудің қиындығы мынада: бұл мағынаны оқытушының өзі жете түсінбейді және оларды ана тілін табиғи қабылдау процесінде меңгеріп интуициялық жолмен қолданады.
Грамматикалық мағыналарды меңгерудің өзі адамды ойлана білетін етеді. Ана тілдің грамматикалық мағынасын түсіну, жас жеткіншекке ақыл кіру және оның даму процесі болып табылады. Бұл процесс санадан тыс жүретінін алайда, егер бұл процесі нашар оқытылуы арқылы бәсеңдетілетін болса баланың ақыл ойының өсуі шектеліп қалады.
Балалар алдын – ала аздаған сөз мөлшерін үйренбейінше дыбыстарды және сөйлем интонацияларының ерекшеліктерін білмейінше грамматикалық жаттығулар жүргізу мүмкін емес. Балалардың тілін грамматикалық формалармен байыту. Олардың сөздік қорын молайту мен фонетикалық дағдыларын дамыту процесінде жүреді.
Тәрбиеші балалармен сөзбе – сөз қарым – қатынас жасағанда сабақ үстінде баланың әр сөзді анықтап, дұрыс дыбыстап айтуын бақылап, түзетіп отыру қажет. Әсіресе зат ретінде сөздер мен іс – қимылды білдіретін етістік сөздерді өзара байланыстыра сөйлеу, үлгі көрсетіп, баланың сөйлем құрап айта алуына бағдар беріп жаттықтыру қажет. Мысалы: бала сурет салып отыр, қыз доппен ойнады деген сөйлемдегі затты білдіреді және қимылды білдіретін сөздерді тапқызу. Қалай байланысып тұрғанын түсіндіреді. Коллективтік әңгіме құрап айтуға үйретеді. Бірыңғай жай мүшелі сөйлем түрінде сөйлеуге үйретуден бастаған жөн. Заттың қасиетін, оқиғаның себебін, өткен мезгілін білдіретін сұрақтарға жауап беруге үйрету. Оны Қашан? Қайда? Неліктен? Не себепті? Сұрақтарын қойып, оған жауап алу арқылы үйрету керек. Көрсетіліп отырылған 2 – 3 жасар баланың тілі өте тез дамиды. 3 жасар баланың сөздік қоры 1300 – 1500 сөзге жетеді. 4 жасар баланың сөздік қоры 2 есе көбейеді. Естиярлар тобында қазақ тілінің грамматикалық құрылысын меңгеру күнделікті өмірде, үлкендермен сөйлесу кезінде іске асады. Балалар сөйлемдегі сөздерді көбінесе жалғау, жұрнақсыз айтады. Сондықтан тәрбиешілер тіл дамыту сабақтарында жеке сөздерді жіктік, септік, тәуелді жалғауларында қолдануды, түбір сөздерден сөз тудыру тәсілдерін үйретіп отыруға міндетті.
Сондай–ақ қазақ тілінде өз алдына жеке мағынаға ие болмайтын басқа сөздерге қосылып көмекші мағына атқаратын сөздерді үйрету қажет. Бұл үшін түрлі ойыншықтарды, қажетті заттарды әртүрлі жағдайға орналастырып, балалардан сұрау қажет. Бала Қайда? деген сұраққа заттың орналасқан орнын сөзбен айтады. Мұнымен қатар “жасырылған затты тап”, “орныңды тап” деген ойынды өткізуге болады.
Сойлемден орны бос сөздерді тауып, сөйлем құрап айтуға үйретеді.
Мысалы: “Әжемнен хат келді. Мен қуандым”
“Балапан ұшып кетті”
сұрақтар арқылы толықтыру керек.
Бірыңғай мүшелі, сабақтас, салалас сөйлемдер құрап айтуға үйретуде.
Мысалы: “Поштаны хат әкелді”
“жайлауда”, “Қырманда”
деген тақырыпта шағын шығарма құруға болады.
Балабақша жағдайын ауылдың шаруашылығымен, қолда бар құралдарды ескеру қажет.
Диярлық топтағы балаларды грамматикалық форманы дұрыс қолданып сөйлеуге үйреткенде сөздің морфологияның, синтаксистік жақтарын меңгерту көзделеді.
Мектепке даярланатын балалардың сөзге белсенділігін арттыру мақсатында дидактикалық ойындар кеңінен қолданады. Бұл ойындарда кейбір заттардың аты, ұқсастығы, сапасы, Қимыл-әрекет түрлері жөнінде қажетті сөздерді дәл тауып айтып естеріне тез түсіруге мән беріледі.
Мысалы: адамдардың еңбек процесін білдіру үшін кім “Не істейді?” “Кімге не керек?” деген ойын ойналады. Мұнандай балалар әр мамандыққа лайықты суреттерді өздерді танып алып айтып береді. Немесе тәрбиеші мұғалім айтқан сөздерімен сөйлем құрап жауап береді. Баланың сөз қорын бақылап бекіте отырып әртүрлі сөздік жекеше, көпше, септік тәуелдік жалғауға қолдануын түрлі жаттығу жұмыстары арқылы танытып отыру басты міндет. Бұл жұмысты саналы меңгертуге әртүрлі іс-әрекеттерді білдіретін суреттер, жеке сұрақтар даярланады. Тапсырма орындату жаттықтыру кезінде бала асықпай ойланып сөйлеуге, егер қателессе көмекші сұрақ арқылы қатесін түзеп дұрыс жауап беруге жаттықтырылады. Жаттығу жұмысталы кезінде үлгі ретінде берілген сабақ жоспарлары басшылыққа алынуы қажет.
Кейбір сұраққа бала жауап бере алмауы да мүмкін. Мұндайда тәрбиеші сұрақты қайталап барлық балаға қояды. Дұрыс жауап алған соң балаларды мадақтап алған жөн. Сөйлеуге үйретуде жаңа сабақтарды балалардың білім дағдыларын тиянақтау кезінде де баланың қатесін түзетуді жеке дара түрде байыппен жүргізіп отырудың маңызы зор. Бала тілінде бейнелі сөздерді қалыптастыру үшін арнайы лексикалық жаттығулар жүргізіледі. Ол сипатталған затты тап, қайсысы қалай дыбыстайды мына заттар туралы сипаттап айт деген сияқты ойын түрінде болуы мүмкін. Мұндай ойында балаға таныс заттар алынады. Бала ол таныс заттарды сипаттайды.
“Бұлақ қандай?” “Жел не істейді?”
Түбір сөздерге жалғау, жұрнақ қостырып айту
Үй – үйге, үйшік, үйде.
Балалар сөйлеу кезінде сын есімдерді, үстеулерді, қолдана білуге үйрету.
Сол мақсатта “дәл тауып айт”, “әдемі сөз ойлан”, “кім сақ құлақ” деген ойындар ойнатылады.
Айналадағылармен таныстыру тіл дамыту сабақтарында 5-10 минут беріледі. Сабақтан тыс уақытта да сөздік грамматикалық құрылысын дамыту жалғастырылады. Оның өзіндік тәсілдері бар.
Ең алдымен баланы дұрыс сөйлеуге үйрету. Әрбір объектіге , затқа, іс-әрекетті байланысты сөздерді дұрыс түсініп айтуға үйрету. Мысалы: дәрігер, құрылысшы. Мамандықты білдіретін сөздерді үйрету. Неліктен маман? Дейміз. Әртүрлі сөз топтарын сын есім, сан есім, етестіктерді әртүрлі формада қолдана білуге үйрету. Мысалы: сүт құйғыш, қант салғыш.
