- •Мұғалімнің кәсіби бағыттары
- •1. Бірлескен және топтық жұмыс.
- •2. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.
- •3. Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару.
- •4. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу.
- •5. Мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары.
- •6. Сыныпты қадағалау әдістемесі.
- •7. Мұғалімдерге нені білу міндет?
- •8. Сынып мәдениеті мен оқу ортасы.
- •9. Мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.
- •10. Оқушылардың пікірі бойынша құзырлы мұғалімнің сипаттамасы қандай?
- •11. Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.
- •12. Бұдан әрі даму бағыттары мен басымдықтарын анықтау үшін жеке тұлғаның құндылықтары мен көзқарастарын нақтылау.
- •13. Оқыту және оқу әдістемесін жетілдіру мақсатында зерттеу жүргізу қажеттігін негіздеу және мойындау.
- •14. Сыныптағы психологиялық ахуал.
- •15. Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудың аффекттік теориясы.
- •16. Оқушыларды ынталандыру.
- •17. Оқушылардың оқу туралы пікірін анықтау (оқушыдан кеңес алу).
- •18. Оқудағы әлеуметтік өзара іс-қимыл, әлеуметтік өзара іс-қимыл ауқымын кеңейту.
- •19. Сабақтың интерактивті және инклюзивті болуын қамтамасыз ету.
- •20. Оқудағы кедергілерді анықтау.
- •21. Оқудағы кедергілерді, соның ішінде жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау.
- •22. Оқушылардың қабілеттері және оқуға жағымды көзқарастары.
- •23. Қалай оқу керектігін үйрену дегеніміз не? Мұғалімнің оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері.
- •24. Бүкіл зейінді және педагогикалық амал-тәсілдерді оқушыларға бағыттау және оларға қалай оқу керектігін үйренуде көмек көрсету.
- •25. Қалай оқу керектігін үйренуге қатысты оқыту әдістері мен тәсілдеріне басты назар аудару.
- •26. Оқыту мен оқуда акт пайдалану мақсаттары.
- •27. Оқу сапасын арттыру мақсатында сыныпта акт пайдалану әдістемесі.
- •28. Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқу үшін бағалау (ОүБ) дегеніміз не?
- •29. Оқытуды жоспарлауда ОүБ әдістемесін пайдалану.
- •31. Сабақта тиісті тәсілдерді қолдану.
- •32. Талантты және дарынды оқушыларды жандандыру үшін жекелей оқыту.
- •33. Диалогтік оқыту дегеніміз не?
- •34. Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі.
- •35. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не? Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану.
- •36. Оқыту үдерісін жақсарту мақсатында өзгерістерді жоспарлау.
- •37. Сыныпта оқыту үдерісінде болып жатқан өзгерістерді қадағалау.
- •38. Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson Study қолдану.
- •39. Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімдік жоспарлау.
- •40. Оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу барысында жүргізілетін бағалау.
15. Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудың аффекттік теориясы.
Өздерінің оқуға қабілетті екендігіне сенімді оқушылар материалды тез әрі жақсы игереді. Олар ойларын оңай жинақтайды, терең ойланады, оқудан ләззат алады, ішкі бақылау жұмыстары мен сыртқы тексерістерде жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Оларға оқу оңай, олар оқу үдерісінен рахат алады.
Оқушылардың ынтасын басқара алатын мұғалімдер оларды дамыту жолдарын белгілеуде негізгі рөл атқарады. Болашақты болжауға болмайды, бірақ ол қазір қызу қалыптастырылады. Қазіргі кезде не істеліп жатса да, жастардың қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Қазіргі кезде оқу қабілеттерін қалыптастыратын немесе шектейтін күштерді белгілей отырып, мұғалім белгілі бір педагогикалық амалдарды таңдап, жастарға өз әлеуеттерін ашуға, сол арқылы ең үздік оқушы болуға көмектесуге тиіс.
Біз оқушылардың әртүрлі себептермен: кейде зеріккендіктен, ауыр жұмыстан жалтару мақсатында, сыныптағы шудан қажыған себепті, қажетті сәтте мұғалім көмегін ала алмай зәру болған жағдайда, кезекті тапсырмадан гөрі қоғамдық өмір қиындықтары жайлы әңгіме мен ойлар маңыздырақ болуы және тағы басқа да жайттар орын алғанда сабақтан «тыс қалатынын» жақсы білеміз.
Егер адамдардың қалай оқитыны туралы психологиялық еңбектерге сүйенетін болсақ, олар үш түрлі теорияда қарастыралады: танымдық теория, аффекттік теория және әлеуметтік теория. Танымдық теория адамдардың еске сақтау, қабылдау, ойлау сияқты үдерістерді зерттеулерге негізделген. Оқушы оқу үдерісіне белсенді араласқан кезде ғана оқу материалын терең меңгерілуіне қол жеткізуге болады.
Ал аффекттік теория оқудағы эмоциялардың үлесі жағынан қарастырады. Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, балалар белгілі бір жағдайдың әсерімен білім алғанда, оқуға олардың эмоциялары да үлес қосады. Осы орайда, оқушыларды ынталандыру, таң қалдыру, қызықтыру, қолдау көрсету, оқушылардың оқуына жағымды және қолайлы ортаның болуына негізделеді.
16. Оқушыларды ынталандыру.
Тәрбиеленушіні белгілі іс-әрекетті орындатуға талаптандыру ниетімен қолданылатын әдістер тобында ынталандырудың орны өз алдына. Бұл әдістің ежелден-ақ мадақтау мен жазалау түрі белгілі. Мадақтау – тәрбиеленушілер әрекетіне ұнамды баға беру. Мадақтау ықпалы оқушының ұнамды көңіл-күй сезімін көтеруге негізделген
1. Мадақ-марапат сырттай көзге түсіп, әйгілену ниетімен емес, мақтаушы мұғалім мен марапатталушы оқушының, яғни екі тараптың бірдей жан дүниелік қалауы мен қабылдауынан болуы шарт.
2. Мадақтау арқылы тәрбиеленушіні басқа балаларға қарсы қойып алмауды да ойластырған жөн. Сондықтан тек табысқа жеткен оқушыны ғана мақтап шектелместен, шын ықыласымен еңбектенген, өз ісіне адалдық танытатындардың бәріне де жылы лебіз, мадақ сөзді аянбаған жөн.
3. Мадақ қолдана отырып, кім, не үшін, қаншалықты сыйға тұрарлық екенін сараптауды ұмытпаңыз. Әсіре мадақ астамшылдыққа апарады.
4. Әрқандай мадақ жеке тұлғалық ерекшеліктерді ескерумен беріледі. Өзіне сенімі жоқ, үлгерімі төмен оқушыны қолдап-қуаттау қажет. Қандай да ұнамды сапасын танып, педагог сол арқылы балада сенім оятады, ұмтылыс пен дербестік, кедергілерден сескенбеу қасиетін баулиды. Өзіне тәрбиеші, төңірегіндегі адамдар сенімін артқан бала, өз кемшіліктерін де «жүгендеп», оңды жолға түсе бастайды.
5. Бүгінгі мектеп тәрбиесіндегі басты міндеттерден жазбау. Мадақтау мәселесін шешуде өз шәкірттеріңізбен пікір алысуды да жадтан шығармаңыз.
Жарыс, бәсеке. Көп бала топтала қалса, сол бойда өзара бедел таластыра бастайды. Балалар табиғатына аса тән құбылыс – бәсекелестік. Төңірегіндегілер арасында өз беделін танытып, оны бекіту – әр адамның тума қажеті. Ал бұл қажеттілікті іске асыру басқалармен жарысуды керек етеді. Жарыс нәтижесі баланың ұжымдағы беделін ұзақ уақытқа айқындап, бекітеді.
