- •Мұғалімнің кәсіби бағыттары
- •1. Бірлескен және топтық жұмыс.
- •2. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.
- •3. Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару.
- •4. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу.
- •5. Мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары.
- •6. Сыныпты қадағалау әдістемесі.
- •7. Мұғалімдерге нені білу міндет?
- •8. Сынып мәдениеті мен оқу ортасы.
- •9. Мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.
- •10. Оқушылардың пікірі бойынша құзырлы мұғалімнің сипаттамасы қандай?
- •11. Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.
- •12. Бұдан әрі даму бағыттары мен басымдықтарын анықтау үшін жеке тұлғаның құндылықтары мен көзқарастарын нақтылау.
- •13. Оқыту және оқу әдістемесін жетілдіру мақсатында зерттеу жүргізу қажеттігін негіздеу және мойындау.
- •14. Сыныптағы психологиялық ахуал.
- •15. Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудың аффекттік теориясы.
- •16. Оқушыларды ынталандыру.
- •17. Оқушылардың оқу туралы пікірін анықтау (оқушыдан кеңес алу).
- •18. Оқудағы әлеуметтік өзара іс-қимыл, әлеуметтік өзара іс-қимыл ауқымын кеңейту.
- •19. Сабақтың интерактивті және инклюзивті болуын қамтамасыз ету.
- •20. Оқудағы кедергілерді анықтау.
- •21. Оқудағы кедергілерді, соның ішінде жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау.
- •22. Оқушылардың қабілеттері және оқуға жағымды көзқарастары.
- •23. Қалай оқу керектігін үйрену дегеніміз не? Мұғалімнің оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері.
- •24. Бүкіл зейінді және педагогикалық амал-тәсілдерді оқушыларға бағыттау және оларға қалай оқу керектігін үйренуде көмек көрсету.
- •25. Қалай оқу керектігін үйренуге қатысты оқыту әдістері мен тәсілдеріне басты назар аудару.
- •26. Оқыту мен оқуда акт пайдалану мақсаттары.
- •27. Оқу сапасын арттыру мақсатында сыныпта акт пайдалану әдістемесі.
- •28. Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқу үшін бағалау (ОүБ) дегеніміз не?
- •29. Оқытуды жоспарлауда ОүБ әдістемесін пайдалану.
- •31. Сабақта тиісті тәсілдерді қолдану.
- •32. Талантты және дарынды оқушыларды жандандыру үшін жекелей оқыту.
- •33. Диалогтік оқыту дегеніміз не?
- •34. Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі.
- •35. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не? Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану.
- •36. Оқыту үдерісін жақсарту мақсатында өзгерістерді жоспарлау.
- •37. Сыныпта оқыту үдерісінде болып жатқан өзгерістерді қадағалау.
- •38. Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson Study қолдану.
- •39. Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімдік жоспарлау.
- •40. Оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу барысында жүргізілетін бағалау.
4. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу.
Оқыту әдістемесіне, әдiсiне жаңа элементтер ендiру, оның нәтижесі арқасында уақытты тиiмдi пайдаланып, сапалы да саналы білімді биiкке көтеру. Мұғалiм – оқушы арасындағы жаңа, өзiндiк педагогикалық ынтымақтастық жолдарын таба отырып, дарынды, талантты, уақытша үлгерiмi төмен оқушылармен жеке, топтық жұмыс жүргiзудiң жаңа әдiстерiн өндiру.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне, сана- сезіміне, біліміне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздеп отыр. Ақпараттық білім-біліктілікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу-тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына қатысты.
5. Мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары.
Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстыра- ды. Социологтар оны жеке тұлғаның негізгі құндылығы ретінде қарастырады. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешім қабылдап, сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады (1-сурет). Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке тұлғаның ерекше «оқыту сызбалары» құралады. Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс- әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі, пәннің қалай оқытылу керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді.
Алайда, тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін. Егер де дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек.
6. Сыныпты қадағалау әдістемесі.
7. Мұғалімдерге нені білу міндет?
Мұғалімнің міндеті оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан әзірлеу.
Жақсы нәтижелерге жету жағдайлары:
• мұғалімнің зейінін шоғырландыра білуі, өзін-өзі ұстауы, жинақтылығы;
• көп сөйлемеу, жігерлілік;
• талап қойғыштық және оқушылардың жағдайына зейінін аудару және сабаққа кешікпей келу;
• психологиялық үзіліс және сұрақтарды қолдану сабақ тақырыбына зейінді шоғырландыру;
• жылы жүзділік және кең жүректілік;
• талапты тұрақты және жүйелі қою.
Кезеңнің мазмұны:
1. Амандасу – әдептіліктің қарапайым түрі, педагогикалық процестің, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасының басы.
2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
Егер оқушы сабақты себепсіз жіберсе, онда жазалау әдісі қолданылады да, ал ауырып жатса оған көмек беріледі.
3. Оқушылардың сабақ дайындығын тексеру.
Бұл сәтте мұғалім оқушылардың сырт келбетіне, жұмыс істеген кездегі қимыл-қозғалыстарына, жұмыс орнына назар аударады. Әдептілік, сезімталдық оқушының талғамын, сырт келбетінің әсемдігін тәрбиелейді.
4. Сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру.
Сынып бөлмесі оқушылар мен мұғалімнің жұмыс орны, сондықтан оған көңіл бөлмеуге болмайды. Әркімнің өз денсаулығын күтуі оның өзіне деген қадір-қасиетін тәрбиелейді.
5. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
Оларды үзіліс кезіндегі психикалық жағдайдан саналы, тез жұмыс істеп кетуге тәрбиелеу керек. Мұғалімнің сыныпқа кіріп келген кездегі психологиялық жағдайы оқушыларға беріледі. Сондықтан дауыс көтеру, зекіру ынтымақты бұзады.Есіңізге сақтаңыз! Мұғалім өз жұмысы туралы жауап алмаса, оның бағасы болмаса, оқушы өз табысына қуанбайды, қателігіне ренжімейді.
Кезең мазмұны:
1. Барлық оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындағанын анықтау.
2. Жекелеген оқушылардың үй тапсырмаларын орындамау себептерін міндетті түрде анықтау және оны келесі күнге дейін орындататын шара алу.
3. Білімдегі типтік қателіктерді анықтау және олардың пайда болу себептерін білу.
4. Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.
5. Пән бойынша кеңесшілерді, кезекшілерді үй жұмысын тексеруге тарту.
6. Оқушылардың өзара көмегін және өзін-өзі бақылауын қолдану.
7. Мұғалімнің өзінің өткен сабақтағы жұмысын талдауы.
