Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
inform_10-12.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
938.85 Кб
Скачать

9. Амалдық жүйеге анықтама беріңіз. Windows амалдық жүйесіндегі стандартты қосымшаларды(бағдарламалар) атаңыз және қызметтерін түсіндіріңіз.

Амалдық жүйе — компьютердің жабдықтық және бағдарламалық қорларын басқаруға арналған бағдарлама. Амалдық жүйенің негізгі тапсырмалары жадыны бақылау және үйлестіру, әмірлердің орындалуын реттеу, енгізу және шығару құрылғыларын бақылау, желі қызметін жеңілдету және файлдарды басқару боп табылады. Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін амалдық жүйені қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған амалдық жүйе мысалдары ретінде келесілерін келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux, Mac OS (Darwin) және Unix. Амалдық жүйенің айырмашылықтарының бірі:1.Бірнеше бағдарламаны бір уақытта жегуге мүмкін етеді. 2.Бағдарлама жазуды оңайлатады, себебі бағдарламаның жабдықтарды басқару қажеті пайда болмайды. Бұкіл жабдық пен бағдарламалардың өзара әрекеттесуін амалдық жүйе басқарады. Бұған қоса бағдарламаға жабдық пен басқа бағдарламалармен әрекеттесуге жоғары деңгейлі тілдесуді қамтамасыз етеді. Әрбір компьютерлік бағдарлама АЖ-ның қызметтерін пайдаланады. Windows (тікелей аударғанда – терезелер) бейне беттің терезелерге бөлінуі арқасында осындай атауға ие болды. Әрбір терезе іске қосуға болатын қандай да бір ақпараттан, кескін немесе бағдарламадан тұрады. Бейне бетте бір мезгілде бірнеше терезе орналастырып қойып, бірінен біріне ауысып жүруге болады. Windows жүйесінің негізгі функциялары:

• компьютердің барлық қүрал-жабдықтарын (аппараттарын) басқару;

• файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

• қолданбалы программаларды іске қосу.

Бұған қоса Windows жүйесі:

бір уақьпта бірнеше программалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

әр түрлі программалар арасында мәліметтер алмасу;

масштаб бойынша өзгеріле алатын шрифтер қолдану;

мультимедиа мүмкіндіктерін қолдану;

жалпы ортақтастырылған анықтамалық жүйені пайдалану істерін қамтамасыз ете алады.

10/11. «Алгоритм» сөзі ІХ ғасырда өмір сүрген, адамдардың квадрат теңдеулерді жүйелей құрып оны шеше білуге үйреткен ұлы араб математигі Әбу Жафар Мухаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763—850 жж.) есімінің латындық algorithmi сөзінің транскрипциясы болып табылады. Ол санаудың ондық санау жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.

Бірақ әл-Хорезмиге дейін де арифметикалық операцияларды орындау ережелері көп болатын. Бірақ ол кезде сандардың ерекшеліктеріне көп мән берілген, ал әл-Хорезми болса, көпорынды сандардың бәріне ортақ және барлық сандарға жарамды ереже ұсынды. Әл-Хорезмидің тәсілін қолдаушыларды алгоритмдіктер деп атады. Алгоритм ұғымы бірнеше қасиеттері бар ережелер жүйесі деген мағынаны білдіреді. Осылайша алгоритм ұғымы математикада ертеден қолданыла бастағанымен, математикалық теорияның объектісі ретінде кейбір проблемаларды зерттеуге байланысты ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында зерттеле бастады. Қазіргі таңда алгоритм ұғымы тек математикалық есептерге ғана емес, сонымен қатар басқада мағыналарда қолданылады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған алгоритм бойынша, яғни программа бойынша жұмыс істейді. Алгоритм ұғымының анықтамасы өте көп. Берілген есепті шешу үшін қандай да бір программалау тілінде программа жазғыңыз келсе, онда алдымен есепті шешудің алгоритмін құруыңыз керек. Алгоритм деп алдын-ала анықталған мақсатқа жету үшін, есептің шешімін табу үшін орындаушыға (адамға, компьютерге және т.б.) берілген түсінікті нұскаулардың тізбегін айтады. Компьютерлік алгоритмді программа деп атайды. Программа деп машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде жазылған алгоритмді айтамыз. Программа командалар тізбегінен тұрады. Командалар тізбегі орындалған кезде есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған программа бойынша жұмыс жасайды. Яғни, программа деп белгілі бір нәтиже алу үшін түсінікті операциялар тізбегін айтамыз. Процессор программа құрамындағы командаларды реті бойынша орындайды. Команда бір қарапайым операцияны орындауға бұйыратын бұйрық түрінде болады. Командалар арифметикалық, логикалық, басқаруды беру, сандарды салыстыру, экранға шығару, принтерге шығару және т.б. болып бөлінеді.

Алгоритм қасиеттер:

  • Дискреттілік;

  • Түсініктілік;

  • Жалпыламалық;

  • Анықталғандық;

  • Нәтижелілік.

Дискреттілік әрбір алгоритм үздікті, дискретті сипатқа ие, яғни бірінен кейін бірі орындалатын бөлек аяқталған қадамдар тізбегін құрайды. Ақпаратпен жасалатын әрекеттерді тағайындайды және өрнектейді. Алгоритмнің жұмысына қажетті материалдар ретінде символдық мәтіндер және сандар пайдаланылады.

Жалпыламалық бір типтес есептердің кең класын шығаруға жарайтындай болу қабілеті.

Нәтижелілік – алгоритмнің орындалуы белгілі бір нәтижеге жеткізетін түрі. Алгоритмнің бұл қасиеті қажет нәтижені қадамдардың ақырлы санынан кейін қамтамасыз етеді.

Түсініктілік – бұл орындаушының командалар жүйесін есепке алғандағы алгоритм құрылуының міндеттілігі, яғни алгоритм орындаушыға түсінікті түрде бекітілу қажет.

Алгоритмнің анықталғандығы (детерминділігі) – алгоритм дәл анықталған болуы керек жөнінде және орындаушыға кез-келген алғышарттар қоюға жол бермейтіндей оны сипаттайтын алгоритмнің қасиеті.

Алгоритмнің компактілігі дегеніміз – оның қысқалығы, инструкцияларының минимальдығының қасиеті. Өте жақсы құрылған алгоритм болып қысқа және есептеу санының минимальды қасиетіне ие алгоритм саналады.

Алгоритмдерді келесі түрлерге бөлуге болады:

  • Есептеуіш (ДК-де есептеу үрдістерін берушілер);

  • Сұқбаттық (ДК-мен сұқбат жүргізу алгоритмдері);

  • Графикалық (ДК дисплейлерінде графикалық бейнелер құру алгоритмдері);

  • Мәліметтерді өңдеу;

  • Роботтар, станоктармен және т.б. басқару.

Алгоритмдерді жазу әдістері:

Графикалық – блок-схема түрінде.

Сөздік – жаратылыстану тілінде.

Алгоритмдік тілде – яғни арнайы тілде.

ЭЕМ үшін программалар түрінде – программалаудың кез келген алгоритмдік тілінде (Бэйсик, Паскаль, Си++ және т.б.), егер орындаушы компьютер болса.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]