- •2. Мақсаты:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Илююстрациялы материалдар:
- •1902-1907Жж н.П.Гундобин. «Мектеп гигиенасы» (1902), «Балалық шақ гигиенасы» (1903), «Балалық шақтың ерекшеліктері» (1906), «Мектеп гигиенасының қазіргі замандағы міндеттері»(1907).
- •1954Ж. Кеңестер Одағында мектеп гигиенасы 1954 жылдан бастап балалар мен жасөспірімдер гигиенасы деген атқа өзгертілді.
- •1. Табиғи гигиеналық эксперимент тәсілі
- •2. Лабораториялық эксперимент тәсілі
- •3. Гигиеналық бақылау тәсілі
- •4. Санитарлық- статистикалық тәсіл
- •Ол екі фазадан тұрады – ассимиляция,
- •6 Ай жас аралығында 26 % энергия жұмсалады
- •9 Ай жас аралығында 21 % энергия жұмсалады
- •Бастауыш
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
- •Өсіп келе жатқан организмнің өсуінің және дамуының негізгі заңдылықтары.
Бастауыш
орта
11-14
жас
жоғарғы
15-18
жас
Сәбилік кезең ( 3 жасқа дейін)
Сәбидің
денесінің ұзындығы алғашқы жылы 23-25
см өседі. Екінші-үшінші жылы бой
ұзындығының өсуі 8-10 см құрайды. Дене
салмағы алғашқы жылы 6 кг, ал 2-3 жаста
– 4-6 кг артады.
Дененің
әртүрлі бөліктерінің өсу қарқыны
әртүрлі болып келеді. Жаңа туған
нәрестенің басы дене ұзындығының 1/4
бөлігін құраса, 2-3 жастағы баланың басы
дене ұзындығының
1/5
бөлігін құрайды.
Омыртқаның
сүйектенуі біртіндеп өтеді. Жаңа туған
нәрестенің омыртқалар денесінде және
өсінділерінде сүйектену нүктесін
көруге болады. Олардың омыртқа жотасында
физиологиялық иілуі болмайды.
Жүректің
соғу жиілігі біртіндеп төмендейді.
Жаңа туғандарда ол 1 минутта 120-140 рет
болса, 1 жаста - 110-120, 3-4 жаста – 100-110 рет.
Жүректің соғу жиілігінің ритміне
(ырғағына) тұрақсыздық тән.
Жаңа
туған нәрестенің дем алу жиілігі 1
минутта 40-60, 1 жаста – 30-35, 2-3 жаста –
25-30. Сәбилер жасындағы балалардың өкпе
тіршілік сиымдылығы анықталмайды.
Асқазан
сиымдылығы 2 жасқа дейін 15 есе ұлғаяды
(50-ден 740 мл дейін). Нәрестенің 6 айлығында
сүт тістері шыға бастайды. 1 жасқа дейін
олардың саны 8-ге жетеді, ал 2-2,5 жаста
сүт тістерінің бәрі, 20-сы шығады. Бір
жасар бала сөйлей бастайды, жылдың
соңында 5-10 сөзге дейін айта алады, екі
жасқа қарай баланың сөздік қоры 500-ге
, одан да жоғарыға жетеді, 3 жасар баланың
сөздік қоры 800-1000-ға дейін ұлғаяды.
Мектеп жасына дейінгі кезең ( 3-7 жас)
Бой
ұзындығының жылдық қосылымы орташа
5-8 см, дене салмағы – 1-2 см, кеуде шеңбері
– 1-2 см құрайды. Омыртқаның түтікше
сүйектеріннің эпифиз шеміршектері
сүйектенеді. 7 жасқа қарай саусақ
сүйектерінде (сүйекшенуі) ядросы пайда
болады.
Бұлшық
ет дифференциясы, оның ішінде түзу
тұру, жүруді қамтамасыз ететін
бұлшықеттердің қарқынды өсіп дамуы
байқалады.
Жүрек
тіндерінің өсу үрдісі мен дифференцировкасы
баяу өтеді. Жүрек тіндерінің ағымы
баяу өтеді.
7
жасқа қарай систолалық қан қысымы
–100-110 с.б.б. 1 минутта тамыр соғу жиілігі
85-90 тең. 7
жасқа қарай өкпенің де талшықтарының
қалыптасуы аяқталады. Тыныс алу
жиілігі: 6-7 жаста 1 минутына - 22-24 рет.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы жас өскен
сайын ұлғаяды. 4 жаста 1100 см3,
ал
7
жаста 1300-1400
см3
құрайды.
5-6 жастан бастап сүт тістері түсіп,
орнына тұрақты тістер пайда болады.
Жүйке жүйесінің морфологиялық және
функционалдық түрде дамуы жалғаса
түседі. Шартты рефлекстік әрекеттер
едәуір өзгереді. Ерте жасқа қарағанда
шартты рефлекстер бұл кезеңде тез
қалыптасады. Бұл жастағы балаларда
қозу процессі тежелуден басым.
Ішкі секреция
бездерінің белсенділігі қатынасының
өзгерістері мектепке дейінгі жаста
байқалады. Қалқанша безінің және
бүйрек үстінің қыртысты заттарының
белсенділігі төмендейді. Бала ағзасындағы
даму мен өсу үрдістерін қалқанша
безімен бірге реттеуші гипофиздің
(алдыңғы бөлігі) қызметінің күшейгені
байқалады.
Бастауыш сынып кезеңі ( 7-10 лет)
Қыз
балалар мен ер балалардың бой ұзындығы
жыл сайын 4-5 см ұлғаяды, дене салмағы
2-3 кг
және
кеуде шеңбері - 1,5-2
см.
Омыртқаның
(денесі, өсінділері) қатаюы (сүйектенуі)
жалғаса түседі. Саусақ сүйектерінде
сүйектену процессі қарқынды өтеді. Бұл
кезеңде қаңқа бұлшық ет талшықтарының
диаметірінің өсуі жалғасып, миофибрилла
сандары ұлғаяды. Бұлшық ет күші де
жоғарылайды. Жүрек салмағының едәуір
ұлғаюы байқалады. Систолалық қан
қысымы с.б.б. 100-105 мм. Жүректің соғу
жиілігі минутына 80-85 рет.
Қалыптасқан
өкпе тінініің өсуі жалғаса түседі.
Дем алу жиілігі 20-22 ден 7 жаста 18-20-ға
дейін 10 жаста қысқарады. Өкпенің
тіршілік сыйымдылығы 1300 – 1400 см3
-ден 7 жаста 1900 – 2000 см3–қа
дейін 10 жаста ұлғаяды.
Сүт
тістері тұрақты тістерге толығымен
ауысады. Жүйке жүйесінің функционалдық
дамуы жалғаса түседі. 9-10 жаста ми
қыртысының көлемінің ұлғаюы аяқталып
осы уақытта мидың жалпы салмағы
мөлшерімен 1300 г жететіні анықталған.
7-10
жасар балалардың көбінде көз рефракциясы
эмметропиялық (мөлшерлес) бола бастайды.
Есту мүшесінің даму деңгейі едәуірге
жетіледі. . Көз қызметі жетіледі.
Қалқанша безі мен гипофиз ішкі бездердің
басымы болып табылады. Қалқанша безі
8-10 жаста жақсы дамиды. Одан кейін
оның инволюциясы басталады және жыныс
бездерінің қызметі күшейеді.
5-6
жастан бастап сүт тістері түсіп,
орнына тұрақты тістер пайда болады.
Нерв жүйесінің морфологиялық және
функционалдық түрде дамуы жалғаса
түседі. Шартты рефлекстік әрекеттер
едәуір өзгереді. Ерте жаста қарағанда
шартты рефлекстер бұл кезеңде тез
қалыптасады. Бұл жастағы балаларда
қозу процессі тежелуден басым.
Ішкі секреция
бездерінің белсенділігі қатынасының
өзгерістері мектепке дейінгі жаста
байқалады. Қалқанша бездің және бүйрек
үстінің қыртысты заттарының белсенділігі
төмендейді. Бала ағзасындағы даму мен
өсу үрдістерін қалқанша безімен
бірге реттеуші гипотездің (алдыңғы
бөлігі) қызметінің күшейгені байқалады.
Орта сынып кезеңі ( 11-14 жас)
Бұл
кезең эндокриндік бездердің қызметінің
жедел өзгеруімен, ағзалар мен жүйелердің
функционалдық жағдайының өзгеруімен
сипатталады және бұл жыныстық ер
жетуге байланысты.
Бой
ұзындығының жылдық қосылымы 4-7,5 см,
дене салмағы – 3-5 кг. Қыз балалдардың
негізгі дене өлшемдері ер балаларға
қарағанда жоғары болады.
Омыртқаның
қалыптасуы жалғаса береді, оның барлық
бөліктерінің дамуы қарқынды өтеді.
Омыртқаның иілімдері негізінен
қалыптасқан, бірақ оның сүйектенуі әлі
аяқталмаған. Қол саусақтарының
сүйектенуі негізінен 12-13 жасқа дейін
аяқталады. 12 жаста бұлшық еттің
қалыңдап өсуі бұлшық ет талшықтарының
пайда болуына байланысты. Осыған
байланысты жалпы бұлшық ет салмағының
, дене салмағының қатынасына қарағанда
ұлғаяды.
Систолалық
қан қысымының жоғарылауы байқалады,
орташа алғанда с.б,б.115-120 мм, диастолалық
– с.б.б. 75 мм.
Өкпенің
тіршілік сыйымдылығының ұлғаюы
байқалады, оның ішінде ер балаларда.
14 жасқа қарай ер балаларда 3200 см3,
қыз балаларда -2700 см3.
Эндокринді
жүйе терең қайта құрыла бастайды,
қалқанша безінің , бүйрек үстінің,
гипофиздің артқы бөлігінің белсенділігі
қайта күшейеді. Екіншілік жыныстық
белгілері дами бастайды. Орталық жүйке
жүйесімен оның қыртыс асты бөлігінің
қозғыштығы жоғарылайды. Үлкен ми
қыртысының тонусы мен ішкі тежелудің
барлық түрі әлсірейді. Көбінесе қыз
балаларда байқалады.
Жоғарғы сынып (жасөспірім кезеңі)
( 15-18 жас)
Бұл
кезеңде жыныстық жетілу аяқталады.
Дене өлшемдерінің өсу қарқындылығы
төмендейді. Қыз балаларда – бой ұзындығы
мен дене салмағының төмендеуі 15-16
жаста байқалса, ер балаларда 17-18 жаста.
17-18
жаста ұзын түтік тәрізді сүйектердің
өсуі мен сүйектенуі негізінен аяқталады.
15-16 жаста омыртқаның денесінің жоғарғы
және төменгі денесінің қабырға мен
төс сүйектерінің бітуі.
17-18
жаста
Олардың
толық сүйектенуі 20-25 жаста ғана
аяқталады. Табан және қол сүйектерінің
де қатаюы аяқталады.Бұлшық ет
талшықтарының диаметірінің ұлғаюына
байланысты бұлшық ет жүйесінің
дамуында ары қарай жалғасады. 15-16 жастағы
ер балалардың бұлшық ет күшінің
жоғарылауы байқалады. Өсе келе, ер
балалардың қыз балалар арасындағы
бұлшық ет күшінің айырмашылығы айқын
байқала бастайды. 15 жаста -8-10 кг, ал 18
жаста – 15-20 кг құрайды.
18
жасқа қарай жүрек қан-тамыр жүйесінің
дамуының қалыптасуы да аяқталады.
15-16 жасқа қарай өкпенің тіршілік
сыйымдылығының ұлғаюы едәуір байқалады,
әсіресе ер балаларда. Эндокринді
жүйелердің қайта құрылуы жалғасады,
тек 17-18 жаста ғана ішкі секреция
бездерінің белсенділік қатынасы
ересектердікіндей болады. Ми құрылымының
функционалды дамуы ағзаның жүйелі
сипаттағы өмір қаблеттілігін қамтамасыз
етеді.
