Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
комм маш шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
280.47 Кб
Скачать

21. Соқалы қар тазалағыштар. Өнімділігінің есебі.(17 уксас)

Жаңа түскен қарды тазалау кезіндегі қар тазалағыштардың техникалық өнімділігі

Пт = 3600( Вп – Впер. )·υм, м2/ч,

мұнда Вп – жол жамылғысын тазарту ені, м;

Впер. – қар тазалағыштың шектес өтпелері жабынының ені, м;

υм – қар тазалағыштың жұмыстық жылдамдығы, м/с;

Жатып қалған қарды тазалау кезіндегі қар тазалағыштардың өнімділігі

Пт = 3600( Вп – Впер. )·h·υм, м3/ч,

мұнда Вп – жол жамылғысын тазарту ені, м;

Впер. – қар тазалағыштың шектес өтпелері жабынының ені, м;

h – қар жамылғысының қалыңдығы, м;

υм – қар тазалағыштың жұмыстық жылдамдығы, м/с;

22. Соқалы қар тазалағыштарының жұмыс істеу жолдары.

Соқа және соқа-щеткалы қар тазалағыштар жолдарға патрульдік қызмет көрсетуге және қысқы уақытта аэродромдардың ұшу-қону жолақтарын және рульдік жолдарын ағымдағы тазартуға арналған. Оларды жаңа түскен, басылып қалмаған және төселмеген қар жамылғысының жұқа қабаты бойынша пайдалану аса тиімді болады. Соқалы қар тазалағыштар басты түрде, тартымының үлкен күшінің және курстық тұрақтылығының арқасында бір өткенде қозғалыстың барлық жолағын қарды жолдың жиегіне лақтыруды қамтамасыз ететін жылдамдықпен тазартуға қабілетті, бульдозерлерге, автогрейдерлерге және қуатты тартқыштарға аспалы ауысымды жабдықтар түрінде шығарылады.

Қала және аэродром аумақтарын жаңа түскен қардан жүйелі тазарту кезінде сериялық немесе бейімделген автомобиль шассилері базасында соқа-щеткалы қар тазалағыштар аса жиі қолданылады, олар қардың негізгі массасын жүру бөлігінен жол жиегіне қарай ығыстырады және 1-суретке сәйкес жабынды оның қалдықтарынан қалыңдығы 15 мм-ге дейінгі щеткамен тазартады.

Соқа - автомобильдің алдында, ал цилиндрлік щетка оның рамасының астында, алдыңғы және артқы остерьдің арасында орнатылады. Соқа мен машинаның бойлық осі арасындағы бұрыш 90-нан 700 дейін өзгеруі мүмкін, ал щетканың осі қар машинадан алға қарай, оң жиекке сыпырылатындай бұрышпен бұрылған. Соқа қайырмадан, пышақтардан және рамадан тұрады.

1-сурет – Сыпырушы жабдықтары бар соқалы қар тазалағыш

23. Жылдамдықты қар тазалағыштар. Жалпы құрылысы.

Жинап алу мүшесі мен тасымалдау механизмінен құралған, қарды тазалау құрылғысы белгілі. Тасымалдау механизмі механикалық немесе пневматикалық әдіспен көлік құралының кузовына немесе бір жағына қарай лақтырылады.

Бірақ берілген құрылғылар қар массасын тек жұмсақ, қопсытылған түрде ғана лақтыруды қамтамасыз етеді. Содан, белгілі бір қолданыста бар құрылғылар қардың желмен қайтадан жолға ұшып түсуін болдырмауды қамтамасыз етпейді, нәтижесінде оның тиімділігі мен өнімділігі өте төмен. Қар брикеттерін беру үлкен үзілістермен жүзеге асырылады.

Жинап алушы мүшесі, транспортер мен тиеу терезесі бар бункері орнатылған базалық шасси бар қар тазалаушы машинасы белгілі. Оның төменгі жағында сыртқы қабырғасы және тығыздайтын механизмі бар тығыздау камерасы орнатылған, ол жылжыту жетегі бар плунжерді, сонымен қатар, қар брикеттерін беру механизмін қосады.

Машина келесідей жұмыс істейді: Жинап алу мүшесімен 2 қармап алынатын қар массасы транпортер 3 бойынша жіберіледі және бункердің 4 терезесіне лақтырылады, содан бункердің 4 тиеу терезесінде орнатылған тор 5 ірі өлшемді материалдың (тастар, мұз кесектері) тығыздайтын камераға 13 түсуіне мүмкіндік бермейді. Содан бункерге 4 түскен қар оның барлық ені бойынша қалақшалармен 8 үлестіріледі және тістермен 9, пышақтармен 10 қосымша қопсытылады, сонымен қатар, бір уақытта ылғалдандыруды ыстық ауа немесе шығарылған газбен ауа өткізгіші 12 бойынша бос білікке 6 саңылаулар 7 арқылы берілу жолымен жүзеге асырылады, ол онда қар массасына әсер етеді, жылытып, ылғалдандырады. Қандай-да бір тығыздайтын камераға 12 қардың берілу реттілігі плунжерлердің 16 ауыспалы қозғалысымен жүзеге асырылады. Қандай-да бір тығыздаушы камераға қардың ауысып түсуі қардың тиелу үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Бір плунжердің 16 қабырға 14 жағына қарай қозғалысы кезінде ол қар бөліктерін тасымалдайды және жұмыс жүрісінің соңында оны тығыздайды, сондай-ақ плунжердің жоғарғы шегі қар бункерден 4 тығыздаушы камераға 13 түсетін саңылауды жауып тұрады. Қарға керекті қысым күшіне жеткізген кезінде гидроцилиндр арқылы 15 әрекет ететін сыртқы қабырға 14 ашылады жән телескопиялық гидроцилиндр 17 қар брикетін 18 сыртқа ығыстырып шығарады, содан кейін телескопиялық гидроцилиндр 17 реверстеледі және плунжер 16 бастапқы қалпына келеді. Бірінші плунжер бастапқы орнына келген кезінде екінші плунжер қар массасын 18 сыртқа ығыстырып шығарады, үшінші плунжер қарды тығыздайды, ал төртінші плунжер тығыздайтын камераны толтыруға мүмкіндік беретін бастапқы қалпында тұрады. Қар брикеті сыртқа плунжермен шығарылғаннан кейін ол трапқа 19 келіп түседі және трап бойынша сырғанап кетеді, ал сыртқы қабырға 14 жаьылады. Осындай плунжер жұмысының схемасы машинаға қар брикеттерін 18 үздіксіз берілуін қамтамасыз етеді. Төртінші плунжер қозғалысты бірінші плунжер бастапқы қалпына келгеннен кейін ғана бастайды.