- •Даму факторлары
- •Нәрестелік және ерте сәбилік кезеңдегі баланың психикалық дамуы.
- •1.3 Балада еріктің дамуы
- •Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуының жалпы сипаттамасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Қосымша
- •Тапсырма
- •3.«Шапалақты тыңда»
- •4.«Қанша дыбыс естідіңдер»
- •5.«Айна»
- •1.«Менің көңіл-күйім қандай»
- •2.«Теңіз жағасындағы түс»
- •4«Әріптер»
Тапсырма
Балаға өзіне көрсетілген 10затты есінде сақтап қалу ұсынылды. Мысалы: қасық-шанышқы, сабын-жөке, карындаш-өшіргіш, қуыршақ-доп, шаңғы-шана. Осыдан кейін заттарды тасалап қойып, оларды атап шығуды сұрағанда, ол не себепті заттарды жұптап есіне түсірді?
2-тапсырма
Екі оқушының қайсысы 57,37,17, сандарын естеріңде тиянақты сақтайды? Неге?
Біріншісі, сандарды бірнеше қайталап, жаттап алып есіне сақтайды. Екіншісі 57-ні әкесінің жасына,37-ні ағасының жасымен байланыстыруда
Зейінді дамыту. Мектепке дейінгі шақтың басында баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталады. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні дезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.
Бірақ мектепке дейінгі шақта зейінің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет оз зейінің меңгере білуінде, оны саналы түрде пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде, ықтиярлы зейінің бастамалары баланың жеке басынан тыс жатыр. Бұл ықтиярсыз зейіннің өздігінен ықтиярлы зейіннің пайда болуына әкеліп соқпайтындығын көрсетеді. Ықтиярлы зейін үлкендердің баланы іс-әрекеттің жаңа түрлеріне тартуының белгілі бір құралдардың көмегімен оның зейінін бағыттап, ұйымдастыруының арқасында қалыптасады.
Зейінді нақтылы, дара тапсырмаларға байланысты ұйымдастырудың ахуалдық құралдарының басқа жан – жақты құралы -сөйлеу бар. Үлкендер баланың зейінің сөзбен нұсқау беру арқылы ұйымдастырылады. Қайсыбыр жағдайларды ескере отырып берілген іс-әрекеттердің баланың орындауы қажет екенін ескереді.
Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үш сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі бала зейіннің ерекшелігі мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналыды. Оқу сағаттарында пайдаланылатын ойын элементтері іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формалары жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.
«Мен жеңімпазбын»
Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны қатысушылардың санынан, 1 санға кем болу керек. Ойын тоқталып кеткенде балалар орын табуға тырысады, орынсыз қалған бала ойыннан шығады. Ең сонында қалған бала орындықтың үстіне шығып – «Мен жеңімпазбын» деп айту керек.
«Құлақ - мұрын»
Балалар шеңбер тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп қолымен мұрынды ұстайды, ал мұрын дегенде құлағын ұстайды. Ал балалар құлақ дегенде құлақты, мұрын – дегенде мұрындарын көрсету керек. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатымен оларды шатастырып айтады.
Қ
орытынды:
осы ойынды ойнау мақсатында балалардың
бойында зейінін тұрақтылығын, ұжымшылдық
қасиетін дамыттым.
