- •1. Қайтармалы металдар мен қалдықтардың металлургиясы. Негізгі ұғымдар, түсті металдардың қалдықтарының пайда болу көздері.
- •2. Аккумулятор сынықтарының сипаттамасы мен заттық құрамы.
- •3. Асыл металдардың қайтармалы және техногенді шикізатын өңдеудің гидрометаллургиялық әдістері.
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарын ұсатуға және ұнтақтауға арналған жабдықтар.
- •2. Мыстың ұсақ шикізатын кесектеудің пирометаллургиялық әдістері.
- •3. Құрамында мырыш бар шлактарды фьюмингтеу
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарын сорттаудың мақсаты, сорттаудың негізгі түрлері, сорттауға арналған жабдықтар.
- •2. Құрамында қорғасын бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі .
- •3. Үйінді шлактарды өңдеудің цементациялау әдістері.
- •1. Қайтармалы қорғасынды материалдарды агломерациялаудың мәні және ерекшеліктері.
- •1. Құрамында никель бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •2. Құрамында күміс бар аккумулятор сынықтары мен қалдықтардың басқа түрлерін лигатуралы қорытпаға балқыту.
- •3. Құрамында магний бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарының физикалық қасиеттері, химиялық құрамы, сапа көрсеткіштері бойынша жіктелуі.
- •1. Құрамында мырыш бар шлактарды вельцелеу әдісімен қайта өңдеу.
- •2. Құрамында алюминий бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •3. Магнийлі электролизердің пайдаланылған балқымасын өңдеу
- •1. Қайтармалы түсті металлургияның өнеркәсіптеріндегі жабдықтардың жіктелуі.
- •2. Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарынан мырышты бөліп алу.
- •3. Құрамында никель, мыс, кобальт бар қайтармалы және техногенді шикізаттан электролитті никельді өндіру.
- •2. Қара металлургияның құрамында мырыш бар шаңдары мен шламдарын қайта өңдеу.
- •3. Асыл металдардың қайтармалы және техногенді шикізатының сипаттамасы.
- •1. Мыс шликерлерін шахталы пештерде балқыту.
- •2. Құрамында асыл металдар бар қайтармалы және техногенді шикізатты өңдеу кезіндегі балқытудың түрлері.
- •3. Құрамында титан бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •1. Қайтармалы және техногенді шикізаттан металдарды өндірудің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •2. Химия өндірісінің шламдарынан мырышты бөліп алу.
- •3. Мыстың қайтармалы және техногенді шикізатын шахталы пештерде өңдеу кезінде алынған қаралы мысты конвертерлеу.
- •1. Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының алдын-ала өңдеуінде қолданылатын қосымша жабдықтардың сипаттамасы.
- •2. Мыстың сынықтары мен қалдықтарын өңдеудің гидрометаллургиялық әдістері.
- •3. Мырышты сұйық түріне айналдырып, шлактарды электртермиялық қайта өңдеу.
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарын пакеттеу мен брикеттеудің мақсаты және бұл операцияларды жүзеге асыратын жабдықтар.
- •2. Никельдің сынықтары мен қалдықтарын металлургиялық өңдеуге дайындау.
- •3. Газ ұстау жүйесіндегі шаңдардан және электрсүзгілердегі шламдардан ренийді бөліп алу.
2. Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарынан мырышты бөліп алу.
Мырыш зауыттарында концентраттарды гидрометаллургиялық өңдеу кезінде түзілетін мырышты кектерді вельцелеу әдісі кеңінен қолдануда. Кәсіпорындардың көпшілігінде вельц-пештің шихтасына кектермен қоса мырышқұрамды қайтармалы және техногенді шикізаттың кейбір түрлерін (қорғасын-мырышты қақ, ақ сырды өндірудің шлактары, пайдаланып болған катализаторлар және т.б.) енгізеді.
Мырышты шикізаттын вельцелеу процесін отқа төзімді кірпішпен қаланған, диаметрі 2,6-3,6 және ұзындығы 41-50 м құбырлы айналмалы пештерде жүргізеді. Айналу жылдамдығы – 1-2 айн/мин. Пештегі отын ретінде мазутты немесе табиғи газды, ал тотықсыздандырғыш ретінде кокс ұсағын қолданылады. Пештен кейін шаңұстағыш камера, газдарды буландырып суыту құрылғысы және женді сүзгі орнатылған. Шихтаның құрамы, %: 35-40 мырышты кек, 15-20 қорғасын-мырышты қағы, 20-25 ақ сырды өндірудің шлактары, 10-15 басқа қалдықтар, болған жағдайда вельц-тотықтар мен клинкерді алуға болады. Олардың құрамы сәйкесінше, %: вельц-тотықтар – 58-64 Zn, 8-11 Pb, 0,3-0,4 Cd, 0,6-2,4 SiO2; клинкер – 0,5-1,2 Zn, 0,3-0,5 Pb, 1,5-3 Cu, 30-35 Fe, 6-8 CaO, 18-22 SiO2, 8-10 Al2O3, 10-20 C. Клинкерді қорғасынды балқытудың штейнімен қоса мырыш өндірісінің шахталы пештерінде өңдеп, мысқорыту кәсіпорындарына өткізілетін мысқа анағұрлым бай штейнді алады.
3. Құрамында никель, мыс, кобальт бар қайтармалы және техногенді шикізаттан электролитті никельді өндіру.
Құрамында никель, мыс, кобальт бар қайтармалы және техногенді шикізаттың электролитті никельге өңдеуін мыс-никельді кенді сульфидті шикізатпен бірге жүргізеді.
Ұнтақтәрізді біршама кедей қайтармалы және техногенді шикізатты және төменсапалы жоңқаны концентратпен бірге кентермиялық пештерде балқытады. Электрпештің табанының ауданы – 58-139 м2, жұмысшы қуаттылығы – 27-40 МВт.
Мыс-никельді штейндерді конвертерлеу процесінің дайын өнімі болып , %: 40-58 Ni, 27-41 Cu, 11-20 S, 0,2-1,5 Fe құрамдағы файнштейн табылады. Оны кішкене тоғандарға құяды, суытады, ұсақтайды, ұнтақтайды және флотацияға ұшыратады, бұның нәтижесінде никельді, %: 65-69 Ni, 3,2-3,7 Cu және мысты, %: 68,5-69,8 Cu, 3-3,5 Ni концентраттар алынады.
№11
1. Металл сынықтары мен қалдықтарының металлургиялық өңдеуінде қолданылатын жабдықтардың сипаттамасы. Металл сынықтары мен қалдықтарын металлургиялық өңдеуге арналған жабдықтар. Металл сынықтары мен қалдықтарын алдын-ала дайындаудан кейін сәйкес балқытушы агрегаттарда отпен өңдей
ді. Барлық балқытушы пештер қыздыру әдісіне байланысты екі негізгі топқа бөлінеді: отындық және электрлік. Біріншісіне газ немесе сұйық отындармен қыздырылатын пештер, ал екіншісіне электр тоғымен қыздырылатын пештер жатады.
Отындық пештер жұмысшы кеңістігінің түріне байланысты тигелді және ванналы болып бөлінуі мүмкін. Соңғысын өз кезегінде стационарлы, бұрылмалы және айналмалы болып бөледі.
Электрқыздырғышты пештер электрэнергиясын жылу энергиясына айналдыру әдісі бойынша екі топқа бөлінеді: кедергілі және индукциялық.
Жұмысшы кеңістігінің формасы бойынша кедергілі пештер тигелді және камералы болып бөлінеді.
Индукциялық пештер өзектің (сердечник) бар болуына байланысты тигелді және каналдық болып бөлінеді.
Тигелді пештер кейінгі уақытта таза ұсақ материалдарды (жоңқа, кесінділер және т.с.с.) лабораториялық жағдайда балқыту үшін жиі қолданылады, олар өнімділігінің аздығы, отынның шығынының көптігі, пайдалы әсер ету коэффициентінің төмендігі, тигель түбіндегі темір қоспасын бөліп алудың мүмкін еместігі, шикізатты мұқият дайындау қажеттігі сияқты кейбір кемшіліктерінің салдарынан өндірістік маңызын бұрыннан жоғалтып алған. Бұл топтың пештері бұрылмалы және стационарлы бөліп бөлінеді.
Пештің ең жауапты бөлігі тигель болып табылады. Көп жағдайда олардың қымбаттығына және аз тұрақтылығына қарамастан графитті тигельдер қолданылады.
